Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Метапреднилон таб 8мг №30 Стерил Жене Лайф

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Метилпреднизолон
Фармакологиялық топ:
Глюкокортикостероидтар.
Элемент коды::
890418091428
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
4 560 ₸
Бонустарды сатып алу: 91.20
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

Глюкокортикоидтармен жүйелі немесе жергілікті емдеуді талап ететін жағдайлар, әсіресе аутоиммундық аурулар:

• қабыну және жүйелі ревматизм аурулары (мысалы, ревматоидты артрит, ювенильді ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилоартрит)

• коллагеноздар (мысалы, жүйелі қызыл жегі, жүйелі дерматомиозит)

• аллергиялық жай-күйлер (мысалы, дәрілік заттарға аса жоғары сезімталдық реакциялары, сарысу құю ауруы, аллергиялық жанаспалы дерматит, анафилаксиялық шок, демікпе)

• өкпе аурулары (мысалы, өкпе саркоидозы)

• бассүйекішілік қысымды төмендету үшін (мысалы, жаңа түзілімдердің аясында мидың ісінуі)

• трансплантаттың ажырау реакциялары

• кейбір дерматологиялық аурулар (мысалы, кәдімгі сулы бөртпе)

• гематологиялық аурулар (мысалы, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, аутоиммундық гемолиздік анемия)

• цитостатикалық еммен астасқан ісік аурулары (мысалы, лейкемия, қатерлі лимфома)

• бауыр аурулары (мысалы, аутоиммундық гепатиттер)

• неврологиялық аурулар (мысалы, жайылған склероз, миастения)

• көз аурулары (мысалы, увеит, көз жүйкесінің невриті)

• бүйрек аурулары (мысалы, гломерулонефрит)

• асқазан-ішек аурулары (мысалы, спецификалық емес ойық жаралы колит, Крон ауруы)

- метилпреднизолонға немесе «Құрамы» бөлімінде атап көрсетілген қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- жүйелі инфекциялар, егер инфекцияға қарсы спецификалық ем қолданылмаса

- жүйелі зеңдік инфекция

Иммунодепрессивті әсер ететін дозаларда ГКС емін қабылдап жүрген пациенттерге тірі немесе тірі аттенуирленген вакциналарды енгізу ұсынылмайды.

Жиі

- инфекция

- кушингоидты жағдайдың дамуы, эндогенді кортикотропин мен кортизол секрециясының бәсеңдеуі

- натрийдің іркілуі, сұйықтықтың іркілуі

- аффективті бұзылыс (оның ішінде депрессиялық көңіл-күй және эйфориялық көңіл-күй). Балаларда көңіл-күйдің өзгеруі, әдеттен тыс мінез- құлық, ұйқысыздық, ашушаңдық сияқты реакциялар пайда болуы мүмкін

- катаракта

- гипертензия

- ойық жара ауруы (пептидтік ойық жараның тесілуі және қан құйылуы мүмкін)

- тері атрофиясы, акне, шеткері ісіну, көгерудің пайда болуы

- бұлшықет әлсіздігі, балалардағы өсудің тежелуі, остеопороз

- жазылудың бұзылуы

- қандағы калий деңгейінің төмендеуі

Белгісіз

- оппортунистік инфекция

- лейкоцитоз

- дәрілік аса жоғары сезімталдық (анафилаксиялық және ұқсас реакциялар, олар циркуляторлық шокты, жүрек жеткіліксіздігін, бронх түйілуін қамтуы мүмкін)

- гипопитуитаризм, тоқтату синдромы

- Капоши саркомасы, ісік лизисі синдромы

 

- метаболизмдік ацидоз, гипокалиемиялық алкалоз, дислипидемия, глюкозаға төзімділіктің бұзылуы, инсулинге деген қажеттіліктің жоғарылауы (немесе диабетпен ауыратындардағы пероральді гипогликемиялық дәрілерге), липоматоз, тәбеттің жоғарылауы (дене салмағының артуына жағдай жасайды), эпидуральді липоматоз, теріс азот теңгерімі (ақуыз катаболизміне байланысты), қандағы мочевина концентрациясының жоғарылауы

- психикалық бұзылулар (оның ішінде мания, иллюзиялар, елестеулер және шизофрения), психоздық мінез - құлық, аффективті бұзылыс (аффективті құбылмалылықты, психологиялық тәуелділікті, суицидтік ойлауды қоса), мінез-құлықтың өзгеруі, тәртіпсіздік жағдайы, мазасыздық, көңіл-күйдің құбылуы, қалыптан тыс мінез-құлық, ұйқысыздық, ашушаңдық

- бассүйекішілік қысымның жоғарылауы (көру жүйкесі дискінің ісінуімен [идиопатиялық бассүйекішілік гипертензия]), талмалар, амнезия, когнитивті бұзылулар, бас айналуы, бас ауыруы

- глаукома, экзофтальм, тамырлық жұқару, склераның сиреуі, хориоретинопатия, анық көрмеу

- вертиго

- жүректің іркілісті жеткіліксіздігі (сезімтал пациенттерде), миокард инфарктісінен кейінгі миокардтың жарылуы, аритмия

- гипотония, артериялық эмболизм, тромбоздық бұзылулар

- өкпе эмболиясы, ықылық

- ішектің тесілуі, асқазаннан қан кету, панкреатит, перитонит, ойық жаралы эзофагит, эзофагит, құрсақ қуысының созылуы, іштің ауыруы, диарея, диспепсия, жүрек айнуы

- бауыр ферменттерінің ұлғаюы (мысалы, аланинаминотрансферазаның ұлғаюы, аспартатаминотрансферазаның ұлғаюы)

- Квинке ісінуі, гирсутизм, петехиялар, экхимоз, эритема, гипергидроз, тері стриясы, бөртпе, қышыну, есекжем, телеангиоэктазия, терінің гиперпигментациясы немесе гипопигментациясы

- миалгия, миопатия, бұлшықет атрофиясы, остеопороз, остеонекроз, патологиялық сыну, нейропатиялық артропатия, артралгия

- тұрақты емес етеккір

- көзішілік қысымның жоғарылауы, көмірсуларға төзімділіктің төмендеуі, несептегі кальцийдің жоғарылауы, тері тесттеріне реакциялардың бәсеңдеуі

Жарақаттар, уланулар және емшаралық асқынулар:

- сіңірлердің үзілуі (атап айтқанда, ахилл сіңірі), омыртқаның компрессиялық сынуы

Емді тоқтатуға байланысты «постстероидтық паникулиттің» жекелеген жағдайлары туралы хабарланған. Тіркелген жағдайларға сәйкес, қызыл, қатты, ашытатын тері астындағы түйіндақтар емдеу аяқталғаннан кейін шамамен екі аптадан соң пайда болады және өздігінен басылады. Кортикостероидтармен емдеу кезінде коагуляцияға және гиперлипидемияға жоғары бейімділік те, сондай-ақ атеросклероз бен васкулит дамуының жоғары қаупі де байқалуы мүмкін. Кортикостероидтармен емдеу шәуһеттің сапасын төмендетуі және аменореяны туғызуы мүмкін.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

 

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

 

http://www.ndda.kz

Дозалану режимі

Бастапқы доза ауруға және оның ауырлық дәрежесіне байланысты. Ересектер үшін бастапқы доза тәулігіне 4-48 мг құрайды, ол аурудың ауырлау жағдайларында ұлғайтылуы мүмкін. Пероральді демеуші доза таңертеңгі уақытта тәулігіне бір рет ұсынылады. Препараттың шамамен 6 мг-ден асатын тәуліктік дозасын қабылдаған кезде жағымсыз әсерлердің қаупі айқын түрде арта түседі. Балаларға төменірек дозасы ұсынылады.

Емнің басында ұсынылатын дозалары жөніндегі мәліметтер төмендегі кестеде көрсетілген.

Қолданылуы

Ұсынылған бастапқы тәуліктік доза

Жүйелі ревматизмдік аурулар

4-16 мг

Коллагеноздар


 
 
 

20-100 мг

Аллергиялық жағдайлар

12-48 мг

Өкпе аурулары

64 мг-ден артық емес

 

Трансплантаттың ажырау реакциялары;

Күніне 7 мг/кг-ден артық емес

Бауыр аурулары

16-48 мг

Дерматологиялық аурулар

80-360 мг

Гематологиялық аурулар

16-100 мг

Неврологиялық аурулар

200 мг-ден артық емес

Жаңа түзілімдердің аясында мидың ісінуі

24-100 мг

Көз аурулары

12-40 мг

Ісік аурулары

16-100 мг

Бүйрек аурулары

32-48 мг

Асқазан-ішек аурулары

60 мг-ден артық емес

Глюкокортикоидтарды ұзақ қабылдау адренокортикальді жеткіліксіздікті туындатады, ол емді тоқтатқаннан кейін бірнеше ай бойы сақталуы мүмкін. Сондықтан жедел жарақаттар, аурулар немесе хирургиялық араласым кезінде препарат дозасын арттыру қажет немесе басқа глюкокортикоидтарды қабылдауға жол беріледі.

Пациенттердің ерекше топтары

Бала пациенттер

Балаларға төменірек дозалары ұсынылады.

Енгізу әдісі және жолы

 

Ішке қабылдауға арналған.

Әзірге Метапреднилон таб 8мг №30 Стерил Жене Лайф пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
4560 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады