Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Фторурацил-Дарница 5% 5мл №10амп

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№ 10 ампула
Белсенді зат:
Фторурацил
Фармакологиялық топ:
Ісікке қарсы гормональді препараттар
Элемент коды::
110009922882?
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- бірқатар қатерлі ісіктерді, соның ішінде тоқ ішектің және сүт безінің обырын басқа цитостатиктермен паллиативті моно- немесе біріктіріп емдеуде

- фторурацилге немесе препараттың басқа құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта

- сәулелі емнен кейін немесе басқа ісікке қарсы дәрілермен емдеуден кейін сүйек кемігінің сарқылуы немесе бәсеңдеуі

- шеткергі қан құрамының айқын өзгерістері: лейкоциттер деңгейі 4х109/л төмен, тромбоциттер деңгейі 150х109/л төмен

- бауыр және бүйрек қызметінің айқын бұзылулары

- мальабсорбция синдромы

- ауыр жұқпалы аурулар

- ауыз қуысы және асқазан-ішек жолы шырышты қабығының ойық жаралануы

- жалған жарғақшалы колит

- ауыр диарея

- қатты жүдеу

- қан плазмасындағы билирубиннің 85 мкмоль/л-ден көп деңгейі

- фторурацилмен емделу кезеңіндегі белсенді вакцинация

- қандай да бір орналасымнан қан кету

- қатерсіз ісіктерді емдеу үшін

- бривудинмен, соривудинмен немесе олардың аналогтарымен бір мезгілде қолдану

- жүктілік және лактация кезеңі

 

- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік кезең

Ең көп кездесетін жағымсыз әсерлері диарея, жүрек айну болып саналады. Лейкопения да өте жиі байқалады. Төменде ұнамсыз әсерлері сипатталған.

Жиілігінің бағалануы: өте жиі ( 1/10), жиі ( 1/100,  1/10), жиі емес ( 1/1000,  1/100), сирек ( 1/10 000,  1/1000), өте сирек ( 1/10 000).

Өте жиі

- жұқпалар

- лейкопения, миелосупрессия, нейтропения, гранулоцитопения, тромбоцитопения, анемия, панцитопения

- иммуносупрессия, шартты патогенді жұқпалардың дамуы

- диарея, жүрек айну, құсу, шырышты қабықтың қабынуы, стоматит

- алопеция, алақан-табан эритродизестезиясы

- қызба, қажығыштық

Жиі

- конъюнктивит

- кеуденің ауыруы, тахикардия,ЭКГ өзгерістері, стенокардия

Жиі емес

- сепсис

- гиперурикемия

- сілекейдің көп ағуы, дакриостеноз (мұрын-жас ағу өзегінің тарылуы), көрудің нашарлауы, фотофобия, диплопия, көрудің төмендеуі, блефарит, эктропион (қабақтың айналып кетуі), көру жүйкесінің невриті

- мұрыннан қан кету, диспноэ, бронх түйілуі, мұрын сүйектерінің некрозы

- асқазанның ойық жарасы, асқазан-ішектік қан кетулер және тесілулер

- бауыр қызметінің бұзылуы

- дерматит, гиперпигментация, гипопигментация, тырнақ қабаттарының өзгеруі, тырнақтар депигментациясы мен гиперпигментациясы, тырнақтар дистрофиясы, тырнақ көбесінің қабынуы, тырнақ дегенерациясы, тырнақ көбесінің ауыруы, тырнақтардан ішінара айырылу, онихолизис, экзантема, есекжем, фотосезімталдық, құрғау, жарылу, эрозиялар және тері қышымасы

- тромбофлебит, дегидратация, көктамырлардың кеңеюі

Сирек

- агранулоцитоз

- тироксиннің (Т4) жалпы мөлшерінің артуы, трийодтирониннің (Т3) жалпы мөлшерінің жоғарылауы

- сананың шатасуы

- атаксия, экстрапирамидалық бұзылулар, мишық бұзылыстары, церебральді бұзылулар, қыртыстық бұзылулар, нистагм, бас ауыруы, вертиго, паркинсон тәрізді синдром, пирамидалық белгілер, эйфория, лейкоэнцефалопатия, сөйлеудің бұзылуы, афазия, құрысулар, кома, көру жүйкесінің зақымдануы, шеткергі нейропатия

- аритмия, миокард инфарктісі, миокардит, жүрек жеткіліксіздігі, кардиомиопатия, жедел жүрек жеткіліксіздігі, жүрек соғуын сезіну, жүректің тоқтауы, жүректен болатын оқыс өлім; васкулит, Рейно синдромы, ми ишемиясы, қарыншалық ишемия, шеткергі ишемия, тромбоэмболия

- бауыр некрозы

Өте сирек

 

- анафилактикалық реакциялар, анафилактикалық шок.

Фторурацил-Дарницаны көктамырішілік инъекциялар немесе көктамырішілік инфузиялар немесе интраартериялық инфузиялар жолымен енгізеді.

Ересектер

Емнің тиісті дозасы мен сызбасын емделушінің ахуалына, емделуге тиіс обырдың түрі мен орналасуына, сондай-ақ Фторурацил-Дарницаның монотерапия ретінде немесе емнің басқа түрлерімен біріктіріп қолданылуына қарай әркімге жеке белгілейді.

Емдеуді стационар жағдайларында бастау қажет. Жалпы тәуліктік доза 1 г-ден аспауға тиіс.

Әдетте дозаны емделушінің 1 кг дене салмағына есептеу арқылы анықтайды, алайда едәуір шамадан артық дене салмағы, ісінулері, асциті мен ағзадағы сұйықтықтың аномалиялық іркілісінің басқа түрлері бар науқастарда дозаны дененің таза салмағының 1 кг-сіне есептеп белгілейді.

Науқастарға келесі жағдайларда дозаны азайту ұсынылады:

1. Кахексия.

2. Алдағы 30 күн ішіндегі ауыр хирургиялық операция.

3. Сүйек кемігі қызметінің нашарлауы.

4. Бауыр немесе бүйрек қызметі бұзылуларының болуы.

Ересектерге арналған дозалар

Фторурацил-Дарницаны монотерапия түрінде қолдану үшін ұсынылатын режим.

Емдеудің басталуы.

Фторурацил-Дарницаны емнің бастапқы курсы кезінде инфузия немесе инъекция жолымен енгізуге болады. Инфузия дұрыс, өйткені осы енгізу тәсілінде уыттану әсерлері аз білінеді.

Көктамырішілік инфузия

1 кг дене салмағына15 мг, бірақ инфузияға 1 г-ден көп емес, 500 мл 5% глюкоза ерітіндісінде немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтып, 4 сағат бойы минутына 40 тамшыдан көктамырішілік инфузия жолымен енгізеді.

Баламалы тәуліктік дозаны 30-60 минут бойы инфузия арқылы немесе үздіксіз 24-сағаттық көктамырішілік инфузия арқылы енгізуге болады. Келесі күндері препаратты дәл сол дозада уыттану әсерлері пайда болғанша немесе жалпы доза 12-15 г-ге жеткізілгенше енгізеді.

Көктамырішілік инъекция

Фторурацил-Дарница 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен немесе 5% глюкоза ерітіндісімен сұйылту қажет.

Фторурацил-Дарницаны басқа препараттармен бір инфузиялық ерітіндіде араластыруға болмайды. Көктамыр ішіне 2-3 минут ішінде баяу енгізеді. 3 күн бойы 1 кг дене салмағына 12 мг-ден күнделікті енгізуге болады. Уыттану әсерлерінің нышандары болмағанда тағы 3 күн бойына келесі үш дозада 1 кг дене салмағына 6 мг дозада енгізуді баламалы жалғастыруға болады.

Баламалы режим – аптасына 2 рет бір реттік көктамырішілік енгізілетін 1 кг дене салмағына 15 мг.

Интраартериялық инфузия

1 кг дене салмағына тәуліктік 5-7,5 мг дозаны үздіксіз 24-сағаттық интраартериялық инфузия арқылы енгізеді.

Демеуші ем

Демеуші емді препараттың уытты әсерлері жоғалғаннан кейін ғана бастауға болады. Фторурацил-Дарницамен емдеудің бастапқы курсын соңғы дозаны алғаннан кейін 4-6 аптадан соң қайталауға немесе баламалы емделуді әріқарай аптасына дене салмағына 5-15 мг/кг көктамырішілік енгізумен жалғастыруға болады.

Осы бірізділік емдеу курсын құрайды. Кейбір емделушілер курсына препараттың 30 г-сіне дейін, тәулігіне 1 г-ден (ең жоғары тәуліктік доза) алған. Ең қазіргізамандық баламалы әдіс бүкіл емдеу курсы бойына аптасына 1 рет көктамырішілік 1 кг дене салмағына 15 мг дозаны қолдану болып табылады. Бұл препаратты күн сайын қолдану қажеттілігін жояды.

Радиотерапиямен біріктіргенде

Емделушілердің өкпесінде метастаздың кейбір түрлері болғанда және қайталанған операбельді емес жаңа түзілімдер туғызған ауыруды басу үшін препараттың стандартты дозаларын радиотерапиямен біріктіріп қолдануға болады.

Егде жастағы емделушілер

 

Дозаны реттеу қажет емес.

Әзірге Фторурацил-Дарница 5% 5мл №10амп пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады