Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Фемара 2,5мг №30таб Новартис

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Летрозол
Фармакологиялық топ:
Ісікке қарсы гормональді препараттар
Элемент коды::
7680540189002
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 сүт безінің ерте сатыдағы инвазивті гормон-позитивті обыры бар, менопаузадан кейінгі әйелдерде сүт безінің обырын адъювантты түрде емдеу үшін

 алдын ала 5 жыл бойы тамоксифенмен стандарты адъювантты ем қабылдаған, сүт безінің ерте сатыдағы инвазивті гормон-позитивті обыры бар, менопаузадан кейінгі әйелдерде адъювантты емді жалғастыру үшін

 сүт безінің гормон-позитивті обыры бар, менопаузадан кейінгі әйелдерде бірінші желілік ем ретінде

 мұның алдында антиэстрогендермен ем қабылдаған, (табиғи немесе жасанды түрде туын-даған) менопаузадан кейінгі әйелдерде қайталанудан немесе өршуден кейін жайылған сүт безі обырында

 сүт безінің гормон-позитивті, HER-2 негативті обыры бар, менопаузадан кейінгі әйелдерді химиялық емдеу қолайлы ем болып табылмаған және шұғыл операциялық араласым көрсе-тілмеген жағдайда неоадьювантты емдеуде

 белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық

 менопауза алдындағы кезеңге тән эндокринді жағдай

 жүктілік және лактация кезеңі

 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Әртүрлі жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігіне баға берген кезде мынадай градация-лар пайдаланылды: өте жиі (≥10%), жиі (≥1% <10% дейін), кейде (≥ 0.1% <1% дейін), сирек (≥ 0.01% <0.1% дейін), өте сирек (<0.01%), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер-мен білу мүмкін емес)

Өте жиі

 гиперхолестеринемия

 буындардың ауыруы

 қан кернеулер

 қатты терлеу

 қатты қажу (соның ішінде астения және дімкәстік)

Жиі

 артериялық гипертензия

 жүректің айнуы, құсу, диспепсия, іштің қатуы, диарея, абдоминальді ауыру

 анорексия, тәбеттің артуы, дене салмағының артуы

 бас ауыру, бас айналу

 алопеция, терінің құрғауы, бөртпелер (соның ішінде эритематоздық, дақты-папулездік, псориазтәрізді және везикулярлық бөртпелер)

 миалгия, сүйектердің ауыруы, остеопороз, сүйек сынулары

 депрессия

 шеткергі ісінулер

 қынаптан қан кетулер

Кейде

 лейкопения

 жүректің қағуы (метастаздары бар емделушілер), тахикардия, ишемиялық жүрек-қан-тамырлық асқынулар (соның ішінде, стенокардия ұстамаларының пайда болуы немесе өршуі, хирургиялық араласымды қажет ететін стенокардия, миокард инфарктісі, миокард ишемиясы)

 тромбофлебит (соның ішінде беткейлік және терең көктамырлық)

 ісік ошақтарының ауыруы (метастаздары бар емделушілер)

 мазасыздық (соның ішінде, күйгелектік), ашушаңдық

 ұйқышылдық, ұйқысыздық, жадының нашарлауы, дизестезия (соның ішінде, парестезия, гипестезия), дәм сезудің бұзылуы, ми қан айналымының жедел бұзылуы, білезіктің өзектік синдромы

 артриттер

 ентігу, жөтел

 стоматит, ауыз ішінің құрғауы

 бауыр ферменттері деңгейінің артуы

 несеп жүйесінің жұқпалары, несептің жиі шығарылуы

 қынап бөліністері, қынаптың құрғауы, сүт бездерінің ауыруы

 катаракта, көздің тітіркенуі, көрудің тұмандануы

 қышыну, есекжем

 жайылған ісінулер, температураның жоғарылауы, шырышты қабықтардың құрғауы, шөл-деу

 дене салмағының азаюы

Сирек

 өкпе эмболиясы, артериялық тромбоз, цереброваскулярлық инфаркт

Өте сирек

 гепатит

Жиілігі белгісіз

 анафилактикалық реакциялар

 ангионевротикалық ісіну, уытты эпидермальді некролиз, мультиформалы эритема

 триггерлі саусақ

Адъювантты емдеу кезінде, емделушілер Фемара® препараты мен тамоксифенды орта есеппен 5 жыл қабылдағанда мынадай: хирургиялық араласымды қажет ететін стенокар-дия (1.0%-бен салыстырғанда 1.0%), жүрек функциясының жеткіліксіздігі (0.6%-бен са-лыстырғанда 1.1%), артериялық гипертензия (5.7%-бен салыстырғанда 5.6%), ишемия-лық инсульт/ми қан айналымының транзиторлық бұзылулары (1.9%-бен салыстырғанда 2.1%) сияқты жағымсыз реакциялар білінген.

Фемара® препаратымен кең ауқымды адъювантты емдеу кезінде орта есеппен 5 жыл және плацебомен 3 жыл бойы мынадай: хирургиялық араласымды қажет ететін стенокардия (0.6%-бен салыстырғанда 0.8%), алғаш диагностикаланған стенокардия немесе оның ағымының нашарлауы (1.0%-бен салыстырғанда 1.4%), миокард инфарктісі (0.7%-бен салыстырғанда1.0%), тромбоэмболиялық бұзылулар (0.3%-бен салыстырғанда 0.9%), ишемиялық инсульт/ ми қан айналымының транзиторлық бұзылулары (0.8%-бен салыс-тырғанда 1.5%) сияқты жағымсыз реакциялар білінген.

Кең ауқымды адъювантты емдеу кезінде Фемара® препаратымен ем қабылдаған емделу-шілерде, плацебо қабылдаған емделушілерге (сәйкесінше 5.8% және 6.4%) қарағанда, көбінесе сүйек сынулары мен остеопороз (емделушілердің 10.4%-ында сүйек сынығы, 12.2%-ында остеопороз) байқалған. 3 жыл плацебомен емдеумен салыстырғанда Фемара препаратымен емдеудің орташа ұзақтығы 5 жылды құрады.

Ішке. Фемара® препаратын тамақтану кезінде немесе онсыз қабылдауға болады, өйткені тамақ препараттың сіңуіне әсер етпейді. Препаратты тәуліктік 2,5 мг дозасынан асырмау ұсынылады.

Ересектер. Фемара® препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 2,5 мг құрайды. Адъювантты және ауқымды адъювантты емдеуде Фемара® препаратымен емдеу 5 жыл бойына немесе аурудың қайталануы басталған сәтке дейін жалғастырылуы тиіс. Метастаздары бар емделуші әйелдерде Фемара® препаратымен емдеуді аурудың үдеу белгілері пайда болғанға дейін жалғастырады.

Неоадъювантты (операция алдындағы) емдеуде Фемара® препаратын ісіктің оңтайлы аза-юына қол жеткізу үшін 4-8 ай бойы тағайындау ұсынылады. Егер бұл ем тиімсіз болған жағдайда, препаратты тоқтатып, операциялық араласым тағайындау және/немесе емделу-шімен әрі қарай емдеуді талқылау ұсынылады.

Бауыр функциясының бұзылуы бар емделуші әйелдер. Бауыр функциясының жеңіл және орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А және В класы) бар ем-делуші әйелдерде препарат дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясының ауыр жеткі-ліксіздігі бар емделушілерге қатысты мәліметтер жеткіліксіз, бірақ Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класты бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер дәрігердің мұқият қадағалауында болуы тиіс.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар емделуші әйелдер. Бүйрек функциясының жеткілік-сіздігі бар (креатинин клиренсі ≥10 мл/мин) емделуші әйелдерде препараттың дозасын түзету қажет емес. Креатинин клиренсі минутына >10 мл емделушілерге қатысты мәлі-меттер жеткіліксіз.

Педиатрияда қолданылуы. Препаратты балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсыныл-майды. Фемара® препаратының 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердегі қауіп-сіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.

Егде жастағы адамдар. Егде жастағы емделушілерде Фемара® препаратының дозасын түзету қажет емес.

Әзірге Фемара 2,5мг №30таб Новартис пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады