- мизопростолмен үйлестіре отырып (аменореяның 42 күніне дейін) жатырлық жүктілікті ерте кезеңінде тоқтатуда
- босануға дайындау мен оны индукциялауда
Барлық көрсетілімдер үшін
- мифепристонға және препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі
- ұзаққа созылған глюкокортикостероидтық (ГКС) ем
- жедел немесе созылмалы бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі
- бронх демікпесі, ауыр түрі
- тұқым қуалайтын порфирия
- анемия (гемоглобин мөлшері 100 г/л аз)
- гемостаз бұзылулары (соның ішінде алдыңғы антикоагулянттармен жүргізілген ем)
үлкен мөлшердегі жатыр миомасы (осы дәрілік түр үшін)
әйел жыныс ағзаларының жедел қабыну аурулары
ауыр экстрагенитальді патология болуы
алдын ала терапевттің кеңесінсіз 35 жастан асқан әйелдердің шылым шегуі
кахексия
Жүктілікті дәрі-дәрмектің көмегімен тоқтату мақсатында
- клиникалық тексеру кезінде расталмаған жүктілік
- аменореяның 42 күнінен артық мерзімдегі жүктілік
- жатырдан тыс жүктілікке күдіктену жатырішілік контрацепция қолдану аясында немесе гормональді
контрацепцияны тоқтатқаннан кейінгі жүктілік мизопростол қолдануға қарсы көрсетілімдер
Мезгіліне жетпеген жүктілік кезінде босануға дайындау мен оны индукциялауға:
ауыр дәрежедегі гестоз;
преэклампсия, эклампсия;
мезгіліне жетпеген немесе мезгілінен асып кеткен жүктілік;
анасының жамбас астауы мен нәресте басы өлшемінің сай келмеуі;
шарананың аномальді орналасуы;
жүктілік кезіндегі этиологиясы анықталмаған жыныс жолдарынан келетін қанды бөліністер;
шарананың гемолиздік ауруының ауыр түрлері;
плацентаның алдында болуы немесе ажырауы
Сақтықпен
- өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы
- бронх демікпесі
- артериялық гипертензия
- жүрек ырғағының бұзылулары, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі
- жатыр миомасы
Өте жиі
- простагландинді қабылдағаннан кейінгі бірнеше сағат бойы жатырдың жиырылулары немесе толғақ (10-нан 45%-ға дейін)
- жүрек айнуы, құсу, диарея (простагландинді қолданумен байланысты)
Жиі
- жыныс жолдарынан қатты қан кету (5% жағдайларда), тоқтату үшін кюретаж қажет болуы мүмкін (1,4%)
- абортпен қатар жүретін инфекциялар, күдікті немесе расталған инфекциялар (эндометрит, жамбас ағзаларының қабыну аурулары)
- іштің төменгі бөлігінің елеусіз ауыруы, жайсыздық
- асқазан-ішек жолының түйілуі (жеңіл немесе орташа)
Кейде
- артериялық гипотензия (0,25%)
Сирек
- бас ауыруы, әлсіздік, дімкәстану, вагусты реакциялар (ысыну ұстамалары, бас айналуы, қалтырау), қызба
- есекжем, эритродермия, эритема, эпидермальді некролиз, тері бөртпесі (0,2%)
Өте сирек
- Clostridium sordellii инфекциясынан туындаған, өліммен аяқталатын уытты шок
- Квинке ісінуі
Жүктілікті ерте кезеңінде дәрі-дәрмекпен тоқтату үшін 600мг Миропристон ® препаратын (200мг-ден 3 таблетка) ішке тамақтан кейін (жеңіл таңғы ас) 1-1,5 сағаттан соң, 100 мл қайнаған сумен іше отырып, дәрігердің қатысуымен бір рет қабылдайды.
Миропристон ® препаратын қабылдағаннан кейін 36-48 сағат өткен соң пациент 400 мкг мизопростолды бір рет алу үшін емдеу мекемесіне келуі тиіс. Мизопростолды қабылдаған соң 4-6 сағат бойы дәрігердің динамикалық бақылауы керек. 10-14 күнннен кейін клиникалық зерттеу және УДЗ-бақылау қайта жаса-лады. Қажет болған жағдайда, түсік болғанына көз жеткізу үшін хориондық гонадотропин деңгейін анық-тайды.
Босануға дайындау және индукциялау үшін 200 мг Миропристон® препаратын (1 таблетка) дәрігер қаты-суымен ішке бір рет қабылдайды. 24 сағаттан кейін ішке 200 мг Миропристон® препаратын (1 таблетка) қайтадан қабылдайды. 48-72 сағаттан кейін туу жолының жағдайы бағаланады, қажеттігіне қарай проста-гландиндер немесе окситоцин тағайындалады.