Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Экспресс-тест для определения антигена COVID-19 (COVID-19 Ag) №1

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Фармакологиялық топ:
Басқалар
Элемент коды::
2000999448157
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Клиникалық-диагностикалық зертханаларда, медициналық ұйымдарда, кәсіпорындардың медициналық кабинеттерінде және өзін-өзі тестілеу үшін қолданылады.

«COVID-19 антигендi анықтауға арналған экспресс тесті (COVID-19 Ag)» тек in vitro диагностикада пайдалануға арналған және жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциясының антигенін сапалы анықтау үшін пайдаланылады. Тестті COVID-19 күдік бар пациенттерде  пайдалану керек. Жинақ бастапқы скрининг тестке арналған және нәти-желері басқа да қосымша зерттеулермен расталуы тиіс.

1.  Реагенттер жинағы in vitro диагностикаға арналған.

2.  Реагенттер жинағы тек медициналық кәсіби пайдалануға арналған.

 

3.     Үлгіні жинау үшін жиынтықта ұсынылған үлгіні жинау үшін зонд- тампонды пайдаланыңыз. Басқа зонд-тампондарды пайдалану жалған нәтижелерге әкелуі мүмкін.

4.  Жарамсыз нәтижелері бар үлгілер қайта тексерілуі тиіс.

5.           Реагенттер жинағының барлық жиынтықтаушылары бір рет пайдаланылатын бұйымдар болып табылады, оларды қайта пайдалануға тыйым салынады.

6.       Пайдаланар алдында және одан кейін қолыңызды антисептикпен жақсылап өңдеңіз немесе сабынмен жуыңыз.

7.              Реагенттер жинағының пайдаланылған жиынтықтаушыларын потенциалды биологиялық қауіпті материалдар ретінде қарастыру керек.

8.       Реагенттердің бір рет пайдаланылған жиынтықтаушы жинағының қалдықтары жинауға арналған медициналық қапшыққа утилизациялануы тиіс.

 

1)  Ескертулер

1.             Бұйым клиника-диагностикалық зертханаларда, медициналық ұйымдарда, кәсіпорындардың медициналық кабинеттерінде және өзін-өзі тексеруге арналған.

2.   Әр үлгі үшін жаңа зонд-тампонын пайдалана отырып, үлгілерді кросс -

контаминациядан аулақ болыңыз.

3.     Ылғалдылық пен температура зерттеу нәтижелеріне теріс әсер етуі мүмкін.

4.      Процедура барысында микробиологиялық қауіптерге қарсы барлық сақтық шараларын сақтаңыз.

5.  Дұрыс нәтижелерді алу үшін нұсқаулықты нақты сақтау қажет.

Аныкталмаган

Үлгілерді жинау, түрі, сақтау және сақтық шаралары

ҮЛГІЛЕР

·        Мұрын немесе мұрын аймағынан алынған адамның жағындысы.

·        ЛАСТАНҒАН үлгілерді пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

·        ҮЛГІЛЕРДІ жинағаннан кейін ДЕРЕУ тестілеу ҰСЫНЫЛАДЫ.

·        Клиникалық үлгілердің тұрақтылығы: бөлме температурасында 1

сағат (15-25) немесе алудан кейін 2-8 кезінде 4 сағат.

·        Тестілеу алдында үлгілерді бөлме температурасына дейін жеткізу керек.

·        Үлгілерді мұздатып қатыруға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

Ескерту: пайдаланар алдында тест кассетасын мөрленген пакетте сақтаңыз. Кассетаны фольгадан жасалған пакетті ашқаннан кейін 30 МИНУТ ішінде пайдалану керек. Егер ТЕМПЕРАТУРА 30-дан жоғары болса немесе жоғары ылғалдылық жағдайында сақталса, оны фольгадан жасалған пакетті ашқаннан кейін ДЕРЕУ пайдалану керек.

Үлгілерді жинау

 

Клиника-диагностикалық зертханалар мен медициналық ұйымдар үшін:

-   Егер мұрын қуысы шырышпен толса, емшара алдында сіңбіріну керек;

-    Стандартты операциялық процедураға сәйкес пациенттен мұрын немесе жұтқыншақтан жағынды алыңыз.

 

Кәсіпорындардың медициналық кабинеттері және өзін-өзі тестілеу үшін:

-   Егер мұрын қуысы шырышпен толса, емшара алдында сіңбіріну керек;

-Қаптамадан үлгілерді жинау үшін зонд-тампонды алыңыз. Мақта тампоны бар зондты танау арқылы 2-3 см тереңдікке ақырын енгізіңіз. Айналмалы қозғалыспен ішкі бетін мақта тампонымен ысқылаңыз және 5 рет бұраңыз. Мақта тампоны бар зондты баяу алыңыз да, оны басқа танау арқылы 2-3 см тереңдікке енгізіңіз. Айналмалы қозғалыстарды 5 рет қайталаңыз, сонымен қатар ішкі бетті мақта тампонымен сүрту керек. Мақта тампоны бар зондты баяу алыңыз. Дәл нәтиже алу үшін үлгіні жинау кезінде дем алмай тұра тұру ұсынылады.

 

Үлгіні жинағаннан кейін дереу тесттік зерттеу жүргізіңіз. Үлгіні дұрыс жинамау немесе дұрыс пайдаланбау/сақтау немесе тасымалдау қате нәтижелерге әкелуі мүмкін.

 

Тест процедурасы:

1)        Құтының герметикалық жарғақшасын қорғаныс қақпағы бар қақпақтың ұштығымен лизиске арналған буфермен тесіңіз, содан кейін жарғақшаның тығыздағышын толығымен ашу үшін қалпақты құтыға қысыңыз.

2)     Қалпақшаны құтыдан ажыратыңыз және оны қорғаныш қақпақта тұруы үшін үстелге қойыңыз. ЛАСТАНУДЫ болдырмас үшін ұштықтың ұшына тигізбеңіз.

3)     Алынған жағындысы бар тампонды лизиске арналған буфері бар құтыға салыңыз. Түтікті қысып, тампонды 5 рет араластырыңыз.

4)  Құтыны қысуды жалғастыра отырып, тампонды алыңыз. Тампондағы бүкіл сұйықтық құтыға аққанына көз жеткізіңіз

5)      Қорғаныш қақпағы бар қалпақшаны қайтадан құтыға қорғаныш қақпағын жоғары қаратып қойыңыз. Құтыны 10 РЕТ абайлап сілкіп араластырыңыз. 1 МИНУТ қоя тұру керек.

6)     Қалпақшадан қорғаныс қақпағын бұрап алыңыз. Құтыны қысып, өңделген ҮЛГІНІҢ алғашқы екі тамшысын төгіңіз. Әрі қарай, өңделген ҮЛГІНІҢ үш тамшысын тест кассетасының ойықшасына тігінен қосып, 15 МИНУТ қоя тұрыңыз.

7)     Тест нәтижесін оқып шығыңыз, тест нәтижесі 30 минуттан кейін жарамсыз болады.

 

 

Нәтижелердің интерпретациясы

Оң нәтиже: түрлі-түсті жолақтар тест (Т) және бақылау (С) жолақтарында пайда болады. Теріс нәтиже: түсті жолақ тек бақылау жолағында (C) пайда болады. Жарамсыз нәтиже: тестті ЖАСАҒАННАН кейін бақылау жолағында көрінетін түсті жолақ пайда болмайды. ҮЛГІНІ қайта тестілеуді жүргізу ҰСЫНЫЛАДЫ.

 

Оң                          Теріс                         Жарамсыз                       Жарамсыз

 
 

 

 

Әзірге Экспресс-тест для определения антигена COVID-19 (COVID-19 Ag) №1 пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады