Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

ЛИФТА таб 5мг №28 Абди Ибрахим Глобал Фарм

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 28
Белсенді зат:
Тадалафил
Фармакологиялық топ:
Эректильді дисфункцияда қолданылатын препараттар
Элемент коды::
869951409336
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
24 520 ₸
Бонустарды сатып алу: 245.20
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

– еркек жынысты ересек пациенттерде эректильді дисфункцияны емдеуде.

Тадалафилдің әсері білінуі үшін сексуалдық стимуляция қажет.

Препарат әйелдерге қолдануға арналмаған

- тадалафилге немесе препараттың құрамына кіретін кез келген затқа жоғары сезімталдық

- құрамында органикалық нитраттардың кез келген түрлері бар препараттарды қабылдау

- жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар пациенттерде сексуальді белсенділікке қарсы көрсетілімдердің болуы: соңғы 90 күн ішінде миокард инфарктісі,

- тұрақсыз стенокардия немесе, жыныстық қатынас кезінде стенокардия ұстамасы пайда болуы,

- соңғы 6 ай ішінде анықталған, Нью-Йорк кардиологиялық ассоциациясының (NYHA) жіктеуі бойынша жүректің ІІ және одан жоғары класқа жататын жеткіліксіздігі,

- жүрек ырғағының бақыланбайтын бұзылуы, гипотензия (АҚ ˂90/50 мм сын. бағ.), немесе бақыланбайтын артериялық гипертензия,

- соңғы 6 ай ішінде бастан кешкен инсульт,

- бұдан бұрын ФДЭ-5 тежегішінің әсерімен байланысты болу-болмауына тәуелсіз, артериитпен байланысты емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия (АБАИОН) салдарынан бір көздің көрмей қалуы

- тадалафилді қоса, ФДЭ-5 тежегіштерін риоцигуат сияқты гуанилатциклаза стимуляторларымен бірге қабылдау, өйткені симптоматикалық гипотонияның дамуына әкеліп соқтыруы ықтимал.

- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза тапшылығы және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 - < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес)

Жиі

- бас ауыру

- гиперемия

- мұрынның бітелуі

- диспепсия

- арқаның ауыруы, бұлшықеттер мен аяқ-қолдың ауыруы

Жиі емес

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

- бас айналу

- көздің бұлдырауы, көздің ауыруы ретінде сипатталған сезімдер

құлақтың шыңылдауы

- тахикардия, жүрек қағуы

- гипотония, артериялық гипертензия

- ентігу, мұрыннан қан кету

- іштің ауыруы, құсу, жүректің айнуы, гастроэзофагеальді рефлюкс

- бөртпе

- гематурия

ұзаққа созылатын эрекция

- кеуденің ауыруы, шеткері ісіну, қажығыштық

Сирек

- Квинке ісінуі

- инсульт (геморрагиялықты қоса), естен тану, мидағы қанайналымның өтпелі ишемиялық бұзылуы, бас сақинасы, құрысулар, өтпелі амнезия

- көру өрісінің тарылуы, қабақтың ісінуі, конъюктива гиперемиясы, артериитпен байланысты емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия, торқабық қантамырларының окклюзиясы

- кенет естімей қалу

- миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия, қарыншалық аритмия

- есекжем, Стивенс-Джонсон синдромы, эксфолиативті дерматит, гипергидроз (тершеңдік)

- приапизм, жыныс мүшесінен қан кету, гематоспермия

- беттің ісінуі, жүректен болатын кенеттен өлу

Егер Сізде осы нұсқаулықта көрсетілмеген қандай да болсын жағымсыз әсерлер көрініс берсе, немесе аталған жағымсыз әсерлердің қандай да болсын бірі аса күшті білінсе, дәрігерге қаралуды өтінеміз.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

 

http://www.ndda.kz

Ересек еркектердегі эректильді дисфункция

Болжамды сексуалдық белсенділік алдындағы әдеттегі ұсынылатын дозасы, тамақ ішуге байланыссыз, 10 мг құрайды. Егер 10 мг қабылдау қажетті реакцияны бермесе, онда дозасын 20 мг тадалафилге дейін арттыруға болады.

10 мг және 20 мг дозадағы тадалафил болжамды сексуалдық белсенділік алдында қабылдауға арналған және күн сайын қолдануға ұсынылмаған.

 

ЛИФТА препаратын жиі (яғни аптасына екі реттен жиі емес) қабылдау күтілетін пациенттер үшін, пациенттің таңдауына және емдеуші дәрігердің таңдауына сәйкес, тәулігіне өте аз дозада бір реттік жиілікпен қабылдаудың қолайлы сызбасы құрастырылуы мүмкін.

Мұндай пациенттер үшін тәулігіне шамамен белгілі бір уақытта бір рет 5 мг доза ұсынылады. Доза жеке көтерімділігіне байланысты тәулігіне бір рет 2,5 мг дейін азайтылуы мүмкін.

Енгізу әдісі және жолы

Пероральді қолдануға арналған.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Препаратты болжамды сексуалдық белсенділіктен ең кемінде 30 минут бұрын қабылдаған жөн.

 

Ұсынылатын ең көп қабылдау жиілігі - тәулігіне бір рет.

Әзірге ЛИФТА таб 5мг №28 Абди Ибрахим Глобал Фарм пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
24520 ₸  
1
Желтоксан 237 (АПТЕКА)
+7 (7262) 46-00-22
24520 ₸  
2
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
24520 ₸  
1
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
25000 ₸  
2
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
25000 ₸  
1
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
25000 ₸  
2
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
24520 ₸  
5
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
24520 ₸  
1
Толе-Би 16 (ФИТО Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
24520 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады