Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Фромилид таб. 500мг №14 КРКА

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 14
Белсенді зат:
Кларитромицин
Фармакологиялық топ:
Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар.
Элемент коды::
2700000189931
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
4 710 ₸
Бонустарды сатып алу: 94.20
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

 

- ЛОР-мүшелерінің, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларында (тон-зиллофарингит, ортаңғы отит, жедел синусит, жедел бактериялық бронхит, созылмалы брон-хиттің асқынуы, ауруханадан тыс пневмония, атипиялық пневмония)

- тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары

- микобактериялардан (М.avium complex, М.kansasii, М.marinum, М.leprea) туындаған инфек-циялар және олардың ЖИТС-ке шалдыққан науқастардағы профилактикасында

- он екі елі ішектің немесе асқазанның ойық жарасы ауруы бар пациенттердегі Helicobacter pylori эрадикациясында біріктірілген емнің құрамында

- препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған басқа инфекциялық қабынбалы ау-руларды емдеуде

 

 

- макролидтер тобындағы антибиотиктерге және препараттың кез келген басқа компо-нентіне жоғары сезімталдық

- бір мезгілде қабылдау:

- астемизолмен, цизапридпен, пимозидпен, терфенадинмен (қарыншалық тахикардияны, қарыншалық фибрилляцияны және «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса, QT аралығының ұзаруы және жүрек аритмиясы қаупіне байланысты)

- тикагрелормен немесе ранолазинмен

- эрготаминмен немесе дигидроэрготаминмен (қастауыш алколоидтары уыттылығы жоғ-арылауына байланысты) 

- рабдомиолизді қоса, миопатия дамуының қаупі жоғарылауына байланысты ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен (статиндермен: ловастатин немесе симвастатин)

- колхицинмен

- анамнезінде «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса, QT аралығының ұзаруы синдромы немесе жүректің қарыншалық аритмиясы болуы

- гипокалиемия (QT аралығының ұзару қаупі)

- бүйрек жеткіліксіздігімен үйлесімдегі бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- 12 жасқа дейінгі балалар

 

 

 

Жиі ( ≥1/10):

- ұйқысыздық, жүрек айнуы, тәбеттің төмендеуі, іш ауыруы, құсу, диарея, дәм сезудің өтпелі өзгеруі

- бас ауыруы

Жиі емес ( ≥1/1000 - <1/100 дейін):

- стоматит, глоссит, иіс сезудің өтпелі өзгерістері

- есекжем

Сирек ( ≥1/10 000 - <1/1000 дейін):

- тіл мен тіс түсінің өзгеруі

- тромбоцитопения

- гипогликемия (негізінен, қандағы қант деңгейін төмендетуге арналған препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде)

Өте сирек ( <1/10 000):

- панкреатит, жалғанжарғақшалы колит

- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы)

- анафилаксия

- бас айналуы, парестезиялар, ұйқысыздық, қорқынышты түстер көру, депрессия, сана-ның шатасуы, қорқу сезімі, елестеулер, психоздық реакциялар және құрысулар

- құлақтағы шуыл, естудің өтпелі бұзылулары

- бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, холестаздық сарғаю (бұл әсерлері өте күрделі болуы мүмкін, бірақ олар әдетте өтпелі; алайда, қатарлас ауыр ауруы бар, басқа да препараттарды қабылдаған кейбір пациенттерде өлімге соқтырған бауыр жеткіліксіздігі туралы хабарланды)

- креатинин деңгейінің жоғарылауы, интерстициальді нефрит, бүйрек жеткіліксіздігі

- артралгия, миалгия

- QT аралығының ұзаруы, қарыншалық тахикардия, пируэттік тахикардия.

Күрделі жағымсыз әсерлер туындаған жағдайда, емдеуді тоқтату керек.

Кларитромицин мен колхицинді бірге қолданғанда, әсіресе егде жастағы пациенттерде, соның ішінде, бүйрек жеткіліксіздігі аясында колхициндік уыттылық (соның ішінде, өлімге соқтырған) дамыған жағдайлар белгілі болды.

 

 

 

Таблеткаларды сындырмау керек. Таблеткаларды тұтасымен, азырақ мөлшердегі сұйық-тықпен іше отырып, жұтады.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 250 мг-ден әр 12 сағат сайын тағайындайды.

Синусит, ауыр инфекциялар мен Haemophilus influenzae туындатқан инфекцияларды ем-деу үшін 500 мг-ден әр 12 сағат сайын тағайындайды

Он екі елі ішекте немесе асқазанда ойық жарасы бар пациенттердің Helicobacter pylori эрадикациясы үшін біріктірілген емнің құрамында, 500 мг-ден тәулігіне 2 рет, әдетте 7 күн бойына тағайындайды.

Мycobacterium avium complex туындатқан инфекцияларды емдеу және профилактикасы үшін әр 12 сағат сайын 500мг-ден тағайындау керек. Ең жоғарғы тәуліктік доза 2г құрай-ды. Mycobaterium avium туындатқан инфекцияларды емдеу ұзақ жүреді.

Әдетте ем ұзақтығы 6-дан 14 күнге дейінді құрайды.

Балалар

12 жасқа дейінгі балаларға препаратты қолдану зерттелмеген.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Әлсіз және орташа дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге егер бүйрек функци-ясы қалыпқа сай болса, препарат дозасын түзету талап етілмейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге кларитроми-цин дозасын 2 есе азайту керек, яғни 250мг тәулігіне бір рет немесе инфекциялардың ау-ырлау түрлерінде тәулігіне екі рет 250 мг. Бұндай пациенттерді емдеуді 14 күннен асыр-мау керек.

 

Әзірге Фромилид таб. 500мг №14 КРКА пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Б.Батыра 103 (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
4710 ₸  
1
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
4870 ₸  
3
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
4830 ₸  
1
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
4830 ₸  
1
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
4830 ₸  
2
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
4825 ₸  
2
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
4830 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады