Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Сандостатин 0,05мг/мл 1мл №5амп

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№5 ампула
Белсенді зат:
Октреотид
Фармакологиялық топ:
Жүйелі пайдалануға арналған гормоналды препараттар
Элемент коды::
303030303030?
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

- акромегалияда (хирургиялық емнің немесе сәулемен емдеудің әсері жеткіліксіз болғанда; операциядан бас тартқан немесе операция жасауға болмайтын жағдайларда, сәулемен емдеу курстары арасындағы аралық кезеңдерде, оның әсері толықтай дамығанға дейін, ауру симптомдарын бақылауға алу және өсу гормоны мен инсулинтәрізді өсу факторының плазмадағы деңгейлерін төмендету үшін)

- асқазан-ішек жолы (АІЖ) мен ұйқы безінің эндокриндік ісіктерінің симптомдарын жеңіл-дету үшін:

 карциноидтық синдроммен жүретін карциноидтық ісіктерде

 ВИПомаларда (вазоактивті интестинальді пептидтің шамадан тыс өндірілуімен сипат-талатын ісіктерде)

 глюкагономаларда

 гастриномаларда/ Золлингер-Эллисон синдромында – әдетте, протондық помпа тежегіш-терімен немесе гистаминдік H 2 - рецепторлардың блокаторларымен біріктіріп

 инсулиномаларда (операция алдындағы кезеңде гипогликемияны бақылауда ұстау үшін, сондай-ақ, демеуші ем ретінде)

 өсу гормонының рилизинг-факторын шамадан тыс өндіретін ісіктерде

Сандостатин ® препараты ісікке қарсы препарат болып табылмайды және оны қолдану науқастардың аталған санатының сауығуына алып келмеуі мүмкін.

- ұйқы безіне жасалатын операциялардың профилактикасы үшін

- бауыр циррозымен науқастарда өңеш пен асқазан веналарының варикозды кеңеюінде (қан кетуді тоқтату және қайталануларының профилактикасы үшін). Сандостатин ® спецификалық емдеу шараларымен, мысалы, эндоскопиялық склероздаушы еммен біріктіріп қолданылады.

 

 

октреотидке немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық Дәрілермен өзара әрекеттесуіСандостатин ® препаратын бір мезгілде қолданғанда бета- блокаторлар-дың, кальций өзекшелері блокаторларының, немесе су-электролит теңгерімін бақылауда ұстауға арналған препараттардың дозасын түзету қажет.

Сандостатин ® препаратын бір мезгілде қолданғанда, инсулиннің және диабетке қарсы дәрілік заттардың дозаларын түзету ұсынылады.Сандостатин ® препараты циклоспориннің ішекте сіңірілуін азайтады және циметидиннің ішекте сіңірілуін баяулатады..Октреотид пен бромокриптинді бір мезгілде қолдану бромокриптиннің биожетімділігі арттырады.

Соматостатин аналогтары метаболизмі Р450 цитохромы жүйесі ферменттерінің қатысуымен жүретін заттардың метаболизмдік клиренсін азайтуы мүмкін екендігі туралы шектеулі мәліметтер бар, бұған өсу гормонының супрессиясы түрткі болуы мүмкін. Октреотидтің мұндай әсерінің де болуы мүмкіндігін жоққа шығару мүмкін болмағандықтан, CYP3A4 изоферменті арқылы метаболизденетін және емдік ауқымы тар басқа дәрілік препараттарды (мысалы, хинидин, терфенадин) тағайындаған кезде сақтық таныту керек.

 

 

Жағымсыз реакциялар туындау жиіліктеріне қарай келесі тәртіппен келтірілген: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, <1/10); жиі емес (≥1/1000, <1/100); сирек (≥1/10000, <1/1000); өте сирек (1/10000), жекелеген хабарламаларды қоса. Әр жиілік тобындағы жағымсыз реакциялар жағымсыз реакция күрделілігінің азаюы тәртібімен келтірілген.Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Белгісіз: Тромбоцитопения.

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Белгісіз: Аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилактоидтық реакцияларды қоса).

Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар

Жиі: Гипотериоз, қалқанша без дисфункциясы (ТТГ концентрациясының төмендеуі, жалпы және бос Т4 гормоны концентрациясының төмендеуі).

Зат алмасу мен тамақтану тарапынан бұзылулар

Өте жиі: Гипергликемия (10,8%).

Жиі: Гипогликемия, глюкозаның көтерімділігінің бұзылуы, тәбеттің кемуі.

Жиі емес: Сусыздану.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі: Бас ауыруы (12,4%).

Жиі: Бас айналуы.

Жүрек тарапынан бұзылулар

Жиі: Брадикардия.

Жиі емес: Тахикардия.

Белгісіз: Аритмия.

Тыныс алу ағзалары, кеуде қуысы және көкірекорта тарапынан бұзылулар

Жиі: Ентігу.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Өте жиі: Диарея (26,1%), іш тұсының ауыруы (24,2%), жүрек айнуы (14,3%), метеоризм (14,2%), іш қатуы (12,7%).

Жиі: Диспепсия, құсу, іштің кебуі, стеаторея, нәжіс түсінің өзгеруі.

Белгісіз: жедел панкреатит.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Өте жиі: Холелитиаз (12,0%).

Жиі: Трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы, гипербилирубинемия, холецистит.

Белгісіз: Сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, гамма-глутамилтрансфераза деңге-йінің жоғарылауы, сарғаю, холестаз, холестаздық сарғаю, холестаздық гепатит, жедел гепатит және холестаз.

Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар

Жиі: Қышыну, тері бөртпесі, шаштың түсуі.

Белгісіз: Есекжем.

Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі реакциялар

Өте жиі: Инъекция орнындағы реакциялар (дозасына және инъекциялардың аралықта-рына байланысты 10-30%, мысалы, ауыру, парестезия, эритема).

Жиі: Астения.

 

 

Акромегалия кезінде бастапқыда препаратты тері астына, 8 сағат аралықтармен 0,05-0,1 мг-ден енгізеді. Ары қарай, дозасын таңдау қандағы өсу гормоны мен инсулинтәрізді өсу факторы концентрациясының ай сайын анықталуларына (мақсатты мәні: ӨГ < 2,5нг/мл; ИӨФ-1 қалып шектерінде), клиникалық симптомдарын талдауға және препараттың көте-рімділігіне негізделуі тиіс. Науқастардың көпшілігінде оңтайлы тәуліктік дозасы 0,2-0,3 мг құрайды. Күніне 1,5 мг құрайтын ең жоғарғы дозасынан асырмау керек. Өсу гормонының деңгейін бағалауды Сандостатин ® препаратының тұрақты дозасын қабылдап жүрген па-циенттерде әр 6 ай сайын жүргізіп отыру керек.

Егер Сандостатин ® препаратымен бір ай емдеуден соң өсу гормоны деңгейінің жеткілікті төмендегені және аурудың клиникалық көрінісінің жақсарғаны байқалмаса, емдеуді тоқта-ту керек.

АІЖ мен ұйқы безінің эндокриндік ісіктері кезінде препарат тәулігіне 1-2рет бастапқы 0,05 мг дозасында тері астына (т/а) енгізіледі. Ары қарай, қол жеткізілген клиникалық әсеріне, ісік өндірген гормондардың деңгейлеріне әсеріне (карциноидтық ісіктер жағдайында - 5- гидроксииндолсірке қышқылының несеппен бөлініп шығуына әсері) және көтерімділігіне байланысты, препараттың дозасын біртіндеп, тәулігіне 3 рет 0,2 мг дейін арттыруға бола-ды.

Ерекше жағдайларда жоғарырақ дозалары қажет болуы мүмкін.

Препараттың демеуші дозаларын жекелей таңдау керек.

Егер 1 аптадан соң емнің күтілген әсері байқалмаса, онда емдеуді тоқтату ұсынылады.

Ұйқы безіне жасалған операциялардан кейінгі асқынулардың профилактикасы үшін, опе-рация жасалатын күннен бастап (кемінде лапаротомияға дейін 1 сағат бұрын) 7 күн қата-рынан тәулігіне 3 рет 0,1 мг дозаларда т/а енгізеді.

Өңеш пен асқазанның варикозды кеңейген веналарынан қан кету жағдайында препаратты сағатына 0,025 мг дозада, үздіксіз в/і инфузия жолымен ең көбі 5 күн бойы енгізеді.

Сандостатин препаратын натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісімен сұйылтуға болады.

Гериатрияда қолданылуы

Қазіргі кезде, егде жастағы адамдарда Сандостатин ® препаратының көтерімділігі төмен-дегенін көрсететін мәліметтер жоқ және олар үшін дозалау режимін өзгерту қажет емес.

Педиатрияда қолданылуы

Сандостатин ® препаратын балаларда қолдану тәжірибесі шектеулі.

Бауыр функциясының бұзылуы кезінде қолданылуы

Бауыр циррозы бар пациенттерде препараттың жартылай шығарылу кезеңі ұзаруы, ол демеуші дозасын түзету қажеттілігіне түрткі болуы мүмкін.

Бауыр циррозы және өңеш пен асқазанның варикозды кеңейген веналарынан қан кетуі бар пациенттерге 5 күн бойы сағатына 0,050 мг дейінгі дозаларда үздіксіз в/і инфузия жолымен енгізгенде Сандостатин препаратының көтерімділігі жақсы болған.     

Бүйрек функциясының бұзылуы кезінде қолданылуы

Бүйрек функциясының бұзылуы теріастылық инъекция түрінде енгізілген октреотидтің жиынтық әсеріне (AUC) ықпал етпейді, және, сәйкесінше, Сандостатин ® препаратының дозасын түзету қажет емес.

 

Әзірге Сандостатин 0,05мг/мл 1мл №5амп пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады