Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Герпевир 0,2г №20таб Киевмедпрепарат

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 20
Белсенді зат:
Ацикловир
Фармакологиялық топ:
Вирусқа қарсы препараттар
Элемент коды::
4823004002896
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ
  • алғаш пайда болған және қайталанған генитальді ұшықтарды қосқанда, қарапайым ұшық вирусынан туындаған тері мен шырышты қабықтың вирусты жұқпаларын емдеуге

  • иммунитет тапшылығы бар науқастарда қарапайым ұшық вирусынан туындаған жұқпа-лардың алдын алуға

  • Varicella zocter вирусынан туындаған жұқпаларды емдеуде (желшешек және белдемелі ұшық)

- ацикловирге немесе валацикловирге жоғары сезімталдық

- организмнің сусыздануы

- бүйрек қызметінің ауыр бұзылуы

- 65-тен асқан егде жас

- 6 жасқа дейінгі балалар

 

Герпевирді дегидратацияда және бүйрек жеткіліксіздігінде сақтықпен қолдану керек.

Жиі

- бас ауыруы, бас айналуы

- жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы

- қышу, бөртпе, оның ішінде фотосенсибилизация

- тез шаршағыштық, температура жоғарылауы

Жиі емес

- есекжем, шаштың жылдам диффузды түсуі (Ацикловир препаратын қабылдаумен байла-нысы нақтыланбаған, көбіне ауру барысындағы көптеген вариациялармен және қолдана-тын препараттардың санының көптігімен астасып кетеді)

Сирек

- ентігу

- ангионевротикалық ісіну

- билирубин деңгейінің және бауыр ферменттері белсенділігінің қайтымды жоғарылауы

- мочевина және қандағы креатинин концентрациясының жоғарылауы

- анафилаксия

Өте сирек

- анемия, лейкопения және тромбоцитопения

- гепатит, сарғаю

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек ауыруы

- үрей, абыржу, тремор, атаксия, дизартрия, елестеулер, психоздық симптомдар, конвуль-сиялар, ұйқышылдық, энцефалопатия, кома

 

(бұл симптомдар қайтымды және әдетте бүйрек жеткіліксіздігі бар немесе басқа да осыған бейімдейтін факторлары бар емделушілерде бақыланады)

Ересектерге

Қарапайым ұшық вирусынан туындаған жұқпаларды емдеу

Қарапайым ұшық вирусынан туындаған жұқпаларды емдеуде Герпевирді түнгі уақытты қоспағанда, 4 сағаттық аралықпен тәулігіне 5 рет 200 мг дозада тағайындайды. Емдеу 5 күнге жалғасуы тиіс, бірақ ауыр бастапқы жұқпада 10 күнге дейін ұзартылуы мүмкін.

Иммунитет тапшылығы (мысалы, сүйек кемігі трансплантациясынан кейін) бар кейбір нау-қастарға немесе ішектегі сіңімділігі төмендеген науқастар үшін дозаны екі еселеп 400 мг дейін жеткізуге немесе тиісті дозаны көктамыр ішіне енгізуге қолдануға болады.

Емдеуді жұқпа дамуы басталғаннан-ақ мүмкіндігінше ерте бастау қажет. Қайталанатын ұшық жағдайында емдеуді продромальді кезеңде немесе тері зақымдануының алғашқы белгілері пайда болғаннан кейін бастаған дұрыс.

Қарапайым ұшық вирусынан туындаған жұқпалар рецидивтерінің алдын алу

Қарапайым ұшық вирусы туындатқан жұқпалар рецидивтерінің алдын алу үшін иммунитеті қалыпты науқастарда Герпевир таблеткаларын 6 сағаттық аралықпен тәулігіне 4 рет 200 мг дозада немесе 12 сағаттық аралықпен тәулігіне 2 рет 400 мг дозада қабылдайды.

Дозаны 8 сағаттық аралықпен тәулігіне 3 рет 200 мг дейін немесе 12 сағаттық аралықпен тәулігіне 2 ретке дейін азайтқан күнде де емдеу тиімді болады.

Кейбір науқастарда түбегейлі жақсару 800 мг тәуліктік дозаны қабылдағаннан кейін байқалады.

Профилактикалық емдеу курсының ұзақтығы жекелей белгіленеді.

Қарапайым ұшық вирусынан туындаған жұқпалар пайда болуының алдын алу

Иммунитет тапшылығы бар науқастарда қарапайым ұшық вирусы туындатқан жұқпалардың алдын алу үшін Герпевир таблеткаларын 6 сағаттық аралықпен тәулігіне 4 рет 200мг доза-да тағайындайды. Елеулі иммунитет тапшылығы (мысалы, сүйек кемігі трансплантациясы-нан кейін) бар кейбір науқастарға немесе ішектегі сіңімділігі төмендеген науқастар үшін до-заны екі еселеп 400 мг дейін жеткізуге немесе тиісті дозаны көктамыр ішіне енгізуге қол-дануға болады.

Профилактикалық қолдану ұзақтығы қатер кезеңінің ұзақтығымен анықталады.

Желшешек пен белдемелі герпесті емдеу

Желшешек пен белдемелі герпес вирустары туындатқан жұқпаларды емдеу үшін Герпевир таблеткаларын түнгі уақытты қоспағанда, 4 сағаттық аралықпен күніне 5 рет 800 мг дозада қабылдау керек. Ем 7 тәулікке созылуы тиіс.

Ауыр иммунитет тапшылығы (мысалы, сүйек кемігі трансплантациясынан кейін) бар немесе ішектегі сіңімділігі төмендеген науқастарға көктамыр ішіне енгізуді қолданған дұрыс.

Елеулі иммунитет тапшылығы бар науқастарда герпес вирусынан туындаған жұқпалардың алдын алу және емдеу

Елеулі иммунитет тапшылығымен науқастарда 800 мг Герпевирді 6 сағаттық аралықпен тәулігіне 4 рет қабылдаған жөн. Сүйек кемігі трансплантациясынан кейін науқастарды ем-дер алдында 1 ай бойы Гепавирді көктамыр ішіне енгізу емі жүргізілуі тиіс.

Сүйек кемігі трансплантациясынан кейінгі науқастарды емдеудің ұзақтығы 6 айды (транс-плантациядан кейін 1 айдан 7 айға дейін) құрайды. АИВ жұқпасының даму сатысындағы науқастарды емдеу курсы 12 айды құрайды, жағымды әсерін сақтау үшін емдеу курсын жалғастырған дұрыс.

Балалар

Желшешекті емдеу үшін жасы 6-дан асқан балаларға 800 мг Герпевирді тәулігіне 4 рет та-ғайындайды. Барынша дәлме-дәл бір реттік дозаны дене салмағының 20 мг/кг есебінен анықтауға болады (бірақ тәулігіне 3,2 г артық емес). Емдеу ұзақтығы 5 күнді құрайды.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілердің бүйрек қызметі бұзылуы мүмкіндігін ескерген жөн, сондықтан оларға препараттың дозасын тиісінше өзгерткен жөн. Организм гидратациясының талапқа сай деңгейін ұстап тұру қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Герпевирді бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға сақтықпен тағайындаған жөн. Организм гидратациясының талапқа сай деңгейін ұстап тұру қажет.

Қарапайым ұшық вирусы туындатқан жұқпаларды емдеу кезінде бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда ұсынылатын ішу арқылы қабылданатын дозалар деңгейі көктамырішілік енгі-зуге белгіленген қауіпсіз деңгейден асып кететіндей ацикловирдің жиналуына әкелмейді. Алайда бауырдың ауыр жеткіліксіздігімен науқастарға (креатинин клиренсі 10 мл/мин аз-дау) шамамен 12 сағат аралықпен тәулігіне 2 рет 200 мг доза белгілеу ұсынылады.

Varicella zoster вирусы туындатқан жұқпаны емдеу кезінде (желшешек және белдемелі гер-пес), ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде иммунитеті елеулі төмендеген науқастар үшін (креати-нин клиренсі – 10мл/мин аздау) шамамен 12 сағаттық аралықпен тәулігіне 2 рет 800мг до-засын, ал орташа бүйрек жеткіліксізідігімен науқастарға (креатинин клиренсі – 10-25 мл/мин шегіндегі) 8 сағатқа жуық аралықпен тәулігініе 3 рет 800 мг белгілеу керек.

 

Ацикловирдің көп мөлшерлі пероральді дозаларын қолданған кезде осы емделушілердің талапқа сай гидратациясын ұстанған жөн.

Әзірге Герпевир 0,2г №20таб Киевмедпрепарат пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады