Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Теноксикам-Сэлтфар 20мг №1 Дева Холдинг А.Ш.

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Шөлмек
Белсенді зат:
Теноксикам
Фармакологиялық топ:
Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар, стероидты емес.
Элемент коды::
8699511270082
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
950 ₸
Бонустарды сатып алу: 38.00
Қоймада жоқ

 

- остеоартрит және ревматоидтық артрит кезіндегі ауыру мен қабынуды жеңілдету үшін;

- созылуларды, шығып кетулерді және жұмсақ тіндердің басқа зақымдануларын қоса, тірек-қимыл аппа-ратының жедел ауруларын қысқа мерзімді емдеу үшін.

 

 

- теноксикамға немесе қосымша заттарының қандай-да біреуіне аса жоғары сезімталдық;

- белсенді немесе анамнездегі қайталанатын пептидтік ойық жара/қан кету (ойық жаралану немесе қан кетудің дәлелденген екі одан да көп айқын жағдайы);

- асқазан-ішектен қан кету (мелена, қан құсу), ҚҚСД алдыңғы қолданудан туындаған тесілу, немесе анамнездегі ауыр гастрит;

- бүйректің, бауырдың немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі;

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- салицилаттарға, ибупрофенге, аспиринге немесе басқа ҚҚСД-ға жоғары сезімталдық (демікпе симптом-дарын, ринитті, ангионевроздық ісінуді немесе есекжемді қоса).

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

 

 

Жағымсыз реакциялардың жиілігі келесі ретпен анықталады:

өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, бірақ <1/10), жиі емес (≥1/1000, бірақ<1/100), сирек (≥1/10000, бірақ <1/1000), өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректердің негізінде жиілігін бағалау мүм-кін емес).

Қан және лимфа жүйесі тарапынан болатын бұзылулар:

жиілігі белгісіз - агранулоцитоз, анемия, апластикалық анемия, гемолиздік анемия, лейкопения, тромбоцитопения, нетромбоцитопениялық пурпура,эозинофилия.

Иммундық жүйе тарапынан болатын бұзылулар:

жиілігі белгісіз –демікпе, анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары.

Метаболизм және тамақтану бұзылулары:

жиі - анорексия;

сирек –метаболизм бұзылулары (мысалы, гипергликемия, дене салмағының артуы/ азаюы).

Психика бұзылулары:

сирек – ұйқы бұзылулары (мысалы, ұйқысыздық), депрессия, күйгелектік, аномальді түс көрулер; жиілігі белгісіз – сананың шатасуы, елестеулер.

Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар:

жиі - бас айналуы, бас ауыруы;

жиілігі белгісіз - ұйқышылдық, парестезиялар.

Көру мүшелері тарапынан болатын бұзылулар:

жиілігі белгісіз – көру бұзылулары (көру жітілігінің нашарлауы және бұлыңғыр көру сияқты), көздің ісінуі, көздің тітіркенуі.

Есту мүшелері мен тепе-теңдік тарапынан болатын бұзылулар:

сирек - вертиго;

жиілігі белгісіз – құлақтағы шуыл.

Жүрек тарапынан болатын бұзылулар:

сирек – жүрек соғуының жиілеуі;

жиілігі белгісіз – жүрек жеткіліксіздігі. Егде жастағы пациенттер мен жүрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің туындау ықтималдығын ескеру қажет.

Қантамырлар тарапынан болатын бұзылулар:

сирек – тромбоздық құбылыстар (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт);

жиілігі белгісіз - васкулит, гипертензия.

Клиникалық және эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері, циклооксигеназа-2 селективті теже-гіштері (ЦОГ-2 тежегіштерін) мен кейбір ҚҚСД қолдану (әсіресе жоғары дозаларда және ұзақ уақыт бойы) артериялық тромбоздық құбылыстардың (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) туындау қаупінің жоғарылауына алып келуі мүмкін екендігін көрсетеді. Теноксикам миокард инфарктісі сияқты тромбоздық құбылыстардың туындау жиілігін арттырмағанына қарамастан, қолда бар деректер тенок-сикамның ондай қаупін жоққа шығару үшін жеткіліксіз болып табылады.

Тыныс мүшелері, кеуде қуысы мен көкірекорта ағзалары тарапынан болатын бұзылулар: сирек – бронх түйілуі, асқынған демікпе, ентігу;

жиілігі белгісіз – мұрыннан қан кету. Бронх түйілуі мен асқынған демікпе ҚҚСД-мен емдеу кезінде байқалды.

Асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылулар:

өте жиі – эпигастрий аймағы мен іш тұсының ауыруы және жайсыздық, диспепсия, жүрек айнуы, құсу, метеоризм, іш қатуы, ас қорытудың бұзылуы, стоматит;

жиі –асқазан-ішектен қан кету, асқазан-ішек жолы ағзаларының тесілуі, асқазан-ішек жолының ойық жарасы, кейде өлімге соқтыратын пептидтік ойық жара (әсіресе егде жастағы пациенттерде), қан құсу, қан аралас нәжіс, іш қатуы, ауыз қуысының ойық жаралануы, гастрит, ауыздың құрғауы, колит пен Крон ауруының өршуі;

өте сирек - панкреатит.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар:

жиі емес - бауыр ферменттері деңгейлерінің жоғарылауы;

жиілігі белгісіз - гепатит, сарғаю.

Тері мен теріасты тіндері тарапынан болатын бұзылулар:

жиі емес - қышыну, эритема, экзантема, бөртпе, есекжем;

сирек - везикуло-буллездік реакциялар;

өте сирек - терінің ауыр жағымсыз реакциялары: Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз;

жиілігі белгісіз –фотосезімталдық реакциясы. ҚҚСД-мен емдеуден кейін тырнақтар тарапынан бола-тын бұзылулар мен фотосезімталдық реакциялары туындаған сирек жағдайлар туралы хабарланған.

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар:

жиі емес - қандағы мочевина немесе креатинин деңгейлерінің жоғарылауы;

жиілігі белгісіз – нефроуыттылық (мысалы, бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит, нефроз-дық синдром, қандағы мочевина немесе креатинин деңгейлерінің жоғарылауы).

Ұрпақ өрбіту жүйесі мен сүт бездері тарапынан болатын бұзылулар:

теноксикамды қоса, циклооксигеназа/простагландиндер синтезін бәсеңдететін препараттармен емдеу кезінде әйелдердегі бедеуліктің жекелеген жағдайлары туралы хабарланды.

Жалпы бұзылыстар:

жиі емес - қажу, ісіну;

жиілігі белгісіз - дімкәстану.

 

 

Бұлшықет ішіне немесе вена ішіне енгізуге арналған дозасы тәулігіне 1 рет 20 мг құрайды. Демеуші дозасы: тәулігіне 10 мг.

Айқын ауыру синдромы кезінде дозасын тәулігіне 1 рет 40 мг дейін арттыруға болады.

Подагралық артриттің жедел ұстамалары кезінде: алғашқы 2-3 күн бойы тәулігіне 2 рет 20 мг, содан соң 5 күн бойы тәулігіне 1 рет 20 мг.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттер қатарлас патологиясының болуына (бауыр, бүйрек немесе жүрек-қантамыр жүйесі функциясының бұзылуы) және басқа дәрілік заттарды қатарлас қабылдаумен байланысты күр-делі жағымсыз реакциялардың туындау қаупінің жоғарылауына ұшырайды.

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД) қолдану қажет болса, ең төменгі тиімді дозасын мүм-кіндігінше қысқа уақыт мерзімі ішінде қабылдау керек. ҚҚСД-мен емдеу кезінде асқазан-ішектен қан кету симптомдарын ертерек анықтау мақсатында пациенттерді қадағалауды жүзеге асыру қажет.

Балалар

Теноксикам-Сэлтфар 20мг препаратының балаларда қолданылуы туралы деректердің жеткіліксіздігіне байланысты, ол пациенттердің аталған тобында қолдану үшін ұсынылмайды.

Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі кезінде қолданылуы

         Креатинин клиренсі                                                            Дозалау режимі

       25 мл/минуттан жоғары                                    Дозасын түзету қажет емес. Пациенттерді                                                                                                        мұқият қадағалау ұсынылады.

       25 мл/минуттан төмен                                      Пациенттердің бұл тобында қолданылуы                                                                                                жөніндегі деректер ұсынымдар әзірлеу үшін                                                                                          жеткіліксіз.

Теноксикамның плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесінің жоғарылығы себепті, қан плазмасындағы альбумин концентрациялары елеулі төмендеген жағдайларда (мысалы, нефроздық синдром кезінде) немесе билирубиннің жоғары концентрациялары кезінде сақтық таныту қажет.

Бұрыннан бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолданылуы жөніндегі деректер ұсыным-дар әзірлеу үшін жеткіліксіз.

 

Әзірге Теноксикам-Сэлтфар 20мг №1 Дева Холдинг А.Ш. пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады