Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Линдинет таб. 20мг №63 Гедеон Рихтер

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 63
Белсенді зат:
Этинилэстрадиол, гестоден
Фармакологиялық топ:
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар
Элемент коды::
2000443758627
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
6 195 ₸
Бонустарды сатып алу: 61.95
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

 

- ішуге арналған контрацепцияда

 

 

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік немесе одан күдіктену

- шығу тегі белгісіз қынаптық қан кету

- қазіргі уақыттағы немесе сыртартқыдағы артериялық немесе көктамырлық тромбоз

- тромбоз немесе эмболияны дамытатын күрделі қауіп факторларының болуы (қан ұюының бұзылуы, жүрек клапанының ақауы және жүрекшелер фибрилляциясы)

- сыртартқыда тромбоздың продромальді симптомдарының болуы (мысалы, транзиторлы церебральді ишемиялық шабуыл, стенокардия)

- жүрек-қантамыр бұзылулары (жүрек клапанының (клапандарының) патологиясы, аритмиялар)

- ауыр артериялық гипертензия

- сыртартқыдағы бауыр ісіктері (қатерсіз немесе қатерлі)

- бауырдың күрделі аурулары, бауырдың функционалдық сынамаларының параметрлері қалыпқа түскенше

- сүт бездерінің диагностикаланған немесе күдік тудыратын қатерлі ісіктері

- эндометрийдің диагностикаланған немесе күдік тудыратын қатерлі ісіктері немесе басқа да эстрогенге тәуелді жаңа түзілімдер

- қантамырлық офтальмопатия

- сыртартқыдағы жүктілер герпесі

- орақ тәріздес-жасушалы анемия

- гиперлипидемия

- ангиопатиямен асқынған диабет

- ошақтық неврологиялық симптоматикасы бар бас сақинасы

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

 

- тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-га-лактоза мальабсорбциясы

 

 

Өте жиі (≥/10)

- құйылған қан кетулер, етеккірлер арасындағы жағынды бөліністер

Жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін)

- бас ауыру, бас айналу, бас сақинасы

- көңіл-күйдің өзгеруі, депрессия, күйгелектік, ашушаңдық, либидоның төмендеуі немесе жоғарылауы

- сұйықтық кідірісі

- вульвагинальді кандидоз

- жүрек айну, құсу, іштің ауыруы

- акне

- сүт бездерінің ауырсынуы және ісінуі

- дене салмағының кемуі/артуы

Жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін)

- тәбеттің төмендеуі/артуы

- сүт безінің обыры

- артериялық гипертензия

- хлоазмалар, мелазма

Сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін)

- анафилактикалық реакциялар

- глюкозаға төзімділіктің бұзылуы, гиперлипидемия, гипертриглицеридемия

- жанаспалы линзалардың жақпаушылығы

- отосклероз

- тромбоз, эмболия

Өте сирек (<1/10000)

- өт қабының аурулары, өт-тас ауруы, панкреатит, гепатоцеллюлярлы карцинома, бауыр аденомасы

- жүйелі қызыл жегінің өршулері

- хореяның өршуі, көру жүйкесінің невриті

- инсульт, миокард инфарктісі

- көздегі торқабық артериясының тромбозы

- гемолитика-уремиялық синдром

Ішуге арналған контрацептивтер қолдану мынадай жай-күйлердің жоғары даму қаупімен байланысты:

- артериялық және көктамырлық тромбоз және тромбоэмболия асқынулары, миокард инфарктісін, ин-сульт, көктамырлар тромбозын және өкпе артериясының эмболиясын қоса.

- жатыр мойнының интраэпителиальді неоплазиясы және жатыр мойны обыры

- сүт безінің обыры

 

Көру жүйкесінің невриті жартылай немесе толық көрмей қалуға әкелуі мүмкін. БІК қолдану бұрыннан бар өт қабы ауруының ағымын өршітуі және ауру симптомдары бұрын болмаған әйелдерде аурудың дамуын жеделдетуі мүмкін.

 

 

21 күн бойы күніне бір таблеткадан (дұрысы, тәуліктің белгілі бір уақытында) қабылдау керек. Келесі қаптамадан таблеткалар қабылдауды тоқтатудан болатын қан кету басталуы тиіс 7 күндік үзілістен соң бастау керек. Әдетте, қан кету соңғы таблетканы қабылдағаннан кейін 2 немесе 3 күні басталып, келе-сі қаптамадан таблеткалар қабылдау басталғанша аяқталмауы мүмкін.

Алғаш рет Линдинет 20 қабылдау

Алғашқы Линдинет 20 таблеткасын етеккір оралымының бірінші күні қабылдау керек.

Таблеткалар қабылдауды етеккірдің 2 және 5 күні арасында да бастауға болады, дегенмен бұл жағдай-да алғашқы оралым кезінде таблеткалар қабылдаудың бірінші жеті күнінде контрацепцияның қосымша гормональді емес әдістерін пайдалану қажет.

Басқа біріктіріп ішуге арналған контрацептив қабылдаудан көшу

Алғашқы Линдинет 20 таблеткасын iшугe арналған контрацептивтің алдыңғы қаптамасынан соңғы бел-сенді (құрамында гормон бар) таблетканы қабылдаудан кейін келесі күні, бірақ, iшугe арналған кон-трацептивтердің алдыңғы қаптамасынан әдеттегі таблеткалар қабылдаудан (немесе плацебо таблетка-ларын қабылдау) кейінгі келесі күннен кешікпей қабылдау керек.

Құрамында прогестаген бар препараттардан («мини-пили», инъекциялар, имплантат, ЖІС) көшу

«Мини-пили» қабылдаудан Линдинет 20 қабылдауға етеккір оралымының кез келген күні (имплантат пен жатырішілік спиральдан – оларды алып тастаған күні; инъекциядан – келесі инъекция жасалу қа-жет күні) көшуге болады. Бұл жағдайларда таблеткалар қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контра-цепцияның қосымша шараларын пайдалану қажет.

1-триместрдегі аборттан кейін

Ішугe арналған контрацептивтер қабылдауды бірінші триместрдегі аборттан кейін бірден бастауға бо-лады. Контрацепцияның қосымша шаралары қажет емес.

Босанудан немесе 2-триместрдегі аборттан кейін

Бала емізбейтін әйелдер ішуге арналған контрацептивтер қабылдауды табиғи босанудан соң немесе 2-триместрдегі аборттан кейін 21-28 күні бастауға болады. Ішуге арналған контрацептивтер қабылдау өте кеш басталса, алғашқы 7 күн ішінде қосымша шаралар ретінде контрацепциялық бөгеу әдістерін қолдану қажет.

Егер жыныстық қатынас орын алып үлгерсе, таблеткалар қабылдау басталғанша жүктіліктің бар-жоғын анықтаған жөн немесе алғашқы етеккірлік қан кету басталғанша препарат қабылдауды кейінге қалды-ру керек.

Өткізіп алған таблеткалар

Егер таблетка уақытында қабылданбай қалса, оны мүмкіндігінше тезірек қабылдау керек. Егер өткізіп алған таблетка оның әдетте қабылданатын уақытынан кейінгі 12 сағат ішінде қабылданса, препараттың контрацептивтік әсері төмендемейді, контрацепцияның қосымша шаралары талап етілмейді. Кейінгі таблеткаларды әдеттегі уақытта қабылдау керек.

Егер таблетка қабылдаудағы кідіріс 12 сағаттан асып кетсе, контрацептивтік әсері төмендеуі мүмкін. Әйел өткізіп алған таблеткасын, тіпті егер бұл 2 таблетканы бір мезгілде қабылдауға тура келсе де, өзі бұл жөнінде есіне түсірген бойда қабылдауы тиіс. Осы сәттен бастап, әйел таблеткаларды әдеттегі уа-қытта қабылдауы тиіс. Контрацепцияның қосымша шаралары таблеткалар қабылдайтын келесі 7 күн ішінде қажет. Егер ағымдағы қаптамада 7 таблеткадан аз қалса, онда әйел келесі қаптамадан таблет-калар қабылдауды ағымдағы қаптамадан соңғы таблетканы қабылдағаннан кейін бірден бастауы тиіс: бұл екі қаптамадан таблеткалар қабылдау арасында үзіліс болмайтынын білдіреді. Бұл жағдайда екінші қаптамадағы таблеткалар бітетін сәтке дейін тоқтатудан болатын қан кетуді күту керек емес, дегенмен жағынды немесе құйылған қан кету дамуы мүмкін.

Егер екінші қаптамадан таблеткалар қабылдау аяқталған соң тоқтатудан болатын қан кету дамымаса, онда келесі қаптамадан таблеткалар қабылдау басталғанша жүктіліктің бар-жоғын анықтау қажет.

Құсу жағдайында қабылданатын шаралар

Егер кезекті таблетка қабылдағаннан кейін 3-4 сағат ішінде құсу болса, таблетканың сіңуі толық бол-майды. Мұндай жағдайларда өткізіп алған таблеткаларға қатысты жоғарыда сипатталған алдын ала сақтану шараларын қабылдау қажет.

Егер әйел таблеткалар қабылдаудың әдеттегі режимін өзгерткісі келмесе, ол қажетті қосымша таблет-каларды басқа қаптамадан қабылдауы тиіс.

Етеккірдің басталу мерзімдерін жеделдету немесе етеккір кідірісі

Етеккірлік қан кету әдеттегі таблеткалар қабылдау кезіндегіден ертерек басталу үшін таблеткалар қа-былдау арасындағы үзілісті қалаулы күн санына қысқарту ұсынылады. Үзіліс қанша қысқа болса, екін-ші қаптамадан таблеткалар қабылдау кезінде (етеккірлік қан кету кідірген жағдайдағы сияқты) құйыл-ған қан кетулер мен жағынды бөліністер қатері сонша жоғары.

 

Етеккірлік қан кетудің басталуын кідірту үшін жаңа қаптамадан таблеткалар қабылдауды ағымдағы қаптаманың таблеткалары біткеннен кейін олардың арасын үзіп алмай бірден бастау керек. Етеккірді екінші қаптаманың бүкіл таблеткалары біткенше, қанша қажет болса, сонша ұзақ кідіртуге болады. Екінші қаптамадан таблеткалар қабылдау кезінде құйылған қан кетулер немесе жағынды бөліністер пайда болуы мүмкін. Линдинет 20 жүйелі қабылдауды әдеттегі 7 күндік үзілістен соң қайта жаңғыртуға болады.

 

Әзірге Линдинет таб. 20мг №63 Гедеон Рихтер пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
2
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
6195 ₸  
1
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
6875 ₸  
4
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
6195 ₸  
1
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
6875 ₸  
1
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
6195 ₸  
1
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
6195 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
6195 ₸  
1
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
6195 ₸  
1
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
6195 ₸  
1
Солнечная 1/1
+7 775 007-2828
7175 ₸  
1
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
6195 ₸  
1
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
6195 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады