Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Цефяпс 750мг №5амп

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Шөлмек
Белсенді зат:
Цефуроксим
Фармакологиялық топ:
Екінші буын цефалоспориндері
Элемент коды::
3800035415292
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Препаратқа сезімтал қоздырғыштар туғызған ересектер мен балалардағы ауруларды емдеу үшін:

- ЛОР ағзалар, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларында

- пиелонефритті қоса, несеп шығару жолдарының инфекцияларында

- тері және жұмсақ тіндер инфекцияларында

- сүйек пен буын инфекцияларында

- асқазан-ішек жолына (өңешті қоса), ортопедияда, жүрек-қантамыр жүйесі ағзаларына және гинеколо-гия мен акушерлікте хирургиялық араласулар кезінде инфекциялық асқынулардың профилактикасы үшін

- препараттың белсенді компонентіне немесе басқа да цефалоспориндік антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық, басқа да бета-лактамды бактерияға қарсы препараттарға (мысалы, пенициллиндерге, монобактамдарға немесе карбапенемдерге) анамнезде ауыр аса жоғары сезімталдық реакцияларының болуы (мысалы, анафилаксиялық реакция).

- лактация кезеңі.

- экссудативтік мультиформалы эритема, (соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы), уытты эпидер-мальді некролиз (Лайелл синдромы), тері бөртпесі, (соның ішінде уртикарлы), терінің қышынуы

- дәрілік қызба, бронх түйілуі, сарысу құю ауруы, анафилаксиялық шок

- ауыз қуысының және қынаптың кандидозы (ұзақ уақыт қолданғанда)

- жүрек айнуы, құсу, диарея, құрсақ қуысының түйілулері және ауыруы, жалған жарғақшалы колит

- эозинофилия, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия

- құрысулар

- естудің төмендеуі

- креатинин және/немесе мочевина азоты деңгейінің жоғарылауымен және креатинин клиренсінің төмендеуімен бүйрек функциясының бұзылуы, шаттың қышынуы, вагинит

- "бауыр" ферменттері (аланинаминотрансфераза, аспарагинаминотрансфераза, сілтілік фосфатаза, лак-татдегидрогеназа, гипербилирубинемия) белсенділігінің жоғарылауы, жалған-оң Кумбс тесті

- бұлшықетішілік енгізу орнының ауыруы, тітіркенуі және инфильтрат, флебит, тромбофлебит (көктамыр ішіне енгізгенде)

Қолдану тәсілі: бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне.

Көктамыр ішіне баяу енгізіледі, 3 - 5 минут бойы, тамшылатып немесе сорғалатып инфузия түрінде (30-60 минут бойы) немесе бұлшықет ішіне тереңдетіп енгізуге болады. Препаратпен емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығымен және оның ағымының динамикасымен анықталады.

Ересектер мен дене салмағы 40 кг-ден жоғары балалар: бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне тәулігіне 3 рет 750 мг. Барынша ауыр жағдайларда препарат көктамыр ішіне тәулігіне 3 рет 1.5 г доза-да енгізіледі. Қажет болғанда Цефяпс препараты әр 6 сағат сайын енгізілуі мүмкін, ал тәуліктік дозасы 3-тен 6 г-ге дейінді құрауы мүмкін. Кейбір инфекцияларда Цефяпс препаратын тәулігіне 2 рет 750 мг немесе 1.5 г дозада тағайындаған тиімді (бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне).

Дене салмағы 40 кг-ден төмен балалар: тәулігіне 30-100 мг/кг 3-4 енгізілімге.

Көптеген инфекциялар үшін тиімді доза тәулігіне 60 мг/кг құрайды.

Жаңа туған сәбилер: тәулігіне 30-100 мг/кг 2-3 енгізілімге.

Соз 1.5 г бір рет (түрлі инъекциялық орындарға, мысалы, екі бөксе бұлшықетіне 750 мг-ден екі доза бұлшықет ішіне)

Менингит Препарат сезімтал штаммдар туғызған бактериялық менингитті емдеу үшін монотерапия ретінде қолданылуы мүмкін.

Ересектер мен дене салмағы 40 кг-ден жоғары балалар: әр 8 сағат сайын көктамыр ішіне 3 г.

Дене салмағы 40 кг-ден төмен балалар: көктамыр ішіне тәулігіне 150-250 мг/кг 3-4 енгізілімге.

Жаңа туған нәрестелер (1 айға дейінгі): көктамыр ішіне тәулігіне 100 мг/кг.

Операциядан кейінгі асқынулар профилактикасы

Ересектер: құрсақ қуысы ағзаларына, жамбасқа жасалатын операцияларда және ортопедиялық араласуларда Цефяпс препараты 1.5 г дозада кіріспе анестезия кезінде көктамыр ішіне енгізіледі. Операциядан кейін 8 және 16 сағаттан соң қосымша Цефяпс препараты 750 мг-ден бұлшықет ішіне енгізілуі мүмкін. Жүрекке, өкпеге, өңешке және тамырларға операциялар жасағанда кіріспе анестезия кезінде Цефяпс препараты көктамыр ішіне 1.5 г дозада енгізіледі, содан соң 24-48 сағат бойы бұлшықет ішіне тәулігіне 3 рет 750 мг- ден енгізіледі.

Ересектердегі сатылы емдеу

Пневмония: 48-72 сағат бойы тәулігіне 2-3 рет 1.5 г (көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне), әрі қарай 7-10 күн бойы тәулігіне 2 рет 500 мг дозада пероральді дәрілік түрдегі цефуроксимге көшеді.

Созылмалы бронхиттің өршуі: 48-72 сағат бойы тәулігіне 2-3 рет 750 мг Цефяпс (көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне), әрі қарай 5-10 күн бойы тәулігіне 2 рет 500 мг дозада пероральді дәрілік түрдегі цефуроксимге көшеді.

Әр кезеңнің ұзақтығы (парентеральді емдеу және ішке қабылдау) инфекцияның ауырлығымен және пациенттің жалпы жай-күйімен анықталады.

Бүйрек жеткіліксіздігі: Цефуроксим бүйрек метаболизмі арқылы шығарылады. Бүйрек жеткіліксізді-гінде Цефяпс препаратының дозасын төмендету ұсынылады. Креатинин клиренсі 20 мл/мин. жоғары науқастарда препараттың стандартты дозасын (тәулігіне 3 рет 750 мг-1.5 г ) төмендету қажет емес.

Ересектердегі бүйрек жеткіліксіздігі кезінде Цефяпс препаратының дозасын түзету

         Креатинин клиренсі                                                   Цефяпс дозасы

          >20 мл/мин                                                         тәулігіне 3 рет 750 мг-1.5 г

        10-20 мл/мин                                                        тәулігіне 2 рет 750 мг

          <10 мл/мин                                                         тәулігіне 750 мг

Гемодиализдегі пациенттер                                           750 мг қосымша дозаны әр  диализ сеансынан                                                                                      кейін көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне                                                                                          енгізу керек.

Егде жастағылар: бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне енгізгеннен кейін егде жастағы пациент-терде цефуроксимнің сіңуі, таралуы және шығарылуы бүйректің баламалы функциясы бар жасырақ пациенттердегі көрсеткіштермен ұқсас. Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының бұзылу ықтималдығы жоғары болғандықтан, оларда дозаны анықтау ерекше сақтықпен жүргізілуі тиіс және бүйрек функциясын бақылау ұсынылады.

Бауыр жеткіліксіздігі: цефуроксим негізінен бүйрек арқылы шығарылатындықтан, бауырдың бұ-зылған функциясының цефуроксимнің фармакокинетикасына әсері күтілмейді.

Инъекция үшін ерітіндіні дайындау

Суспензияның түсі ақтан бозғылт-сары түске дейін, препараттың ерітіндісі – бозғылт-сарыдан күңгірт-сары түске дейін. Препараттың түсі оның тиімділігі мен қауіпсіздігіне байланысты емес.

Бұлшықет ішіне енгізу үшін: 750 мг-ден Цефяпс құтысының ішіндегісін - 3 мл, 1,5 г - инъекцияға арналған 6 мл стерильді суда немесе 1 % лидокаин гидрохлоридінде немесе инъекцияға арналған ерітіндіде сұйылтады. Мөлдір емес суспензия алғанға дейін шайқайды.

Лидокаин педиатриялық практикада еріткіш ретінде пайдаланылмайды.

Көктамыр ішіне енгізу үшін: Цефяпс 750 мг құтысының ішіндегісін инъекцияға арналған кемінде 6 мл стерильді суда ерітеді, толық ерігенге дейін шайқайды. Цефяпс 1,5 г құтысының ішіндегісін инъек-цияға арналған 15 мл стерильді суда ерітеді.

Инфузиялық енгізу үшін: құтының ішіндегісін алдын ала инъекцияға арналған 15 мл суға еріту керек, содан соң 50-100 мл үйлесімді ерітіндіні қосу қажет.

Алынған ерітіндіні тікелей көктамырға немесе инфузияға арналған жүйеге енгізуге болады.

Мүмкіндігінше дайындалған ерітіндіні дайындағаннан кейін бірден енгізген дұрыс. Егер бұл мүмкін болмаса, ерітінді мен суспензияны 2-ден 8С-ге дейінгі температурада (тоңазытқышта) 24 сағатқа дейін сақтауға болады!

Әзірге Цефяпс 750мг №5амп пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады