Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Солкосерил 42,5мг/мл 2мл №25амп Легаси

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№ 25 ампула
Белсенді зат:
протеинсіздендірілген бұзаулар қанының гемодериваты
Фармакологиялық топ:
Шеткері вазодилататорлар.
Элемент коды::
4019338604022
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

- қарсы көрсетілімдері немесе басқа вазоактивті дәрілік заттардың жақпаушылығы бар пациенттерде III/IV сатысындағы шеткері артериялардың окклюзиялық ауруларында (PAOD);

- созылмалы вена жеткіліксіздігінде, емге резистентті балтыр ойық жарасымен.

 

 

- белсенді затқа немесе препараттың құрамына сәйкес қосымша заттардың біріне жоғары сезімталдық

- аллергияға бейім пациенттерге, өйткені препарат құрамында метил-, этил-, пропилпарагидроксибензой қышқылы (Е 218, Е 214 және Е 216) және парагидроксибензой қышқылы эфирлерінің іздік мөлшерлері бар, олардың пайда болуы өндіріс үдерісімен негізделген

- аллергиялық реакциялардың даму мүмкіндігіне байланысты аллергиясы бар пациенттерге (атопиялық дерматиті бар пациенттерге немесе сүтке аллергиясы бар адамдарға)

- 18 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік

 

 

Жағымсыз реакциялар жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізілді: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000).

- инъекция орнының ауыруы (калий мөлшеріне байланысты)

Сирек

- аллергиялық немесе анафилаксиялық реакциялар (IgE туындатуы мүмкін)

Бұл жағдайда препарат қабыладуды тоқтату және қажет болса, тиісті шараларды қабылдау керек.

Препаратты қолданумен байланысты барлық ерекше реакциялар туралы өтініш беруші өкілінің электрон-ды поштасы бойынша хабарлау қажет

 

 

Егер пациенттің клиникалық жағдайы мүмкіндік берсе, мүмкіндігінше Солкосерилді венаішілік инъекция ретінде емес венаішілік инфузия ретінде енгізу ұсынылады. Солкосерил инъекцияға арналған ерітінді-сін болюстік инъекция түрінде енгізбеген жөн.

Инфузия немесе инъекция түрінде енгізгенде Солкосерил инъекцияға арналған ерітіндісін натрий хло-ридінің немесе глюкозаның ерітіндісімен немесе глюкозаның/ натрий хлоридінің аралас ерітіндісімен кемінде, 1:1 арақатынаста сұйылту және баяу енгізу керек. Солкосерил инъекцияға арналған ерітінді-сін құрамында калий бар инфузиялық ерітінділермен сұйылтпаған жөн.

Инфузия:

Мүмкіндігінше Солкосерилді венаішілік инфузия түрінде енгізу керек, атап айтқанда, егер сұйылтылған ерітіндінің жалпы көлемі 40 мл астам болса.

Инфузия жылдамдығы пациенттің гемодинамикалық статусына байланысты.

Инъекция:

Егер Солкосерил инъекция ретінде қолдану қажет болса, калийдің жылдам сіңірілу ықтималдығын азайту үшін ерітіндіні екі минут ішінде баяу енгізу керек. Инъекцияға арналған сұйылтылған ерітіндінің көлемі 40 мл аспауы тиіс.

Ұсынылған доза

- Шеткері артериялардың окклюзиялық ауруы (Фонтейн бойынша III-IV саты):

850 мг Солкосерил (20 мл сұйылтылмаған инъекцияға арналған ерітіндіге сай келеді), в/і күнделікті. Енгізу ұзақтығы әдетте 4 аптаға дейін және клиникалық көрініске байланысты.

- Созылмалы вена жеткіліксіздігі, тіндердің зақымдануымен (балтыр ойық жарасы):

425 мг Солкосерил (10 мл сұйылтылмаған инъекцияға арналған ерітіндіге сай келеді), в/і аптасына 3 рет. Енгізу ұзақтығы әдетте көп дегенде 4 аптаға дейін және клиникалық көрініске байланысты. Ісінуді басу үшін елеулі демеуші шаралар ретінде компрессиялық бандаждар қолдану көрсетіледі.

Балалар

Солкосерил инъекциясын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану және қауіпсіздігі бойынша зерттеулер жүргізілмеді.

 

Әзірге Солкосерил 42,5мг/мл 2мл №25амп Легаси пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады