Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Бетаспан Депо 1мл №5 Фармак

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№5 ампула
Белсенді зат:
Бетаметазон
Фармакологиялық топ:
Глюкокортикостероидтар.
Элемент коды::
4823002225112
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
6 155 ₸
Бонустарды сатып алу: 61.55
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

– ревматоидты артрит, остеоартриттер, бурситтер, тендосиновииттер, тендиниттер, перитендиниттер, шорбуынданатын спондилит, эпикондилит, радикулит, кокцидиния, ишиас, люмбаго, қисық мойын, ганг-лиялық киста, экзостоз, фасциит, табан аурулары, қатты мүйізгек аясындағы бурсит, өкше тепкілері, аяқ-тың үлкен башпайының қимыл шектелісінде

– бронх демікпесі, демікпе статусы, пішен қызбасы, аллергиялық бронхит, аллергиялық ринит, дәрі-дәр-мектік аллергия, сарысу құю ауруы, жәндіктердің шағуына реакцияларда

– атопиялық дерматит (монета тәрізді экзема), нейродермит, жанаспалы дерматит, күн сәулесінен айқын дерматит, есекжем, қызыл жалпақ теміреткі, инсулиндік липодистрофия, ұяшықты алопеция, дискоидтық эритематозды жегі, псориаз, келоид тыртықтары, әдеттен тыс сулы бөртпе, герпестік дерматит, кистозды безеулерде

– жүйелік эритематозды жегі, склеродермия, дерматомиозит, түйінді периартериитте

– ересектердегі лейкоз және лимфомалардың паллиативті емінде

– адреногенитальді синдромда

– ішек ауруларында (ойық жаралы колит, регионарлы илеит, спру)

– кортикостероидты ем жүргізуді талап ететін қанның патологиялық өзгерістерінде

– нефрит, нефротикалық синдромда

 

– бүйрек үсті бездері қыртысының алғашқы және салдарлы жеткіліксіздігінде (минералокортикоидтарды міндетті түрде бір мезгілде енгізгенде).

– бетаметазонға, препараттың басқа компоненттеріне немесе басқа глюкокортикостероидтарға жоғары сезімталдық

– жүйелі микоздар

– идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпурасы бар емделушілерге бұлшықетішілік енгізу

– жұқпалы артрит, орнықсыз буын, жұқпа жұқтырған тері беткейіне және омыртқа аралық кеңістікке енгізу

 

– лактация кезеңі

Басқа глюкокортикостероидтар қолдану кезіндегідей, жағымсыз құбылыстар дозаға және препаратты қолдану ұзақтығына байланысты болады. Бұл реакциялар, әдетте, қайтымды және оларды дозаны тө-мендетумен азайтуға болады:

– натриемия, калийдің көп бөлінуі, гипокалиемиялық алкалоз, кальцийдің көп шығарылуы, тіндердегі сұйықтық іркілісі

– осы ауруға бейім науқастардағы іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия

– бұлшықет әлсіздігі, миопатия, бұлшықет салмағының кемуі, ауыр жалған салдану миастениясы кезін-дегі миастениялық симптомдар өршуі, остеопороз, сан немесе иық сүйегі басының асептикалық некро-зы, түтікшелі сүйектердің патологиялық сынулары, сіңірлердің жарылуы, буындардың орнықсыздығы (көп реттік инъекциялардан соң)

– ықылықтау, асқазан-ішек жолының тесілу мен қан кетуге ұласуы мүмкін эрозиялы-ойық жаралы за-қымдануы, өңеш ойық жаралары, панкреатит, метеоризм

– жаралардың нашар жазылуы, тері атрофиясы, терінің жұқаруы, петехиялар мен экхимоздар, беттің эритемасы, қатты тершеңдік, дерматит сияқты тері реакциялары, бөртпе, ангионевротикалық ісіну

– құрысулар, көру жүйкесі дискісінің ісінуімен бассүйекішілік қысымның көтерілуі (әдетте, ем аяқтал-ғаннан кейін), бас айналу, бас ауыру, эйфория, көңіл-күйдің өзгеруі, депрессия (айқын психоздық ре-акциялармен), қатты ашушаңдық, ұйқысыздық

– етеккір оралымының бұзылуы, Кушинг синдромы, ұрықтың даму немесе сәбидің өсу кідірісі, глюкоза-ға төзімділіктің бұзылуы, жасырын қант диабетінің көріністері, инсулин инъекцияларына немесе диа-бетке қарсы ішуге арналған дәрілер қолдануға қажеттіліктің артуы

– артқы субкапсулярлы катаракта, көзішілік қысымның көтерілуі, глаукома, экзофтальм

– ақуыз катаболизмі салдарынан болатын азоттың теріс теңгерімсіздігі, липоматоз (неврологиялық ас-қынуларға әкелуі мүмкін медиастинальді және эпидуральді липоматозды қоса), денеге салмақ қосу

– анафилактикалық реакция немесе препаратты енгізуге аса жоғары сезімталдық реакциясы және ги-потензиялық реакция

 

– бет және бас аймағына жергілікті қолданумен қатар жүретін көрудің бұзылуы, гипер- немесе гипо-пигментация, теріастылық немесе тері атрофиясы, асептикалық абсцестер, инъекциядан кейін бетке қан тебу (буын ішіне енгізу) және нейрогенді артропатия

Бетаспан® Депо организмге глюкокортикостероидтің жүйелі түсуі қажет болғанда бұлшықет ішіне енгі-зуге; тікелей зақымданған жұмсақ тінге немесе артриттер кезінде буынішілік және периартикулярлық инъекциялар түрінде; терінің әртүрлі ауруларында теріішілік инъекциялар түрінде; кейбір табан ауру-ларында зақымдану ошағына жергілікті инъекциялар түрінде ұсынылады.

Дозалау режимі және енгізу тәсілі көрсетілімдерге, аурудың ауырлығына және емдеуге науқастың ре-акциясына қарай әркімге жеке белгіленеді. Доза ең төмен және қолдану кезеңі барынша қысқа болуы тиіс.

Егер белгілі бір уақыт аралығы өткенде қанағаттанарлық клиникалық әсерге жетпесе, препаратпен ем-деуді тоқтатып, басқа тиісті ем тағайындалу керек.

Жүйелік ем. Көпшілік жағдайларда препараттың бастапқы дозасы 1-2 мл құрайды. Қажет болса, емде-лушінің жай-күйіне қарай енгізуді қайталайды. Препарат бөксенің бұлшықетіне терең енгізіледі:

– шұғыл шараларды талап ететін ауыр жай-күйлерде (қызыл жегі және демікпе статусы), препараттың бастапқы дозасы 2 мл құрауы мүмкін;

әртүрлі дерматологиялық ауруларда, әдетте,1 мл препарат жеткілікті;

тыныс алу жүйесінің ауруларында препараттың әсері бұлшықетішілік инъекциядан кейін бірнеше са-ғат ішінде басталады. Бронх демікпесінде, пішен қызбасында, аллергиялық бронхитте және аллергия-лық ринитте жағдайдың елеулі жақсаруына 1-2 мл препарат енгізгеннен кейін жетеді;

жедел және созылмалы бурситтерде бұлшықет ішіне енгізілетін доза 1-2 мл препарат құрайды. Қажет болса, бірнеше қайталанатын енгізу жасалады.

Жергілікті енгізу. Жергілікті жансыздандыратын препаратты бір мезгілде қолдану бірлі-жарым жағдай-ларда ғана қажет. Егер жансыздандыратын затты бір мезгілде енгізген дұрыс болса, прокаин гидрохло-риді немесе лидокаиннің 1 % немесе 2 % ерітіндісі және құрамында парабендер жоқ дәрілік түрлер пайдаланылады. Құрамында метилпарабен, пропилпарабен, фенол бар анестетиктер және соларға ұқ-сас басқа заттарды қолдануға рұқсат етіледі. Бетаспан® Депо препаратымен біріктірілген анестетикті қолданғанда әуелі құтыдан еккішке препараттың қажетті дозасын сорып алады, сонан соң осы еккішке ампуладан жергілікті анестетиктің қажетті мөлшерін толтырып, қысқа уақыт кезеңі аралығында сілкиді. Лидокаин қолданар алдында жоғары сезімталдыққа тері сынамасын жасау қажет.

Жедел бурситтерде (субдельта тәрізді, жауырын астындағы, шынтақтық және тізенің алдыңғы жақ үс-тіндегі) 1-2 мл Бетаспан® Депо препаратын синовиальді қалтаға енгізу ауыруды жеңілдетіп, қозғал-ғыштықты бірнеше сағатқа толық қалпына келтіре алады. Созылмалы бурситті емдеу жедел ауыру ұс-тамасы басылған соң препараттың аз дозаларымен жүргізіледі.

Жедел тендосиновииттерде, тендиниттерде және перитендиниттерде Бетаспан® Депо препаратының бір инъекциясы науқастың жағдайын жеңілдетеді, созылмалы түрлерінде реакцияға қарай препарат инъекциясын жүргізген жөн. Препаратты сіңірлерге тікелей енгізуден аулақ болу қажет. Препаратты 0,5-2 мл дозада буын ішіне енгізу ревматоидты артритте және остеоартритте енгізгеннен кейінгі 2-4 сағат ішінде буындардың ауыруын, ауырсынуын және қимылының шектелуін азайтады. Препараттың емдік әсерінің ұзақтығы үнемі өзгертіліп, 4 апта және одан көп құрауы мүмкін.

Препараттың ұсынылған дозалары үлкен буындарға енгізгенде 1-2 мл; орта буындарға 0,5-1 мл; кіші буындарға 0,25-0,5 мл.

Терінің кейбір ауруларында препаратты тікелей зақымдану ошағына теріішілік енгізу тиімді болып та-былады, доза 0,2 мл/см2 құрайды. Туберкулинді еккіш немесе диаметрі шамамен 0,9 мм ине көмегімен зақымданған жерге біркелкі шаншиды. Бүкіл енгізу орындарына 1 апта ішінде енгізілетін препараттың жиынтық дозасы 1 мл-ден аспауы тиіс.

Бетаспан® Депо препаратының ұсынылған бір реттік дозалары (енгізулер арасындағы 1 апталық ара-лықпен): қатты мүйізгекте 0,25-0,5 мл (әдетте, 2 инъекция тиімді); өкше тепкісінде 0,5 мл; табан-ның үлкен башпай қимылының шектелісінде 0,5 мл; синовиальді кистада 0,25-тен 0,5 мл дейін; тендосиновиитте 0,5 мл; жедел подагра артритінде 0,5-тен 1 мл дейін. Диаметрі шамамен 1 мм ине-сі бар туберкулинді еккіш пайдалану ұсынылады.

Емдік әсеріне жеткеннен кейін демеуші дозаны тиісті уақыт аралықтары арқылы енгізілетін ерітіндідегі бетаметазон концентрациясын азайту есебінен бастапқы дозасын біртіндеп төмендету арқылы таңдап алады. Дозаны азайтуды ең төмен тиімді дозасына жеткенше жалғастырады.

Стресс жағдайы пайда болғанда немесе пайда болу қатерінде (аурумен байланыссыз) препарат доза-сын арттыру қажет болуы мүмкін.

 

Ұзаққа созылатын емнен кейін препаратты тоқтатуды дозаны біртіндеп азайту арқылы жүргізген жөн. Ұзақ уақыттық ем аяқталғаннан кейін немесе препаратты жоғары дозаларда қолданғаннан кейін, ең болмаса, бір жыл бойы науқас жағдайын бақылау жалғастырылады.

Әзірге Бетаспан Депо 1мл №5 Фармак пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
6155 ₸  
3
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
6360 ₸  
1
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
6155 ₸  
1
Аккозиева 187А
+7 775 007-2828
6445 ₸  
2
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
6155 ₸  
1
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
6360 ₸  
1
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
6155 ₸  
1
Д.Бедного (АПТЕКА при ГП №6)
+7 (7262) 46-30-32
6155 ₸  
2
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
6155 ₸  
1
Желтоксан 237 (АПТЕКА)
+7 (7262) 46-00-22
6155 ₸  
2
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
6360 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
6155 ₸  
3
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
6155 ₸  
1
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
6360 ₸  
2
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
6155 ₸  
3
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
6360 ₸  
1
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
6155 ₸  
2
Сулейманова 29
+7 775 007-2828
6155 ₸  
1
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
6445 ₸  
5
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
6155 ₸  
1
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
6360 ₸  
3
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
6360 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады