Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Эсмия 5мг №28 табл.Гедеон Рихтер

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 28
Белсенді зат:
Улипристал
Фармакологиялық топ:
Прогестерон рецепторларының модуляторлары.
Элемент коды::
5997001363805
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- ұрпақ өрбіту жасындағы ересек әйелдерде жатыр миомасының орташа және ауыр симптомдарына операция алдында ем жүргізудің бір курсы үшін.

- хирургиялық ем қолдануға келмейтін, ұрпақ өрбіту жасындағы ересек әйелдерде жатыр миомасының орташа және ауыр симптомдарына курстық ем жүргізу үшін.

- улипристал ацетатына немесе препараттың компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- қынаптан этиологиясы белгісіз немесе себебі жатыр миомасымен байланысты емес қан кету

- жатырдың, жатыр мойнының, аналық бездің немесе сүт бездерінің обыры

- 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге 

- бауыр ауруы.

Өте жиі (≥ 1/10)

- аменорея, эндометрийдің қалыңдауы

Жиі (> 1/100-ден < 1/10 дейін)

- бас ауыру

- вертиго

- жүректің айнуы, іштің ауыруы

- акне

- сүйектердің және бұлшықеттердің ауыруы

- «ысынулар», аналық бездің кистасы, сүт бездерінің кернеуі/аурушаңдығы, жамбас аймағының ауыруы

- қатты қажу

- дене салмағының артуы.

Жиі емес (> 1/1000-нан < 1/100 дейін)

- эмоциональді бұзылыстар

- бас айналу

- мазасыздық

- ауыз ішінің құрғауы, іш қату

- алопеция, терінің құрғауы, қатты тершеңдік

- арқаның ауыруы

- несепті ұстай алмау

- жатырлық қан кетулер

- метроррагия, қынаптан бөлінділердің бөлінуі, сүт бездері айналасында жағымсыз сезімдер

- ісінулер, астения

- қанда триглицеридтер концентрациясының жоғарылауы, қанда холестерин концентрациясының жоғарылауы

- препаратқа жоғары сезімталдық

Сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін)

- мұрыннан қан кету

- диспепсия, метеоризм

- аналық без кистасының жарылуы

- сүт бездерінің ісінуі

Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес)

- бауыр функциясының жеткіліксіздігі

- ангионевроздық ісіну

Эндометрийдің қалыңдауы

Эндометрийдің қалыңдауы емдеуді тоқтатқаннан кейін және етеккір оралымы қайта жаңғырғаннан кейін қайтымды сипатқа ие.

Бұдан басқа, прогестерон рецепторларының селективті модуляторын (PAEC) қолданудан туындаған эндометрийдің қайтымды өзгерулерінің эндометрий гиперплазиясынан айырмашылықтары бар. Гистерэктомиядан кейін эндометрий биоптаттарына немесе тін үлгілеріне гистологиялық зерттеу жүргізгенде гистологты пациенттің улипристал ацетатын қабылдағанынан хабардар ету керек.

Аналық бездердің кистасы

Емдеу кезінде және емдеуден кейін аналық бездердің функциональді кисталары анықталды, олар көптеген жағдайларда бірнеше күн ішінде өздігінен жоқ болды.

Жатырлық қан кету

Жатыр миомасынан туындаған айқын етеккірлік қан кетулері бар пациенттер ауыр қан кетулер қаупі бар топта болады, мұндайда хирургиялық араласым қажет етілуі мүмкін. Улипристал ацетатымен емдеу барысында, сонымен қатар емдеу курсын аяқтағаннан кейін 2–3 айдан соң бірнеше осындай жағдайлар тіркелді.

Эсмия ® препаратымен емдеуді жатыр миомасын диагностикалау және емдеу тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен бастау және жүргізу қажет.

Ішке күніне 1 рет 5 мг-ден (1 таблетка), тамақ ішуге қарамай, ұзақтығының әрқайсысы 3 айдан аспайтын курстар.

Емдеуді етеккір оралымының алғашқы аптасы ішінде бастау керек.

Емдеу курсын қайталауды мұның алдындағы емдеу курсын аяқтағаннан кейін екінші етеккір ораламын-ның алғашқы аптасынан мүмкіндігінше ертерек бастаған жөн.

Емдеуші дәрігер препаратты қолдануда үзілістің қажеттілігі жөнінде нұсқау беруі тиіс.

Зерттелген ұзақ мерзімдік емдеу курстық емнің 4 курсын құрайды.

Дозаны өткізіп алған жағдайда улипристал ацетатының таблеткасын мүмкіндігінше тезірек қабылдау керек. Егер қабылдауды өткізіп алу 12 сағаттан асып кетсе, онда өткізіп алған доза қабылданбайды, және қабылдауды әдеттегі режимде қайта жаңғыртқан жөн.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігінде

Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Арнайы зерттеулер жоқ болғандықтан, улипристал ацетаты бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттердің жағдайын мұқият бақылауға мүмкіндік болмаған жағдайда қолдану үшін ұсынылмайды.

Балалар

Улипристал ацетатын тиісті көрсетілімдер бойынша балаларға қолдану алдын ала қарастырылмаған. Улипристал ацетатының қауіпсіздігі және тиімділігі 18 жастағы және одан үлкен әйелдерде ғана анықталған.

Әзірге Эсмия 5мг №28 табл.Гедеон Рихтер пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады