Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Микомакс 200мг/100мл 100мл р-р д/инф

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Инфузияға арналған ерітінді
Белсенді зат:
Флуконазол
Фармакологиялық топ:
Зеңге қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар
Элемент коды::
8594739203020
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- криптококкоз (криптококкты менингит және басқаша орналасқан жұқпалар, мысалы өкпе, тері жұқ-палары);

- жүйелі кандидоз, кандидемияны қоса, диссеминацияланған кандидоз және инвазивті кандидоз жұқ-пасының басқа түрлері, соның ішінде өкпе, бауыр, көкбауыр, құрсақ қуысы, эндокард, көз, несеп шы-ғару жолдарының және басқа мүшелердің жұқпалары;

- шырышты қабықтар кандидозы, ауыз-жұтқыншақ кандидозын, өңеш кандидозын, инвазивті бронх-өкпе жұқпаларын, кандидурияны, тері-шырыш кандидозын және ауыз қуысының созылмалы атрофия-лық кандидозын (тіс протездерінен болатын қабынулар) қоса;

- жыныс мүшелерінің кандидозы (жедел немесе қайталанатын вульвовагинальді кандидоз, қынаптық кандидоз (жылына үш және одан көп жағдайлар) қайталануының алдын алу, Candida spp. туғызған баланит);

- дерматомикоздар: табан дерматофитиясы, тегіс тері микозы, шап дерматомикозы, кебек тәріздес теміреткі, дерматофитті онихомикоз және терінің кандидозды жұқпалары;

- иммунокомпетентті емделушілердегі жүйелі эндемиялық микоз (кокцидиомикоз, паракокцидиомикоз, споротрихоз, гистоплазмоз);

- ЖИТС-пен науқастарда ауыз және жұтқыншақ қуысы кандидозы қайталануының алдын алу

- қатерлі жаңа түзілімдері бар және цитоуытты химиялық ем немесе сәулемен емдеу нәтижесінде жұқпалану қаупі жоғары емделушілерде зеңді жұқпаның алдын алу.

Емдеуді бактериологиялық және басқа зертханалық зерттеулер нәтижелері алынғанша тағайындауға болады; дегенмен, осы нәтижелер белгілі болған бойда жұқпаға қарсы емдеу алынған нәтижелерге сай түзетілу керек.

- флуконазолға, препарат құрамындағы кез келген басқа затқа немесе азол туындыларына жоғары сезім-талдық

- терфенадинді бір мезгілде қабылдау

- цизапридпен бір мезгілде

Жалпы, флуконазолды жақсы көтеруге болады.

Клиникалық зерттеулерде байқалатын жағымсыз әсерлері:

Жиі

- бас ауыру

- терідегі бөртпелер

- жүрек айну және құсу, іштің ауыруы, диарея

- АСТ, АЛТ және сілтілі фосфатаза мәндерінің клиникалық елеулі жоғарылауы

Кейде

- шаршағыштық, мазасыздық, астения, гипертермия

- конвульсиялар, бас айналу, парестезия, тремор, вертиго

- қышыну, қатты терлеу

- анорексия, іш қату, диспепсия, метеоризм, ауыздың кеберсуі, дәм сезудің өзгеруі

- миалгия

- ұйқысыздық, ұйқышылдық

- холестаз, бауыр тіндерінің зақымдануы, сарғаю, жалпы билирубиннің клиникалық елеулі жоғарылауы

- анемия

Сирек

- терінің эксфолиативті аурулары (Стивенс-Джонсон синдромы)

- бауыр некрозы

- анафилаксия

Жағымсыз әсері АИВ жұқтырған емделушілерде (21%) қалғандарынан (13%) көбірек жиі көрініс береді.

Препаратты қолданумен себеп-салдарлы байланысы анықталмаған жағымсыз әсерлері (ашық клиника-лық зерттеулердің, постмаркетингте қолдану тәжірибесінің нәтижелері бойынша):

Сирек

- талмалар

- алопеция

- бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, бауыр некрозы

- лейкопения, соның ішінде нейтропения және агранулоцитоз, тромбоцитопения

- гиперхолистеринемия, гипертриглицеридемия, гипокалиемия

Өте сирек

- құрысулар, бас айналу, парестезия, дәм сезу өзгерісі

-терінің эксфолиативті аурулары (Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз), көп түрлі экссудаттық эритема

- анафилаксия, Квинке ісінуі, беттің ісінуі және қышыну

Препарат көктамыр ішіне енгізуге арналған.

Препаратты пайдалану үшін пластик қақпағын шешіп, тығынын зарарсыздыратын ерітіндімен сүрту қажет.

Микомакс® ерітіндісі ересектерге 60 минуттан және балаларға 120 минуттан кем емес уақытта көкта-мыр ішіне енгізіледі. Енгізу жылдамдығы 10 мл/минуттан аспауы тиіс.

100 мл Микомакс® ерітіндісінің құрамында 15,4 ммоль Na + иондары және 15,4 ммоль Cl - иондары бар.

Микомакс® келесі ерітінділермен үйлесімді: 20% глюкоза, Рингердің лактатты ерітіндісі, Хартман ерітіндісі, глюкоза және калий хлориді ерітіндісі, 4,2% натрий бикарбонаты, Аминофузин, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі. Инфузияға арналған Микомакс® ерітіндісін басқа ерітінділермен немесе препараттармен бір құтыда араластыруға жол берілмейді.

Микомакс® ерітіндісін жоғарыда аталған ерітінділердің біреуімен сұйылту қажет.

Инфузияға арналған ерітінді - Микомакс® препаратының пайдаланылмаған қалдығы қолданымдағы нұсқаулықтарға сай жойылады; оны тоңазытқышта сақтауға, мұздатып қатыруға немесе кейіннен пайдалану үшін басқаша сақтауға тыйым салынады.

Флуконазолдың тәуліктік дозасы зең жұқпасының түрі мен ауырлық дәрежесіне қарай есептеледі. Ұзақ қолданылуын талап ететін жұқпа жағдайында емдеуді клиникалық көрінісі немесе зертханалық зерттеулер нәтижелері зең жұқпасы белсенділігінің төмендеуін көрсеткенше жалғастырған жөн. Емдеу ұзақтығының тиісінше белгіленбеуі жұқпаның қайта жұғуына әкеледі.

ЖИТС-пен және криптококкты менингитпен, сондай-ақ қайталанатын ауыз-жұтқыншақ кандидозымен немесе өңеш кандидозымен науқастарда, әдетте, қайталануының алдын алу үшін демеуші ем талап етіледі.

Емделуші ахуалы жақсарған жағдайда, инфузияға арналған ерітінді - Микомакс® препаратымен парентеральді емдеудің бастапқы курсын ішке қабылданатын дәрілік түрлердегі препаратты сол дозалауда қабылдауға (Микомакс® 50, Микомакс® 100, Микомакс® 150, Микомакс® шәрбаты) ауыстыруға болады.

Әзірге Микомакс 200мг/100мл 100мл р-р д/инф пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады