Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Элидел 1% 15гр крем МЕДА Меньюфекчеринг

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Крем
Белсенді зат:
Пимекролимус
Фармакологиялық топ:
Тері ауруларын емдеуге арналған препараттар.
Элемент коды::
4019338606286
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Егер жергілікті кортикостероидтармен емдемеген жөн немесе емдеу мүмкін емес болғанда жеңіл және орташа айқындықтағы атопиялық дерматитпен жастағы және одан асқан пациенттерді емдеудеБұл төмендегілердей жағдайда болуы мүмкін:

  • жергілікті кортикостероидтарды көтере алмауда;

  • жергілікті кортикостероидтардың тиімділігі жеткіліксіз болғанда;

  • кортикостероидтарды ұзақ мезгіл қолдану орынсыз болуы мүмкін бет пен мойында қолдану қажеттігінде.

пимекролимуске немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 2 жасқа дейінгі балаларға

Кездесу жиілігіөте жиі (> 1/10), жиі (> 1/100, <1/10), жиі емес (> 1/1000, <1/100), сирек (> 1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/10000, сирек жағдайларды қоса).

Өте жиі

крем жағылған жердегі күйдіру сезімі

жиі

тері инфекциялары (фолликулит), жағылған жердегі реакциялар (тітіркену, бөртпе, эритема)

жиі емес

жанаспалы моллюск, фурункул, импетиго, герпес симплекс, белдемелі герпес, герпестік дерматит, тері папилломасыжергілікті тері реакциясы (бөртпеауыру, парестезия, түлеуқұрғақтықісіну)

сирек

алкогольді көтере алмау (көптеген жағдайларда қан кернеуін сезіну, бөртпе, есекжем, ангионевроздық ісіну)

- аллергиялық реакциялар (бөртпе, есекжем, ангионевроздық ісіну), тері түсінің өзгеруі (гипопигментация, гиперпигментация)

өте сирек

- анафилаксиялық реакциялар.

Пимекролимусы бар крем пайдаланған пациенттерде қатерлі аурулардың туындауының жағдайлары туралы, оның ішінде лимфоманың терілік және басқа да түрлері және терінің қатерлі ісіктері туралы хабарланған. Постмаркетингтік және клиникалық зерттеулерде лимфаденопатияның даму жағдайлары туралы хабарланған, әйтсе де Элидел® препаратымен емдеумен себеп-салдарлы байланысы анықталмаған.

Емдеу ұзақтығы аурудың айқындығына және сатысына байланысты дәрігермен тағайындалады.

Элидел® препаратын атопиялық экземаның белгілері мен симптомдарын емдеу үшін қысқа уақыт және ұзақ уақыт бойы, мезгіл-мезгіл аурудың өршуінің профилактикасы үшін қолдануға болады.

Емді атопиялық дерматиттің алғашқы симптомдары мен белгілері пайда болғанда бастау керек. Элидел® препаратын атопиялық дерматитпен зақымданған жерлерге ғана жағу керек. Элидел® аурудың өршуі кезінде аз уақыт ішінде қолданылуы керек. Пациент немесе оны күтуші адам симптомдары қайтқан кезде Элидел® препаратын қолдануды тоқтату керек. Ем мезгіл-мезгіл жүргізілуі, қысқа мерзімде және ұзаққа созылмауы керек. Элидел® зақымданған жерлерге күніне екі рет жұқа қабатпен жағылу керек.

Аталған зерттеулер Элидел® препаратын 12-айға дейінгі кезең ішінде мезгіл- мезгіл қолданылуын ақтайды.

Егер 6 аптадан кейін жағдайының жақсаруы байқалмаса немесе жағдайы нашарлаған жағдайда, Элидел® препаратын қабылдауды тоқтату керек. Осындай жағдайда атопиялық дерматит диагнозын қайта бағалау және ары қарай терапиялық ем шараны ойластыру керек.

Ересектер. Элидел® препаратының жұқа қабатын зақымданған теріге күніне екі рет жағу және жеңіл сылай отырып теріге толығымен сіңіру керек. Зақымданған жерлердің әрқайсысы Элидел® препаратымен ауру симптомдары және белгілері жоғалғанға дейін өңдеу керек, содан кейін емді тоқтату керек.

Элидел® препаратын басты, бетті, мойынды, сондай-ақ базданатын аймақты қоса алғанда (шап аймағы мен гениталийді), шырышты қабаттардан басқа дененің кез-келген бөліктерінің терісіне жағуға болады. Элидел® препаратын тығыз таңғыш астына қолдануға болмайды.

Атопиялық дерматитті (экземаныұзақ уақыт емдегенде Элидел® препаратымен емдеуді аурудың таралуы мен ары қарай өршуінің алдын алу үшін атопиялық дерматиттің алғашқы белгілері мен симптомдары пайда болғанда бастау керекЭлидел® күніне екі рет қолданылу керекЭлидел® қолданғаннан кейін дереу жұмсартатын дәрілерді жағу керек.

 

Егде жастағы пациенттер. 65 жастағы және одан асқан пациенттерде атопиялық дерматит (экземажағдайы сирек байқалады. Элидел® препаратын зерттеуге қатысты клиникалық зерттеулер аталған жас тобындағы пациенттердің жеткілікті санын қамтымағаннан кейін, олардың емге жауабы жасырақ пациенттердің емге жауабынан айырмашылығы бар-жоғын анықтау мүмкін емес.

Әзірге Элидел 1% 15гр крем МЕДА Меньюфекчеринг пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады