Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Слидерон (метилпреднизолон)16мг №20таб Болгария

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 20
Белсенді зат:
Метилпреднизолон
Фармакологиялық топ:
Глюкокортикостероидтар.
Элемент коды::
3800714441109
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Слидерон препараты глюкокортикоидтық емнің қолданылуын талап ететін ауруларда қолданылады:

-эндокринді аурулар (бүйрекүсті бездерінің бастапқы және салдарлық жеткіліксіздігі, бүйрекүсті безі қыртысының туа біткен гиперплазиясы)

- ревматизмдік аурулар (ревматоидты артрит, ювенильді ревматоидты артрит, шорбуындаған спондилоартрит)

-коллагендік аурулар/артериит (жүйелі қызыл жегі, жүйелі дерматомиозит (полимиозит), ревматизм ауыр кардитпен,

алып жасушалы артериит/ревматизмдік полимиалгия)

- тері аурулары (кәдімгі күлдіреуік)

-аллергиялық жағдайлар (ауыр маусымдық және жыл бойғы аллергиялық ринит)

- дәрі-дәрмектен болған аса жоғары сезімталдық реакциялары (сарысу құю ауруы, аллергиялық жанаспалы дерматит, бронх демікпесі)

- көз аурулары (ирит, иридоциклит түрінде байқалатын алдыңғы увеит, артқы увеит, неврит)

- тыныс алу ағзаларының аурулары (өкпе саркоидозы, жедел диссеминацияланған өкпе туберкулезі, туберкулезге қарсы препараттармен кешенді емде), асқазан ішіндегісінің аспирациясы

- гематологиялық аурулар (идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура,

гемолитикалық анемия (аутоиммунды)

-ісік аурулары (жедел және лимфалық лейкоз, қатерлі лимфома)

-асқазан-ішек аурулары (ойықжаралы колит, Крон ауруы)

- басқа аурулар (туберкулездік менингит тиісті туберкулезге қарсы химиотерапиямен)

 

- трансплантаттың қабылданбай ажырау реакциясын басу үшін

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- туберкулез, басқа да жедел және созылмалы бактериялық немесе вирустық инфекциялар (тиісті химиотерапиялық қорғаныссыз)

- жүйелі зеңдік инфекциялар

 

- препараттың иммуносупрессиялық дозаларын қабылдайтын пациенттерге тірі немесе тірі әлсіреген вакциналар енгізу

Бұл бөлімде жағымсыз реакциялардың байқалу жиілігінің жіктемесі пайдаланылған: жиі ≥1/100 <1/10 дейін, жиі емес ≥1/1 000 <1/100 дейін, сирек ≥1/10 000 <1/1 000 дейін, өте сирек <1/10 000, жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).

Жиі ≥1/100 <1/10 дейін:

- бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциялардың дамуы және өршуі, туберкулездің қайталануы, иммуносупрессия

- өсудің баяулауы, Кушинг синдромы

- сауығу үдерісінің кідіруі

- организмдегі натрий мен сұйықтықтың кідіруі, гипокалиемия

- эйфория, депрессия

- субкапсулярлық катаракта

- артериялық гипертензия

- тесілуімен және қан ағумен өңештің, асқазан мен он екі елі ішектің ойықжарасы

- тері атрофиясы, безеулі бөртпе

- бұлшықет әлсіздігі.

Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес):

- оппортунистік инфекциялар, белсенді емес туберкулездің қайталануы

- эозинофилдер, моноциттер және лимфоциттер саны төмендегенде лейкоциттердің жалпы санының артуы, тромбоцитоз

- гипопитуитаризм, «тоқтату синдромы»

- эпидуральді липоматоз

- гиперкоагуляция, тромбоз

- гипоталамустық-гипофизарлық-бүйрекүсті безі жүйесінің бәсеңдеуі, балалардағы жыныстық дамудың кідіруі, етеккір оралымының бұзылуы, жыныс гормондары өндірілуінің бұзылуы (аменорея)

- тәбеттің жоғарылауы, дене салмағының ұлғаюы, көмірсуларға төзімділіктің төмендеуі, инсулин және қант төмендететін пероральді препараттарға қажеттіліктің артуы, гипокалиемиялық алкалоз

-психоздық бұзылыстар (маниялар, қияли елес, елестеулер, шизофренияның өршуін қоса), психоздық мінез-құлық, аффективті бұзылыстар (оның ішінде құбылу, психологиялық тәуелділік, суицидтік ойлар), психикалық бұзылыстар, тұлғалық өзгеріс, көңіл-күйдің ауытқуы, сананың шатасу жағдайы, аномальді мінез-құлық, мазасыздық, ұйқысыздық, ашушаңдық

- құрысулар, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы (қатерсіз бассүйекішілік гипертензия), амнезия, когнитивтік бұзылыстар, бас айналуы, бас ауыруы

- көзішілік қысымның жоғарылауы, глаукома, көру жүйкесі дискісінің ісінуі, мөлдір қабық пен аққабықтың жұқаруы, көздің вирустық және зеңдік инфекциялық ауруларының өршуі, экзофтальм, хориоретинопатия

- миокард инфаркты, артериялық гипотензия, брадикардия, қарыншалық аритмия, атеросклероз, тромбоз, васкулит, жүрек жеткіліксіздігі, өкпе артериясының эмболиясы

- аллергиялық реакциялар, оған қоса өлім жағдайымен анафилаксиялық шок, тері сынамаларына реакциялардың өзгеруі

- жүрек айнуы, құсу, ауызда жағымсыз дәм сезіну, өңеш кандидозы, метеоризм, эзофагит, ойықжаралы эзофагит, панкреатит, ішек тесілуі, жергілікті илеит, ойықжаралы колит, асқазан қабырғасына қан құйылу, іш кебуі, іш ауыруы, диарея, диспепсия

- АЛТ, АСТ және сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы

- регенерацияның баяулауы, петехиялар, гематомалар, стриялар, телеангиэктазиялар, экхимоздар, пурпура, гипер- немесе гипопигментация, постстероидтық панникулит, эритема, Квинке ісінуі, қышыну, есекжем, гирсутизм, тершеңдік

- Капоши саркомасы

- остеопороз, омыртқа бағаны мен ұзын сүйектердің сынуы, асептикалық остеонекроз, миопатия, бұлшықет атрофиясы, сіңірлердің үзілуі, артралгия, миалгия, нейропатиялық артропатия

- лейкоцитурия, эритроцитурия (бүйректің зақымдануынсыз), никтурия, несептегі кальцийдің артуы

- дімкәстік, препаратты жоғары дозаларда қолданғандағы тұрақты ықылық

- бүйрекүсті безі қыртысының жеткіліксіздігі, ол стрестік жағдайларда өлім жағдайына әкелуі мүмкін (егер препарат дозасы ұлғаймаған болса хирургиялық араласымдар, жарақат немесе инфекция)

- етеккір оралымының бұзылуы

 

Препаратты бірден тоқтатқан жағдайда тоқтату синдромы болуы мүмкін. Симптомдардың ауырлығы бүйрекүсті безі атрофиясының дәрежесіне байланысты: бас айналуы, бас ауыруы, анорексия, жүрек айнуы, құрсақ қуысының ауыруы, әлсіздік, көңіл-күйдің өзгеруі, летаргия, ысыну, миалгия, артралгия, ринит, коньюнктивит, ауыртатын тері қышынуы, салмақ жоғалту. Ауырлау жағдайларда: ауыр психикалық бұзылыстар, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы, ревматизмі бар пациенттердегі стероидтық жалған ревматизм, өлім.

Ересектер

Дозалау бойынша ұсынымдар төменде келтірілген кестеде көрсетілген. Оларды бастапқы тәуліктік дозалар деп санау керек. Ұсынылған орташа жалпы тәуліктік доза не бір реттік доза түрінде не бөлінген дозалар түрінде берілуі мүмкін (емнің баламалы сызбасын қоспағанда).

Емнің баламалы тәсілінде Слидерон препаратына ең төменгі күнделікті қажеттілік екі еселенеді және күнара бір реттік доза түрінде таңертең 8.00-де қабылданады. Дозасы емді қажет ететін жағдайға және пациенттің реакциясына байланысты.

Жағымсыз әсерлер ең аз қолдану кезеңінде ең төменгі тиімді дозаларды пайдаланған жағдайда жоққа шығарылуы мүмкін.

Бастапқы бәсеңдету дозасы емді қажет ететін жағдайға/ауруға байланысты өзгеруі мүмкін. Қанағаттандырарлық клиникалық жауап алған сәтте тәуліктік дозаны біртіндеп төмендету керек. Ем жедел жағдайларда тоқтатылуы немесе созылмалы аурулар кезінде ең төменгі тиімді дозада жалғасуы мүмкін. Созылмалы ауруларда, дозаны бастапқыдан демеуші дозаға дейін төмендету аурудың клиникалық біліністеріне сай келуі маңызды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерді емдеу, әсіресе ол ұзақ болса сақтықпен жүргізілуі керек, оларда остеопороз, диабет, гипертония, инфекцияларға, тері атрофиясына үлкен бейімділік және т.б. сияқты күрделі жағымсыз реакциялар дамуы мүмкін екенін ескеру керек.

Балалар

Дозаны балалық кезде дәрігер анықтайды және ол клиникалық жауапқа негізделеді. Емді ең қысқа қажетті уақыт кезеңінде ең төменгі тиімді дозада жүргізу керек. Мүмкіндігінше, баламалы емдеу сызбасын пайдалану керек.

4 мг метилпреднизолон 5 мг преднизолонға, 4 мг триамцинолонға және 0,75 мг дексаметазонға баламалы болып табылады.

 

Бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігінде 3 қабылдаумен тәулігіне ішке 0,14 мг/кг немесе 4 мг/м2, басқа көрсетілімдер бойынша — үш қабылдауға бөлінген ішке 0,417–1,67 мг/кг немесе 12,5–50 мг/м2. Мүмкіндігінше, тәуліктік дозаны күнара бір рет қабылдау керек.

Әзірге Слидерон (метилпреднизолон)16мг №20таб Болгария пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады