Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Сумамед форте 200мг/5мл 37,5мл Pliva Hrvatska

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Суспензия
Белсенді зат:
Азитромицин
Фармакологиялық топ:
Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар.
Элемент коды::
385011422407
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
5 805 ₸
Бонустарды сатып алу: 58.05
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- фарингит/тонзиллит, синусит, ортаңғы отитті қоса, тыныс жолдарының инфекцияларында

- бронхит, ауруханадан тыс пневмонияны қоса, төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында

- тері және жұмсақ тіндер инфекцияларында: көшпелі эритема (Лайм ауруының бастапқы сатысы), тілме қабынуы, импетиго, салдарлы пиодерматоздар

- Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындатқан жыныс ағзаларының асқынбаған инфек-циялары

Бактерияға қарсы дәрілерді қолдануға қатысты ресми ұсынымдарды ескеру керек.

- азитромицинге, эритромицинге, басқа макролидтік және кетолидтік антибиотиктерге немесе препарат-тың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бауыр мен бүйрек функциясының ауыр бұзылуы

- лактация кезеңі

- сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе сахаразо-изомальтазалық жеткіліксіздік аурулары

Төменді тізілген жағымсыз әсерлер кездесу жиілігіне сәйкес жіктелген.

Жиіліктік санаттары MedDRA (Регуляторлық қызмет терминдерінің медициналық сөздігі) белгілеріне сәйкес анықталған: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін); сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000); белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағала-нуы мүмкін емес).

Өте жиі

- диарея, іш ауыруы, жүрек айнуы, метеоризм

Жиі

- анорексия

- психика тарапынан болатын бұзылыстар

- бас айналуы, бас ауыруы, парестезия, дисгевзия

- нашар көру

- кереңдік

- құсу, диспепсия

- қышыну, бөртпе

- артралгия

- бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан болатын бұзылыстар

- шаршау

- лимфоциттер санының төмендеуі, эозинофилдер санының ұлғаюы, қандағы бикарбонат деңгейінің төмендеуі

Жиі емес

- кандидоз, оральді кандидоз, қынаптық инфекция

- лейкопения, нейтропения

- ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезіматалдық

- күйгелектік

- гипестезия, ұйқышылдық, ұйқысыздық

- естудің нашарлауы, тиннитус

- жүрек қағуын сезіну

- гастрит, іш қатуы

- гепатит

- Стивенс-Джонсон синдромы, жарыққа сезімталдық реакциясы, есекжем

- кеуденің ауыруы, ісіну, жалпы дімкәстік сезімі, астения

- АсАТ, АлАТ, қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы, қандағы мочевина концентрациясының жо-ғарылауы, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, қандағы калийдің аномалиялық деңгейлері

Сирек

- үрейлі қозу

- бас айналуы

- бауыр функционалдық тесттерінің аномалиялық нәтижелері

- жедел жайылған экзентематоздық пустулез (AGEP)*

- эозинофилиямен және жүйелік белгілермен дәрілік реакция (DRESS)*

Белгісіз

- жалған жарғақшалы колит

- қан және лимфа жүйесі тарапынан болатын бұзылыстар

- тромбоцитопения, гемолиздік анемия

- иммундық жүйе тарапынан болатын бұзылыстар

- анафилаксиялық реакция

- зат алмасу және тамақтану тарапынан болатын бұзылыстар

- агрессия, мазасыздық

- естен тану, құрысу, психомоторлық аса жоғары белсенділік, аносмия, авгезия, паросмия, миастения гравис

- екіге бағытталған тахикардия, қарыншалық тахикардияны қоса, аритмия

- гипотония

- панкреатит, тіл түсінің өзгеруі

- бауыр және өт шығару жолдары тарапынан болатын бұзылыстар

- өлімге сирек әкелетін бауыр жеткіліксіздігі, шұғыл дамитын гепатит, некроздық гепатит, холестаздық сарғаю

- тері және тері асты тіндері тарапынан болатын бұзылыстар

- уытты эпидермальді некролиз, мультиформалы эритема

- қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан болатын бұзылыстар

- бүйректің жедел жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит

- электрокардиограммадағы QT аралығының ұзаруы

Пероральді суспензия түріндегі Сумамед ® фортені тамақтануға қармастан тәулігіне бір рет қабылдай-ды.

Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының, тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларын (көшпелі эрите-маны қоспағанда) емдегенде азитромициннің жиынтық дозасы 30 мг/кг құрайды, оны 3 күн бойы (10 мг/кг тәулігіне 1 рет) қабылдау қажет.

       Дене салмағы                                                      Сумамед ® форте ішу арқылы                                                                                                                 қабылданатын суспензия                                                                                                          дайындауға арналған ұнтақ 200 мг/5 мл

            10-14 кг                                                                      2.5 мл (100 мг)

            15-25 кг                                                                         5 мл (200 мг)

            25-34 кг                                                                      7.5 мл (300 мг)

            35-44 кг                                                                       10 мл (400 мг)

              ≥ 45 кг                                                                    12.5 мл (500 мг)

Балалардағы стрептококктық фарингитті 3 күн бойына азитромициннің 10мг/кг немесе 20 мг/кг бір реттік дозасымен емдеудің тиімділігі анықталды.

Алайда, Sterptococcus pyogenes туындатқан фарингиттің және салдарлы ауру ретінде дамитын ревма-тизмдік полиартриттің профилактикасында әдетте таңдалатын препарат пенициллин болып табылады.

Көшпелі эритеманы емдеу кезінде азитромициннің жиынтық дозасы мынадай дозалау сызбасымен 60 мг/кг құрайды: 20 мг/кг - 1-ші күні, содан соң 10 мг/кг – тәулігіне 1 рет.

Бүйрек жеткіліксіздігі.

Бүйректің елеусіз дисфункциясы бар пациенттерге (ШСЖ 10-80 мл/мин) дозаны өзгерту қажеттігі жоқ. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге (ШСЖ <10 мл/мин) азитромицинді сақтықпен қолдану керек.

Бауыр жеткіліксіздігі.

Азитромицин бауырда метаболизденіп және өтпен шығарылатындықтан, препаратты ауыр бауыр ауруы бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Азитромициннің бауыр функциясына әсерін тексеруге бағытталған зерттеулер жүргізілмеген.

Егде пациенттер

Егде жастағы пациенттерге де ересектерге арналған дозаны тағайындайды.

Егде пациенттер арасында проаритмогенді жай-күй болуы мүмкін, сондықтан препаратты жүрек арит-миясы және екі бағытты тахикардия даму қаупі болғандықтан сақтықпен қолданады.

Суспензия дайындау тәсілі

Суспензия дайындау үшін Сумамед ® форте ұнтағы тұрған құтыға дистилденген немесе салқын қайна-ған суды (ыстық емес!) қосу қажет.

15 мл суспензия дайындау үшін: шприцтің көмегімен 9,5 мл суды өлшеп алып, біртіндеп құтыға қосады және бір текті суспензия алғанға дейін мұқият араластырады. Еріткеннен кейін ұнтақ тұрған құтыда қосымша 5 мл суспензия (пайдалану кезінде ықтимал жоғалғанның орнын толтыру үшін) болады – яғни дайын 20 мл Сумамед ® форте суспензиясы алынады.

30 мл суспензия дайындау үшін: шприцтің көмегімен 16,5 мл суды өлшеп алып, біртіндеп құтыға қосады және бір текті суспензия алғанға дейін мұқият араластырады. Еріткеннен кейін ұнтақ тұрған құтыда қосымша 5 мл суспензия (пайдалану кезінде ықтимал жоғалғанның орнын толтыру үшін) болады – яғни дайын 35 мл Сумамед ® форте суспензиясы алынады.

37,5 мл суспензия дайындау үшін: шприцтің көмегімен 20 мл суды өлшеп алып, біртіндеп құтыға қосады және бір текті суспензия алғанға дейін мұқият араластырады. Еріткеннен кейін ұнтақ тұрған құтыда қосымша 5 мл суспензия (пайдалану кезінде ықтимал жоғалғанның орнын толтыру үшін) болады – яғни дайын 42,5 мл Сумамед ® форте суспензиясы алынады.

Әр қабылдау алдында құтының ішіндегісін біртекті суспензия алынғанға дейін мұқият шайқайды. Дозалауға арналған шприцті пайдаланғанда, қажетті дозаны алғаннан кейін ауа көпіршіктерінің жоқтығына көз жеткізіңіз.

Суспензияны қабылдағаннан кейін балаға суспензияның ауыз қуысында қалған мөлшерін шайып және жұтып жіберу үшін, бірден бірнеше жұтым су ішкізеді. Пайдаланылған шприцті бөлшектеңіз, оларды су ағынымен жуыңыз және дәрілік препаратпен құрғақ және таза жерде сақтаңыз.

Әзірге Сумамед форте 200мг/5мл 37,5мл Pliva Hrvatska пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
5835 ₸  
1
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
5835 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады