Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Пирацетам 20% 5мл №10амп Дарница

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№ 10 ампула
Белсенді зат:
Пирацетам
Фармакологиялық топ:
Психостимуляторлар және ноотроптар
Элемент коды::
4823006404209
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Ересектер:

- кортикальді миоклонияны емдеуде монотерапия ретінде немесе кешенді ем құрамында

- пирацетамға немесе пирролидон туындыларына, сондай-ақ дәрілік заттың басқа компоненттеріне жоға-ры сезімталдық

- ми қан айналымының жедел бұзылуы (геморрагиялық инсульт)

- бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы

- Гентингтон хореясы

- жүктілік және лактация кезеңі

- балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Жағымсыз реакциялары көбінесе егде жастағы пациенттерде тәулігіне 2-4 г асатын дозалары кезінде білінеді.

Жиілігі былайша анықталады: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 <1/10), жиі емес (≥ 1/1 000 <1/100), сирек (≥ 1/10 000 <1/1 000), өте сирек (<1/10 000), жиілігі белгісіз (жиілігін қолжетімді деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).

Маркетингтен кейінгі қадағалаулар барысында байқалған жағымсыз реакциялар:

Жиі

-күйгелектік

- гиперкинезия

Жиі емес

- депрессия

- ұйқышылдық

- астения

Өте сирек

-гипотензия, тромбофлебит

- қызба, қышынуды, ауыруды, гиперемияны қоса, енгізу орнындағы

реакциялар, енгізу орнындағы тығыздалуы

Жиілігі белгісіз

- геморрагиялық бұзылыстар

- аса жоғары сезімталдық, анафилактоидтық реакциялар

- қатты қозу, үрейлену, абыржу, елестеулер

- атаксия, тепе-теңдік бұзылулары, эпилепсия ұстамалары жиілігінің артуы, бас ауыруы, ұйқысыздық, діріл

- бас айналуы.

- абдоминальді ауыру, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, диарея, жүрек айнуы, құсу.

- ангионевроздық ісіну, дерматиттер, бөртпе, есекжем, қышыну.

- сексуалдық белсенділіктің жоғарылауы

клиникалық зерттеулерден алынған деректер.

Жиі

-дене салмағының жоғарылауы.

Дәрілік затты жедел жағдайларда немесе пирацетамның пероральді түрін қолдану мүмкін болмағанда инъекциялық ерітінді түрінде қолданады.

Дәрілік затты вена ішіне (бірнеше минут ішінде баяу енгізеді), немесе инфузия түрінде қолданады (24 сағат бойы үздіксіз қолданады).

Дәрілік зат ересектерге қолданылады.

Жадының нашарлауымен, когнитивтік бұзылыстармен қатар жүретін жағдайларды емдеу.

Бастапқы тәуліктік дозасы емдеудің алғашқы аптасы ішінде 4,8 г құрайды.

Әдетте дозасын 2-3 енгізуге бөледі. Демеуші дозасы тәулігіне 2,4 г құрайды.

Ары қарай дозасын біртіндеп тәулігіне 1,2 г-ге төмендетуге болады.

Кортикальді миоклонияны емдеу.

Бастапқы тәуліктік дозасы 3 күн бойы 24 г құрайды. Егер осы уақыт ішінде қалаған емдік әсеріне қол жеткізілмесе, дәрілік затты қолдануды дәл осы дозасында (тәулігіне 24 г) 7 тәулікке дейін жалғастыра береді. Егер емдеудің 7-ші тәулігінде қалаған емдік әсері алынбаса, емдеуді тоқтатады. Егер емдік әсе-ріне қол жеткізілсе, онда тұрақты жақсаруға қол жеткізілген күннен бастап дәрілік заттың дозасын әр 2 тәулік сайын 1,2 г пирацетамға, кортикальді миоклония көріністері қайта пайда болғанша төмендете бастайды. Бұл орташа тиімді дозасын анықтауға мүмкіндік береді.

Миоклонияға қарсы басқа дәрілермен емдеуді бұрын тағайындалған дозаларында демеп отырады. Емдеуді ауру симптомдары жоғалғанша жалғастырады. Науқастардың жағдайының нашарлауын бол-дырмау үшін дәрілік затты қолдануды кенет тоқтатуға болмайды. Дозасын әр 2-3 күн сайын 1,2 г пира-цетамға біртіндеп төмендету қажет (Ланс және Адамс синдромы жағдайында, оның кенет қайталану немесе ыдырау дағдарысы мүмкіндігін болдырмау үшін 3 немесе 4 күнде). Әр 6 ай сайын дәрілік затпен емдеудің қайталанатын курстары тағайындалады, сонымен қатар дозасы пациенттің жағдайына, ауру көріністерінің жойылуына немесе азаюына қарай түзетіледі.

Егде жастағы пациенттер.

Дозасын түзету бүйрек функциясының бұзылуы диагнозы қойылған немесе бүйрек функциясының бұзылуына күдік бар егде жастағы пациенттерге ұсынылады. Емдеу кезінде ондай пациенттерге қажет болған жағдайда, дозасын талапқа сай түзету мақсатында, креатинин клиренсін бақылап отыру қажет.

Бүйрек функциясының бұзылуларымен пациенттер

Дәрілік зат организмнен бүйрекпен шығарылатындықтан, бүйрек жеткіліксіздігімен науқастарды емдеу кезінде сақтық таныту керек.

Жартылай шығарылу кезеңінің артуы бүйрек функциясының және креатинин клиренсінің нашарлауы-мен тікелей байланысты. Бұл сондай-ақ креатининнің шығарылу деңгейі жас шамасына тәуелді болып келетін егде жастағы пациенттерге де қатысты. Қолданулар аралығы бүйрек функциясының төмендеу деңгейінің негізінде түзетілуі тиіс.

Дозасын есептеу пациенттегі креатинин клиренсіне берілген бағаға негізделуі тиіс.

Мұндай науқастарға емдеуді бүйрек жеткіліксіздігінің ауырлық дәрежесіне байланысты, төмендегі ұсынымдарды сақтап тағайындайды:

Бүйрек жеткіліксіздігінің       Креатинин клиренсі                        Дозасы                                                 дәрежесі                                  (мл/мин) 

Норма                                                >80                       2 немесе 4 енгізуге бөлінген әдеттегі дозасы

Жеңіл                                                 50-79                    Әдеттегі дозасының 2/3-сі, 2-3 енгізуге

Орташа                                               30-49                    Әдеттегі дозасының 1/3-і, 2 енгізуге

Ауыр                                                  <30                        Әдеттегі дозасының 1/6-і, бір рет

Терминальді саты                                  –                          Қарсы көрсетілімді

Бауыр функциясының бұзылуымен пациенттер.

Дозасын түзету тек бауыр функциясының бұзылуымен науқастар үшін ғана қажет емес. Бауыр және бүйрек функцияларының бұзылулары диагнозы қойылған немесе күдіктенген жағдайда дозасын түзе-туді «Бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттер» бөлімінде көрсетілгендей жүргізу керек.

Әзірге Пирацетам 20% 5мл №10амп Дарница пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады