Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Дермазол 200мг №30таб Кусум

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Кетоконазол
Фармакологиялық топ:
Зеңге қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар
Элемент коды::
8906002053193
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Кетоконазол тек өмірге қауіп төндіретін жүйелі (терең) микоздарды емдеуге ғана арналған:

- бластомикозда, кокцидиоидомикозда, гистоплазмозда, хромомикозда, паракокцидиомикозда.

Гепатоуыттылық қаупіне байланысты, таблеткаларды тек ықтимал пайдасы ықтимал зиянынан асып түсе-тін жағдайларда ғана, сондай-ақ, кетоконазол мен басқа препараттардың жергілікті дәрілік түрлерінің бар екендігін ескере отырып пайдалану керек. Дермазол препаратын зеңдік менингит кезінде қолданбау ке-рек, өйткені кетоконазол жұлынми сұйықтығына нашар өтеді.

- кетоконазолға және / немесе имидазолдың зеңге кез келген қарсы дәрілік затына, немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық 

- бауырдың жедел немесе созылмалы аурулары және / немесе егер, бауыр ферменттерінің деңгейі қа-лыптың жоғарғы шегінен 2 есе жоғары болса

- жүктілік және бала емізу

- 12 жасқа дейінгі балалар

- туа біткен немесе пайда болуы құжат жүзінде тіркелген QTc ұзаруы

- өзара әрекеттесуі және өмірге қауіп төндіруі ықтимал жағымсыз реакцияларға алып келуі мүмкін дә-рілік заттардың кез келгенімен қатарлас емдеу;

- CYP3A4 арқылы метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (мысалы, симвастатин, аторваста-тин және ловастатин) рабдомиолизді қоса, қаңқа бұлшықеттері уыттылығының жоғарылауы қаупімен байланысты;

- эплеренон, гиперкалиемия мен гипотонияның даму қаупінің жоғарылауына байланысты

- плазмадағы концентрациясын арттыруы мүмкін, және QT аралығын ұзартуы ықтимал заттар: метадон, дизопирамид, хинидин, дронедарон, пимозид, сертиндол, саквинавир (саквинавир/ритонавир 1000/100мг екі рет), ранолазин, мизоластин, галофантрин;

- қан кету қаупінің жоғарылығына байланысты дабигатран;

- тыныштандыру мен тыныс алу тарылуын ұзартуы және арттыруы ықтималдылығына байланысты, три-азолам, пероральді мидазолам және алпразолам;

- эрготизмнің және басқа күрделі вазоспазмдық жағымсыз әсерлердің даму қаупінің жоғарылығына байланысты, қастауыш алкалоидтары (мысалы, дигидроэрготамин, эргометрин (Эргоновиндік), эрго-тамин және метилэргометрин (метилергоновин);

- луразидон;

- уыттылық қаупінің жоғарылыған байланысты кветиапин;

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда гепатоуыттылық пен QT аралығының ұзару қаупіне байланысты, телитромицин және кларитромицин;

- ісіну және жүректің іркілісті жеткіліксіздігінің даму қаупінің жоғарылығына байланысты, фелодипин, нисолдипин;

- бүйрек функциясының бұзылуы бар науқастарда ауыр жағымсыз реакцияларының даму қаупінің жоғарылығына байланысты, колхицин;

- осы дәрілік заттың метаболизмінің өзгеруіне байланысты, иринотекан;

- аталған дәрілік заттардың плазмадағы концентрацияларының артуымен байланысты, эверолимус, сиролимус (рапамицин ретінде де белгілі);

- 75 жастан асқан ерлерде жағымсыз реакцияларының даму қаупінің жоғарылығына байланысты, варденафил;

- жағымсыз реакцияларының даму қаупінің жоғарылығына байланысты, паритапревир / омбитасвир (ритонавир);

- бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде фезотеродин және солифенацин.

Кетоконазолмен өзара әрекеттесуі және өмірге қауіп төндіруі ықтимал реакцияларға алып келуі мүмкін компоненттердің тізбесі жоғарыда келтірілген тізіммен шектелмейді.

Қауіпсіздік бейінінің қысқаша сипаттамасы

Анағұрлым жиі кездесетін жағымсыз реакциялары бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі, жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы, диарея, қышыну, бөртпе және бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы болып табылады.

Едәуір күрделі жағымсыз реакция бастапқыда бауырдың жедел уыттылығы ретіндегі гепатоуыттылық болып табылады, бірақ ол да холестаздық зақымға немесе уыттылығының аралас түріне әкеп соқтыруы мүмкін. АСТ, АЛТ, гамма-ГТ, билирубин және сілтілік фосфатаза емдеу кезінде жиі аралықтармен бақы-лануы тиіс.

Кетоконазолдың қауіпсіздігі әдебиеттерде жарияланған ақпараттың және кетоконазолды зеңге қарсы ем ретінде пайдаланудың негізінде бағаланды.

Төменде атап келтірілген жағымсыз реакциялар ағзалар жүйесі класына сәйкес жіктеледі. Жиілік топ-тары келесі шартты белгілерге сәйкес белгіленеді: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 - <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 - <1/100), сирек (≥ 1/10000 - <1/1000), өте сирек (<1/10000), белгісіз: қолда бар де-ректердің негізінде бағалау мүмкін емес.

Өте жиі

Гепатобилиарлық жүйе аурулары: бауыр функциясын зерттеулердің атипиялық нәтижелері.

Зерттеулер: бауыр ферменттерінің жоғарылауы.

Жиі

Эндокриндік бұзылыстар: бүйрекүсті бездерінің жеткіліксіздігі.

Асқазан-ішек бұзылыстары: жүрек айнуы, іш ауыруы, құсу, диарея.

Тері мен теріасты шелінің аурулары: қышыну, бөртпе.

Жиі емес

Қан және лимфа жүйесі тарапынан: тромбоцитопения.

Иммундық жүйе тарапынан: анафилаксиялық шок, анафилактоидтық реакциялар және анафилак-сиялық реакциялар мен Квинке ісінуін қоса, аллергия жағдайлары.

Жүйке жүйесі тарапынан: бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық.

Тері мен теріасты шелінің аурулары: есекжем, алопеция.

Жалпы бұзылулар және препарат жағылған бөліктің жай-күйі: астения.

Зерттеулер: тромбоциттер санының азаюы.

Сирек

Гепатобилиарлық жүйе аурулары: сарғаюды қоса, күрделі гепатоуыттылық, гепатит, бауыр нек-розы, бауыр циррозы, трансплантацияны қажет ететін немесе өлімге әкеп соқтыратын жағдайларды қоса, бауыр жеткіліксіздігі. (4.4 Айрықша сақтандырулар және пайдалану кезіндегі айрықша сақтық шаралары бөлімін қараңыз).

Өте сирек

Жалпы бұзылулар және препарат жағылған бөліктің жай-күйі: қызба жағдайы.

Белгісіз

Психикалық бұзылыстар: ұйқысыздық, күйгелектік.

Метаболизм және тамақтану бұзылулары: алкогольді көтере алмаушылық, тәбеттің болмауы, тә-беттің артуы.

Жүйке жүйесі тарапынан: бассүйекішілік қысымның жоғарылауы (папиллоэдема, еңбектің омпаюы), парестезиялар.

Көру бұзылыстары: көз қарығуы.

Тыныс алу мүшелері, кеуде қуысы және көкірек ортасы тарапынан: мұрыннан қан кету.

Асқазан-ішек бұзылыстары: диспепсия, метеоризм, тіл түсінің өзгеруі, ауыздың құрғауы, дисгевзия.

Тері мен теріасты шелінің аурулары: жарыққа сезімталдық, экссудативтік эритема, дерматит, эри-тема, ксеродермия.

Сүйек-бұлшықет және дәнекер тіндердің аурулары: миалгия, артралгия.

Ұрпақ өрбіту жүйесі тарапынан және сүт бездерінің аурулары: етеккір оралымының бұзылуы, азооспермия, эректильді дисфункция, гинекомастия.

Жалпы бұзылулар және препарат жағылған бөліктегі жағдайлар: шеткері ісінулер, жалпы дім-кәстану, ысыну.

Зерттеулер: тестостерон концентрациясының өтпелі төмендеуі.

Жекелеген жағымсыз реакцияларының сипаттамалары

Гепатоуыттылық

Кетоконазолмен емдеуден туындаған күрделі гепатоуыттылық сирек (1/15000) туындайды. Бауырдың жедел зақымданулары бастапқыда холестаздық зақымдануы немесе уыттылықтың аралас түрі сипа-тында болды. Бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауына қарамастан, әсіресе, емдеуді жалғас-тырған кезде өлімге соқтырған жағдайлар байқалды. Бауыр ферменттернің жоғарылауы (≤5N және <5N) сәйкесінше ~ 13,5% және ~ 2,5% пациентте байқалды және негізінен, емдеудің алғашқы 6 айы ішінде туындады. Бауыр ферменттерінің деңгейі кетоконазолдың дозасын төмендеткеннен кейін немесе тоқтатқаннан кейін 2-12 апта ішінде нормаға қайта келеді. Гепатоуыттылығы дозасына тәуелді болмауы мүмкін. Кетоконазолмен емдеу мүмкіндігін қарастырмас бұрын, кетоконазолмен емдеу басталғанға де-йін анықталған барлық байланысты болуы ықтимал гепатоуыттылық факторлары мен бауыр фермент-тері аномальді деңгейлерін ескеру керек. Кетоконазолды, бауыр ферменттері жоғарылаған және қа-лыптың жоғарғы шегінен 2 еседен асса, немесе басқа гепатоуытты препараттармен қолданбау керек. Бауыр ферменттерінің мониторингін бір ай ішінде аптасына бір рет, содан соң 6 ай бойы ай сайын жүр-гізіп отыру керек. Бауыр ферменттерінің қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе аз жоғарылауы анықталған жағдайда, бауыр функциясына қатаңырақ бақылау жүргізу керек, және тәуліктік дозасы кемінде 200 мг-ге азайтылуы тиіс. Бауыр ферменттерінің деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе аз артқан жағ-дайда, кетоконазолды дереу тоқтату және бауырдың күрделі уыттылығы қаупіне байланысты, емдеуді қайта бастамау керек.

Бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі

Бүйрекүсті бездерінің жеткіліксіздігі науқастарда кетоконазолмен кортикостероидты алмастырусыз (тек бөгеу режимінде) емдеу кезінде немесе егер, глюкокортикоидты емді алмастыру (бөгеу және алмасты-ру режиміндегі пациенттер үшін) жеткіліксіз жүрсе туындауы мүмкін.

Пациенттерге гипокортицизм белгілері мен симптомдарына (мысалы, әлсіздік, қажу, тәбеттің болмауы, жүрек айнуы, құсу, гипотензия, гиперкалиемия, гипонатриемия, гиперкалиемия немесе гипогликемия) қатысты нұсқау беру жұмыстары жүргізілуі және қадағалануы тиіс.

Бүйрекүсті бездерінің жеткіліксіздігі плазмадағы/сарысудағы немесе сілекейдегі кортизол деңгейлерін мерзімдік клиникалық бағалау және мониторингі кезінде анықталуы мүмкін. Бүйрекүсті бездерінің жет-кіліксіздігі жағдайында, кетоконазолмен емдеу уақытша тоқтатылуы немесе дозасы азайтылуы, және қажет болған жағдайда, орынбасушы ем кортикостероидтары қосылуы тиіс.

Педиатрия

Гепатоуыттылықтың туындау жиілігі ересектерге қарағанда, жасөспірімдерде жоғары болуы мүмкін. Әдебиеттердегі деректерге сүйенсек, педиатриялық топтағы кетоконазолды қабылдаған 24 пациенттің екеуінде ауыр гепатоуыттылық дамыған. Кушинг ауруынан күніне екі рет 200 мг дозадағы  кетокона-золмен емделіп жүрген 14 жасар қызда, бір айдан кейін сарғаю, қызба, анорексия, жүрек айнуы және құсу көрініс берген. Кетоконазолмен емдеу тоқтатылған, бірақ қыздың жағдайы жылдам нашарлаған және оның өлімімен аяқталған. 17 жасар қыз бауырға метастаздануымен жүретін бүйрекүсті бездерінің карциномасы диагнозымен, тәулігіне 1200 мг дозадағы кетоконазолмен ем қабылдаған және 22-ші күні тестілерінде бауыр функциясының өзгерістері болған.

Кетоконазолды тоқтатқаннан кейін, бауыр ферменттерінің көрсеткіштері 3 аптаның ішінде қалыпты деңгейіне қайтып келген.

Жүйелі микоздар кезінде ересектерге күніне 1 рет 1 таблеткадан тағайындалады, әсері болмаған жағ-дайда дозасын 10 күн бойы күніне 2 таблеткаға дейін арттыруға болады, 10 күннен артық емдеу кур-сын тек, емдеуге жауапты бағалағаннан кейін және бауыр функциясын бақылаудан кейін ғана жалғас-тыруға болады. Дозасын өткізіп алған жағдайда оны барынша тезірек қабылдау керек, өйткені орга-низмде дәрінің тұрақты мөлшерін ұстап тұру керек.

Егер келесі дозасын қабылдағанға дейін кесте бойынша азғантай уақыт қалса, оны екі еселемей, дәл осындай ғана келесі дозасын қабылдау қажет.

Басқа да мүмкіндіктері бар айрықша пациенттер

Педиатрия

Кетоконазолдың 12 жасқа толмаған балалар үшін қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Сондықтан, 12 жасқа толмаған балаларға арналған дозасы жөнінде қандай-да бір ұсынымдар берілмеуі мүмкін.

Препараттың 12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған дозасы тура ересектердегідей.

Егде жастағы пациенттер

Кетоконазолды 65 жастан асқан пациенттер үшін қолдану жөніндегі деректер айтарлықтай шектеулі, алайда, аталған пациенттерге дозасын түзету жөнінде айрықша нұсқаулар қажет емес.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер.

Зерттеу деректерінің шектеулілігімен қатар, Кетоконазолдың фармакокинетикасы дені сау пациенттер-мен салыстырғанда, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін айтарлықтай ерекшеленбейді және до-засын ешқандай ерекше түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер.

Кетоконазол бауырдың жедел немесе созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Әзірге Дермазол 200мг №30таб Кусум пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады