Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Марвелон №63таб

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 63
Белсенді зат:
Дезогестрел, этинилэстрадиол
Фармакологиялық топ:
Жүйелі қолдануға арналған гормональді контрацептивтер
Элемент коды::
4601910000072
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- ішуге арналған контрацепцияда

- ауырлығы орташа немесе ауыр дәрежедегі артериялық гипертензия

- қазіргі уақыттағы немесе сыртартқыдағы көктамырлық тромбоз (соның ішінде, тереңдегі көктамырлар тромбозы, өкпе артериясының эмболиясы)

- қазіргі уақыттағы немесе сыртартқыдағы артериялық тромбоз (миокард инфарктісі, цере-броваскулярлық асқынулар, транзиторлы ишемиялық шабуыл, стенокардия)

- көктамырлық немесе артериялық тромбоздың туындауына белгілі бейімділік (мысалы, бел-сендірілген С протеиніне төзімділік, антитромбин ІІІ тапшылығы, С ақуызының тапшылығы, S ақуызының тапшылығы, гипергомоцистеинемия, фосфолипидке қарсы антиденелер)

- сыртартқыда ошақтық неврологиялық симптомдармен бас сақинасының болуы

- қантамырлық асқынуларымен қант диабеті

- көктамырлық немесе артериялық тромбоздардың жекелеген немесе көптеген қауіп фак-торларының болуы

- ұзаққа созылатын иммобилизациямен ауқымды операциялық араласулар

- ауыр гипертриглицеридиемиямен астасқан панкреатиттер немесе олардың сыртартқыда болуы

- қазіргі уақытта немесе сыртартқыда гепатиттің ауыр түрлерінің болуы (егер бауыр функ-циясының көрсеткіштері қалыпқа түспесе)

- қазіргі уақытта немесе сыртартқыда бауыр ісіктерінің (қатерсіз және қатерлі) болуы

- анықталған немесе болжанатын жыныс стероидтарына сезімтал жыныс ағзаларының не-месе сүт бездерінің гормонға тәуелді қатерлі ісіктері

- шығу тегі түсініксіз жатырлық қан кетулер

- анықталған немесе жорамалды жүктілік және лактация кезеңі

 

- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

Жиі (≥1/100)

- сұйықтық іркілісі

- артериялық қысымның көтерілуі

- бас ауыру, бас сақинасы, либидо өзгеруі, депрессия

- жүрек айну, құсу

- дене салмағының өзгеруі

- жүйесіз қынаптық қан кетулер, сүт бездерінің сезімталдығы, сүт бездерінің ауырсынуы, сүт бездерінен бөліністер, қынаптық бөліністердің өзгеруі

- бөртпе, түйінді эритема

- жанаспалы линзаларды жақтырмаушылылық

Сирек (<1/1 000)

- аса жоғары сезімталдық реакциялары, жүйелі қызыл жегі

- гипертензия

- Сиденгем хореясы

- панкреатит, Крон ауруы, ойық жаралы колит

- отосклерозбен байланысты естімей қалу

- холелитиаз, холестаздық сарғаю

- глюкозаға төзімділіктің төмендеуі, порфирия

- сүт безінің обыры, жатыр мойны обыры, бауырдың қатерсіз және қатерлі ісіктері

- көктамырлық тромбоэмболия, артериялық тромбоэмболия

 

- хлоазма, гестациялық герпес

Таблеткаларды қаптамада көрсетілген тәртіппен, күн сайын шамамен белгілі бір мезгілде, егер қажет болса, аздаған су мөлшерімен жұтып, ішке қабылдау керек. Күніне 1 таблеткадан 21 күн бойы қабылдайды. Келесі қаптамадан таблеткалар қабылдауды алдыңғысы біткен соң 7 күннен кейін бастаған жөн. Осы 7 күн ішінде әдетте қанды бөліністер пайда болады. Әдетте, олар соңғы таблетка қабылданғаннан кейінгі 2-3 күні басталады және келесі қаптамадан таблеткалар қабылдай бастағанша тоқтамауы да мүмкін.

Марвелон® препаратын қабылдауды қалай бастайды

Егер гормональді контрацептивтер соңғы ай ішінде пайдаланылмаса Таблеткаларды қабылдау етеккір оралымының 1 күні басталуы тиіс. Препаратты қабылдауды етеккір оралымы басталғаннан кейін 2-5 күні бастауға болады, бірақ бұл жағдайда бірінші циклдағы таблеткаларды қабылдаудың алғашқы 7 күнінде контрацепцияның қосымша (гормональді емес) әдісін пайдалану ұсынылады.

Біріктірілген гормональді контрацептивтерден (біріктіріп ішуге арналған контрацептивтер (БІК), қынаптық сақиналар немесе трансдермальді бұласыр) ауысу:

Марвелон® препаратын қабылдауды бұрын пайдаланылған құрамында гормондар бар препараттың соңғы таблеткасы қабылданғаннан кейінгі келесі күні, ең болмаса, таблеткалар қабылдаудағы үзілістен соң бірден немесе құрамында гормондар жоқ таблеткалар қабылдаудан кейін бастаған дұрыс. Қынаптық сақина немесе трансдермальді бұласыр қолданылған жағдайда, Марвелон® препаратын қабылдауды оларды алып тастаған күні, бірақ жаңа сақина енгізілуі немесе келесі бұласыр аппликациясы жасалуы тиіс күннен кешіктірмей бастаған дұрыс.

Егер әйел контрацепцияның алдыңғы әдісін тұрақты және дұрыс қолданса және егер өзінің жүкті еместігіне сенімді негіз болса, әйел біріктірілген гормональді контрацепцияның алдыңғы әдісінен осы таблеткаларды пайдалануға оралымның кез келген күні ауыса алады.

Алдыңғы гормональді контрацептивтер пайдаланылмаған аралық ұсынылған мерзімнен ұзақ болмауы тиіс.

Құрамында тек прогестаген бар препараттардан («мини-пили», инъекциялар, импланттар) немесе прогестаген босатып шығаратын жатырішілік контрацептивтік дәрілерден ауысу

«Мини-пили» қабылдайтын әйел Марвелон® препаратын қабылдауға кез келген күні; имплантат пайдаланушы оны алып тастаған күні; препаратты инъекция түрінде пайдаланушы келесі инъекция жасалуы тиіс күні көше алады, барлық жағдайда да Марвелон® препаратын қабылдаудың алғашқы жеті күні бойына контрацепцияның қосымша әдістерін пайдалану ұсынылады.

Алғашқы триместрде жасалған жасанды түсіктен соң

Әйел препарат қабылдауды дереу бастап кете алады. Контрацепцияның қандай-да бір қосымша әдістерін пайдалану қажет емес.

Босанудан немесе екінші триместрде жасалған жасанды түсіктен соң

Бала емізетін аналар үшін, «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз.

Препарат қабылдауды босанудан кейінгі 21 немесе 28-ші күні немесе жүктіліктің екінші триместрінде жасалған жасанды түсіктен соң бастау ұсынылады. Препаратты одан да кешірек мерзімдерде қабылдай бастағанда Марвелон® препаратын қабылдаудың алғашқы жеті күні бойына бөгеттік контрацепция әдістерін пайдалану ұсынылады. Кез келген жағдайда, егер әйелде босанудан немесе жасанды түсіктен кейін, Марвелон® препаратын қабылдау басталғанша сексуалдық қатынастар болып үлгерсе, препарат қабылдау басталғанша жүктіліктің бар-жоғын анықтау немесе алғашқы етеккірге дейін күте тұру керек.

Босанудан кейінгі кезеңде Марвелон® препаратын қолдану жаңғыртылғанда көктамырлық тромбоэмболия (КТЭ) қаупінің жоғарылауын ескерген жөн («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Препаратты кезекті қабылдауды өткізіп алған жағдайда не істейді

Егер кезекті таблетка қабылдау 12 сағаттан кем кідірсе, контрацепция сенімділігі төмендемейді. Әйел таблетканы еске түсірген бойда қабылдап, ал келесі таблеткаларды әдеттегі уақытта қабылдай беру керек.

Егер кезекті таблетканы қабылдау 12 сағаттан көп кідірсе, контрацепция сенімділігі төмендеуі мүмкін. Бұл жағдайда мына ережелерді жетекшілікке алған жөн:

- таблеткаларды қабылдау 7 күннен артық үзілмеуі тиіс.

- гипоталамды-гипофизарлы-аналық без жүйесін талапқа сай бәсеңдету үшін Марвелонды® 7 күн қатарынан қабылдау қажет.

Сондықтан мынадай нұсқаулар беруге болады:

1 апта

Әйел өткізіп алған таблеткасын, тіпті егер бұл бір мезгілде екі таблетка қабылдауға тура келсе де, ол жөнінде еске түсірген бойда қабылдау керек. Сонан соң қабылдауды әдеттегі сызба бойынша жалғастырған жөн. Келесі 7 күн бойы бөгеттік контрацепция әдісін қосымша пайдаланған дұрыс. Егер әйелде алдыңғы 7 күн ішінде сексуалдық қатынастар болса, жүкті боп қалу мүмкіндігін ескерген жөн. Қанша көп таблеткаларды өткізіп алып, неғұрлым препарат қабылдаудағы үзіліс жыныстық қатынас сәтіне жақын болса, соғұрлым жүктілік қаупі жоғары.

2 апта

Әйел өткізіп алған таблеткасын, тіпті егер бұл бір мезгілде екі таблетка қабылдауға тура келсе де, ол жөнінде еске түсірген бойда қабылдау керек. Сонан соң қабылдауды әдеттегі сызба бойынша жалғастырған жөн. Әйел алғашқы өткізіп алған доза алдындағы 7 күн бойы таблеткаларды уақытында қабылдаған жағдайда, контрацепцияның қосымша (гормональді емес) әдістерін пайдалану қажет емес. Керісінше жағдайда немесе егер әйел 1 таблеткадан да көбірек өткізіп алған жағдайда, келесі 7 күн бойы контрацепцияның қосымша әдістерін пайдалану ұсынылады.

3 апта

Контрацепция беріктігі препарат қабылдаудағы келесі үзіліс салдарынан төмендеуі мүмкін. Бұған препаратты қабылдау сызбасын ыңғайлаумен жол бермеуге болады. Егер төмендегі екі сызбаның кез келгенін жетекшілікке алса, әйел алғашқы өткізіп алған доза алдындағы 7 күн бойына таблеткаларды уақтылы қабылдаған жағдайда, контрацепцияның қосымша шараларын пайдалану қажет емес. Керісінше жағдайда, төмендегі екі сызбаның біреуіне сүйеніп, сондай-ақ кейінгі 7 күн бойы қосымша контрацепция шараларын пайдалану ұсынылады:

- әйел өткізіп алған таблеткасын, тіпті егер бұл бір мезгілде екі таблетка қабылдауға тура келсе де, ол жөнінде еске түсірген бойда қабылдау керек. Сонан соң қабылдауды әдеттегі сызба бойынша жалғастырған жөн. Жаңа қаптаманы ағымдағы қаптама біткен бойда бастау керек, яғни қаптамалар арасында үзіліс жасауға болмайды. Екінші қаптама біткенше етеккір келу ықтималдығы онша емес, бірақ кейбіреулерде препарат қабылдау кезінде-ақ жағынды немесе құйылған қанды бөліністер болуы мүмкін;

- ағымдағы қаптамадан препарат қабылдауды тоқтатуға кеңес беріледі. Әйел Марвелон® препаратын қабылдауда, өзі таблеткалар қабылдауды ұмытқан күндерін қоса, жеті күнге дейін созылатын үзіліс жасап, сонан соң жаңа қаптаманы бастау керек.

Препарат қабылдауды өткізіп алса және кейіннен етеккір болмаса (қабылдаудағы таяу үзілісте), жүкті болу мүмкіндігі ескерілу керек.

Құсу пайда болған жағдайдағы кеңестерЕгер құсу препарат қабылдағаннан кейін 3-4 сағат ішінде болса, сіңуі толық болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда препаратты кезекті қабылдауды өткізіп алуға қатысты нұсқауларға сүйенген дұрыс. Егер әйел өзінің дағдылы қабылдау сызбасын өзгерткісі келмесе, басқа қаптамадан қосымша таблетка (-лар) қабылдау қажет. Етеккір басталу мерзімін қалай өзгертеді

 

Етеккірді кейінге шегеру үшін қабылдаудағы дағдылы үзіліссіз Марвелон® препаратының басқа қаптамасынан таблеткалар қабылдауды жалғастырған жөн. Екінші қаптамадағы таблеткалар біткенше етеккірді кез келген мерзімге кейін шегеруге болады. Бұл кезеңде әйелде жағынды немесе құйылған қанды бөліністер болуы мүмкін. Қабылдаудағы 7 күндік аралықтан соң препаратты әдеттегі сызба бойынша қабылдауды жаңғыртқан жөн. Етеккірді әдеттегі қабылдау сызбасы қадағаланғанда күтілетін күннен өзгеше апта күніне жылжыту үшін, қабылдаудағы дағдылы үзілісті қанша қажет болса, сонша күнге қысқартуға болады. Үзіліс қаншалықты қысқа болса, үзіліс кезінде етеккірдің болмау қаупі мен екінші қаптамадан препарат қабылдау кезінде құйылған немесе жағынды қанды бөліністердің пайда болу қаупі соншалықты жоғары.

Әзірге Марвелон №63таб пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады