Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Сальбутамол аэр. 100мкг/200доз Испания

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
аэрозоль
Белсенді зат:
Сальбутамол
Фармакологиялық топ:
Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар
Элемент коды::
4779025380201
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

 

- тыныс алу жолдарының қайтымды обструкциясы бар пациенттерде (демікпе, созылмалы бронхит, эмфи-зема) бронх түйілуін басу және оның дамуының алдын алуда

- белгілі бір триггермен (аллергенмен) жанасар алдында бронх демікпесі ұстамасының симптомдарын же-ңілдету немесе олардың алдын алу үшін.

 

Бронходилататорлар жалғыз немесе бронх демікпесі емінің негізгі компоненті болмауы тиіс. Егер демікпе-сі бар пациент сальбутамолмен емге жауап бермесе, симптомдардың бақылануына жету және оның сақта-луы үшін ингаляциялық ГКС қолдану ұсынылады. Сальбутамолмен емге жауаптың жеткіліксіз болуы шұ-ғыл медициналық араласуға/емдеуге берілген дабыл бола алады.

 

 

 

 

- препарат құрамына кіретін кез келген компонентке жоғары сезімталдық

- мерзімінен бұрын босанулар

- қатерлі жасанды түсік

Көктамыр ішіне енгізуге арналмаған сальбутамолдың шығарылу түрлері мерзімінен бұрын босанулар мен қатерлі жасанды түсікті тоқтатуға қолданылмауы тиіс.

 

 

 

 

Өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100, < 1/10), жиі емес (≥ 1/1000, < 1/100), сирек (≥ 1/10 000, < 1/1000), өте сирек (< 1/10 000).

 Жиі

- тремор, бас ауыру

- тахикардия

Жиі емес

- ауыз қуысының және жұтқыншақтың шырышты қабығының тітіркенуі

- жүрек қағуын сезіну

- бұлшықеттердің құрысуы

Сирек

- гипокалиемия (b2-агонистерімен ем айқын гипокалиемияға әкелуі мүмкін)

- шеткергі тамырлардың кеңеюі

 Өте сирек

- аса жоғары сезімталдық реакциялары, есекжемді, ангионевроздық ісінуді, бронх түйілуін, гипотония, коллапсты қоса

- парадокстық бронх түйілуі

- лактоацидоз (бронх демікпесінің өршулерін емдеу үшін сальбутамолды көктамырішілік инъекциялар түрінде және небулайзер арқылы алатын пациенттерде)

-аса жоғары сезімталдық

-аритмия, жыпылықтағыш аритмияны, суправентрикулярлы тахикардияны және экстрасистолияны қоса

Препараттың болжанатын жағымсыз реакциялары туралы деректер ұсыну дәрілік заттың қауіп/пайда арақатынасына үздіксіз мониторинг жасауға мүмкіндік беретін өте маңызды сәт болып табылады. Медициналық қызметкерлер кез келген болжанатын жағымсыз реакциялар туралы ақпаратты меди-циналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың соңында көрсетілген байланыс деректері бойынша, сонымен қатар ақпарат жинаудың ұлттық жүйесі арқылы ұсыну керек.

 

 

 

 

 

Сальбутамол аэрозоль түрінде ауыз арқылы аэрозольді ішке тарту жолымен ингаляция үшін ғана қолданылады.

b2-агонистер қабылдау қажеттілігінің артуы демікпе ағымының  нашарлауын айғақтауы мүмкін. Ондай жағдайларда жүргізілген емді қайта бағалау және қосымша ГКС тағайындау мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

Ұсынылған дозаларынан асып кеткенде жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупімен байланысты, қабылдау жиілігі және қолданылған дозалары дәрігердің тағайындауы бойынша ғана арттырылуы тиіс.

Пациенттердің көпшілігінде Сальбутамол препаратының әсер ету ұзақтығы 4-6 сағат құрайды.

Үйлесімді дем алуда және ингалятордан дәріні босатып шығаруда қиындықтары бар тұлғалар Сальбута-мол препаратын спейсер түріндегі құрылғының көмегімен қолдана алады.

Препарат қабылдау қажеттілігі тәулігіне 4 реттен (800 мг) аспауы тиіс. Препарат қажеттілігінің күрт ар-туы демікпе ағымының нашарлауын көрсетеді.

4 жасқа толмаған балаларға Сальбутамол препараты спейсер арқылы қолданылады.

Бронх түйілуінің жедел ұстамасын басу

Ересектер: бір рет 100 мкг-ден 200 мкг дейінгі Сальбутамол препараты.

Балалар: бір рет 100 мкг. Қажет болған жағдайда, дозаны 200 мкг дейін арттыруға болады.

Дене жүктемесінен болатын немесе шығу тегі аллергиялық бронх түйілуінен сақтану

Ересектер: дене жүктемесіне немесе аллергенмен күтілетін жанасуға дейін 200 мкг.

Балалар: дене жүктемесіне немесе аллергенмен күтілетін жанасуға дейін 100 мкг. Қажет болған жағ-дайда, дозаны 200 мкг дейін арттыруға болады.

Ұзаққа созылатын демеуші ем

Ересектер мен балаларға тәулігіне 4 рет 100-200 мкг препарат.

Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

 

 

Әзірге Сальбутамол аэр. 100мкг/200доз Испания пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады