Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Лефно™ таб. 20мг №30 Кусум

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Лефлуномид
Фармакологиялық топ:
Селективті иммунодепрессанттар
Элемент коды::
8906002051489
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
8 795 ₸
Бонустарды сатып алу: 87.95
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- ересектердегі ревматоидтық артритте, белсенді фазасында

 

- псориаздық артритте, белсенді фазасында

- лефлуномидке немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- иммунитет тапшылығының ауыр жағдайлары, соның ішінде ЖИТС

- бауыр функциясының ауыр бұзылулары

- сүйек кемігі қаны түзілуінің айқын бұзылулары немесе басқа себептердің (ревматоидтық артриттен басқа) нәтижесіндегі анемия, лейкопения, тромбоцитопения

- ауыр ағымды инфекциялар

- орташа немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі

- ауыр гипопротеинемия, соның ішінде нефроздық синдром кезінде

- жүктілік және лактация кезеңі

- емдеу кезінде немесе емдеуден кейін сенімді контрацепцияны қолданбайтын ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер, қан плазмасындағы белсенді метаболиті А771 726 деңгейі 0,02 мг/л артық болған жағдайда

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

-тұқым қуалайтын лактозаны, галактозаны көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы

 

ЛефноТМ препаратын қабылдау кезінде тірі вакциналармен вакцинациялау ұсынылмайды.

- гипоурикемия

- бүйрек жеткіліксіздігі

- шәуһет концентрациясының, сперматозоидтардың жалпы саны мен жылдам үдемелі қозғалғыштығының қайтымды төмендеуі

- қатерлі жаңа түзілімдердің даму қаупі

Өте жиі (1-10%)

- лейкопения (лейкоциттер саны  2×109/л)

- тәбеттің болмауы, диарея, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы

- болар-болмас салмақ жоғалту

- шаршау (әлсіздік)

- бас ауыруы, бас айналуы

- парестезиялар

- артериялық қысымның орташа жоғарылауы

- ауыз қуысының шырышты қабығының эрозиялы-ойық жаралы зақымданулары

- бауыр функциясы көрсеткіштерінің (трансаминаз, әсіресе, АЛТ, сирек – гамма-глутамилтрансфераза (гамма - ГТ), сілтілік фосфатаза, билирубин жоғарылауы

- креатинфосфокиназа (КФК) деңгейінің жоғарылауы

- шаштың түсуінің күшеюі, экзема, терінің құрғауы, бөртпе, қышыну

- тендовагинит, сіңірлердің үзілуі

Жиі (0,1-1%)

- эритроциттер мен тромбоциттер санының азаюы (тромбоциттер саны  100 ×109/л)

- калий деңгейінің, қандағы фосфаттардың төмендеуі

- мазасыздық, қатты үрейлену

- дәм сезулердің бұзылуы

- есекжем

- қандағы холестерин, триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы

Сирек (0,01-0,1%)

- эозинофилия, лейкопения, панцитопения

- артериялық қысым жоғарылауының ауыр түрі

- бауыр жеткіліксіздігі (гепатит, холестаз, сарғаю), өліммен аяқталуы мүмкін жедел бауыр некрозы

- инфекцияларға сезімталдықтың, соның ішінде оппортунистік инфекцияларға сезімталдықтың артуы (атап айтқанда, ринит, бронхит және пневмония), сондай-ақ ауыр инфекциялар, соның ішінде өліммен аяқталуы мүмкін сепсис

- өкпенің интерстициальді ауруы, соның ішінде өліммен аяқталуы мүмкін интерстициальді пневмонит. Жөтел мен ентігу емдеуді тоқтатуға және ары қарай тексеру жүргізуге негіз болуы мүмкін.

Өте сирек (0,001% және одан да аз)

- агранулоцитоз

- ауыр аллергиялық реакциялар, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, мультиформалы эритема

- васкулит

- шеткергі нейропатия

- панкреатит

Жиілігі белгісіз

- шәуһет концентрациясының, сперматозоидтардың жалпы саны мен жылдам үдемелі қозғалғыштығының елеусіз (қайтымды) төмендеуі

 

- терінің қызыл жегісі, пустулездік псориаз немесе өршімелі псориаз, эозинофилиямен және жүйелі көрініс-термен жүретін дәрілік реакция

ЛефноТМ препаратымен емдеу ревматоидтық және псориаздық артритті емдеуде тәжірибесі бар дәрігердің қадағалауымен басталуы тиіс.

Таблеткаларды ішке, тұтастай жұтып, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішу арқылы қабылдайды. Ас ішу ЛефноТМ препаратының сіңуіне әсер етпейді.

Емдеу 3 күн бойы тәулігіне 1 рет 100 мг құрайтын қанықтырғыш дозасынан басталады. Ары қарай ревмато-идтық артрит кезінде ұсынылатын демеуші дозасы тәулігіне 1 рет 20 мг құрайды. Көтерімділігі нашар болса, демеуші дозасын тәулігіне 1 рет 10 мг дейін төмендетеді.

Белсенді фазадағы псориаздық артриті бар пациенттерді емдеу үшін ұсынылатын демеуші дозасы тәулігіне 1 рет 20 мг құрайды.

Емдік әсері емдеу басталғаннан 4 аптадан соң біліне бастайды және 4 - 6 ай ішінде күшеюі мүмкін.

Препаратты жеңіл дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар үшін дозалауға қатысты ешқандай ұсы-нымдар жоқ.

65 жастан асқан пациенттер үшін дозасын түзету қажет емес.

Препарат 18 жасқа толмаған пациенттер үшін ұсынылмайды, өйткені оның ювенильді ревматоидтық арт-ритті емдеу кезіндегі тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Сарысудағы аланинаминотрансфераза (АЛТ) немесе глутаматпируваттрансфераза (ГПТ) белсенділігі және қан жасушаларының толық талдауы, соның ішінде лейкоциттер мен тромбоциттердің салыстырмалы тал-дауы, бір мезгілде және бірдей жиілікпен тексерілуі тиіс:

- ЛефноТМ препаратымен емдеуді бастар алдында

- емдеудің алғашқы алты айы бойына әр екі апта сайын

 

- содан кейін әр 8 апта сайын.

Әзірге Лефно™ таб. 20мг №30 Кусум пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
8795 ₸  
3
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
8795 ₸  
1
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
8500 ₸  
1
Б.Батыра 103 (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
8795 ₸  
6
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
8795 ₸  
1
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
8795 ₸  
2
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
8795 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады