Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Метипред фл пор д/приг р-ра д/инъек 250мг №1 Хикма Фармасеутика

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Ұнтақ
Белсенді зат:
Метилпреднизолон
Фармакологиялық топ:
Жүйелі пайдалануға арналған гормоналды препараттар
Элемент коды::
6432100019936
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

 Глюкокортикоидтарды қолдануды, глюкокортикоидтар орынбасушы ем ретінде тағайындалатын жеке-леген эндокриндік бұзылыстардан басқа жағдайларда, тек симптоматикалық ем ретінде ғана қарастыру керек.

Қабынуға қарсы ем

Ревматизмдік аурулар. Мына аурулар кезінде қысқа мерзімде қолдану үшін қосымша ем ретінде (жедел көрінісі немесе өршуі жағдайында): жарақаттан кейінгі остеоартрит; остеоартрит кезіндегі синовиит; ревматоидтық артрит, атап айтқанда ювенильді ревматоидтық артрит (жекелеген жағдайларда, төмен дозасымен демеуші ем жүргізу қажеттілігі туындауы мүмкін); жедел және жеделге жуық бурсит; эпикондилит; спецификалық емес жедел тендосиновиит; жедел подагралық артрит; псориаздық ар-трит; шорбуынданатын спондилит.

Коллагеноздар (дәнекер тіндердің жүйелі аурулары). Өршуі кезінде немесе мына ауруларда жекелеген жағдайларда демеуші ем ретінде: жүйелі қызыл жегі (және жегілік нефрит); жедел ревматизмдік кар-дит; жүйелі дерматомиозит (полимиозит); түйінді периартериит; Гудпасчер синдромы.

Дерматологиялық аурулар: күлбіреуік; ауыр мультиформалы эритема (Стивенс-Джонсон синдромы); эксфолиативті дерматит; буллезді герпес тәрізді дерматит; ауыр себореялы дерматит; ауыр псориаз; микоз; есекжем.

Аллергия жағдайлары. Келесі аурулар кезіндегі ауыр немесе мүгедектікке шалдықтыратын, жүргізілген дәстүрлі емге тиісінше бағынбайтын аллергия жағдайларын бақылау: бронх демікпесі; жанаспалы дер-матит; атопиялық дерматит; сарысу құю ауруы; маусымдық немесе жыл бойғы аллергиялық ринит; қан құюдан кейінгі уртикария (гемотрансфузия); көмейдің инфекциялық емес жедел ісінуі (бірінші таңдау-лы дәрілік зат адреналин болып табылады).

Офтальмологиялық аурулар. Көз аумағындағы ауыр және созылмалы аллергиялық және қабыну үдеріс-тері, атап айтқанда: Herpes zoster ophthalmicus; ирит, иридоциклит; хориоретинит; диффуздық артқы увеит және хориоидит; көру жүйкесінің невриті; симпатикалық офтальмия.

Асқазан-ішек жолының аурулары. Мына аурулар кезіндегі қатерлі кезеңдер: ойық жаралы колит (жү-йелі емдеу); аумақтық энтерит (жүйелі емдеу).

Респираторлық аурулар: өкпе саркоидозы; бериллиоз; фульминантты немесе диссеминацияланған өкпе туберкулезі, тиісті туберкулезге қарсы химиялық еммен бірге қолданылады; басқа дәрілермен емдеуге бағынбайтын Леффлер синдромы; аспирациялық пневмонит.

Ісінулермен қатар жүретін жағдайлар. Жүйелі қызыл жегіден туындаған немесе идиопатиялық типті уремиясы жоқ нефроздық синдромымен науқастарда диурезді стимуляциялау және протеинурия ремиссиясына жету үшін.

Иммуносупрессиялық ем

Ағза трансплантациясы.

Гематологиялық және онкологиялық ауруларды емдеу

Гематологиялық аурулар: жүре пайда болған (аутоиммундық) гемолиздік анемия; ересектердегі идио-патиялық тромбоцитопениялық пурпура (тек вена ішіне; бұлшықет ішіне қолдануға болмайды); ересек-тердегі салдарлы тромбоцитопения; эритробластопения (эритроцитарлық анемия); туа біткен (эритро-идтық) гипопластикалық анемия.

Онкологиялық аурулар. Ересектердегі лейкоз мен лимфомалар; балалардағы жедел лейкоз сияқты ау-рулардың паллиативті емі.

Басқалары

Жүйке жүйесінің аурулары: мидың бастапқы немесе метастаздық ісіну түрткі болған, және/немесе хи-рургиялық немесе сәулемен емдеумен байланысты ісінуі; жайылған склероздың асқынуы; жұлынның жедел жарақаты. Емдеуді жарақат алғаннан кейінгі алғашқы сегіз сағат ішінде бастау қажет.

Тиісті туберкулезге қарсы химиотерапиямен бір мезгілде қолданғанда субарахноидальді кеңістіктің блокадасымен немесе блокада қаупімен жүретін туберкулездік менингит.

Жүйке жүйесінің немесе миокардтың зақымдануымен жүретін трихинеллез.

Қатерлі жаңа түзілімге қатысты химиотерапиямен байланысты жүрек айнуы мен құсудың профилакти-касы.

Эндокринді бұзылыстар

Бүйрекүсті бездері қыртысының бастапқы немесе салдарлы жеткіліксіздігі; бүйрекүсті бездері қырты-сының жедел жеткіліксіздігі. Бұл көрсетілімдер кезінде таңдау препараттары гидрокортизон немесе кортизон болып табылады. Белгілі бір жағдайларда синтетикалық аналогтарын минералокортикоид-тармен біріктірілімде қолдануға болады.

Шок жағдайларын емдеу: бүйрекүсті бездері қыртысының жеткіліксіздігі нәтижесіндегі шок немесе бүй-рекүсті бездері қыртысының жеткіліксіздігінің расталған немесе ықтимал жағдайындағы дәстүрлі емге жауап бермейтін шок (жалпы алғанда, таңдау препараты гидрокортизон болып табылады). Егер мине-ралокортикоидты әсерлері жағымсыз болып табылса, метилпреднизолонды қолданған дұрыс.

Бүйрекүсті бездері қыртысының жеткіліксіздігі анықталған пациенттерде хирургиялық араласым алды-нда және ауыр жарақат немесе ауру жағдайында немесе бүйрекүсті бездері қыртысының қорына қа-тысты күдік болған жағдайда.

Бүйрекүсті бездерінің туа біткен гиперплазиясы; іріңді емес тиреоидит; қатерлі жаңа түзіліммен байла-нысты гиперкальциемия.

 

 

 Метилпреднизолон натрий сукцинаты мыналарға қарсы көрсетілімді: жүйелі зеңдік инфекциялары бар пациенттерге; метилпреднизолонға немесе осы дәрілік заттың кез келген компонентіне сезімталдығы жоғары пациенттерге.

Тірі немесе тірі аттенуирленген вакциналарды кортикостероидтардың иммуносупрессивті дозаларын қа-былдап жүрген пациенттерге енгізуге болмайды.

Салыстырмалы қарсы көрсетілімдері.

Айрықша қауіп топтары. Төменде келтірілген айрықша қауіп топтарына жатқызылатын пациенттер, мұқи-ят медициналық қадағалауда болуы тиіс, ал емді олар қысқа мерзім ішінде қабылдауы тиіс: балалар, қант диабеті, анамнезінде артериялық гипертензиясы, психиатриялық симптомдары, жекелеген инфекциялық аурулары, атап айтқанда туберкулезі немесе кейбір вирустық аурулары, мысалы герпес немесе көз айма-ғындағы симптомдармен қатар жүретін белдемелі герпесі бар пациенттер.

 

 

 Жалпы жағымсыз әсерлер байқалуы мүмкін. Жағымсыз әсерлері қысқамерзімді емдеу кезінде сирек туындайды, бірақ, дегенмен, нақты анықталуы тиіс; төменде атап келтірілген жағымсыз әсерлер кез келген кортикотерапияға тиесілі және тек осы препаратқа ғана тән болып табылмайды. Метилпреднизолон сияқты глюкокортикоидтардың келесі жағымсыз әсерлері болуы мүмкін:

Инфекциялар және инвазиялар: инфекциялардың бүркемеленуі, жасырын инфекциялардың белсенді-ленуі, оппортунистік инфекциялар.

Иммундық жүйенің жұмысына әсері: жоғары сезімталдық реакциялары (жүректің жедел жеткіліксіздігі-мен/онсыз жүретін анафилаксияны қоса, жүректің тоқтап қалуы, бронх түйілуі).

Эндокринді жүйенің жұмысына әсері: Кушинг синдромы, гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің бәсеңдеуі,

Метаболизм және қоректік заттардың сіңірілуі тарапынан болатын бұзылулар: натрийдің іркілуі, сұйық-тықтың іркілуі, гипокалиемиялық алкалоз, глюкозаға толеранттылықтың төмендеуі, жасырын қант диа-бетінің симптомдары, қант диабетінен зардап шегіп жүрген пациенттерде инсулин және пероральді ги-погликемиялық препараттар қажеттілігінің жоғарылауы. Кортизонмен немесе гидрокортизонмен салыс-тырғанда, минералокортикоидтық жағымсыз әсерлері метилпреднизолон сияқты синтетикалық туынды-ларын қабылдаған жағдайда едәуір сирек байқалады. Мұндай жағдайларда натрий тұтынылуы шекте-летін және қосымша калий қосылатын диета ұсынылады. Кортикостероидтардың барлығы кальцийдің организмнен шығарылуын арттыруға қабілетті. Эпидуральді липоматоз (туындау жиілігі белгісіз).

Гематологиялық және лимфа жүйелеріне әсері: лейкоцитоз (туындау жиілігі белгісіз).

Психиатриялық бұзылулар: Кортикотерапия аясында түрлі психикалық бұзылыстар дамуы мүмкін:  эйфория, ұйқысыздық, көңіл-күйдің құбылмалылығы, тұлға өзгерістері және ауыр депрессиядан жедел психоздық көріністерге дейін.

Жүйке жүйесінің жұмысына әсері: көру жүйкесі дискісінің ісінуімен жүретін бассүйекішілік қысымның жоғарылауы (мидың жалған ісігі), құрысулар, бас айналуы.

Офтальмологиялық бұзылулар: артқы субкапсулярлық катаракта, экзофтальм. Хориоретинопатия (ту-ындау жиілігі белгісіз). Глюкокортикоидтарды ұзақ уақыт бойы қолдану көру жүйкесінің зақымдануы мүмкіндігімен глаукоманың дамуына алып келуі мүмкін, сондай-ақ, көздің салдарлы зеңдік және вирус-тық инфекцияларының дамуына қолайлы жағдай туғызуы мүмкін. Глюкокортикоидтар көздің герпес ин-фекциясы бар пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс, өйткені бұл мөлдір қабықтың перфорациясы-на алып келуі мүмкін.

Жүрек жүйесінің жұмысына әсері: бейімділігі бар пациенттерде жүректің гиперемиялық жеткіліксіздігі, бастан өткерген миокард инфарктісінен кейінгі миокард жарылуы, аритмия. Метилпреднизолонның жо-ғары дозаларын вена ішіне жылдам енгізгенде (10 минуттан аз уақыт ішінде 0,5 г артық), жүрек арит-миясы, тамыр коллапсы және/немесе жүрек өткізгіштігінің баяулағаны туралы хабарламалар алынды. Метилпреднизолон натрий сукцинатының жоғары дозаларын енгізу кезінде немесе енгізгеннен кейін брадикардияның пайда болғаны туралы хабарламалар келіп түтсті, алайда оның туындауының препа-рат перфузиясының жылдамдығымен немесе ұзақтығымен байланыстылығы дәлелденген жоқ. Сонымен қатар, глюкокортикоидтардың жоғары дозаларын енгізгеннен кейін тахикардия жағдайлары анықтал-ды.

Қантамыр жүйесінің жұмысына әсері: гипертензия, гипотензия, петехия. Тромбоздар болуы ықтимал (туындау жиілігі белгісіз).

Респираторлық, медиастинальді және торакальді бұзылулар: кортикостероидтардың жоғары дозаларын қабылдағанда ұзақ уақыт бойы ықылықтау.

Гастроинтестинальді бұзылулар: перфорация қаупімен жүретін пептидтік ойық жара және геморраги-ялар, асқазаннан қан кетулер, панкреатит, эзофагит, ішектердің тесілуі.

Бауыр және өт шығару жолдары жұмысының бұзылулары: гепатит, бауыр ферменттерінің жоғарылауы (мысалы: СГҚТ/ Сарысулық глутамин қымыздықсірке трансаминазасы, СГПТ/ Сарысулық глютамин пи-ровиноград трансаминазасы. Аталған жағымсыз әсерінің туындау жиілігі анықталған жоқ).

Дерматологиялық бұзылулар және тері жабындарына әсері: қанталаулар, терінің жұқаруы және берік-тігінің төмендеуі. Тері астына жасалатын инъекциялары қайталанған жағдайда, инъекция орнында же-ргілікті атрофия байқалуы мүмкін.

Сүйек-бұлшықет және жүйелі бұзылулар: бұлшықет әлсіздігі, стероидты миопатия, остеопороз, асепти-калық некроз.

Ұрпақ өрбіту жүйесі мен сүт бездерінің жұмысына әсері: жүйелі емес етеккір.

Жалпы бұзылулар және енгізілген орындағы реакциялар: тыртықтанудың кідіруі, балаларда бой өсуінің тежелуі.

Зертханалық зерттеулер: калий жоғалтылуы. Қан сарысуындағы аланинтрансаминаза (АЛТ), аспартат-трансаминаза (ACT) және сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылағаны байқалуы мүмкін. Әдетте бұл өз-герістер елеусіз, қандай-да бір клиникалық синдромдармен байланыссыз және емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды. Ақуыздар катаболизмі түрткі болатын теріс азотты теңгерім, көзішілік қысымның жоға-рылауы, тері сынамаларын жүргізу кезіндегі реакциялардың бәсеңдеуі.

Жарақаттар, уыттанулар және жергілікті асқынулар: омыртқаның компрессиялық сынулары, патологи-ялық сынулар, сіңірлердің (әсіресе Ахилл сіңірінің) үзілуі.

 

 

 Дозасы

Метилпреднизолон натрий сукцинатының ұсынылған дозасына қатысты деректер төменде келтірілген.

Өмірге қауіп төндіретін жағдайлардағы қосымша ем – ұсынылатын дозасы кемінде 30 минут бойы вена ішіне енгізгенде дене салмағына 30 мг/кг құрайды. Бұл дозасын, клиникалық қажеттілігіне байланысты стационар жағдайларында, 48 сағат ішінде әр 4-6 сағат сайын қайталап енгізуге болады.

Өте күрделі өршу жағдайында және/немесе стандартты ем, атап айтқанда, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен, алтын тұздарымен және пенициламинмен емдеу тиімсіз болған жағдайдағы ПУЛЬС-ТЕРАПИЯ.

Ревматоидтық артрит: 1, 2, 3 немесе 4 күн бойы вена ішіне тәулігіне 1 г немесе 6 ай бойы вена ішіне айына 1 г.

Кортикостероидтардың жоғары дозаларын қолдану аритмогендік әсеріне соқтыруы мүмкін, бұл ем элек-трокардиограф және дефибриллятор бар стационар жағдайларымен шектелуі тиіс. Дозасын вена ішіне кемінде 30 минут бойы енгізу керек, және егер емдеуден кейін бір апта ішінде симптомдарының азай-ғаны байқалмаса немесе пациенттің жағдайы соны қажет етсе, оны енгізуді қайталап жүргізуге болады.

Қатерлі жаңа түзілімге қатысты химиотерапиямен байланысты жүрек айнуы мен құсудың профилактикасы.

Жеңіл немесе орташа эметогендік әсер туғызатын химиотерапия: Метипред препаратын 250 мг дозада вена ішіне, химиотерапия жүргізілгенге дейін бір сағат бұрын, химиотерапияның басында және химио-терапияның аяғында кемінде 5 минут бойы енгізу керек. Әсерін күшейту үшін, Метипред препаратының алғашқы дозасымен бірге хлорланған фенотиазинді де қолдануға болады.

Айқын эметогендік әсер туғызатын химиотерапия: Метипред препаратын 250 мг дозада вена ішіне, ме-токлопрамидтің немесе бутирофенонның сәйкесінше дозаларымен химиотерапия жүргізілгенге дейін бір сағат бұрын кемінде 5 минут бойы, содан соң – Метипред препаратын 250 мг дозада вена ішіне, емдеудің басында және химиотерапия аяқталғанда енгізу.

Жұлынның жедел жарақаты. Емдеуді жарақаттан кейінгі алғашқы сегіз сағат ішінде бастау қажет.

Егер емдеу жарақаттан кейінгі 3 сағат ішінде жүргізіле бастаса: метилпреднизолонды дене салмағына 30 мг/кг дозада 15 минут бойы вена ішіне болюсті, тұрақты медициналық қадағалаумен енгізеді. Болюсті инъекциядан кейін 45 минут үзіліс жасап, содан кейін дене салмағына сағатына 5,4 мг/кг доза-да 23 сағат бойы препараттың үздіксіз инфузиясын жүргізеді.

Егер емдеу жарақаттан кейінгі 3-8 сағат аралығында жүргізіле бастаса: метилпреднизолонды дене сал-мағына 30 мг/кг дозада 15 минут бойы вена ішіне болюсті, тұрақты медициналық қадағалаумен енгізе-ді. Болюсті инъекциядан кейін 45 минут үзіліс жасап, содан кейін дене салмағына сағатына 5,4 мг/кг дозада 47 сағат бойы препараттың үздіксіз инфузиясын жүргізеді. Инфузиялық помпа үшін болюсті ин-ъекцияға қарағанда, вена ішіне енгізуге арналған басқа енгізу орынын таңдаған дұрыс.

Болюсті инъекция үшін мұндай енгізу жылдамдығын бұл көрсетілімі үшін тек ЭКГ бақылауымен және дефибрилляторды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып қолдануға болады. Метилпреднизолонның жоғары дозаларын (10 минуттан аз уақыт ішінде 500 мг асатын дозалары) вена ішіне болюсті енгізу аритмиялардың, тамыр коллапсының және жүректің тоқтап қалуына алып келуі мүмкін.

Басқа көрсетілімдері кезінде

Бастапқы дозасы пациенттің клиникалық жағдайына және аурудың түріне байланысты 10-нан 500 мг дейін құрайды. Жоғары дозалары ауыр жедел жағдайлардың, атап айтқанда бронх демікпесінің, сарысу құю ауруының, уртикарлық трансфузиялық реакциялар және жайылған склероз өршулерінің қысқаме-рзімді емі жағдайында қажет болуы мүмкін. 250 мг дейінгі бастапқы дозасын қоса алғанда вена ішіне кемінде 5 минут бойы енгізу керек, ал 250 мг асатын дозаларын, кемінде 30 минут бойы жүргізу керек. Келесі дозаларын вена ішіне немесе бұлшықет ішіне пациенттің жауабы мен оның клиникалық жағда-йына байланысты аралықтармен енгізуге болады. Кортикостероидтармен емдеу қосымша ем ретінде қолданылады және дәстүрлі емді алмастыра алмайды.

Егер препарат бірнеше күннен артық енгізілсе, дозасын біртіндеп төмендету немесе тоқтату қажет. Егер созылмалы ауру кезінде өздігінен ремиссиясы туындаса, емдеуді тоқтату қажет. Ұзақ уақыт емдеу ке-зінде мезгіл-мезгіл кеуде қуысы ағзаларына рентгенография және әдеттегі зертханалық зерттеулерді, несептің жалпы талдауын, тамақтан кейін екі сағаттан соң қандағы қант деңгейін анықтауды жүргізу, сондай-ақ артериялық қысым көрсеткіштері мен дене салмағын бақылау керек. Анамнезінде асқазан-ның ойық жаралы аурулары немесе жедел диспепсиясы бар пациенттер үшін, асқазан-ішек жолына рентгенологиялық немесе эндоскопиялық тексеру жүргізген дұрыс. Ұзаққа созылған емді күрт тоқтат-қан жағдайда да медициналық қадағалау жүргізу қажет.

Педиатрияда қолданылуы

Жаңа туған сәбилер мен балаларда дозасын томендетуге болады, бірақ дозасын кез келген төмендетуді пациенттің жаса шамасы мен дене салмағын емес, аурудың ауырлығы мен емдеуге жауапты ескере отырып жүргізу керек. Дозасы тәулігіне 0,5 мг/кг аз болмауы тиіс.

Енгізу тәсілі

Метилпреднизолон натрий сукцинатының ерітіндісін венаішілік немесе бұлшықетішілік инъекция арқы-лы немесе венаішілік инфузия арқылы енгізуге болады. Шұғыл жағдайларда емдеуді венаішілік инъек-циясынан бастаған дұрыс.

Ерітіндіні дайындау

Венаішілік (немесе бұлшықетішілік) инъекциясы түрінде енгізу үшін алдымен қалпына келтірілген ерітіндіні, ішінде ұнтағы бар құтыға шприцпен инъекцияға арналған су қосу арқылы дайындап алады. Алынған ерітіндіні сыртынан қарап, жүзінді бөлшектердің бар-жоқтығы мен түсінің өзгермегендігін тексереді.

Инъекцияға арналған ерітіндіні дайындау (қалпына келтіру) 1 кесте

Еріткіштер мен концентрациялар

Дозалары

250 мг

1000 мг

Инъекцияға арналған су

4 мл

16 мл

Ерітіндінің концентрациясы

62,5 мг/мл

62,5 мг/мл

Инфузия үшін алдымен дайындалған ерітіндіні 5% глюкоза ерітіндісінің, изотониялық физиологиялық ерітіндінің немесе изотониялық физиологиялық ерітіндідегі 5 % глюкоза ерітіндісінің көмегімен сұйыл-туға болады.

Инфузияға арналған ерітіндіні дайындау (сұйылту) 2 кесте

Декстроза 5%

2 мл (62,5 мг/мл) қалпына келтірілген ерітіндіні инфузияға арналған 100 мл дейінгі ерітіндімен сұйылтады

Ерітіндінің концентрациясы

1,25 мг/мл

0,9% натрий хлориді ерітіндісі

2 мл (62,5 мг/мл) қалпына келтірілген ерітіндіні инфузияға арналған 100 мл дейінгі ерітіндімен сұйылтады

Ерітіндінің концентрациясы

1,25 мг/мл

0,9% натрий хлориді ерітіндісіндегі 5% декстроза

2 мл (62,5 мг/мл) қалпына келтірілген ерітіндіні инфузияға арналған 100 мл дейінгі ерітіндімен сұйылтады

Ерітіндінің концентрациясы

1,25 мг/мл

Алынған ерітінділерді дайындағаннан кейін бірден пайдалану керек.

 

Әзірге Метипред фл пор д/приг р-ра д/инъек 250мг №1 Хикма Фармасеутика пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады