Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Манинил 3,5мг №120таб Берлин Хеми

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар
Белсенді зат:
Глибенкламид
Фармакологиялық топ:
Ішуге арналған қантты төмендететін препараттар.
Элемент коды::
4013054001196
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ
  • ересектерде инсулинге тәуелсіз қант диабетінде (ИТҚД, 2 типті), емдәмді қатаң сақтау, шамадан тыс салмақты азайту және талапқа сай дене жүктемелері сияқты басқа да ша-ралар қандағы глюкоза деңгейін қанағаттандырарлықтай бақылауға әкелмейтін жағдай-да

  • Манинил® 3,5 монотерапия ретінде немесе метформинмен біріктірілімде тағайындауға болады.

- туа біткен фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- глибенкламидке, кошенилді қызыл бояғышына немесе препараттың басқа да компонент-терінің біреуіне жоғары сезімталдық

- сульфонилмочевинаның басқа да препараттарына, сульфонамидтерге, диуретиктерге, суль-фонамид туындыларына және пробенецидге жоғары сезімталдық

- 1-ші типті қант диабеті, 2-ші типті қант диабетінде глибенкламидпен емдеудің толық екінші-лік тиімсіздігі, кетоацидоз, прекома және диабеттік кома, ұйқы безі резекциясынан кейінгі жағдай

- бауыр функциясының ауыр бұзылуы

- бүйрек функциясының ауыр бұзылуы

- жүктілік және лактация кезеңі

- бозентан қабылдайтын емделушілер

 

- 18 жасқа дейінгі балалар

Жиі:

- Гипогликемия глибенкламидпен емдеудегі ең жиі кездесетін жағымсыз әсер болып табы-лады.

Глибенкламидпен емдеудегі бұл жағымсыз әсер ұзаққа созылуы мүмкін, және өмірге қауір төндіретін гипогликемиялық комамен қатар жүретін ауыр гипогликемияның дамуына әкелуі мүмкін. Гипогликемия симптомсыз дамыған жағдайда, мысалы автономды невропатия не-месе қатарлас жүретін симпатолитикалық емдеуде, алдын ала білдіруші өзіне тән симптом-дары өте әлсіз білінуі немесе мүлде жоқ болуы мүмкін.

Гипогликемияның дамуы мүмкін себептері «Айрықша нұсқауларда» көрсетілген.

Гипогликемия қандағы глюкоза деңгейінің 50 мг/дл-ден төмен түсуімен анықталады. Келесі алдын ала білдіруші-симптомдар емделушіні немесе маңайындағы адамдарды қандағы глю-коза мөлшерінің елеулі түрде төмендегені жөнінде ескертуі мүмкін: кенеттен болатын тер-шеңдік, жүрек қағуының күшеюі, діріл, ашығу сезімі, мазасыздық, ауыз маңының шаншуы, бозару, бас ауыру, ұйқышылдық, ұйқының бұзылуы, үрейлену, сенімсіз, анық емес қимыл-дар, уақытша неврологиялық бұзылулар (мысалы, сөйлеу немесе көрудің бұзылуы, салда-ну симптомдары немесе сезімталдық бұзылулары).

Үдемелі гипогликемия кезінде емделушілер өзін өзі бақылай алмай қалуы және есінен та-нуы мүмкін. Мұндай кезде емделушінің терісі әдетте ылғалданып және салқын болады, оларда құрысуға бейімділік байқалады.

Қант диабетінен зардап шегетін емделушілер, жеңіл гипогликемияны қант немесе құрамын-да үлкен мөлшерде қант бар тамақ өнімдерін немесе сусындарды тұтыну арқылы бақылап отыруы мүмкін. Сондықтан диабетиктер өзімен бірге үнемі 20 грамм глюкозаны алып жүруі керек. Егер гипогликемияны сол жерде қысқа уақыт ішінде қайтару мүмкін болмаса, жыл-дам дәрігерді шақыру керек.

- салмақтың артуы

Кейде:

- жүрек айнуы, құсу, асқазанды кернеу және толып кету сезімі, іштің ауыруы, іш өту, ке-кіру, ауыздың темір татуы (жоғарыда көрсетілген симптомдар жиі өткінші сипатта болады, әдетте емді тоқтатуды қажет етпейді)

- қышыну, уртикарлы бөртпе, эритема, фотосенсибилизация, пурпура (бұл симптомдар аса жоғары сезімталдықтың өткінші реакциялары болып табылады)

Алайда, өте сирек жағдайларда көрсетілген бұзылулар өмірге қауіп төндіретін, тыныс алу бұзылыстары мен өмір үшін қауіпті шокқа дейін апаратын артериялық қысымның түсуімен қатарласа жүретін жағдайларға дейін дамуы мүмкін.

Сирек:

- тромбоцитопения

Өте сирек:

- қандағы глюкоза деңгейінің өзгеруімен байланысты, көрудің бұзылулары және аккомода-ция бұзылыстары (Манинил®препаратымен емдеудің бастапқы фазасында )

- қандағы АСТ, АЛТ немесе сілтілік фосфатаза концентрацияларының өтпелі жоғарылауы, дәрі-дәрмектік гепатит немесе бауырішілік холестаз (бауыр тіндері тарапынан білінетін ал-лергиялық реакциялармен байланысты болуы ықтимал). Аталған бауыр функциясының бұ-зылулары қайтымды сипатта болса да және Манинилді® 3,5 тоқтатқаннан кейін дұрыстал-са да, бірақ өмірге қауіп төндіретін бауыр жеткіліксіздігіне апаруы мүмкін.

- тері бөртпесімен, артралгиямен, қызбамен, протеинуриямен және сарғаюмен қатарлас жүретін аса жоғары сезімталдықтың денеге жайылған реакциялары

- өмірге қауіп төндіретін аллергиялық васкулит (тері бөртпесі дамыған жағдайда тез арада дәрігерді бұл туралы хабардар ету керек)

- лейкопения, эритропения, тіпті агранулоцитозға дейінгі гранулоцитопения, панцитопе-ния, гемолитикалық анемия

- әлсіз диуретикалық әсер, өтпелі протеинурия, гипонатриемия

- сульфонамидтермен, сульфонамид туындыларымен және пробенецидпен айқаспалы ал-лергия болуы мүмкін

Жиілігі белгісіз:

 

- кошенилді қызыл бояғышына аллергиялық реакция

Манинил® 3,5 препараты дозасын тек дәрігер ғана өзгертеді және ол емдәмді түзетумен қатар жүргізілуі тиіс. Манинил®препаратының  дозасы метаболикалық статус талдауының (қандағы және несептегі глюкоза деңгейін талдау) нәтижесіне сәйкес болуы тиіс.

Манинил®препаратымен емді мүмкіндігінше төмендеу дозасынан бастаған дұрыс. Бұл ұсы-ным, әсіресе гипогликемияның дамуына бейім емделушілерге, сондай-ақ дене салмағы 50 кг-ден аз емделушілерге қатысты.

Препаратпен емдеуді бастау

Препараттың дозасын біртіндеп, мүмкіндігінше ең төмен дозасынан бастай отырып:

тәулігіне Манинилдің® 3,5 ½ -нен 1 таблеткаға дейін (1,75 -тен 3,5 мг-ге дейін глибенкла-мидке сәйкес) жоғарылату керек.

Егер бастапқы доза талапқа сай метаболикалық статусқа қол жеткізбесе, онда Манинил препаратының дозасын ®  сатылап жоғарылату керек. Дозаны жоғарылатуды бірнеше күн-нен бір аптаға дейінгі аралықпен, тіпті қажетті емдік дозаға дейін жүргізу керек, алайда тәулігіне Манинил® 3,5 3 таблеткасынан (10,5 мг глибенкламидке сәйкес) асырмау қажет.

Басқа гипогликемиялық препараттарды Манинилмен® емдеуге алмастыру

Басқа диабетке қарсы дәрілерді Манинилмен® 3,5 емдеуге алмастыруды сақтықпен: Манинилді® 3,5 тәулігіне ½ - 1 таблетка дозасынан (1,75-тен 3,5 мг –ге дейін глибенкла-мидке сәйкес) бастай отырып, жүргізу керек.

Дозасын өзгерту

Егде жастағы, әлсіреген немесе жүдеген емделушілерде, сондай-ақ бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған емделушілерде әдеттегі Манинилдің® бастапқы және демеуші доза-сын гипогликемияның даму қаупіне байланысты төмендету керек. Бұдан бөлек, емделу-шінің дене салмағы немесе өмір сүру салты өзгерген жағдайда Манинил®дозасын түзетудің дұрыстығы жөніндегі мәселені қарастыру қажет. 

Манинилді басқа гипогликемиялық препараттармен біріктіріп тағайындау

Белгілі бір жағдайларда, метформинді көтере алмағанда, емделушілерге қосымша глитазон препараттарын (розиглитазон, пиоглитазон) тағайындау көрсетілуі мүмкін.

Манинил® 3,5 сондай-ақ инсулинді емес ішу арқылы қабылданатын диабетке қарсы дәрі-лермен де (гуарем [гуар шайыры] немесе акарбоза) біріктіріліп тағайындалуы мүмкін.

Инсулин секрециясының салдарлы жеткіліксіздігінің бастапқы фазасында Манинилді инсу-линмен біріктіріп тағайындауға әрекет етіп көруге болады . Инсулинмен монотерапия инсу-линнің эндогендік секрециясы толық жоқ болған кезде қолданылады.

Тағайындау тәсілі және ұзақтығы

Манинилді®  тамақтанудың алдында қабыдаған дұрыс. Таблеткаларды тұтастай, шайнамай және сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен (дұрысы, бір стақан сумен) ішіп қабылдау керек.

Манинилдің® 3,5 екі таблеткасынан асатын тәуліктік дозада, жалпы тәуліктік дозаны таң-ертең және кешкілік 2:1 арақатынасында екі қабылдауға бөлу ұсынылады.

Манинил®  препаратының дозасын әрқашан тәуліктің белгілі бір уақытында қабылдаған маңызды. Препаратты қабылдау кезінде жіберілген қателіктерді, мысалы өткізіп алынған дозаны, келесі жолғы дозасын жоғарылату арқылы орнын толтыруға ешқашан тырыспау керек.

Манинилмен емдеудің ұзақтығы аурудың даму барысымен анықталады. Емделушінің мета-боликалық статусын талдауды жүйелі түрде ұсынылған аралықтармен жүргізіп отыру ке-рек.

Ең алдымен, қандағы және несептегі глюкоза деңгейін ұдайы бақылап отыру керек; бұдан басқа гликозилденген гемоглобин (HbA1c) және/немесе фруктозамин деңгейі, сондай-ақ басқа да көрсеткіштер (мысалы қандағы липидтер деңгейі) сияқты параметрлерді қосымша анықтау ұсынылады.

 

Жеткілікті клиникалық тәжірибенің жоқтығына байланысты, Манинил®препаратын бала-ларға қолдануға болмайды. 

Әзірге Манинил 3,5мг №120таб Берлин Хеми пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады