Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Нурофен Форте 200мг/5мл 100мл сусп д/дет апельсин Рекитт Бенкизер Хелскэр

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Суспензия
Белсенді зат:
Ибупрофен
Фармакологиялық топ:
Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар, стероидты емес.
Элемент коды::
500015807179
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
1 500 ₸
Бонустарды сатып алу: 45.00

 

6 айлықтан 12 жасқа дейінгі балаларға:

- ыстықты түсіретін симптоматикалық дәрі ретінде келесі жай-күйлерде:

  • жедел респираторлық ауруларда (суық тию, тұмау)

  • егуден кейінгі реакцияларды қоса, дене температурасының жоғарылауымен қатар жүретін инфекциялық-қабыну ауруларында

- ауырғанды басатын дәрі ретінде (ауырлығы әлсіз және орташа дәрежедегі ауыру синдромында) келесі жай-күйлерде:

• тіс ауыруы

  • бас ауыруы, бас сақинасы

  • невралгия

  • құлақтың ауыруы

  • тамақтың ауыруы

  • байламдар созылуы кезіндегі ауыру

  • бұлшықеттің ауыруы

  • ревматизмдік ауырубуындардың ауыруы

  • ауырсынумен жүретін етеккір.

 

 

- әсер етуші затына немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- анамнезде ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдауға жауап ретіндегі аса жоғары сезімталдық реакцияларының болуы (бронх демікпесі, ринит, Квинке ісінуі, есекжем)

- белсенді фазадағы немесе анамнездегі қайталанатын пептидтік ойық жара/қан кету (расталған ойық жара ауруының немесе қан кетудің екі немесе одан көп айқын көріністері)

- анамнезінде ҚҚСП емдеумен байланысты асқазан-ішектен қан кетулер немесе тесілулер болғанда

- цереброваскулярлық немесе кез келген басқа белсенді фазадағы қан кетулері бар пациенттерге

- ауыр бауыр жеткіліксіздігі немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге.

- жүректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге (NYHA жіктеуі бойынша IV функционалдық класы).

- қан түзілудің анықталмаған бұзылулары бар пациенттерге

- құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз қабылдау туындаған ауыр дегидратациясы бар пациенттерге

- жүктіліктің III триместрі

- 6 айға дейінгі балаларға

- дене салмағы 7 кг аз болса

 

 

Жағымсыз әсерлер көбінесе дозаға тәуелді болады. Төменде аталатын жағымсыз реакциялар ибупрофенді тәулігіне 1200 мг аспайтын мөлшерде қысқа мерзімді қабылдау кезінде байқалды. Созылмалы күйлерді емдеуде және ұзақ қолданғанда басқа жағымсыз реакциялардың пайда болуы мүмкін.

Жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігін бағалау келесі критерийлердің негізінде жүргізілді: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100, < 1/10), жиі емес (≥ 1/1000, < 1/100), сирек (≥ 1/10 000, < 1/1000), өте сирек (<1/10 000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалана алмайды).

Жиі

  • іштің ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия, диарея, метеоризм, іштің

қатуы, қышыну, құсу және сирек жағдайларда анемияға әкелетін асқазан-ішектен аздап қан кетуді қоса, асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар.

Жиі емес

- аса жоғары сезімталдық реакциялары: спецификалық емес аллергиялық реакциялар және анафилаксиялық реакциялар, демікпе, демікпенің асқынуы, бронх түйілуі, диспноэ, түрлі типті бөртпе, қышыну, есекжем, пурпура, ангионевроздық ісіну және сирек жағдайда эксфолиативті және буллезді дерматиттер (оның ішінде, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы және полиморфты эритема)

- орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар, бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық, ұйқысыздық, қозу, тітіркену немесе шаршау

- көрудің бұзылуы

- тесілуі немесе қан кетуі болатын асқазан-ішек жолының ойық жарасы, ойық жаралы стоматит, колиттің өршуі және Крон аурулары, гастрит

- тері бөртпесінің түрлі типтері

Сирек

- құлақтың шыңылдауы

- бүйрек тінінің зақымдануы (папиллярлы некроз), қандағы мочевина мен несеп қышқылы концентрациясының артуы

- гемоглобин деңгейінің төмендеуі

Өте сирек

- инфекциямен байланысты қабынудың өршуі (мысалы, некроздық фасцииттің дамуы), сирек жағдайларда желшешек кезінде препаратты қабылдағанда ауыр тері инфекциялары және жұмсақ тіндер жағынан асқынулар дамуы мүмкін

- гемопоэздің бұзылуы (анемия, лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения және агранулоцитоз). Алғашқы белгілер: қызба, тамақтың ауыруы, ауыз қуысының беткейлік ойық жаралары, тұмауға ұқсас симптомдар, айқын әлсіздік, мұрыннан қан кету, этиологиясы белгісіз қан кету және қанталау болып табылады. Мұндай жағдайларда препарат қабылдауды тоқтату, анальгетиктермен және ыстықты түсіретін дәрілермен кез келген өзін-өзі емдеуден бас тарту және дәрігерге бару ұсынылады

 

- бет, тіл және тамақтың ісінуі, ентігу, тахикардия және гипотензия (анафилаксия, ангионевроздық ісіну немесе ауыр шок) түрінде байқалатын ауыр аса жоғары сезімталдық реакциялары

- демікпенің өршуі

- психоздық реакциялар, депрессия

- асептикалық менингит: ҚҚСП қабылдау аясында асептикалық менингиттің даму механизмі аяғына дейін анық емес, бірақ қолда бар деректер иммундық реакцияны көрсетеді (препаратты қабылдаумен және препаратты тоқтатқаннан кейін симптомдардың жоғалуымен уақытша байланыс негізінде). Асептикалық менингит симптомдарының пайда болуының жекелеген жағдайларымен (мысалы, желке бұлшықеттерінің сіресуі, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, қызба немесе сананыңі бұлыңғырлануы) аутоиммундық аурулары бар (мысалы, жүйелі қызыл жегі және дәнекер тіннің аралас ауруы бар) пациенттерде ибупрофенді қабылдау кезінде байқалды

- жүрек жеткіліксіздігі, жүрек қағуының жиілеуі, ісіну, миокард инфарктісі - артериялық гипертензия, васкулит

- эзофагит, ішектің диафрагма тәрізді стриктураларын қалыптастыру, панкреатит

- бауыр функциясының бұзылуы, бауырдың зақымдануы, әсіресе ұзақ қабылдағанда, бауыр жеткіліксіздігі, жедел гепатит

- Стивенс-Джонсон синдромын, полиморфты эритеманы және уытты эпидермалық некролизді қоса, буллезді реакция сияқты тері реакцияларының ауыр түрлері, алопеция

- ісінулер, әсіресе артериялық гипертензиясы немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, нефроздық синдром, жедел бүйрек жеткіліксіздігі болуы мүмкін интерстициальді нефрит.

Жиілігі белгісіз

- тыныс алу жолдарының аса жоғары реактивтілігі, оның ішінде демікпе, бронх түйілуі немесе ентігу

- DRESS-синдром ретінде белгілі ауыр тері реакциясы (жүйелік симптомдары мен дәріден болған эозинофилия), тері бөртпесі, қызба, лимфа түйіндерінің ісінуі және эозинофилдер санының артуы түрінде пайда болады

- жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP).

Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге көріну керек.

 

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті» РММ «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

 

http://www.ndda.kz

 

 

Балаларға арналған Нурофен® Форте препаратының тәуліктік дозасы әр 6-8 сағат сайын бөлінген дозалармен дене салмағына 20-30 мг/кг құрайды (қабылдау аралығындағы ең аз уақыт – 4 сағат). Дозалау үшін өлшегіш шприцті пайдаланыңыз.

Баланың жасы

(Дене салмағы)

Мөлшері және қолдану тәсілі

6-11 ай (7 - 9 кг)

1,25 мл-ден тәулігіне 3-4 рет

1-3 жас (10 – 15 кг)

2,5 мл-ден тәулігіне 3 рет

4-5 жас (16 – 19 кг)

3,75 мл-ден тәулігіне 3 рет

6 - 9 жас (20 - 29 кг)

5 мл-ден тәулігіне 3 рет

10 - 12 жас (30 - 40 кг)

7,5 мл-ден тәулігіне 3 рет

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қабылдауға арналған.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Тек қана қысқа мерзімдік қолдану үшін. Егер препаратты ұзаққа созылмайтын уақыт аралығында, симптомдарды жоюға қажетті ең аз тиімді дозасында қабылдаса, жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін барынша азайтуға болады.

 

Асқазанның жоғары сезімталдығы бар пациенттерге препаратты тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады.

Емдеу ұзақтығы.

Емдеуші дәрігер бағалауы тиіс. Емдеу курсын дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қайталауға болады.

Емдеу ұзақтығы

Қысқа мерзімді қолдануға арналған. Егер симптомдар 3 күннен ұзақ сақталса немесе баланың жағдайы нашарлап кетсе, дәрігерге бару керек.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жеңіл немесе орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны төмендету қажет етілмейді (ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге арналған «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі жеңіл немесе орташа пациенттерде дозаны төмендету қажет етілмейді (бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерге арналған «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Өлшегіш шприцті пайдалану:

  • Шприцті құтының аузына тығыз кигізіңіз.

  • Суспензияны жақсылап шайқаңыз.

  • Құтыны төңкеріңіз де, суспензияны шприцтің қажетті белгісіне дейін толтырғанша поршеньді төмен қарай баяу тартыңыз.

  • Құтыны бастапқы қалпына қойыңыз, ұқыпты түрде бұрай отырып, шприцті суырып алыңыз.

  • Шприцті баланың ауыз қуысына кіргізіп, суспензияны ақырын шығара отырып, поршеньді баяу басыңыз.

Пайдаланып болған соң шприцті жылы сумен жуыңыз және баланың қолы жетпейтін орында кептіріңіз.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Артық дозалану симптомдары 400 мг/кг астам ибупрофенді қабылдаған кезде пайда болуы мүмкін, алайда, дене салмағына 100 мг / кг астам дозасын қабылдаған кезде уытты әсерлердің дамуын жоққа шығаруға болмайды.

Артық дозалану симптомдары

Артық дозалану симптомдары жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы немесе сирек диарея болуы мүмкін. Нистагма, айқын көрмеу, құлақтың шуылдауы, бас ауруы және асқазан-ішектен қан кету дамуы ықтимал. Аса ауыр улану симптомдары орталық жүйке жүйесі тарапынан бас айналу, ұйқышылдық түрінде, кейде қозу немесе бағдарсыздық, естен тану немесе кома түрінде көрінеді. Анда-санда құрысу пайда болуы мүмкін. Ауыр артық дозаланғанда метаболизмдік ацидоз дамуы, сондай-ақ қан арнасында айналатын қан ұю факторларымен өзара әрекеттесуі салдарынан протромбиндік уақыттың ұзаруы мүмкін. Бүйректің жедел жеткіліксіздігі, бауырдың зақымдануы, снижение артериялық қысымның төмендеуі, тыныс алудың қиындауы және цианоз байқалуы мүмкін. Бронх демікпесі бар пациенттерде демікпенің өршуі мүмкін.

Артық дозалану жағдайындағы емдік шаралар

Арнайы антидоты жоқ.

 

Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етумен, жүрек функциясына және пациенттің жай-күйі қалыпқа келгенше негізгі тіршілік көрсеткіштерін мониторингілеумен симптоматикалық және демеуші ем болуы тиіс. Ибупрофеннің ықтимал уытты дозасын қабылдағаннан кейін бір сағат ішінде белсендірілген көмірді ішу арқылы қабылдау немесе асқазанды шаю ұсынылады. Егер ибупрофен сіңіріліп кеткен болса, ибупрофеннің қышқыл туындысын бүйрекпен шығару мақсатында сілтілі сусын тағайындалуы мүмкін. Жиі немесе ұзаққа созылған құрысуларды диазепамды немесе лоразепамды вена ішіне енгізу арқылы басу керек. Бронх түйілуі ұстамасы туындаған жағдайда бронходилататорларды қолдану ұсынылады.

 

Әзірге Нурофен Форте 200мг/5мл 100мл сусп д/дет апельсин Рекитт Бенкизер Хелскэр пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
3
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
1500 ₸  
1
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
1540 ₸  
3
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
1540 ₸  
1
Аккозиева 187А
+7 775 007-2828
1540 ₸  
1
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
1540 ₸  
1
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
1540 ₸  
2
Б.Батыра 103 (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
1540 ₸  
2
Б.Момышулы 27 (АПТЕКА Кайкармет)
+7 775 007-2828
1540 ₸  
1
Байзак Батыра 244 (АПТЕКА Элеватор)
+7 775 007-2828
1500 ₸  
2
Байзак Батыра 244 (АПТЕКА Элеватор)
+7 775 007-2828
1540 ₸  
5
г. Чу, ул. Конаева 24
1540 ₸  
2
Желтоксан 237 (АПТЕКА)
+7 (7262) 46-00-22
1540 ₸  
2
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
1535 ₸  
2
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
1540 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
1540 ₸  
5
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
1500 ₸  
2
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
1540 ₸  
4
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
1500 ₸  
1
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
1500 ₸  
1
Сулейманова 29
+7 775 007-2828
1540 ₸  
2
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
1500 ₸  
2
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
1500 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады