Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Юперио 200мг №28таб Новартис Фарма

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 28
Белсенді зат:
сакубитрил/валсартан
Фармакологиялық топ:
Басқа препараттармен біріктірілген ангиотензин IIА aнтагонистері
Элемент коды::
4650069870098
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
11 010 ₸
Бонустарды сатып алу: 110.10
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

 

- систолалық жүрек жеткіліксіздігі бар (NYHA бойынша II-IV класс, сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясы ≤ 40%) ересек пациенттерде жүрек-қантамыр ауырулары мен өлім-жітім қаупін азайту Юперио™ жүрек жеткіліксіздігін емдеу үшін АӨФ немесе ангиотензин II рецепторлар блокаторы (АРБ) тежегіштерінің орнына, қажет болған жағдайда басқа препараттармен (мысалы, бета-блокаторлармен, диуретик-термен және минералокортикоидтардың антагонистерімен) біріктіріліп қолданылады.

 

 

- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қолдану. Егер АӨФ тежегішін тоқтатқан сәттен бері 36 сағат өтпесе, Юперионы™ қабылдауға болмайды

- анамнезде мұның алдында АӨФ тежегіштерін немесе АРБ қолдану аясындағы ангионевроздық ісінудің болуы

- тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну

- қант диабеті бар пациенттерде немесе бүйрек функциясы бұзылған (еШСЖ <60 мл/мин/1.73м2 ) паци-енттерде құрамында алискирен бар дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану

- бауыр функциясының ауыр дәрежеде бұзылуы, билиарлы цирроз және холестаз

- жүктіліктің екінші және үшінші триместрі

- 18 жасқа дейінгі балалар

 

 

Юпериомен™ ем жүргізу кезінде гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының бұзылуы си-яқты жағымсыз реакциялар туралы бәрінен де жиі хабарланды. Юперио™ қабылдаған пациенттерде ангионевроздық ісінудің дамығаны туралы хабарлар болды (жекелеген жағымсыз реакциялардың си-паттамасын қараңыз).

Өте жиі (≥1/10)

- гиперкалиемия*

- гипотензия*

- бүйрек функциясының бұзылуы*

Жиі (≥1/100 - <1/10)

- анемия

- гипокалиемия, гипогликемия

- бас айналуы, бас ауыруы, естен тану (синкопе)

- вертиго (жүйелі немесе вестибулярлы бас айналу)

- ортостатикалық гипотензия

- жөтел

- диарея, жүрек айну, гастрит

- бүйрек жеткіліксіздігі (оның ішінде жедел бүйрек жеткіліксіздігі)

- қажу

- астения

Жиі емес (≥1/1,000 - <1/100)

- аса жоғары сезімталдық

- постуральді (позициялы) бас айналу

- қышыну, бөртпе, ангионевроздық ісіну *

* жекелеген жағымсыз құбылыстардың сипаттамасын қараңыз Жекелеген жағымсыз құбылыстардың сипаттамасы

Ангионевроздық ісіну

Юперио™ қабылдаған пациенттерде ангионевроздық ісінудің дамығаны туралы хабарланды. Зерттеуінде ангионевроздық ісіну эналаприлді қабылдаған 0.2% пациенттермен салыстырғанда, Юпе-рио™ қабылдаған 0.5% пациенттерде пайда болды. Ангионевроздық ісіну дамуының ең жоғары жиілігі Юперио™ (2.4%) және эналаприл (0.5%) қабылдаған қара нәсілді пациенттерде байқалды.

Гиперкалиемия және сарысулық калий

Зерттеуі кезінде гиперкалиемия және >5.4 ммоль/л сарысулық калий концентрациялары сәйкесінше Юперио™ қабылдаған 11.6% және 19.7% пациенттерде және эналаприл қабылдаған14.0% және 21.1% пациенттерде байқалды.

Артериялық қысым

Зерттеуі кезінде, гипотензия және клиникалық мәні бар төмен систолалық қан қысымы (<90 мм сын. бағ. және бастапқы көрсеткіштерден >20 мм сын. бағ. төмендеуі) тиісінше Юперио™ қабылдаған 17.6% және 4.76% пациенттерде, және эналаприл қабылдаған 11.9% және 2.67% пациенттерде байқалды.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Зерттеуі кезінде бүйрек функциясының бұзылуы Юперио™ қабылдаған 10.1% пациенттерде және эна-лаприл қабылдаған 11.5% пациенттерде дамыды.

 

 

Дозалау

Юперионың™ ұсынылатын бастапқы дозасы – төменде сипатталған жағдайларды қоспағанда, 100мг бір таблеткадан тәулігіне екі рет. Пациентке жағымдылығы жақсы болған жағдайда, мақсатты доза тәулігіне екі рет 200мг бір таблетканы құрайтындай болып, қабылдаудың 2-4 аптасында доза екі есе ұлғайтылуы тиіс.

Егер пациенттерде жақпаушылық пайда болса (систолалық артериялық қысым (САҚ) ≤95 мм сын.бағ., симптоматикалық гипотензия, гиперкалиемия, бүйрек функциясының бұзылуы), біріктірілген емді түзету немесе дозаны уақытша төмендету немесе Юперио™ препаратымен емді тоқтату ұсынылады.

Юперио™ АӨФ тежегішінің немесе басқа ангиотензин II рецепторларының (АРБ) бөгегіштерінің орнына жүрек жеткіліксіздігін емдеуге арналған басқа препараттармен үйлестіріп қолданылды. АӨФ немесе АРБ тежегіштерін қабылдамайтын немесе төмен дозаларда қабылдайтын пациенттерді емдеу туралы ақ-парат шектеулі. Сондықтан пациенттердің мұндай санаты үшін ұсынылатын бастапқы доза баяу артты-рылып отыратын (тәуліктік дозаны 3-4аптада 1 рет екі еселеу) тәулігіне екі рет 50 мг құрайды.

Сарысулық калий деңгейі >5.4 ммоль/л немесе САҚ <100 мм сын. бағ. болатын пациенттерде ем-деуді бастау ұсынылмайды. Тәулігіне екі рет 50 мг бастапқы доза САҚ ≥100 - 110 мм сын. бағ. болатын пациенттер үшін ұсынылады.

Юперио™ АӨФ немесе АРБ тежегішімен бірге қолданылмауы тиіс.

Ангионевроздық ісінудің потенциалды қаупі бар болғандықтан, АӨФ тежегішімен бір мезгілде қолданған кезде, егер АӨФ тежегіші тоқтатылған сәттен кем дегенде 36 сағат өтпейінше препаратты қолдануға болмайды.

Юперио™ құрамындағы валсартанның басқа таблетка түріндегі препараттар құрамындағы валсартан-мен салыстырғанда биожетімділігі жоғарырақ.

Егер пациент препаратты қабылдауды өткізіп алса, келесі доза белгіленген уақытында қабылданады.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Доза егде пациенттердің бүйрек функциясын ескере отырып белгіленеді.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек функциясы жеңіл дәрежеде бұзылған (шумақтық сүзілістің есептелген жылдамдығы (еШСЖ) 60-90мл/мин/1.73м2) пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Тәулігіне екі рет 50мг бастапқы доза бүйрек функциясы бұзылуының айқындығы орташа (еШСЖ 30-60мл/мин/1.73м 2) пациенттерге ұсынылады. Препаратты бүйрек функциясы ауыр бұзылған пациенттерде (еШСЖ <30 мл/мин/1.73м2) қол-данудың клиникалық тәжірибесі шектеулі болғандықтан Юперионы™ сақтықпен және тәулігіне екі рет 50мг бастапқы дозамен тағайындау ұсынылады. Юперионы™ бүйрек ауруының терминальді сатысындағы пациенттерде қолдану тәжірибесі жоқ, және мұндай жағдайда препаратты қабылдау ұсынылмайды.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бауыр функциясының жеңіл дәрежеде бұзылуы бар (Чайлд-Пью жүйесі бойынша жіктеудің А класы) пациенттер үшін Юперио™ дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясының орташа бұзылуы (Чайлд-Пью жүйесі бойынша жіктеудің В класы) бар немесе АСТ/АЛТ көрсеткіштері жоғары қалып шегінен екі есе асатын пациенттерде қолданудың аздаған клиникалық тәжірибесі бар.

Юперио™ пациенттердің бұл санатында сақтықпен қолданылуы тиіс; ұсынылатын бастапқы доза тәулі-гіне екі рет 50 мг құрайды. Юперионы™ бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде, билиарлы бауыр циррозын-да немесе холестазда (Чайлд-Пью жүйесі бойынша жіктеудің С класы) қолдануға болмайды.

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану Юперионың™ 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Мәліметтер жоқ.

Қолдану тәсілі

Ішу арқылы.

Юперио™ препаратын қабылдау уақыты тамақ ішу уақытына тәуелді емес.

Таблеткаларды жұтып, стақан сумен ұрттау керек.

 

Әзірге Юперио 200мг №28таб Новартис Фарма пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
2
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
11010 ₸  
3
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
11010 ₸  
1
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
12755 ₸  
2
Б.Батыра 103 (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
12030 ₸  
1
Байзак Батыра 244 (АПТЕКА Элеватор)
+7 775 007-2828
11010 ₸  
2
г. Чу, ул. Конаева 24
12030 ₸  
2
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
11010 ₸  
1
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
12755 ₸  
3
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
12335 ₸  
3
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
12755 ₸  
1
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
11010 ₸  
1
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
12030 ₸  
1
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
11010 ₸  
3
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
12030 ₸  
3
Сарымолдаева 18 (АПТЕКА Мерке)
+7 775 007-2828
12160 ₸  
1
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
12160 ₸  
2
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
11010 ₸  
2
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
12160 ₸  
5
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
12030 ₸  
5
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
12755 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады