Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Анальгин р-р. 50% 2мл №10 Химфарм

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№ 10 ампула
Белсенді зат:
метамизол натрийі
Элемент коды::
4870114006917
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- орташа және ауыр дәрежедегі шығу тегі әртүрлі ауыру синдромында (бас ауыруы, бас сақинасы, тіс ау-ыруы, невралгия, миалгия; дисменорея)

- емдеудің басқа әдістеріне төзімді қызба.

- натрий метамизолына, пиразолонның басқа туындыларына, пиразолидиндерге (мысалы, фенилбута-зонға) аса жоғары сезімталдық

- қан кетудің бәсеңдеуі (агранулоцитоз, нейтропения)

- бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі

- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығымен байланысты тұқым қуалайтын гемолиздік анемия және анемияның басқа да түрлері

- порфирия

- мұрын және мұрын маңы қойнауларының қайталанатын полипозы және ацетилсалицил қышқылын немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттар жақпаушылығына (оның ішінде анамнезде) түрткі болатын бронх демікпесінің толық немесе толық емес үйлесімі

- лейкопения

- сүйек кемігі қан түзілуінің бұзылуы (мысалы, цитостатикалық ем немесе қан түзетін ағзалар аурулары салдарынан)

- жүктілік, лактация кезеңі

- балаларға өмірінің алғашқы үш айында немесе дене салмағы 5 кг төмен болғанда

- іштегі жедел ауыруды басу үшін пайдалануға болмайды (себебі анықталғанға дейін)

- анальгетиктер: салицилаттар, парацетамол, диклофенак, ибупрофен, индометацин, напроксенді қа-былдағанда анафилактоидты реакциялардың дамуы (уртикария, ринит, ангионевроздық ісіну)

- 12 айға дейінгі балаларға вена ішіне енгізу.

Сақтықпен:

Бүйрек аурулары (пиелонефрит, гломерулонефрит, оның ішінде, анамнезде); алкоголизм. Бүйрек жет-кіліксіздігі кезінде натрий метамизолы метаболиттерінің баяу шығарылуы байқалады. Систолалық арте-риялық қысымы 100 мм. сын. бағ. төмен науқастарға енгізгенде немесе қан айналуының тұрақсыздығы кезінде, мысалы, миокард инфарктісі, көптеген жарақаттар, басталып келе жатқан шок аясында. Егде жастағы пациенттерде емді ең аз дозадан бастау қажет, өйткені натрий метамизолы метаболиттерінің шығарылуы баяулауы мүмкін. Бауыр циррозы және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде 4N-метил-аминоантипириннің шығарылуы шамамен үш есе баяулайды, мұндай пациенттерге натрий метамизолы-ның жоғары дозаларын енгізуден тартынған жөн.

Емдік дозада әдетте препараттың жағымдылығы жақсы.

Жағымсыз реакциялардың мүмкін болатын жиілігі мынадай түрде жіктелген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін), сирек (≥1/10 000 <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10 000) және жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Қан түзілу және лимфалық жүйе тарапынан:                                                                          сирек - лейкопения,                                                                                                                         өте сирек – агранулоцитоз, тромбоцитопения, жиілігі белгісіз – апластикалық анемия, панцитопения. Панцитопения туындағанда препаратты дереу тоқтату және жалпы қан талдауын оның көрсеткіштері қалпына келгенше бақылап отыру керек. Натрий метамизолын бір аптадан астам қолданғанда аграну-лоцитоз қаупі жоғарылайды.

Иммун жүйесі тарапынан:                                                                                                           сирек – аллергиялық немесе анафилаксиялық реакциялар. Тері немесе шырышты қабықтардағы бөр-тулер (мысалы, терінің қышынуы, терінің қызаруы, бөрту, ісіну) ентігумен, сиректеу асқазан-ішек бұ-зылыстарымен қатар жүруі мүмкін. Өте сирек – жайылған есекжем, ангионевроздық ісіну, бронх түйі-луі, артериялық гипотензия, шок.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан:                                                                                             жиі емес – артериялық қысымның жекеленген төмендеуі (анафилаксиялық реакциялар көріністерімен қатар жүрмейді), артериялық қысымның жоғарылауы, жүрек ырғағының бұзылуы.

Тері және тері асты тіндері тарапынан:                                                                                         жиі емес – тұрақты дәрілік бөртпе, сирек – бөртпе (мысалы, макуло-папулезді), өте сирек –Стивенс – Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз.

Бүйрек және несеп шығару жолы тарапынан:                                                                             өте сирек – бүйрек функциясының жедел бұзылуы, протеинурия, олиго – және анурия, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, жедел интерстициальді нефрит.

Жалпы бұзылыстар және енгізген орындағы бұзылыстар:                                                     жиілігі белгісіз – несептің қызыл түске қысқа мерзімді боялуы несепте төмен концентрацияда руба-зон қышқылының (натрий метамизолы метаболиті) болуына негізделуі мүмкін.

Бұлшықет ішіне енгізгенде енгізген орында инфильтраттардың болуы ықтимал.

Бұлшықет ішіне немесе вена ішіне (қатты ауырғанда) ересектерге 1-2 мл- ден 50 мг/мл ерітіндіні тәу-лігіне 2-3 рет енгізеді; тәулігіне 2 г асырмау керек. Ең жоғары бір реттік доза – 1 г, тәуліктік – 2 г.

Көрсетілімдер мұқият нақтыланғаннан кейін ғана, 1000 мг (2 мл) асатын дозада вена ішіне енгізуге болады.

Балаларға тәулігіне 2-3 рет 5-10 мг/кг есебінен тағайындайды.

1 жасқа дейінгі, бірақ 3 айдан асқан немесе дене салмағы 5 кг асатын балаларға препаратты тек бұлшықет ішіне ғана енгізеді, курсы 3 күннен аспайды.

Енгізілетін ерітінді дене температурасындай болуы тиіс. 1 г асатын дозаны вена ішіне енгізген жөн, шокқа қарсы ем жүргізу үшін жағдай болуы қажет. Артериялық қысымның күрт төмендеуінің барынша жиі болатын себебі енгізудің тым жоғары жылдамдығы болып табылады, осыған байланысты вена ішіне енгізуді баяу (минутына 1 мл аспайтын жылдамдықпен), пациенттің көлденең жатқан күйінде, артерия-лық қысымды, жүрек жиырылуының жиілігі мен тыныс алуын бақылай отырып жүргізілуі тиіс.

Препарат қысқа мерзімдік пайдалануға арналған.

Препаратты қолдану ұзақтығы 3-5 күннен аспайды.

Курсты кем дегенде 1 ай өткеннен кейін ғана қайталауға болады.

Емдеудің ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Препаратты ұзақ қолданғанда (аптадан астам) шеткері қан көрінісі мен бауырдың функционалдық жағдайын бақылап отыру қажет.

Егде жастағы пациенттерде емді төмен дозадан бастаған жөн, өйткені натрий метамизолы белсенді метаболиттерінің шығарылу жылдамдығы төмендеуі мүмкін.

Әзірге Анальгин р-р. 50% 2мл №10 Химфарм пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады