Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Валавир таб. 500мг №10 Фармак

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 10
Белсенді зат:
Валацикловир
Фармакологиялық топ:
Вирусқа қарсы препараттар
Элемент коды::
2000443757484
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
5 885 ₸
Бонустарды сатып алу: 58.85
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- белдемелі герпесті (herpes zosterі) емдеуде

- қарапайым герпес вирусы туғызған, алғашқы және қайталанатын генитальді герпесті қоса, терінің және шырышты қабықтардың жұқпаларын емдеуде

- лабиальді герпесті (ерін қызбасы) емдеуде

- генитальді герпесті қоса, қарапайым герпес вирусы туғызған тері және шырышты қабықтар жұқпалары-ның қайталануларын превентивті емдеуде (супрессия)

- қауіпсіз секс ережелерінің сақталу шартымен супрессиялық ем ретінде Валавир қолдану кезінде гени-тальді герпес вирусының сау жұптасқа берілуін азайтуда

 

- цитомегаловирустық жұқпаның және ағзалар транспланттауынан кейінгі аурулардың алдын алуда. Препаратты ЦМВ жұқпасы кезінде алдын алу мақсатында тағайындау трансплантаттың жедел  ажырауы-ның (бүйрек трансплантаттары бар емделушілерде), оппортунистік жұқпалардың және басқа да герпестік вирустық жұқпалар (ҚГВ, ВЗВ) реакцияларының айқындылығын әлсіретеді.

- препарат компоненттеріне және ацикловирге жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

- АИВ жұқпасының клиникалық айқын түрлері (СД4 саны + ˂100жасушадан аз)

Пайда болу жиілігі бойынша жағымсыз реакциялар мынадай санаттарға бөлінген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және <1/10), жиі емес (≥1/1000 және <1/100), сирек (≥1/10000 және <1/1000), өте сирек (<1/10000).

Өте жиі (≥ 1/10)

- бас ауыру

Жиі (≥1/100-ден ≤ 1/10 дейін)

- жүрек айну, құсу, диарея

- бас айналу

- терінің бөртуі, фотосезімталдықты, қышынуды қоса

Жиі емес (≥1/1000-нан ≤ 1/100 дейін)

- лейкопения, тромбоцитопения (лейкопения көбінесе иммунитеті төмен емделушілерде білінеді)

- сананың шатасуы, елестеулер, мәңгіру, тремор, қозу

- ентігу

- эпигастрий аумағындағы жайсыздық

- функционалдық бауыр тестілері көрсеткіштерінің қайтымды жоғарылауы

(билирубин, бауыр ферменттері)

- есекжем

- бүйрек аумағындағы ауыру, несептегі қан (әдетте, бүйрек тарапынан болатын басқа да бұзылулармен байланысты)

Сирек((≥1/10000-нан ≤ 1/1000 дейін)

- анафилаксия, ангионевротикалық ісіну

- атаксия, дизартрия, құрысулар, энцефалопатия, кома, психоздық симптомдар, делирий

- бүйрек функциясының бұзылуы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі (әсіресе, егде жастағы емделушілерде немесе ұсынылуынан асып кететін дозалар қабылдайтын бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде)

Бірлі-жарым жағдайлар

- ацикловирдің бүйрек өзекшелерінде кристалдар түрінде жиналуы.

Емделу кезінде жоғалған сұйықтықтың талапқа сай толықтыруды қамтамасыз ету қажет. Неврологиялық бұзылулар (кейде ауыр) энцефалопатиямен байланысты болуы мүмкін және сананың шатасуы, қозу, құрысулар, елестеулер және кома түрінде көрініс береді. Аталған симптомдар негізінен қайтымды, әрі әдетте бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде немесе өзге де болжанатын жай-күйлер аясында байқалады. Ағза трансплантациясы жасалған және ЦМВ алдын алу үшін валацикловирдің жо-ғары дозаларын (8000 мг/тәулік) алатын емделушілерде неврологиялық реакциялар төменірек дозала-рын қабылдау кезіндегіден жиірек дамиды.

 

Иммунитет тапшылығының ауыр түрлеріне шалдыққан, әсіресе, клиникалық зерттеулердегі ұзаққа со-зылған уақыт кезеңінде жоғары дозаларда (8000 мг/тәулік) валацикловир алған АИВ жұқпасының кеш сатыларындағы емделушілерде бүйрек жеткіліксіздігі, микроангиопатиялық гемолитикалық анемия жә-не тромбоцитопения (кейде біріктірілген) жөнінде хабарламалар алынған. Осындай бұзылулар осыған ұқсас иммунологиялық статусы және қатарлас аурулары бар валацикловир қабылдамаған емделуші-лерде білінді.

Белдемелі герпесті емдеу: 7 күн бойы күніне 3 рет 1000 мг (2 таблетка) Валавир®.

Қарапайым герпес вирусы туғызған жұқпаларды емдеу: күніне 2 рет 500 мг (1 таблетка) Валавир®. Қайталану жағдайларын емдеу курсы - 3 немесе 5 күн. Ауыр болуы мүмкін аурудың бастапқы ағы-мында емдеуді 5-тен 10 күнге дейін ұзарту керек. Емдеуді мүмкіндігінше ертерек бастаған жөн. Жұқпалар қайталануларында препаратты продромальді кезеңде немесе алғашқы симптомдар білін-геннен кейін бірден қолданған дұрыс. Егер емдеу аурудың бастапқы симптомдары білінген соң бірден басталса, Валавир® жұқпа қайталанулары кезінде зақымданулардың дамуынан сақтандыра алады.

Баламалы түрде лабиальді герпесті емдеу үшін Валавирдің® тиімді дозасы 1 күн ішінде күніне 2 рет 2000 мг (4 таблетка) болып табылады. Бірінші дозаны қабылдағаннан кейін шамамен 12 сағаттан соң (6 сағат өткен соң барып) екінші дозаны қабылдау керек. Осындай дозалау режимінде емдеу ұзақтығы 1 күннен аспауы тиіс, өйткені ұзағырақ қолдану емнің клиникалық тиімділігін арттырмайды. Емдеуді лабиальді герпестің алғашқы ерте симптомдары (ерін аумағындағы шымылдату, қышыну немесе ашыту сезімі) білінгенде бастау керек.

Қарапайым герпес вирусы туғызған жұқпалардың қайталануын супрессиялау:

  • иммунитеті қалыпты науқастарға күніне 1 рет 500 мг (1 таблетка) Валавир® тағайындалады;

  • иммунитет тапшылығы бар науқастарға күніне 2 рет 500 мг

(1 таблетка) тағайындалады.

Генитальді герпес вирусының берілуін азайту. Жылына 9 ретке дейін өршуі болатын иммунитеті қалып-ты ересек гетеросексуалдарға Валавир® күніне 1 рет 500 мг дозада тағайындалады.

Генитальді герпес вирусының басқа қауымдардағы науқастарға берілуінің азаюы жөнінде деректер жоқ.

Цитомегаловирустық жұқпаның алдын алу. Ересектерге Валавир® трансплантациядан кейін мүмкін-дігінше ертерек күніне 4 рет 2000 мг (4 таблетка) дозада тағайындалады. Бүйрек жеткіліксіздігінде дозаны азайтады. Емдеу ұзақтығы, әдетте, 90 күн құрайды, бірақ жоғары қауіп дәрежесіндегі емде-лушілерге арттыруға болады.

Бүйрек функциясының бұзылуында дозалау. Бүйрек функциясы бұзылған науқастарға валацикловир абайлап тағайындалу қажет. Организм гидратациясын міндетті түрде талапқа сай деңгейде қамту ке-рек. Дозалау режимі креатинин клиренсі мен көрсетілімдерге байланысты.

Herpes zoster вирусы және қарапайым герпес вирусы туғызған жұқпаларды емдеу және алдын алу

Емдік көрсетілімдер

Креатинин клиренсі, мл/мин

Валавир® дозасы

Herpes zoster

15-30

күніне 2 рет 1000 мг

15-тен аз

күніне 1 рет 1000 мг

Herpes simplex (емдеу)

15-тен аз

күніне 1 рет 500 мг

Herpes labialis (емдеу)

31-49

1 күн ішінде

күніне 2 рет 1000 мг

15-30

1 күн ішінде

күніне 2 рет 500 мг

15-тен аз

бір рет 500 мг

Herpes simplex

(алдын алу)

   

- қалыпты иммунитет

15-тен аз

күніне 1 рет 250 мг*

- иммунитет тапшылығы

15-тен аз

күніне 1 рет 500 мг

Herpes genitalis вирусының берілуін азайту

15-тен аз

күніне 1 рет 250 мг*

* Препарат тиісті дозалануында қолданылады.

Гемодиализде жүрген емделушілерге Валавирді® креатинин клиренсі 15 мл/мин аз емделушілердегі дозаларында қолдану ұсынылады. Доза гемодиализ жасалған соң тағайындалуы тиіс.

Цитомегаловирустық жұқпаның алдын алу

Креатинин клиренсі, мл/мин

Валавир® дозасы

75 және одан көп

күніне 4 рет 2000 мг

50-ден 75 дейін

күніне 4 рет 1500 мг

25-тен 50 дейін

күніне 3 рет 1500 мг

10-нан 25 дейін

күніне 2 рет 1500 мг

10-нан аз немесе диализ

күніне 1 рет 1500 мг

Гемодиализде жүрген емделушілерге Валавир® гемодиализ сеансы жүргізілгеннен кейін тағайындала-ды. Креатинин клиренсі, әсіресе, бүйрек функциясы тез өзгеруі мүмкін кезеңдерде, мысалы, транс-плантациядан соң бірден тұрақты бақылануы тиіс. Соған сәйкес Валавир®дозасын өзгерту керек.

Бауыр функциясының бұзылуында дозалау. Жеңіл немесе орташа дәрежедегі циррозға шалдыққан (ба-уырдың синтездеуші функциясы сақталған) науқастарға дозаны өзгерту қажет емес. Цирроздың кеш сатыларында (бауырдың синтездеуші функциясы бұзылған және портальді бөгеліс белгілері бар) пре-паратты клиникалық қолдану тәжірибесі шектеулі, бірақ фармакокинетика көрсеткіштері дозаны өзгер-ту қажет еместігін айғақтайды. Аса жоғары дозаларын (күніне 4000 мг және одан көп) қолдану жөнінде деректер жоқ.

 

Егде жастағы науқастар. Бүйрек функциясының бұзылу мүмкіндігіне жол бермеу үшін Валавир® доза-сын түзету қажет болады. Организм гидратациясын талапқа сай деңгейде қамту қажет.

Әзірге Валавир таб. 500мг №10 Фармак пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
3
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
5945 ₸  
2
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
5945 ₸  
1
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
5820 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
5820 ₸  
1
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
5945 ₸  
1
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
5820 ₸  
2
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
5885 ₸  
2
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
5885 ₸  
2
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
5885 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады