Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Микомакс 100мг №7капс

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Капсулы
Белсенді зат:
Флуконазол
Фармакологиялық топ:
Зеңге қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар
Элемент коды::
8594739201798
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Микомакс ® ересектердегі зеңді жұқпаны емдеу үшін көрсетілген:

- Криптококты менингит («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)

- Кокцидиоидомикоз («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)

- Инвазиялық кандидоз

- Шырышты кандидоз, соның ішінде ауыз-жұтқыншақ, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы тері-шырышты қабат кандидозы

- Егер ауыз қуысының гигиенасы немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болса, ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (алмалы-салмалы тістерден болатын ауыру)

- Жергілікті ем сай келмеген кездегі жедел немесе қайталанатын қынаптық кандидоз

- Кандидозды баланит, жергілікті ем сай келмегенде

- Дерматомикоз, дерматофитоз, дерматомикоз, шап дерматомикозын, түрлі-түсті теміреткіні және тері кандидозы жұқпаларын қоса, жүйелі ем көрсетілгенде.

- Дерматофитті онихомикоз (онихомикоз), басқа препараттар сай келмейді деп саналғанда.

Микомакс ® ересектерде алдын алу үшін көрсетілген:

- Қайталану қаупі жоғары науқастардағы криптококты менингит қайталануы.

- Қайталанудың жоғары қаупіне ұшырайтын АИВ жұқтырған емделушілерде ауыз-жұтқыншақ немесе өңеш кандидозының қайталануы.

- Қайталанатын қынаптық кандидозға шалдығуды азайту үшін (жылына 4 және одан көп көрініс).

- Нейтропениясы ұзаққа созылатын емделушілерде кандидозды жұқпалардың алдын алу (мысалы, хи-миялық емнен өтетін гематологиялық қатерлі жаңа түзілімдері бар емделушілерде немесе гемопоэздік діңді жасушалар трансплантациясы жасалған емделушілерде («Фармакодинамикасы» бөлімін қара-ңыз)).

Микомакс ® балаларды емдеу үшін көрсетілген:

- шырышты қабат кандидозы (ауыз қуысы мен жұтқыншақтың, өңештің), инвазиялық кандидоз, крип-тококты менингит 

Микомакс ® балаларды емдеу үшін көрсетілген:

- иммунитеті әлсіреген емделушілердегі кандидозды жұқпа. Микомаксты ® қайталану қаупі жоғары балаларда криптококты менингит қайталануын болдырмау үшін демеуші ем ретінде пайдалануға болады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

- флуконазолға немесе құрылымы жағынан жақын азолды қосылыстарға, сондай-ақ препараттың қосым-ша заттарына және капсула қабығының құрамына кіретін заттарға жоғары сезімталдық («Құрамы» бөлімін қараңыз)

- Микомаксты ® күніне 400 мг және одан көп дозада көп реттік қолдану кезінде емделушілерге бір мез-гілде терфенадин қабылдау қарсы көрсетілімді

- QT аралығын ұзартатын және CYP3A4 ферменті арқылы метаболизденетін цизаприд, астемизол, эритро-мицин, пимозид және хинидин сияқты дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау

- капсула құрамында лактоза бар екендіктен, сирек тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, лактоза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар науқастарға

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Сақтықпен

- флуконазол қолдану аясындағы бауыр функциясы көрсеткіштерінің бұзылуында;

- беткейлік зеңді жұқпасы және инвазиялық/жүйелі зеңді жұқпалары бар науқастарда флуконазол қолдану аясында бөртпе пайда болғанда;

- 400 мг/тәулік аз дозада терфенадин мен флуконазолды бір мезгілде қолдану;

- көптеген қауіп факторлары бар науқастардағы аритмия тұсындағы әлеуетті жай-күйлерде (жүректің органикалық аурулары, электролитті теңгерім бұзылулары және осындай бұзылуға ықпал ететін қатарлас ем).

Ең жиі (>1/10) білінген жағымсыз реакциялар бас ауыру, іштің ауыруы, диарея, жүрек айну, құсу, аланинаминотрансфераза және аспартатаминотрансфераза, сондай-ақ қандағы сілтілік фосфатаза деңгейлерінің жоғарылауы және бөртпе болып табылады.

Микомакс ® қабылдау барысында келесі жағымсыз реакциялар мынадай жиілікте орын алды: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 - <1/10); жиі емес (≥ 1/1000 - <1 / 100); сирек (≥ 1/10 000 - <1/1000), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер жүзінде бағаланбайды).

Жиі

- бас ауыру

- жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, диарея

- сілтілік фосфатаза деңгейінің, сарысулық аминотрансферазалар (АСТ, АЛТ) деңгейінің жоғарылауы

- бөртпе («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Жиі емес

- анемия

- тәбеттің төмендеуі

- ұйқысыздық, ұйқышылдық

- құрысулар, бас айналу, парестезия, дәм сезудің бұрмалануы

- вертиго

- іш қату, диспепсия, метеоризм, ауыздың кеберсуі

- холестаз, сарғаю, билирубин деңгейінің жоғарылауы

- Дәрілік дерматит («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз), есекжем («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз), қышыну

- қатты терлеу

- миалгия

- шаршау, дімкәстану, әлсіздік, қызба

Сирек

- агранулоцитоз. лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения

- анафилаксия, ангионевротикалық ісіну

- гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, гипокалиемия

- тремор

- «пируэт» типті қарыншалық тахикардия, QT аралығының ұзаруы («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қа-раңыз)

- бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлы зақымданулар

- уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел жайылған экзантематозды пусту-лез, эксфолиативті дерматит, ангионевротикалық ісіну, бет ісінуі, алопеция

Балалар

Педиатриялық клиникалық сынақтар барысында орын алған жағымсыз реакциялар мен зертханалық бұзылулар сызбасы мен жиілігі, генитальді кандидозды емдеу кезіндегі көрсетілімдерді қоспағанда, ересектерде байқалған нәтижелермен салыстырмалы болды.

 

Препарат көктамыр ішіне енгізуге арналған.

Препаратты пайдалану үшін пластик қақпағын шешіп, тығынын зарарсыздыратын ерітіндімен сүрту қажет.

Микомакс® ерітіндісі ересектерге 60 минуттан және балаларға 120 минуттан кем емес уақытта көкта-мыр ішіне енгізіледі. Енгізу жылдамдығы 10 мл/минуттан аспауы тиіс.

100мл Микомакс® ерітіндісінің құрамында 15,4 ммоль Na + иондары және 15,4 ммоль Cl - иондары бар.

Микомакс® келесі ерітінділермен үйлесімді: 20% глюкоза, Рингердің лактатты ерітіндісі, Хартман ері-тіндісі, глюкоза және калий хлориді ерітіндісі, 4,2% натрий бикарбонаты, Аминофузин, натрий хлориді-нің изотониялық ерітіндісі. Инфузияға арналған Микомакс® ерітіндісін басқа ерітінділермен немесе препараттармен бір құтыда араластыруға жол берілмейді.

Микомакс® ерітіндісін жоғарыда аталған ерітінділердің біреуімен сұйылту қажет.

Инфузияға арналған ерітінді - Микомакс® препаратының пайдаланылмаған қалдығы қолданымдағы нұсқаулықтарға сай жойылады; оны тоңазытқышта сақтауға, мұздатып қатыруға немесе кейіннен пайдалану үшін басқаша сақтауға тыйым салынады.

Флуконазолдың тәуліктік дозасы зең жұқпасының түрі мен ауырлық дәрежесіне қарай есептеледі. Ұзақ қолданылуын талап ететін жұқпа жағдайында емдеуді клиникалық көрінісі немесе зертханалық зерт-теулер нәтижелері зең жұқпасы белсенділігінің төмендеуін көрсеткенше жалғастырған жөн. Емдеу ұзақтығының тиісінше белгіленбеуі жұқпаның қайта жұғуына әкеледі.

ЖИТС-пен және криптококкты менингитпен, сондай-ақ қайталанатын ауыз-жұтқыншақ кандидозымен немесе өңеш кандидозымен науқастарда, әдетте, қайталануының алдын алу үшін демеуші ем талап етіледі.

Емделуші ахуалы жақсарған жағдайда, инфузияға арналған ерітінді - Микомакс® препаратымен парен-теральді емдеудің бастапқы курсын ішке қабылданатын дәрілік түрлердегі препаратты сол дозалауда қабылдауға (Микомакс® 50, Микомакс® 100, Микомакс® 150, Микомакс® шәрбаты) ауыстыруға бола-ды.

Бүйрек қызметі қалыпты ересектерде қолдану:

Емдеу

Кандидемия, диссеминацияланған кандидоз және басқа инвазивті кандидоз жұқпасы жағдайында, әдетте, алғашқы күні қосарлы дозасы (400-800 мг), ал кейінгі күндері күніне 200-400 мг тағайындала-ды.

Онкологиялық аурулары бар емделушілерге химиялық емдеудің қарқынды курсынан, сүйек кемігін ауыстырып салудан, АІЖ немесе жүрекке жасалған күрделі операциядан және басқа хирургиялық араласулардан кейін бастапқы жоғарылау дозалары (күніне 10 мг/кг) және демеуші дозалары (күніне шамамен 5 мг/кг) тағайындалады. Емдеу ұзақтығы клиникалық реакцияға байланысты, әдетте, 10-14 күн құрайды, бірақ ауыр жағдайларда ұзақтау болуы мүмкін.

Гранулоцитопениясыз иммунитеті қалыпты емделушілердегі ауыз-жұтқыншақ кандидозы жағдайында 7-14 күн бойы күніне 50-100 мг тағайындау ұсынылады.

Иммунитеті күрделі сипатта төмендеген емделушілерге, қажет болса, ұзақтау уақытқа жоғарырақ доза-сы (күніне 100-200 мг) ұсынылады. Ауыз қуысының атрофиялық кандидозында әдеттегі доза 14 күн бойы күніне бір рет 50 мг құрайды, бұл орайда ауыз қуысын жергілікті әсер ететін антисептикалық препараттармен бір мезгілде өңдеу керек.

Ауыз қуысы кандидозының басқа түрлерінде (өңеш кандидозы, инвазивті емес бронх-өкпе кандидозы, кандидурия, тері-шырыш кандидозы) ұсынылатын тәуліктік доза 14-30 күн бойы 100-200 мг құрайды.

Криптококкты менингит жағдайында бастапқы доза алғашқы күні 400-800 мг құрайды, демеуші доза күніне бір рет 200-400 мг құрайды; криптококкты жұқпа басқаша орналасқанда әдеттегі доза алғашқы күні 400 мг және кейінгі күндері күніне бір рет 200-400 мг құрайды. Емдеу ұзақтығы клиникалық және микологиялық көрінісіне байланысты, бірақ криптококкты менингит жағдайында, әдетте, 6-8 аптадан кем емес құрайды.

Жүйелі эндемиялық микоз жағдайында дозалануы күніне 200-400 мг құрайды, бұл орайда емдеуді екі жылға дейін жалғастыруға болады. Емдеу ұзақтығы әркімде бөлек және, орта есеппен, кокцидиомикоз-да – 11-24 ай, паракокцидиомикозда – 2-17 ай, споротрихозда – 1-16 ай, гистоплазмозда – 3-17 ай құрайды.

Алдын алу

- ЖИТС-пен науқастарға емдеудің алғашқы сатысы аяқталғаннан кейін қайталамалы ауыз-жұтқыншақ жұқпасын болдырмау үшін ұзаққа созылатын кезең бойына аптасына бір рет 150 мг тағайындау ұсыны-лады.

- ЖИТС-пен науқастарда криптококкты менингиттің қайталануын болдырмау үшін бастапқы емдеудің толық курсынан өткеннен кейін флуконазолды шектеусіз уақыт кезеңі бойына күніне 200-400 мг тағайындауға болады.

Кандидоздың алдын алу үшін ұсынылатын дозасы зеңді жұқпаның дамуына әркімнің жеке бейімділігіне байланысты – күніне 50-ден 400 мг-ге дейін.

Жүйелі аурулар қаупі жоғары, мысалы нейтропенияның ауыр немесе созылмалы түрлеріне бейім нау-қастарға күніне 400 мг препарат қабылдау ұсынылады. Флуконазол қабылдауды нейтропенияның жо-рамалданатын дебютінен бірнеше күн бұрын бастап, нейтрофильдер саны 1,0 x 10 9 /л дейін (= 1000 жасуша мм 3 ) өскеннен кейін 7 күн бойы жалғастырған жөн.

Бүйрек қызметі төмендеген емделушілер:

Флуконазол өзгермеген күйде көбіне несеппен шығарылады. Бір реттік дозасымен емдегенде дозалану-ын реттеу қажет емес. Көп реттік дозаларын қабылдайтын бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін бастапқы қанықтыру дозасы 50-400 мг құрайды, ал одан кейінгі күнделікті дозасы (көрсетілімдерге сай) креатинин клиренсі минутына 50 мл (0,8 мл/сек) төмен емделушілер үшін екі есе қысқарады. Диализдің ұзақ курсы қажет емделушілер әрбір диализден кейін қайталама дозаны қабылдауы тиіс. Тұрақты артериялық-көктамырлық (көктамыр-көктамырлық) гемодиализ (ТАКД,ТККД) жағдайында стандартты дозалау қолданылады, ал тұрақты амбулаторлық перитонеальді диализде (ТАПД) 150 мг флуконазол диализге арналған ерітіндінің екі литрінде ерітіледі:

Ауырлығы әртүрлі дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігінде дозаны реттеу:

- 50 мл/минуттан ( 0,8 мл/сек) жоғары креатинин клиренсінде дозаны азайту қажет емес

- 10-50 мл/мин ( 0,8 мл/сек) креатинин клиренсінде тәуліктік дозаны екі есе азайту ұсынылады.

Жедел бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер:

Жедел бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерді емдегенде бауыр қызметін ұқыпты қадағалап, бауыр көрсеткіштері әріқарай жоғарылаған жағдайда препарат дозасын азайту немесе қабылдауды тоқтату керек.

60 жастан асқан емделушілер:

Егде жастағы емделушілерге препаратты әдеттегіше дозалау ұсынылады. Алайда бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында дозалануын реттеген жөн (жоғарыда келтірілген сызбаға сай).

Балалар:

Емдеу ұзақтығы, ересек емделушілердегі сияқты, клиникалық және микологиялық реакциясына байла-нысты.

Флуконазол балаларға күн сайын күніне бір рет тағайындалады.

Төрт аптадан асқан сәбилер:

Шырышты қабықтар кандидозында ұсынылатын флуконазол дозасы күніне 3 мг/кг құрайды. Қан плаз-масындағы флуконазол концентрациясының тұрақты күйіне жылдам жету үшін емдеудің алғашқы күні 6 мг/кг қосарлы қанықтыру дозасын (екінші күні-ақ) тағайындауға болады.

Жүйелі кандидозды және криптококкты жұқпаны емдеу үшін, аурудың ауырлық дәрежесіне қарай, күніне 6-12 мг/кг қабылдау қажет болады.

Химиялық ем немесе сәулемен емделу нәтижесіндегі нейтропения себебімен қауіп тобына кіретін имму-нитеті төмендеген емделушілерде зеңді жұқпаны болдырмау үшін қажет доза, туындаған нейтропения-ның ауырлық дәрежесіне және ұзақтығына қарай, күніне 3-12 мг/кг құрайды (ересектерге арналған дозасын қараңыз).

Бүйрек жеткіліксіздігі бар балалар жағдайында дозаны, бүйрек жеткіліксіздігінің дәрежесіне қарай, ересек емделушілерге арналған дозалануына сәйкес азайту керек.

Ең жоғары тәуліктік дозасы 400 мг құрайды.

Төрт апталық жасқа дейінгі жаңа туған нәрестелер:

Жаңа туған нәрестелерде флуконазол баяу шығарылады.

Тіршілігінің алғашқы екі аптасында, қалған балаларға арналғандай, бірақ 72 сағат аралықпен дозала-нуы пайдаланылады. Үшінші және төртінші аптада сол дозасы 48 сағат аралықпен тағайындалады.

Жаңа туған нәрестелерге арналған ең жоғары тәуліктік дозасынан тіршілігінің алғашқы екі аптасында (әр 72 сағат сайын 12 мг/кг) және одан кейінгі екі аптада (әр 48 сағат сайын 12 мг/кг) асыру ұсынылмайды.

 

Әзірге Микомакс 100мг №7капс пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады