Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Ко-Валодип таб 5мг/160мг/12,5мг №30 КРКА-РУС

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Амлодипин, валсартан, гидрохлоротиазид
Фармакологиялық топ:
Ангиотензин ІІ антагонисттерi.
Элемент коды::
200099803566238389897263
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
5 980 ₸
Бонустарды сатып алу: 59.80
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

артериялық қысымы жекелеген үш дәрілік препарат түрінде, немесе, олардың біреуі біріктірілген, қалғаны екі препарат түрінде қабылданатын амлодипин, валсартан және гидрохлоротиазид біріктірілімімен бақыланатын, ересектерде эссенциальді артериялық гипертензияны емдеу үшін орнын басатын ем ретінде

- амлодипиннің, валсартанның, гидрохлоротиазидтің белсенді субстанцияларына, сульфонамидтің басқа туындыларына, дигидропиридиннің туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бауыр жеткіліксіздігі, бауыр циррозы немесе өт холестазы

- тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну немесе АӨФ тежегіштерімен немесе ангиотензин ІІ рецепторларының антагонисімен алдында емдеу кезіндегі ангионевроздық ісіну

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (шумақтық сүзіліс жылдамдығы <30 мл/мин/1,73 м2), анурия, гемодиализдегі пациенттер

- қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі (ШСЖ <60 мл/мин/ 1,73 м2) бар пациенттерде Ко-Валодипті ангиотензин II рецепторларының блокаторларымен (АРБ) немесе құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану

рефрактерлі гипокалиемия, гипонатриемия, гиперкальциемия және симптоматикалық гиперурикемия

ауыр артериялық гипотензия

- шок (кардиогенді шокты қоса)

сол жақ қарыншадан шығу жолының шығарылу обструкциясы (гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатияны және клиникалық елеулі аорта стенозын қоса)

жедел миокард инфарктісінен кейін гемодинамикалық тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Барлық дәрілік препараттар сияқты, бұл препарат та жағымсыз әсерлер тудыруы мүмкін, алайда барлығында бірдей емес.

Құрамында үш белсенді зат бар басқа біріктірілген препараттар сияқты, әрбір жеке компонентке байланысты жағымсыз әсерлерді жоққа шығаруға болмайды. Амлодипин, валсартан және гидрохлоротиазидтің біріктірілімін немесе оның үш белсенді затының бірін қолдану кезінде хабарланған жағымсыз әсерлер төменде келтірілген және Ко-Валодип препаратын қолдану кезінде пайда болуы мүмкін.

 

Кейбір жағымсыз әсерлері елеуі болуы мүмкін және шұғыл медициналық көмекті қажет етеді.

Егер сізде осы дәріні қабылдағаннан кейін келесі жағымсыз әсерлердің қандай да бірі пайда босла, дереу дәрігерге қаралыңыз:

Жиі (10 адамның 1-еуін зақымдауы мүмкін)

- бас айналу

- артериялық қысымның төмендеуі (жүрек айну, бас айналу, кенеттен естен тану)

Жиі емес (100 адамның 1-еуін зақымдауы мүмкін)

- диурездің күрт төмендеуі (бүйрек функциясының бұзылуы)

Сирек (1000 адамның 1-еуін зақымдауы мүмкін)

- өздігінен қан кету

- аритмия

- бауыр ауруы

Өте сирек (10 000 адамның 1-еуін зақымдауы мүмкін)

- кенеттен ентігу, кеудедегі ауырсыну, ентігу немесе тыныс алудың қиындауы

- қабақтың, беттің немесе еріннің ісінуі

- тыныс алуда қатты қиындықтар туғызаын тіл мен тамақтың ісінуі

- айқын тері бөртпесін қоса терінің қатты реакциясы, есекжем, бүкіл денеде терінің қызаруы, қатты қышу, күлдіреуіктің түзілуі, терінің қабыршақтануы және ісінуі, шырышты қабаттардың қабынуы (Стивенс-Джонсон синдромы, уыты эпидермальді некролиз) немесе басқа аллергиялық реакциялар

- миокард инфарктісі

- ұйқы безінің қабынуы, ол өзін нашар сезінумен қатар жүретін іштің және арқаның қатты ауыруын туғызуы мүмкін

- әлсіздік, гематомалар, дене температурасының көтерілуі және жиі инфекциялар

- құрысулар

Басқа жағымсыз әсерлерге мыналар кіруі мүмкін:

Өте жиі (10 адамның 1-еуін зақымдауы мүмкін)

- қанда калий деңгейінің төмендеуі

- қанда липидтер мөлшерінің жоғарылауы

Жиі (10 адамның 1-еуін зақымдауы мүмкін)

 

- ұйқышылдық

- жүрек қағысының жиілеуі (жүрек қағуын сезіну)

- қан тебу

- ісінулер (ісіну)

- іш ауруы

- тамақ ішкеннен кейінгі асқазандағы жайсыздық

- шаршағыштық

- бас ауруы

- несеп шығуының жиілеуі

- қанда несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы

- қанда магний деңгейінің төмендеуі

- қанда натрий деңгейінің төмендеуі

- бас айналуы, тұрған кезде естен тану

- тәбеттің төмендеуі

- жүрек айнуы, құсу

- қышыну, бөртпе, бөртпенің басқа түрлері

- эрекцияға  жетуге немесе ұстап тұруға қабілетсіздік

- вирустық инфекция

Жиі емес (100 адамның 1-еуін зақымдауы мүмкін)

- жылдам жүрек қағуы

- айналу сезімі

- көрудің бұзылуы

- асқазандағы жайсыздық

- кеудедегі ауырсыну

- қандағы мочевина азотының, креатинин және несеп қышқылы мөлшерінің жоғарылауы

- қандағы кальций, липидтер немесе натрий деңгейінің жоғарылауы

- қандағы калий мөлшерінің төмендеуі

- ауыздан иіс шығу

- диарея

- ауыз құрғауы

- салмақтың артуы

- тәбеттің болмауы

- дәм сезудің өзгеруі

- арқаның ауыруы

- буындардың ісінуіы

- бұлшықеттердің құрысуы/әлсіздігі/ауыруы

- аяқ-қол ұшының ауыруы

- тұруға немесе жүруге қабілетсіздік

- әлсіздік

- қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы

- тұрған кезде немесе жаттығу жасаудан кейін бас айналуы

- қажығыштық

- ұйқының бұзылуы

- шаншу немесе ұйып қалу

- нейропатия

- сананың кенеттен, уақытша жоғалуы

- тұрған қалыптағы артериялық қысымның төмендігі

- жөтел

- ентігу

- тамақтың жыбырауы

- қатты тершеңдік

- қышыну

- вена бойымен ісіну, қызару және ауыру

- терінің қызаруы

- дірілдеу

- көңіл-күйдің түсуі

- үрейлену

- депрессия

- ұйқысыздық

- дәм сезіудің ауытқуы

- естен тану

- ауыр сезімінің төмендеуі

- көрудің бұзылуы

- көріністелуінің бұзылуы

- құлақтың шыңылдауы

- мұрынның шырышты қабығының қабынуынан (ринит) туындаған түшкіру/тұмаурату

 

- дефекация ырғағының өзгеруі

- іш өтуі

- шаштың түсуі

- терінің қышынуы

- түсінің өзгеруі

- несеп шығарудың бұзылуы

- түнде несеп шығарудың жиілеуі

- несеп шығарудың жиілеуі

- ерлерде омырау безінің жайсыздығы немесе үлкеюі

- ауыру

- жай-күйдің нашарлауы

- салмақ төмендеуі

- жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, фарингит, синусит

Сирек (1000 адамның 1-еуіне дейін зақымдауы мүмкін)

қандағы тромбоциттер деңгейінің төмендігі (кейде қан кетумен немесе теріасты гематомаларымен)

несепте қант болуы

қандағы қант деңгейінің жоғарылығы

- диабет кезінде метаболизм жағдайының бұзылуы

- іштегі жайсыздық

- іш қатуы

- терінің, көздің сарғаюымен немесе несептің қараюымен (гемолиздік анемия) бірге туындауы мүмкін бауыр аурулары

- теріде күлгін түсті дақтардың пайда болуы

- бүйрек аурулары

- мәңгіру

- бас айналуы

Өте сирек (10 000 адамның 1-еуіне дейін зақымдауы мүмкін)

- қандағы лейкоциттер санының азаюы

- қандағы тромбоциттер санының азаюы, бұл кенеттен қан құйылуға немесе қан кетуге алып келуі мүмкін (эритроциттердің зақымдануы)

- қызыл иектердің ісінуі

- іш кебуі (гастрит)

- бауырдың қабынуы (гепатит)

- терінің сарғаюы (сарғаю)

- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

- бұлшықет ширығуының жоғарылауы

 

- қантамырлардың қабынуы, көбінесе тері бөртпесімен

- жарыққа сезімталдық

- сіресуді, треморды және/немесе қимыл-қозғалыс бұзылуларын қамтитын бұзылыстар

- дене температурасының жоғарылауы, таматың ауыруы немесе ауыздағы ойық жаралар, инфекциялардың жиілеуі (лейкоциттердің бомауы немесе деңгейі төмендеуі)

- терінің бозаруы, қажу, ентігу, несептің қараюы (гемолиздік анемия, қантамырларда немесе дененің басқа бөіктерінде эритроциттердің аномальді ыдырауы)

- сананың шатасуы, астения, бұлшықеттердің тартылуы және түйілулері, тыныс алудың жиілеуі (гипохлоремиялық алкалоз)

- дененің жоғарғы бөлігінің айқын ауыруы (ұйқы безінің қабынуы)

- жоғары температурамен, жөтелмен, сырылдармен, ентігумен жүретін тыныс тарылуы (респираторлық дистресс, өкпенің ісінуі, пневмонит)

- беттің бөртуі, буындардың ауыруы, бұлшықеттердің бұзылыстары, қызба (қызыл жегі)

- қантамырлардың бөртпе, қанқызыл дақтар, қызба (васкулит) сияқты симптомдармен жүретін қабынуы санының азаюы

- бөртпемен, терінің қызаруымен, ерінде, көзде немесе ауызда күлбіреуіктердің түзілуімен, терінің қабыршықтануымен, дене температурасының жоғарылауымен (уытты эпидермальық некролиз) қатар жүретін, терінің ауыр зақымдануы

- терінің күн сәулесіне сезімталдығының жоғарылауы

Белгісіз (жиілігін қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес)

- қан талдауларындағы, бүйрек функциясына тән өзгерістер, қандағы калий мөлшерінің жоғарылауы, эритроциттер деңгейінің төмендеуі

- эритроциттер талдауларының өзгеруі

- қандағы лейкоциттер мен тромбоциттердің белгілі бір типтері деңгейінің төмендеуі

- қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы

- бауыр ферменттерінің аномальді талдаулары

- диурездің айқын төмендеуі

- қантамырлардың қабынуы

- әлсіздік, қанталаулар және инфекциялардың жиілеуі (аплазиялық анемия)

- көру қабілетінің төмендеуі немесе қысымының жоғарылауына байланысты көздің ауыруы (көздің тамырлы қабатында сұйықтық жинақталуының ықтимал белгілері (хориоидальді жалқық) немесе жедел жабықбұрышты глаукома)

 

- ентігу

- диурездің күрт төмендеуі (бүйрек функциясы бұзылуының немесе бүйрек жеткіліксіздігінің ықтимал белгілері)

бұлшықет түйілуі

дене температурасының жоғарылауы (пирексия)

теріде күлбіреуіктердің түзілуі (буллездік дерматит деп аталатын жағдайдың белгісі)

- терінің бөртпемен, терінің қызаруымен, ерінде, көзде немесе ауызда күлбіреуіктердің түзілуімен, терінің қабыршықтануымен, дене температурасының жоғарылауымен (мультиформалы эритема) қатар жүретін ауыр зақымдануы, тері мен еріннің обыры (терінің меланомалы емес обыры)

Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы:

Терінің меланомалы емес обыры: эпидемиологиялық зерттеулердің қолда бар деректерінің негізінде гидрохлоротиазидті қабылдау мен терінің меланомалы емес обырының арасында жинақталған дозаға тәуелді өзара байланыс білінді.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Ішке қабылдауға арналған.

 

Ко-Валодипті тамақ ішу уақытына қарамай-ақ қабылдай беруге болады.

Таблетканы тәуліктің белгілі бір уақытында, дұрысы таңертең, аздаған су мөлшерімен ішіп, тұтастай жұту керек.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Ко-Валодип препаратының дозасын әдетте тағайындағаннан артық қабылдаған жағдайда тез арада дәрігерге қаралу керек. Мүмкін медициналық көмек қажет болуы ықтимал.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

Препаратты қабылдауды өткізіп алған кезде, пациент есіне түскен бойда дозаны қабылдауы керек, содан кейін келесі дозаны әдеттегі уақытта қабылдау керек. Егер келесі дозаны қабылдау уақыты болса, таблетканы әдеттегі уақытта қабылдау керек. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін препараттың екі реттік дозасын (бір уақытта 2 таблетка) қабылдауға болмайды.

Әзірге Ко-Валодип таб 5мг/160мг/12,5мг №30 КРКА-РУС пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
3
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
5915 ₸  
2
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
5915 ₸  
1
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
5980 ₸  
1
Сарымолдаева 18 (АПТЕКА Мерке)
+7 775 007-2828
5690 ₸  
1
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
5915 ₸  
2
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
5980 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады