Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Микомакс 150мг №3капс

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Капсулы
Белсенді зат:
Флуконазол
Фармакологиялық топ:
Зеңге қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар
Элемент коды::
8594739035720
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

Микомакс ® ересектердегі зеңді жұқпаны емдеу үшін көрсетілген:

- Криптококты менингит («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)

- Кокцидиоидомикоз («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)

- Инвазиялық кандидоз

- Шырышты кандидоз, соның ішінде ауыз-жұтқыншақ, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы тері-шырышты қабат кандидозы

- Егер ауыз қуысының гигиенасы немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болса, ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (алмалы-салмалы тістерден болатын ауыру)

- Жергілікті ем сай келмеген кездегі жедел немесе қайталанатын қынаптық кандидоз

- Кандидозды баланит, жергілікті ем сай келмегенде

- Дерматомикоз, дерматофитоз, дерматомикоз, шап дерматомикозын, түрлі-түсті теміреткіні және тері кандидозы жұқпаларын қоса, жүйелі ем көрсетілгенде.

- Дерматофитті онихомикоз (онихомикоз), басқа препараттар сай келмейді деп саналғанда.

Микомакс ® ересектерде алдын алу үшін көрсетілген:

- Қайталану қаупі жоғары науқастардағы криптококты менингит қайталануы.

- Қайталанудың жоғары қаупіне ұшырайтын АИВ жұқтырған емделушілерде ауыз-жұтқыншақ немесе өңеш кандидозының қайталануы.

- Қайталанатын қынаптық кандидозға шалдығуды азайту үшін (жылына 4 және одан көп көрініс).

- Нейтропениясы ұзаққа созылатын емделушілерде кандидозды жұқпалардың алдын алу (мысалы, хи-миялық емнен өтетін гематологиялық қатерлі жаңа түзілімдері бар емделушілерде немесе гемопоэздік діңді жасушалар трансплантациясы жасалған емделушілерде («Фармакодинамикасы» бөлімін қара-ңыз)).

Микомакс ® балаларды емдеу үшін көрсетілген:

- шырышты қабат кандидозы (ауыз қуысы мен жұтқыншақтың, өңештің), инвазиялық кандидоз, крип-тококты менингит

Микомакс ® балаларды емдеу үшін көрсетілген:

- иммунитеті әлсіреген емделушілердегі кандидозды жұқпа. Микомаксты ® қайталану қаупі жоғары балаларда криптококты менингит қайталануын болдырмау үшін демеуші ем ретінде пайдалануға болады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

 

 

- флуконазолға немесе құрылымы жағынан жақын азолды қосылыстарға, сондай-ақ препараттың қо-сымша заттарына және капсула қабығының құрамына кіретін заттарға жоғары сезімталдық («Құрамы» бөлімін қараңыз)

- Микомаксты ® күніне 400 мг және одан көп дозада көп реттік қолдану кезінде емделушілерге бір мезгілде терфенадин қабылдау қарсы көрсетілімді

- QT аралығын ұзартатын және CYP3A4 ферменті арқылы метаболизденетін цизаприд, астемизол, эри-тромицин, пимозид және хинидин сияқты дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау

- капсула құрамында лактоза бар екендіктен, сирек тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, лактоза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар науқастарға

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Сақтықпен

- флуконазол қолдану аясындағы бауыр функциясы көрсеткіштерінің бұзылуында;

- беткейлік зеңді жұқпасы және инвазиялық/жүйелі зеңді жұқпалары бар науқастарда флуконазол қолдану аясында бөртпе пайда болғанда;

- 400 мг/тәулік аз дозада терфенадин мен флуконазолды бір мезгілде қолдану;

- көптеген қауіп факторлары бар науқастардағы аритмия тұсындағы әлеуетті жай-күйлерде (жүректің ор-ганикалық аурулары, электролитті теңгерім бұзылулары және осындай бұзылуға ықпал ететін қатарлас ем).

 

 

Ең жиі (>1/10) білінген жағымсыз реакциялар бас ауыру, іштің ауыруы, диарея, жүрек айну, құсу, аланинаминотрансфераза және аспартатаминотрансфераза, сондай-ақ қандағы сілтілік фосфатаза деңгейлерінің жоғарылауы және бөртпе болып табылады.

Микомакс ® қабылдау барысында келесі жағымсыз реакциялар мынадай жиілікте орын алды: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 - <1/10); жиі емес (≥1/1000 - <1/100); сирек (≥1/10000 -<1/1000), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер жүзінде бағаланбайды).

Жиі

- бас ауыру

- жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, диарея

- сілтілік фосфатаза деңгейінің, сарысулық аминотрансферазалар (АСТ, АЛТ) деңгейінің жоғарылауы

- бөртпе («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Жиі емес

- анемия

- тәбеттің төмендеуі

- ұйқысыздық, ұйқышылдық

- құрысулар, бас айналу, парестезия, дәм сезудің бұрмалануы

- вертиго

- іш қату, диспепсия, метеоризм, ауыздың кеберсуі

- холестаз, сарғаю, билирубин деңгейінің жоғарылауы

- Дәрілік дерматит («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз), есекжем («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз), қышыну

- қатты терлеу

- миалгия

- шаршау, дімкәстану, әлсіздік, қызба

Сирек

- агранулоцитоз. лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения

- анафилаксия, ангионевротикалық ісіну

- гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, гипокалиемия

- тремор

- «пируэт» типті қарыншалық тахикардия, QT аралығының ұзаруы («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қа-раңыз)

- бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлы зақымданулар

- уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел жайылған экзантематозды пусту-лез, эксфолиативті дерматит, ангионевротикалық ісіну, бет ісінуі, алопеция

Балалар

Педиатриялық клиникалық сынақтар барысында орын алған жағымсыз реакциялар мен зертханалық бұзылулар сызбасы мен жиілігі, генитальді кандидозды емдеу кезіндегі көрсетілімдерді қоспағанда, ересектерде байқалған нәтижелермен салыстырмалы болды.

 

 

Емдеу

- Криптококты менингитте алғашқы күні, әдетте, 400 мг тағайындалады, артынан емдеуді тәулігіне 1 рет 200-400 мг дозада жалғастырады. Емдеу ұзақтығын, әдетте, кем дегенде 6-8 апта жалғастырады. Өмірге қатерлі жағдайда күнделікті дозаны 800 мг дейін арттыруға болады.

- Қайталану қаупі жоғары емделушілерде криптококты менингиттің алдын алуға арналған демеуші ем ке-зінде күнделікті доза күніне 200 мг құрайды. Шектеусіз уақыт кезеңі бойына 200 мг тәуліктік дозалануын-да қабылданады.

- Кокцидиоидомикозда тәуліктік доза күніне 200-ден 400 мг дейін құрайды.

Емдеу курсы емделушіге байланысты 11-ден 24 айға дейін немесе одан ұзағырақ құрайды. Күніне 800 мг дозасын кейбір жұқпаларда, әсіресе, менингитте тағайындауға болады.

- Инвазиялық кандидозда бастапқы дозасы алғашқы күні 800 мг құрайды, соңынан жалғастырылатын дозасы – тәулігіне 400 мг.

- Жалпы, кандидемияда ұсынылатын ем ұзақтығы қан егудің алғашқы теріс нәтижесінен кейін және кан-дидемияға тән белгілер мен симптомдар басылған соң 2 апта құрайды

 

Әзірге Микомакс 150мг №3капс пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады