Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Три-регол таб. №63 Гедеон Рихтер

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 63
Белсенді зат:
Этинилэстрадиол, левоноргестрел
Фармакологиялық топ:
Жыныстық гормондар
Элемент коды::
2000443759952
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
4 540 ₸
Бонустарды сатып алу: 90.80
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

 

- ішу арқылы қабылдайтын контрацепция

 

 

Төменде аталған жай-күйлердің қандай да біреуі болғанда біріктірілген

пероральді контрацептивтер қабылдауға болмайды. Егер бұл жай-күйлердің қандай да біреуі препарат қабылдау аясында бірінші рет дамыса дереу тоқтатылуы тиіс.

- препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық

 

  • қазіргі уақыттағы немесе сыртартқысындағы көктамырлық тромбоз (терең көктамырлар тромбозы, өкпе эмболиясы), қауіп факторларымен немесе онсыз

  • қазіргі уақыттағы немесе сыртартқысындағы артериялық тромбоз (миокард инфарктісі), немесе алдыңғы аурулар (стенокардия және өтпелі ишемиялық бұзылу)

  • қазіргі уақыттағы немесе сыртартқысындағы тромбоз симптомдары (өтпелі ишемиялық бұзылу - ӨИБ, стенокардия)

  • қазіргі уақыттағы немесе сыртартқысындағы ми қан айналымының бұзылыстары

  • көктамырлық немесе артериялық тромбоздың ауыр дәрежесі немесе көптеген факторлар қаупі болуы

  • жүрек-қантамыр бұзылыстары (вальвулопатия, аритмия эпизодтары)

  • ауыр түрдегі артериялық гипертензия

  • тамыр ісігі қамтылған қант диабеті

  • шығу тегі қан тамырлық көрудің бұзылуы

  • қазіргі уақыттағы немесе сыртартқысындағы бауырдың ауыр аурулары (бауыр функциясы көрсеткіштері қалыпты шекке оралғанға дейін)

  • қазіргі уақыттағы немесе сыртартқысындағы бауырдың ісігі (қатерлі емес немесе қатерлі)

  • ошақты неврологиялық симптоматикалары бар бас сақинасы

  • жыныстық стероидтардан туындаған қатерлі ісік (жыныс ағзалары немесе сүт безінің)

  • этиологиясы белгісіз қынаптық қан кетулер

  • жүктілік және лактация кезеңі

 

 

Өте жиі (≥1/10)

- бас сақинасы, бас ауыруы

- етеккір аралығында қан кетулер

Жиі (≥1/100 –ден <1/10 дейін)

- жүрек айнуы, құсу, іш аумағының ауыруы

- бас ауыруы, бас айналуы, гиперестезия, депрессия, көңіл-күйдің ауытқуы - безеу бөртпелері, сұйықтық іркілісі

- сүт бездерінің ширығуы және ауырсынуы, кеуде аумағының ауыруы,

сүт безінің ұлғаюы, сүт безінің секреті, дисменорея, аменорея

- қынаптық секреция өзгерістері, қынап кандидозы

дене салмағының артуы немесе азаюы, либидо өзгерісі

Жиі емес ( ≥1/1000 –ден <1/100 дейін)

-сүт безінің обыры

- тәбет төмендеуі немесе артуы, ішек шаншулары, метеоризм, диарея

- бөртпе, есекжем, хлоазмалар, гирсутизм, алопеция

-жыныстық елігудің төмендеуі немесе артуы

- артериялық қысымның жоғарылауы

Сирек ( ≥1/10000 –ден <1/1000 дейін)

- анафилактикалық реакциялар, есекжем, ангионевроздық ісіну

- тромбоз, тромбоэмболия

- отосклероз

- жанаспалы линза жағымсыздығы

- триглицеридтердің және қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы, глюкозаға толеранттылық төмендеуі, гиперлипидемия

- холестаздық сарғаю

- түйінді эритема, полиморфты эритема

- гипофолатемия

Өте сирек (<1/10000)

- гепатожасушалық карцинома, бауыр аденомасы, өт қалтасының ауруы,

- жүйелі қызыл жегінің өршуі, порфирия өршуі, хорея асқынуы

- көру жүйкесінің невриті (көрудің ішінара немесе толық жойылуына алып келуі мүмкін), торлы қабық артериясының тромбозы

- варикоз нашарлауы, миокард инфарктісі

- панкреатит, гемолитикалық-уремиялық синдром

 

- Крон ауруы және спецификалық емес ойық жаралы колит

 

 

Препаратты бірінші рет қолдану

Күніне бір таблеткадан, қажет болғанда аздаған сұйықтық мөлшерімен іше отырып, дұрысы күнде белгілі бір уақытта қабылдау керек.

Препаратты қабылдауды етеккір оралымының бірінші күнінен бастау керек және қабылдауды 21 күн бойы жалғастырады. Содан кейін жеті күндік үзіліс жасайды, ол күндері етеккірге ұқсас қан кетулер болады. Препаратты қабылдаудың реті (әуелі 6 қызғылт, содан кейін 5 ақ, соңынан 10 күңгірт-сары таблеткалар) қаптамасында сандармен және бағыттағышпен көрсетілген. Контрацепцияның қосымша әдістерін қолданудың қажеті жоқ.

Қабылдауды бастау үшін 2-7 күндер де қолайлы, бірақ бірінші оралым кезінде таблетка қабылдаудың алғашқы жеті күні бойына гормональді емес контрацепция әдісін қосымша (мүшеқап немесе сперматозоидтарды бұзатын дәрілер сияқты) пайдалану ұсынылады. Әдетте тоқтату қан кетуі күңгірт-сары түсті соңғы таблетканы қабылдағаннан кейін 2-ші немесе 3-ші күні басталады және бұл Три-Регол препаратының келесі қаптамасын қабылдауды бастау мерзіміне дейін тоқтамауы мүмкін.

Препарат қабылдаудың келесі циклдары

Препарат қабылдаудың келесі 21 тәуліктік циклын 7 күндік үзілістен кейін бастау керек. Сонда әрбір цикл аптаның белгілі бір күнінде басталады.

Басқа біріктірілген препарат қабылдағаннан кейін Три-Регол® препаратын қабылдауға өту:

Три-Регол® препаратының қабықпен қапталған бірінші таблеткасын қабылдауды алдыңғы ұрықтандыруға қарсы дәрі блистерінен соңғы белсенді (құрамында гормон бар) таблетканы қабылдағаннан кейін келесі күні бастау керек – бірақ алдыңғы ұрықтандыруға қарсы біріктірілген гормональді дәрілерді пайдаланғанда әдеттегі үзілістен кейін бір күннен кешіктірмей (немесе алдыңғы қаптамадан плацебоның соңғы таблеткаларын қабылдағаннан кейін).

Құрамынде тек прогестаген бар препараттан ауысу (төмен дозаланған пероральді контрацептив, инъекция, имплантат немесе жатырішілік ұрықтануға қарсы дәрі):

Төмен дозаланған пероральді контрацептивтен Три-Регол® препаратына ауысу етеккір оралымының кез келген күні жүзеге асырылуы мүмкін (имплантаттан және жатырішілік ұрықтануға қарсы дәріден оларды алып тастаған күннің ертеңіне, инъекциядан – келесісі тағайындалуы тиіс күні).

Бұл жағдайларда таблетка қабылдаудың алғашқы жеті тәулігінде контрацепцияның қосымша әдісін пайдалану керек.

1ші триместрдегі аборттан кейін:

1ші триместрдегі аборттан кейін пероральді контрацептивті қабылдауды дереу бастау керек. Контрацепцияның қосымша әдісі талап етілмейді.

Босанғаннан немесе аборттан кейінгі 2ші триместрде:

Три-Регол® препараты қолданылатын пероральді контрацепция бала емізбейтін әйелге қынаптық босанудан немесе жүктіліктің екінші триместріндегі аборттан кейін 21-28 күн өткен соң тағайындалуы мүмкін. Егер Три-Регол® препараты қолданылатын пероральді контрацепция басталуы одан кеш болса, бастапқы 7 күн ішінде қосымша контрацептивтік дәрі ретінде бөгеу әдісінің бірін қолдану керек. Егер жыныс актісі болып қойса, таблетка қабылдауды бастағанға дейін жүктіліктің бар-жоғын анықтау керек, немесе таблетка қабылдауды бірінші етеккір қан кетуіне дейін қалдыра тұрады.

Контрацепцияның қосымша әдістерін қолдануды талап ететін ерекше жағдайлар:

Қабылдауды өткізіп алған таблеткалар

Препарат қабылдау іркілісінде, бұл анықталғаннан кейін, тиісінше таблеткаларды дереу қабылдау керек. Егер іркіліс 12 сағаттан аз болса,

контрацептивтік препараттың тиімділігі азаймайды және контрацепцияның қосымша әдістерін қолдану талап етілмейді. Келесі таблеткасы әдеттегі уақытта қабылданады. 12 сағаттан асатын іркілісте контрацепцияның тиімділігі төмендеуі мүмкін. Әйел есіне түсе салысымен, тіпті егер екі таблетканы бір күнде ішу керек болса да, соңғы жіберіп алған таблеткасын қабылдауы тиіс. Содан кейін ол таблетканы әдеттегі уақытта қабылдау керек. Келесі таблеткаларды 7 күн қабылдау ішінде қосымша ұрықтандыру дәрісін қолдану керек. Егер ағымдағы қаптамада 7-ден аз таблетка қалса ағымдағы қаптамадан соңғы таблетканы қабылдаудан кейін дереу таблеткаларды келесі қаптамадан қабылдай бастау керек; бұл қаптамалар арасында үзіліс болмауы тиіс деген сөз. Бұл жағдайда тоқтату қан кетулері екінші қаптама аяқталғанша күтілмейді; дегенмен, ағынды бөліністерінің және лақылдап қан кетулердің болуы мүмкін.

Егер тоқтату қан кетулері екінші қаптама аяқталғанша болмаса, келесі қаптамадан таблетка қабылдауды жаңғыртқанға дейін жүктілік бар-жоғын анықтау керек.

Асқазан-ішек бұзылыстары жағдайындағы ұсыныстар

Асқазан-ішек жолдары бұзылыстарының ауыр симптомдары дамыған жағдайда белсенді ингредиенттер сіңірілуі толық болмауы мүмкін және

контрацепцияның қосымша шараларын қарастыру керек.

Таблетка қабылдағаннан кейін 3-4 сағат ішінде дамыған құсуда немесе жедел диареяда, әйел қабылдай алмай қалған таблетка жағдайындағы сипатталған кеңесті ескеруі тиіс.

Етеккір қан кетуінің іркілістері

 

Етеккір қан кетуінің іркілісі үшін жаңа қаптамадан Три-Регол® таблеткаларын қабылдауды, арасында үзіліссіз, ағымдағы қаптама аяқталғаннан кейін келесі күні күңгірт-сары түсті таблеткаларынан (соңғы фаза) бастау керек. Етеккір қан кетуінің іркілісінің ұзақтығы екінші қаптамадан күңгірт-сары түсті таблеткалардың тұтыну мөлшеріне байланысты. Аталған кезең уақытында лақылдап қан кету немесе жағынды бөліністер пайда болуы мүмкін. Три-Регол® препаратын ұдайы қабылдау әдеттегі 7 тәуліктік үзіліс өткен соң жаңғыртылуы мүмкін.

 

Әзірге Три-регол таб. №63 Гедеон Рихтер пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
4540 ₸  
1
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
4540 ₸  
1
г. Чу, ул. Конаева 24
4540 ₸  
1
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
4540 ₸  
1
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
4540 ₸  
1
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
4540 ₸  
2
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
4540 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады