Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Аксетин пор. 750мг №10

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№10 бөтелкелер
Белсенді зат:
Цефуроксим
Фармакологиялық топ:
Екінші буын цефалоспориндері
Элемент коды::
5290931004368
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Аксетин жаңа туған нәрестелерді қоспағанда, балалар мен ересектердегі төменде атап келтірілген инфекцияларды емдеуге арналған:

- Ауруханадан тыс пневмонияда

- Созылмалы бронхиттің өршуінде

- Несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында, пиелонефритті қоса.

- Жұмсақ тіндердің инфекциялары: целлюлит, тілме және жара инфекцияларында

- Құрсақішілік инфекцияларда

- Асқазан-ішек жолына (өңешті қоса) операциялар, ортопедиялық операциялар, жүрекке, қантамырларға жасалған және операциялар мен гинекологиялық операциялар (кесарь тілігін қоса) кезінде инфекциялық асқынулардың профилактикасы үшін.

Анаэробты микроорганизмдердің кездесу ықтималдығы аса зор инфекцияларды емдеу және профилакти-касы кезінде, цефуроксимді сәйкесінше бактерияға қарсы қосымша дәрілерді пайдаланып енгізу керек.

Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше пайдалануға қатысты ресми ұсынымдарды қарастыру керек.

- цефуроксимге және басқа цефалоспориндік антибиотиктерге жоғары сезімталдық

- бактерияға қарсы бета-лактамдық дәрілердің кез келген басқа типіне (пенициллиндер, монобактамдар және карбапенемдерге) анамнездегі аса жоғары сезімталдық (мысалы, анафилаксиялық шок).

Цефуроксимге жағымсыз реакциялар әдетте өтпелі және ағымы жеңіл. Әсіресе, бұрын бауыр ауруы болған пациенттерде ең көп таралған жағымсыз реакциялар нейтропения, эозинофилия, бауыр ферменттерінің немесе билирубиннің транзиторлық жоғарылауы болып табылады, бірақ бауыр үшін зияны мен инъекция орнындағы реакциялар болатынына дәлелдер жоқ.

Кездесу жиілігі келесідегідей анықталады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 - <1/10), жиі емес (≥1/1 000 - <1/100), сирек (≥1/10 000 - <1/1 000), өте сирек (<1/10 000, жекелеген жағдайларды қоса), белгісіз (жиілігін бағалау мүмкін емес).

Жиі

- Candida текті төзімді микроорганизмдер көбеюінің күшеюі

- эозинофилия

- бас ауыруы, бас айналуы

- диареяны, жүрек айнуын, іш тұсының ауыруын қоса, асқазан-ішек бұзылыстары

- бауыр ферменттері (АЛТ, АСТ, ЛДГ) белсенділігінің уақытша жоғарылауы

Жиі емес

- Кумбстың оң реакциясы, тромбоцитопения, лейкопения (кейде, күрт айқын білінетін)

- тері бөртпесі

- құсу

Сирек

- есекжем, қышыну

- жалғанжарғақшалы колит

Өте сирек

- гемолиздік анемия

- шығу тегі дәрілік қызба, сарысу құю ауруы, анафилаксия

- сарғаю (көбінесе холестаздық), гепатит

- полиморфты эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз (экзантемалық некролиз)

Белгісіз

- Clostridium difficile шамадан тыс көбеюі

- Яриш-Герксгеймер реакциясы

Аксетинді тікелей венаға немесе тамшылатқыш арқылы 3-5 минут бойы вена ішіне енгізу немесе 30-60 минут бойы құю немесе бұлшықетішілік терең инъекция жолымен енгізу керек.

Ерітіндіні дайындау жөніндегі нұсқаулық

Егер ерітіндінің бөлшектік дозалары қажет болса, пайдалы болуы мүмкін қосымша көлемдері мен концентрациялары 

Құтының өлшемі             Қосылатын судың мөлшері (мл)          Цефуроксимнің болжамды                                                                                                                   концентрациясы (мг/мл) **

750мг  бұлшықетішілік                     3 мл                                                      216                                               венаішілік болюс                  6 мл - ден кем емес                               116                                               венаішілік инфузия               6 мл- ден кем емес                               116 

1.5 г    бұлшықетішілік                    6 мл                                                      216                                               венаішілік болюс                 15 мл- ден кем емес                                 94                                               венаішілік инфузия              15 мл *                                                    94

* Дайындалған ерітіндіге инфузияға арналған 50 немесе 100 мл үйлесімді сұйықтық қосылады (төмен-нен үйлесімділігі жөніндегі ақпаратты қараңыз)

** Цефуроксим ерітіндісінің алынған көлемі қалпына келтірілген ортада атап келтірілген мг/мл концен-трацияларына алып келетін дәрілік затты ығыстыру факторының есебінен жоғарылайды.

Үйлесімділігі

Цефуроксим натрий инфузияға арналған келесі сұйықтықтармен үйлесімді. Ол келесі сұйықтықтардағы белсенділігін 25°C-де 6 сағат бойы және 2°C - 8°C температурада (тоңазытқышта) 24 сағат бойы сақ-тайды:

- 0,18% (салмақ/көлем) натрий хлориді плюс БФ инъекцияға арналған 4% декстроза ерітіндісі

- инъекцияға арналған 5% декстроза және 0,9% натрий хлориді ерітіндісі

- инъекцияға арналған 5% декстроза және 0,45% натрий хлориді ерітіндісі

- инъекцияға арналған 5% декстроза және 0,225% натрий хлориді ерітіндісі

- инъекцияға арналған М/6 натрий лактаты

- инъекцияға арналған 0,9% натрий хлориді ерітіндісіндегі калий хлориді (10 және 40 мЭкв/л)

- декстроза (глюкоза)

- натрий хлориді

- Рингер ерітіндісі

- Рингер лактаты

Жаңа дайындалған в/і енгізуге арналған ерітінді сарғыштау түсті, ал в/і енгізуге арналған суспензия ақ дерлік түсті.

Ерітінді тұрып қалған жағдайда күңгірттенуі мүмкін, бірақ сұйылтылған ерітінді түсінің қанықтығының өзгеруі дәрілік затты енгізудің қауіпсіздігіне және тиімділігіне әсер етпейді.

Кез келген пайдаланылмаған дәрілік препаратты немесе қалдықтарын жергілікті талаптарға сәйкес жою керек.

Дозалау режимі

Ересектер және дене салмағы 40 кг асатын балалар

Ауруханадан тыс пневмония және созылмалы бронхиттің асқынуларында б/і немесе в/і әр 8 сағат сайын 750 мг.

Пиелонефритті қоса, несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында б/і немесе в/і әр 8 сағат сайын 1.5 г.

Ауыр инфекцияларда әр 6 сағат сайын в/і 750 мг немесе әр 8 сағат сайын в/і 1.5 г.

Асқазан-ішекке жасалатын, гинекологиялық (кесарь тілігін қоса) және ортопедиялық хирургия кезінде инфекцияның профилактикасында анестезияны индукциялаумен 1.5 г с (8 сағат және 16 сағаттан соң 750 мг (б/і) екі дозасымен толықтыруға болады).

Жүрек-қантамыр хирургиясы және өңешке жасалған операциялар кезінде инфекция профилактикасы үшін, анестезияны индукциялаумен 1.5 г, ары қарай 24 сағат ішінде әр 8 сағат сайын 750 мг (б/і) дозасымен.

Дене салмағы 40 кг аз балалар

Ауруханадан тыс пневмония, пиелонефритті қоса, асқынған несеп шығару жолдарының инфекциялары, жұмсақ тіндердің инфекциялары (целлюлит, тілме және жара инфекциялары), құрсақішілік инфекция-лар кезінде:

- туғаннан бастап 3 аптаға дейінгі нәрестелер: 2 немесе 3 бөлікке бөлінген дозалары түрінде күніне 30-дан100 мг/кг дейін (в/і).

- 3 аптадан асқан сәбилер мен бөбек жасындағы балалар және <40 кг балалар:

Күніне 30-дан 100 мг/кг дейін (вена ішіне) 3 немесе 4 бөлікке бөлінген дозалары түрінде; күніне 60 мг/кг дозасы инфекциялардың көпшілігі үшін жарамды.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер

Креатинин клиренсі 10-20 мл/мин/1.73м 2 болған жағдайда, препаратты тәулігіне 2 рет 750 мг-ден; креатинин клиренсі 10 мл/мин/1.73м 2 аз болса - тәулігіне 1 рет 750 мг енгізу ұсынылады. Креатинин клиренсі 20 мл/мин/1.73м 2 асатын науқастарға препараттың стандартты дозасын (тәулігіне 3 рет 750 мг-1.5г) төмендету қажет емес. Гемодиализдегі науқастарға әр емшараның соңында вена ішіне немесе бұлшықет ішіне препараттың 750мг дозасын енгізу керек. Цефуроксим натрийді перитонеальді диализ-ге арналған ерітіндіге де қосуға болады (2 литр ерітіндіге 250 мг). Қарқынды емдеу бөлімшелеріндегі, бүйрек жеткіліксіздігі бар, үздіксіз артериовеноздық гемодиализ (ҮАВГ) немесе ағыны жоғары гемо-фильтрация (ЖГ) жүргізілетін пациенттерге күніне екі рет 750 мг тағайындалады; бүйрек функциясы-ның бұзылуы кезінде төмен ағымды гемофильтрация үшін, ұсынылған дозасын пайдалану керек.

Бауыр функциясының бұзылуы

Цефуроксим негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде, бұл цефуроксим фармакокинетикасына әсер етпейді деген болжам бар.

Әзірге Аксетин пор. 750мг №10 пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады