Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 1
Санат бойынша іздеу

Клостилбегит таб 50мг №10 Эгис

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 10
Белсенді зат:
Кломифен
Фармакологиялық топ:
Жыныстық гормондар
Элемент коды::
2000443762648
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
7 260 ₸
Бонустарды сатып алу: 72.60
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- жүкті болу мақсатымен ановуляторлық циклмен әйелдерде овуляцияны стимуляциялауда.

Клостилбегит таблеткаларын овуляторлық циклдің расталған бұзылуымен емделушілерге ғана қолдануға болады. Клостилбегит препаратын тағайындар алдында фертильділіктің бұзылуының басқа себептерін жоққа шығару немесе баламалы ем жүргізу керек.

 

  • препараттың белсенді немесе қосымша заттарына жоғары сезімталдық

  • бауыр функциясында бұзылуы немесе оның сыртартқысында болуы

  • аналық без кистасында (аналық бездер поликистозы синдромын қоспағанда)

  • шығу тегі белгісіз метроррагия
  • гормонға тәуелді ісіктер
  • эндометриоз
  • аналық бездер дисгенезі, менопауза немесе емге жауап күтуге болмайтын кез келген жағдай
  • жүктілікте

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

 

Клостилбегит препаратының дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.

Өте жиі (>1/10)

- вазомоторлық құйылулар

- аналық бездердің үлкеюі

Жиі (>100):

-бас ауыруы

-жүрек айнуы, құсу, метеоризм

-көрудің бұзылуы (бұлыңғыр таңбалар немесе таңбалар түрінде жарықтар, көзде қозғалыстағы жарықты сезіну - сцинтилляциялайтын скотомалар, қалдық бейнелер)

-сүт бездеріндегі жайсыздық сезімі және ауыруы

- ациклдық жатырдан қан кетуі, меноррагия

Жиі емес (>1/1000 –<1/100)

- депрессия

- бас айналуы

- вертиго (айналу сезімі)

- жүйке ширығуы, шаршағыштық

Сирек (>1/10 000 –<1/1000)

- катаракта, көру жүйкесінің невриті

- құрысу ұстамалары

Жиілігі белгісіз (бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес)

-гормонға-тәуелді немесе гормондармен байланысты жаңа түзілімдер/ісіктер

- аллергиялық реакциялар

- гипертриглицеридемия

- параноидты психоз

- синкопальді жағдайлар, ми қан айналымының жедел бұзылуы, ми тамырларының тромбозы

- жүйке жүйесі функциясының бұзылуы, дезориентация, сөйлеудің бұзылуы

- панкреатит

- бауыр функциясының бұзылуы (бромсульфалеин сынамасы нәтижелерінің өзгеруі, сарғаю)

- есекжем, бөртпе, шаштың түсуі (алопеция)

- көпформалы эритема, экхимоздар, ангионевротикалық ісіну

- көп ұрықты жүктілік

- жатыр сыртындағы және жатырлық жүктілік

- жатыр сыртындағы жүктілік

- эндометриоз, эндометриоз ағымының нашарлауы, эндометрий қалыңдығының жұқаруы, аналық бездердің айтарлықтай үлкеюі

Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, жағымсыз реакциялар препаратты ұзағырақ және жоғарырақ дозаларда қолданғанда жиірек дамиды. Препаратты ұсынылған дозаларда қолданғанда жағымсыз реакциялары мардымсыз және тек сирек жағдайларда емге кедергі бола алады.

Аналық бездердің үлкеюі

Препаратты ұсынылған дозаларда қолданғанда аналық бездердің патологиялық өлшемдерге дейін үл-кеюі сирек байқалады, бірақ оның өлшемінің әдеттегі циклдік өзгеруімен салыстырғанда, үлкеюі айқы-нырақ болуы мүмкін. Сол секілді, аналық бездердің циклдік ауыруы айқынырақ болуы мүмкін. Жоғарырақ дозаларын қолданғанда немесе емдеу мерзімін ұзартқанда аналық бездердің үлкеюі және цисталардың түзілуі жиірек байқалады, одан басқа, овуляторлық циклдің лютеиндік фазасы ұзаруы мүмкін. Сирек жағдайларда аналық бездердің айқын үлкеюі туралы хабарланды. Осындай жағдай Клостилбегитті тәулігіне 100 мг дозада 14 күн ішінде қабылдаған поликистозды аналық бездер синдро-мымен емделушілерде сипатталған.

Аналық бездердің қалыптан тыс үлкеюі әдетте өздігінен қайтады. Осындай жағдайлармен көптеген емделушілерде консервативті ем жүргізуге болады.

Көру ағзасы тарапынан бұзылулар

Жалпы дозаның жоғарылауымен көрудің «бұлыңғырлануы» ретінде белгілі симптомдардың даму жиілі-гі, сондай-ақ таңбалар мен жарықтың (жыпылықтағыш скотома) пайда болуы артады. Сондай-ақ бірізді бейнелердің («after-image») пайда болуы туралы хабарланды. Көру ағзалары тарапынан осы симптом-дардың алғаш пайда болуы немесе күшеюі, негізінен, күшті жарықта байқалды. Офтальмологиялық расталған скотомалар, фосфендер және көру қабілетінің нашарлауы туралы хабарлар бар. Сирек жағ-дайларда катаракта және көру жүйкесінің невриті туралы хабарланды. Осы көру бұзылыстары кломи-фенмен емді аяқтағаннан кейін көрудің ұзаққа созылған бұзылыстары туралы хабарлардың болуына қарамастан әдетте қайтымды сипат иеленген. Кейбір жағдайларда, әсіресе кломифенді жоғары доза-ларда қолданғанда немесе оны ұзақ уақытқа тағайындағанда көрудің бұзылуы қайтымсыз сипат та иеленуі мүмкін.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылыстар

Бромсульфалеинді тест (БСФ) көмегімен қаннан шығарылған БСФ мөлшері БСФ белгілі мөлшерін көкта-мыр ішіне енгізгеннен кейін анықталады. 5 мг/кг БСФ көктамыр ішіне енгізгеннен кейін 45 минуттан ке-йін қанда дозаның тек 5% қалады. Бұл сынама бауыр жасушаларының және бауырдың детоксикация-лайтын функциясының зақымдануымен қатар жүретін ауруларды анықтауда тиімді әдіс болып санала-ды, әйтсе де, бұл әдіс бауырдан тыс ауруларды диагностикалауда немесе бауырішілік обструктивті сар-ғаюды анықтауда қолданылмайды.

БСФ сынама жасалған 141 емделушінің 32-де БСФ іркілуі 5% жоғары болды. Осы топқа кіретін 43 емде-лушіден 5 адам кломифенді 50 мг қазіргі кезде ұсынылған дозада қабылдады. БСФ ретенциясы кломи-фенді ұзақ уақыт бойы ұдайы қабылдаған немесе препаратты қабылдаумен байланыссыз бауыр ауру-лары жағдайындағы емделушілерді қоспағанда әдетте өте төмен болды.

Басқа бауыр сынамаларының нәтижелері әдетте қалыпты болды.

Емделушілер 50 мг таблеткалардан (тәулігіне 50 мг немесе 100 мг дозада айына 3 күннен) плацебоны немесе кломифенді қабылдаған зерттеулерде 6-айлық емдеу курсы бойы БСФ тест 94 емделушіде жүр-гізілді. БСФ 5% аса іркілуін білдіретін нәтижелер 6-уы кломифен, ал 5-уі – плацебо қабылдаған 11 ем-делушіде анықталды.

Басқа зерттеуде тәулігіне 50 мг дозада кломифен таблеткаларын қабылдаған бір емделушіде, емнің 19-шы күні сарғаю дамығаны туралы хабарланды. Бауыр биопсиясы гепатиттің белгілерінсіз холестазды анықтады.

Зат алмасу тарапынан бұзылыстар

 

Гипертриглицеридемия (кейбір жағдайларда панкреатитпен) гипертриглицеридемиямен зардап шегетін немесе ол отбасылық сыртартқысында анықталған және/немесе ұсынылғаннан ұзақ уақытта немесе до-зада кломифен қабылдаған емделушілерде анықталды.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қолдануға болады!

1-ші емдеу курсы: ұсынылатын доза 5 күн ішінде тәулігіне 50 мг (1 таблетка) құрайды. Жуық арада жа-тырлық қан кету болмаған жағдайда емді кез келген күні бастауға болады.

Егер прогестин көмегімен қан кетуді индукциялау жоспарланса немесе кенеттен болатын циклдік қан ке-тулерде емді циклдің 5 күнінен бастау ұсынылады. Егер овуляция 50 мг дозаны қабылдағанда бас-талса, онда келесі циклдерде дозаны ары қарай жоғарылатудың артықшылығы жоқ.

2- ші емдеу курсы: бұл сызбаны 1-ші емдеу курсының тиімсіздігінде қолдану керек. Егер овуляция 1-ші емдеу курсынан кейін басталмаса, күнделікті 100мг препараттан (бір реттік тәуліктік доза ретінде 50 мг екі таблетка) 5 күн ішінде келесі циклдің 5-ші күнінен бастап, яғни алдыңғы циклден кейін 30 күннен ке-йін тағайындау керек. Дозаны жоғарылатуға (5 күн ішінде тәулігіне 100 мг-ден аса) немесе емдеу ұзақты-ғын ұзартуға болмайды.

Емге жауап беруге қабілетті көптеген емделушілер, емнің бірінші курсына-ақ жауап береді, үш емдеу кур-сын әдетте баламалы емдік шара деп санауға болады. Овуляциялық қан кету болмаған жағдайда диаг-нозды анықтау керек. Овуляция белгілерінсіз емделушілерді ары қарай емдеу мақсатқа сай емес.

Ұзақ уақыт емдеу

Ұсынылмайды

Емделушілердің арнайы тобы

 

Гипофизарлық гонадотропинге жоғары сезімталдықпен (мысалы, поликистозды аналық бездер синдро-мында) емделушілерде ерекше сақ болу керек және мүмкіндігінше, препаратты төменірек дозада және қысқа уақыт ішінде тағайындау керек.

Әзірге Клостилбегит таб 50мг №10 Эгис пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
8125 ₸  
3
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
7260 ₸  
1
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
7260 ₸  
1
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
8125 ₸  
1
г. Чу, ул. Конаева 24
8125 ₸  
1
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
7260 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
7235 ₸  
2
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
7260 ₸  
1
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
8125 ₸  
1
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
7460 ₸  
1
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
7235 ₸  
1
Сулейманова 29
+7 775 007-2828
7260 ₸  
3
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
7260 ₸  
3
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
7260 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады