Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Пирацетам 20% 5мл № 5амп ХФЗ (М)

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№5 ампула
Белсенді зат:
Пирацетам
Фармакологиялық топ:
Психостимуляторлар және ноотроптар
Элемент коды::
4870114004746
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

жадының бұзылуын немесе деменция диагнозы болмаған кезде интеллектуалды бұзылыстарды симптома-тикалық емдеуде (созылмалы психоорганикалық синдромды симптоматикалық емдеу)

кортикальді миоклонияны емдеуде, монопрепаратпен немесе кешенді ем құрамында;

- пирацетамға немесе пирролидон туындыларына, сондай-ақ препараттың компоненттеріне жоғарғы се-зімталдықта

- ми қан айналымының жедел бұзылуында (геморрагиялық инсультте)

- бүйрек қызметінің терминальді сатысы

- 1 жасқа дейінгі балаларға.

- жүктілікте және лактация кезеңінде

- ашушаңдық, ұйқышылдық, депрессия, астения

- гиперкинезия

- дене салмағының артуы

Маркетингтен кейінгі кезең

- гемморагиялық бұзылыстар

- бас айналу

- іштің ауыруы, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, диарея, жүрек айну, құсу

- анафилактоидтық реакциялар, жоғары сезімталдық

- атаксия, тепе-теңдік бұзылулары, эпилепсияның ушығуы

- бас ауыруы, ұйқысыздық

- қозу, мазасыздық, сананың шатасуы, елестеулер

- ангионевротикалық ісіну, дерматит, қышыну, есекжем

- инъекция кезіндегі ауыру, тромбофлебит, гипертермия немесе гипотензия көктамыр ішіне енгізуден ке-йін анықталған

Көктамыр ішіне (к/і) және бұлшықет ішіне (б/і) 30-160 мг/кг (3-12 г/тәул) тәуліктік дозада тағайын-дайды, енгізу жиілігі – тәулігіне 2-4 рет. Созылмалы психоорганикалық синдромды симптомдардың айқындылығына байланысты симптоматикалық емдеу кезінде тәулігіне 1,2-2,4 г-нан тағайындайды, ал алғашқы аптада – тәулігіне 4,8 г.

Созылмалы психоорганикалық синдром және кортикальді миоклония кезінде емді 7,2г/тәул дозадан бастайды, әрбір 3 - 4 күн дозаны ең жоғарғы 24 г/тәул дозаға жеткенше тәулігіне 4,8 г-ға арттырады. Емді бүкіл ауру кезеңінде жалғастырады. Әрбір 6 айда ұстаманың алдын алу мақсатында әрбір 2 күн сайын дозаны біртіндеп 1,2 г-ға қысқарта отырып, дозаны төмендетуге немесе препаратты қабылдауды тоқтатуға әрекеттену керек. Әсер болмаса немесе емдік әсері аз болған жағдайда емді тоқтатады.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде креатинин клиренсінің (КК) көрсеткішіне байланысты дозалау режимін түзету талап етіледі.

      Бүйрек жеткіліксіздігінің                    КК (мл/мин)                             Доза                                                     деңгейі 

                   Қалыпты                                         >80                              Қарапайым доза

                     Жеңіл                                           50-79              2/3 қарапайым дозаны 2-3 қабылдауға

                    Орташа                                          30-49              1/3 қарапайым дозаны 2 қабылдауға

                      Ауыр                                             <30               1/6 қарапайым дозаны бір рет қабыл-                                                                                                                            дауға

                 Соңғы саты                                           -                               қарсы көрсетілген

Егде жастағы емделушілерде дозаны бүйрек жеткіліксіздігі болғанда түзетеді және ұзақ емделгенде бүйректің функционалдық жағдайын бақылау қажет.

Бауыр функциясы бұзылған емделушілерде дозалау режимін түзету қажет емес.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде дозалау режимін КК байланысты түзетеді, жоғарыда көр-сетілген.

Пирацетамның инъекциялық түрі дәрілік затты пероральді қабылдау мүмкіндігі болмағанда тағайын-далады.

Әзірге Пирацетам 20% 5мл № 5амп ХФЗ (М) пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады