Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Дорзасопт 5мл капли. гл. Ромфарм

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Көз тамшысы
Белсенді зат:
Дорзоламид, тимолол
Фармакологиялық топ:
Глаукомаға қарсы препараттар және миотиктер
Элемент коды::
2000268920162
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
5 760 ₸
Бонустарды сатып алу: 57.60
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- ашық бұрышты глаукомасы немесе жалғанэксфолиативті глаукомасы бар пациенттерде, бета-блокаторлармен жергілікті емдеудің тиімділігі жеткіліксіз болған кезде, көзішілік жоғары қысымды (КІҚ) емдеу үшін.

 

-   белсенді/қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық 

-   тыныс алу жолдарының реактивті аурулары, бронх демікпесін қоса (соның ішінде анамнезде), өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық аурулары 

-   синустық брадикардия, синустық түйіннің әлсіздігі синдромы, синоаурикулярлық блокада, функциясын атқарып тұрған электрокардиостимулятор жоқ болған кезде атриовентрикулярлық блокаданың II-III дәрежесі, жүрек функциясының клиникалық тұрғыдан айқын жеткіліксіздігі, кардиогендік шок

-   бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин) немесе метаболизмдік ацидоз

-   18 жасқа дейінгі балаларға

-   жүктілік және лактация кезеңі

Барлық байқалған жағымсыз жанама әсерлер төменде берілген кездесу жиілігіне сәйкес берілген: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін); жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін); сирек ( ≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін); өте сирек (< 1/10000) және белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес). 

Офтальмологиялық тимолол малеатының ерітіндісі

Жиі (≥ 1/10, <1/10)

-   бас ауыру*

-   көздің тітіркену белгілері және симптомдары (ашып ауыру, қышу, жастың бөлінуі, қызару және басқалар), блефарит*, кератит*, мөлдір қабық сезімталдығының төмендеуі, көздің құрғауы*

Жиі емес (≥ 1/1000, <1/100)

-   бас айналу*, естен танулар*

-   депрессия*

-   көрудің бұзылулары, рефракцияның бұзылуын қоса (кейбір жағдайларда миотиктермен емдеуді тоқтатуға байланысты)*

-   брадикардия*

-   ентігу*

-   жүректің айнуы*, қарыншаның бұзылысы*

-   астения/шаршау*

Сирек (≥1/10.000, <1/1.000)

-   жүйелік аллергиялық реакциялар, Квинке ісінуін, аллергиялық бөртпені, ошақтық бөртпе және есекжемді, анафилаксиялық реакцияны қоса

-   ұйқысыздық*, қорқынышты түстер*, жадыдан айырылу

-   парестезия*, миастения гравис белгілері мен симптомдарының артуы, жыныстық құмарлықтың төмендеуі*, ми қан айналымының жедел бұзылуы*, церебральді ишемия

-   птоз, диплопия, көздің нашар көруі және мөлдір қабықтың ажырауы*

-   құлақтың шуылдауы*

-   гипотензия*, кеуденің ауыруы*, жүрек қағуының жиілеуі*, ісінулер*, жүрек ырғағының бұзылуы*, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі*, жүректің тоқтап қалуы*, жүрек блокадасы

-   церебральді ишемия, қан айналымының динамикалық бұзылуы, Рейно синдромы*, қолдың және табанның мұздауы*

-   бронхтың түйілуі (көбіне бронх түйілетін ауруы бар пациенттерде)*, жөтел*, тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі

-   диарея, ауыз ішінің құрғауы*

-   шаштың түсуі*, псориаз түріндегі бөртпе немесе псориаздың өршуі*

-   жүйелік қызыл жегі

-   жыныс мүшесінің фибропластикалық индурациясы* (Пейрони ауруы), жыныстық құмарлықтың нашарлауы

Белгісіз

-   гипогликемия

-   қышыну, көзден жас ағу, қызару, көрудің көмескіленуі, мөлдір қабықтың эрозиясы 

-   атриовентрикулярлық блокада*, жүрек функциясының жеткіліксіздігі

-   дисгевзия, іштің ауыруы, құсу

-   тері бөртпесі

-   бұлшықеттің ауыруы

-   жыныстық дисфункция

Офтальмологиялық дорзоламид гидрохлоридінің ерітіндісі

Жиі (≥ 1/10, <1/10)

-   бас ауыру*

-   қабақтың қабынуы*, қабақтың тітіркенуі*

-   жүректің айнуы*

-   жалпы әлсіздік/қажу*

Жиі емес (≥ 1/1000, <1/100)

-   иридоциклит*

Сирек (≥1/10.000, <1/1.000)

-   бас айналу*, парестезия*

-   тітіркену, қызаруды*, ауыруды* қоса, қабақтарда қыртыстың түзілуі*, уақытша миопия (ол емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтады), мөлдір қабықтың ісінуі*, көзішілік қысымның төмендеуі*, мөлдір қабықтың ажырауы*

-   жұтқыншақтың тітіркенуі, ауыз ішінің құрғауы* 

-   мұрыннан қан кету*

-   бөртпе*

Офтальмологиялық консерванттар ерітіндісі

Өте жиі (≥ 1/10)

-   көздің ашып ауыруы, шаншуы

-   дәмнің бұзылуы

Жиі(≥ 1/10, <1/10)

-   конъюнктивальді инъекция, көздің нашар көруі, мөлдір қабықтың эрозиясы, көздің қышуы, көзден жас ағу

-   синусит

Жиі емес (≥ 1/1000, <1/100)

-   уролитиаз

Сирек (≥1/10.000, <1/1.000)

-   жүйелік аллергиялық реакциялар, Квинке ісінуін, аллергиялық бөртпені, ошақтық бөртпені және есекжемді, анафилаксиялық реакцияны қоса 

-   тыныстың тарылуы, ентігу, ринит, сирек бронхтың түйілуі 

-   жанаспалы дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз

 

*Осы жағымсыз реакциялар препаратты нарыққа шығарғаннан кейінгі зерттеулерде офтальмологиялық дорзоламид/тимолол ерітіндісін қолданған кезде тіркелді  

**Қосымша жағымсыз реакциялар офтальмологиялық бета-блокаторлармен бірге білінді және Дорзасопт препаратын қолданған кезде теориялық тұрғыдан болуы мүмкін.

 

Зертханалық деректер

Көзге тамызатын дорзоламид/тимолол дәрілерінің ерітіндісі клиникалық зерттеулерде электролиттік теңгерімнің клиникалық тұрғыдан маңызды бұзылуларын туындатқан жоқ.  

Ириттер болуы мүмкін, жұмсақ жанаспалы линзамен жанасуына жол бермеу керек, қолданар алдында жанаспалы линзаны алып тастап, препаратты тамызғаннан кейін кем дегенде 15 минут күте тұру қа-жет.

Ересектерге (соның ішінде егде жастағыларға): зақымданған көздің конъюнктивальді қалтасына тәулі-гіне 2 рет 1 тамшыдан.

Егер пациент жергілікті қолдануға арналған басқа да офтальмологиялық дәрілік препараттарды бір мезгілде қолданса, оларды кем дегенде 10 минут аралықпен қолданған жөн. Егер пациент көз жақпамайын бір мезгілде пайдаланса, онда оны соңғы кезекте жағады. Көзге тамызатын дәріні тамызар алдында жанаспалы линзаларды алып қойып, дәріні  тамызып болғаннан кейін 15 минуттан соң қайта киюге болады.

Препаратты қолданар алдында қолды жуу және тамызатын тамызғыш ұшының көзбен және оны қоршаған тіндермен тікелей жанасуына жол бермеу қажет. Дұрыс қолданбаған кезде көзге тамызатын дәрілер бактериялар жұқтырып, көздің күрделі қабыну ауруларын дамытады, олар көздің көрмей қалуына әкеп соғуы мүмкін. 

Пациенттер көзге тамызатын дәрілерді сақтау және оларға арналған контейнерлерді пайдалану ережелерін білуі қажет. 

Қолдану жөніндегі нұсқаулық

1. Препаратты алғаш пайдаланар алдында құтының мойнындағы қорғаныш қабатын алып тастауы қажет. Жабық құты үшін құты мен қақпақ арасында аздаған кеңістіктің болуына рұқсат етілген.

2. Құтының қақпағын да алып қою қажет.

3. Пациент басын артқа қарай шалқайтып ұстайды және төменгі қабақты көз бен қабақ арасында аздаған қалта сияқты пайда болғанға дейін түсіріңіз. 

4. Құтыны төңкеріп, оны ұшында тамшы пайда болғанға дейін сәл қысу және тамшыны көзге тамызу қажет.  

Тамызғыштың ұшы көзге немесе қабаққа тиіп кетпеуі тиіс.

5. Қажет болған кезде, екінші көзге де осы процедураны қайталаңыз. 

6. Құтыны пайдаланып болысымен  қақпағымен жабу қажет.   

Тамшыны конъюнктивальді қалтаға тамызады, мұндайда мұрынның шырышты қабығы арқылы дәрінің жүйелік сіңуіне және жергілікті әсерінің күшеюіне жол бермеу үшін мұрын-жас өзегін инстилляциядан кейін 2-3 минут бойы саусақпен басу немесе көзді жұму керек. Бұл жүйелік жағымсыз әсерлердің азаюына және жергілікті әсерінің артуына әкелуі мүмкін. 

Әзірге Дорзасопт 5мл капли. гл. Ромфарм пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
5760 ₸  
1
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
5760 ₸  
1
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
5760 ₸  
2
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
5760 ₸  
1
Желтоксан 237 (АПТЕКА)
+7 (7262) 46-00-22
5760 ₸  
1
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
5760 ₸  
1
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
5760 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
5760 ₸  
1
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
5760 ₸  
2
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
5760 ₸  
3
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
5760 ₸  
1
Сулейманова 29
+7 775 007-2828
5760 ₸  
1
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
5760 ₸  
2
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
5760 ₸  
4
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
5760 ₸  
2
Толе-Би 16 (ФИТО Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
5760 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады