Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Оптинол тетризолин 0,5мг/мл 10мл капли гл Ядран

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Көз тамшысы
Белсенді зат:
Тетризолин
Фармакологиялық топ:
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар
Элемент коды::
3856013224585
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Ересектер мен 6 жастан үлкен балаларға

инфекциялық емес факторлардан, мысалытүтіннен, тозаңнанжелден, хлорланған суданжарықтан, косметикалық дәрілерденжанаспалы линзалардан немесе поллиноз сияқты аллергиялық реакциялардан болатын конъюнктиваның ісінуі мен гиперемиясын басу үшін.

- тетризолинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • жабық бұрышты глаукома

  • ауыр сипатты жүрек-қантамыр аурулары (мысалыжүректің ишемиялық ауруы, гипертензия)

  • феохромоцитома

  • қуық асты безінің гиперплазиясы

  • зат алмасу бұзылулары (мысалы, гипертиреоз, диабет, порфирия)

  • моноаминоксидаза тежегіштерін (МАО тежегіштері), трициклды антидепрессанттар немесе артериялық қысымды көтеретін басқа дәрілік заттар қабылдайтын пациенттерде қолдану

жасқа дейінгі балаларға.

Жағымсыз құбылыстар жиілігін белгілеу мына критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).

Жиі

- көздің шырышты қабығының қатты ісінуі (реактивті гиперемия), көздің шырышты қабығының ашыту сезімі, көздің шырышты қабығының құрғауы

- жүректің жиі соғуы, тамырдың жиі бүлкілдеуі, бас ауыру, тремор, тершеңдік, артериялық қысымның көтерілуі, әлсіздік

Сирек

- мидриаз

Өте сирек

тетризолинді ұзақ уақыт қолданудан кейін көз өзектері окклюзиясымен және эпифорамен (көз жасының аға беруі) болатын конъюнктива эпителийінің кератинделуі (ксероз)

Жиілігі белгісіз

- конъюнктиваның тітіркенуі, көздің бұлыңғырлануы

- көздің және периокулярлы аумағының ашытуын сезіну, эритема, тітіркену, ісіну, ауыру, қышыну.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті» «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

 

http://www.ndda.kz

Препаратты 72 сағаттан көп уақыт дәрігердің қадағалауымен ғана қолдануға болады.

Дозалану режимі

Ересектер мен 12 жастан үлкен жасөспірімдерге – әр зақымданған көзге 1 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет.

6-дан 12 жасқа дейінгі балалар

Осы дәрілік затты 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға тек дәрігер ұсынымымен ғана қолдануға болады.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде дозаны азайту қажеттілігі туралы деректер жоқ.

Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Осы топ пациенттерінде дозаны азайту қажеттілігі туралы деректер жоқ.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

  • Қолыңызды жуыңыз.

  • Құтының қорғағыш қалпақшасын шешіңіз (1 сурет).

  • Сұқ және ортаңғы саусақтарыңызды құтының түбіне, ал бас бармағыңызды құтының жоғарғы бөлігіндегі дөңгелек пластинаға қойыңыз (2 сурет).

  • Құтының түбін жоғары төңкеріңіз және алғашқы тамшы білінгенше қаусырма қалпақшасын қысып басыңыз (3 сурет).

Дәрілік препаратты алғаш қолданар алдында бірінші тамшы білінген соң кемінде 5 тамшы тамызып жіберу қажетӘр келесі қолданудың алдында 2 тамшы тамызып жіберу қажет. Егер дәрілік препарат 15 күннен көп пайдаланылмасақолданар алдында 5 тамшы тамызып жіберу қажет.

5. Басты кері шалқайтыңызсұқ саусағыңызбен төменгі қабақ пен көздің арасында қалта (конъюнктива қалтасы) болатындай астыңғы қабақты абайлап төмен түсіріңіз, сосын құтыны түбінен төңкере ұстап тұрып, қаусырма қалпақшасына басып, көзге бір тамшы бүркіңіз (4 сурет)Құтының арнайы жасалған механизміне орайәр басқанда дәл бір тамшы бөлінеді.

6. Тамызудан кейін бірден мұрынның маңынан саусағыңызбен көздің бұрышын басыңыз немесе қабақты 1-2 минутқа жабыңызБұл дәрілік препараттың мұрын қойнауына түсіп кетпеуіне көмектеседі.

7. Қажет болса, рәсімді екінші көзге қайталаңыз.

 

Құтыны ластап алмас үшін құты тамызғысының ұшын көзге немесе линзаларға тигізіп алмаңыз және оған саусағыңызды тигізбеңіз.

Құтыны әр пайдаланудан кейін тамызғының ұшын кептіріңіз және оны қорғағыш қалпақшамен жабыңыз.

Жанаспалы линзаларды пайдаланушыларға арналған ақпарат

 

Көздің қандай да бір ауруларында жанаспалы линзалар тағуға болмайды. Егер айрықша жағдайларда жанаспалы линзалар тағуға болатын болса, ОПТИНОЛ® ТЕТРИЗОЛИН препаратын қолданар алдында оларды шешіп қою және препаратты қолданудан кейін 15 минут өткен соң барып қайта тағу қажет.

Әзірге Оптинол тетризолин 0,5мг/мл 10мл капли гл Ядран пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады