Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Феркайл 100мг 2мл №100амп

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№5 ампула
Белсенді зат:
Темір декстраны
Фармакологиялық топ:
Темір препараттары
Элемент коды::
2000589930604
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Тек ересектер мен 14 жастан асқан балалар үшін

- темір препараттарының пероральді қолдану үшін тиімсіздігі немесе жағымсыздығы

- темірді оның депосына жылдам тасымалдаудың клиникалық қажеттілігі.

Темір тапшылығы диагнозы тиісті зертханалық зерттеулерге негізделуі тиіс (мысалы, сарысулық ферри-тин, сарысулық темір, трансферрин, гипохромдық эритроциттердңі қанығуы).

Жүктіліктің екінші және үшінші триместрлерінде препаратпен емдеу аса қажеттілік болғанда ғана және анаға келетін пайда мен шарана үшін ықтимал қауіпті мұқият бағалаудан кейін ғана тағайындалуы тиіс.

- темір препараттарына және демікпелік немесе өршу сатысындағы аллергиялық жағдайлардағы аса жо-ғары сезімталдық

- ревматоидты артрит

- декомпенсацияланған бауыр циррозы және гепатит

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі

- ауыр бауыр жеткіліксіздігі

- темір тапшылығынан туындамаған анемия (мысалы, гемолитикалық анемия)

- темірдің көп болуы немесе оның шығарылуының бұзылуы (гемохроматоз, гемосидероз)

- жедел немесе созылмалы инфекция (өйткені темірді парентеральді енгізу бактериялық немесе вирустық инфекцияларды шиеленістіруі мүмкін).

 

- жағымсыз құбылыстар мен асқынулар жекелей жақпаушылық және темір препараттарына жоғары сезімталдық кезінде науқаста туындауы мүмкін

- сирек тері бөртпесі және қышыну түріндегі аса жоғары сезімталдық болуы мүмкін

- буын ауыруы, бұлшықет ауыруы және шығу тегі белгісіз ысыну. Ауыру инъекциядан кейін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейінгі кезеңде көрініс табуы мүмкін, ол ауыруды басатын дәрілерді тағайында-ғаннан кейін өтеді.

Ревматизмдік артриті бар пациенттерде буын симптомдары нашарлауы мүмкін

- анафилактоидтық реакциялар өте сирек кездеседі және тыныс алудың қиындауы және қан қысымының төмендеуі түрінде көрініс табуы мүмкін.

Симптомдар инъекциядан кейін бірнеше минуттан соң пайда болуы мүмкін.

Бұл жағдайларда «Феркайл®» препаратын қабылдау дереу тоқтатылуы тиіс.

Бұлшықет ішіне енгізу үшін

Препаратты тек стационарда реанимациялық шаралар, шокқа қарсы ем құралдары, анафилаксиялық реакцияларды бағалауда және реанимациялық шаралар жүргізуде тәжірибесі бар медициналық қызмет-кер болған жағдайда ғана қолдануға болады.

Препараттың курстық дозасы дене салмағына және миллилитрмен гемоглобиннің бастапқы деңгейіне байланысты анықталады. Емдеу курсына ампулалар саны курстық дозаны 2 мл-ге бөлумен анықталады, өйткені препараттың әрбір ампуласында 2 мл ерітінді бар. Препаратты тәулігіне бір рет терең бұлшықет ішіне енгізеді. Препараттың негізгі дозасын енгізу алдында тест-дозалар жүргізу қажет.

ДЕНЕ САЛМАҒЫНА ЖӘНЕ ГЕМОГЛОБИННІҢ БАСТАПҚЫ ДЕҢГЕЙІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ «ФЕРКАЙЛ®» ПРЕПАРАТЫНЫҢ КУРСТЫҚ ДОЗАСЫ, МЛ БОЙЫНША*

НВ (г/100мл)

М (кг)             12,0       11,0      10,0      9,0      8,0      7,0      6,0      5,0      4,0     3,0

          35          25          23          20       18        15       12.5     35       25       23       20

          40          27          24          22        19        16       13       40       27       24        22

          45          29          26          23        20       16.5     13       45       29       26        23

          50          32          28          24        21       17        13.5    50       32       28        24

          55          34          30          26        22       18        14       55       34       30        26

          60          36          32          27        23       18.5     14.5     60       36      32         27

          65          38          33          29        24       19.5     14.5     65       38      33         29

          70          40          35          30        25        20       15        70       40      35         30

          75          42          37          32        26        21        15.5     75      42      37          32

          80          45          39          33        27        21.5      16       80      45      39          33

          85          47          41          34        28        22         16       85      47      41          34

          90          49          42          36        29        23         16.5    90      49      42          36

*емдеу күндерінің саны курстық дозадан 2 есе аз

 

 

Әзірге Феркайл 100мг 2мл №100амп пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады