Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Максигра White 25мг №2таб Польфарма АО

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар
Белсенді зат:
Силденафил
Фармакологиялық топ:
Эректильді дисфункцияда қолданылатын препараттар
Элемент коды::
5903060618848
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- жыныс мүшесінің қанағаттанаралық жыныстық акт үшін жеткілікті эрекциясына жетуге немесе оны сақ-тап тұруға қабілетсіздікпен сипатталатын эректильді дисфункцияда.

Максигра White тек сексуалдық стимуляция кезінде ғана тиімді.

 

 

- белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- азот тотығының донаторлары болып табылатын препараттарды (амилнитрит) немесе нитраттардың кез келген түрін бір мезгілде қабылдау

- гуанилатциклаза стимуляторларымен (риоцигуат) бір мезгілде қабылдау

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- көздің торқабығының тұқым қуалайтын дегенерациялық аурулары (мысалы, тұқым қуалайтын пиг-менттік ретинит (аталған пациенттердің азғантай санында торқабық фосфодиэстеразалары функция-ларының тұқым қуалайтын бұзылулары болған))

- көру жүйкесінің алдыңғы артерииттік емес ишемиялық нейропатииясы салдарынан бір көздің көрмей қалуы, бұл көріністі осының алдындағы ФДЭ-5 тежегішін қолданумен байланысты болған-болмағанды-ғына қарамастан

- артериялық гипотензия (АҚ <90/50 мм сн. бағ.)

- жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр аурулары (мысалы, жүректің ауыр жеткіліксіздігі, тұрақсыз стенокар-дия)

- соңғы 6 ай ішінде бастан өткерген миокард инфарктісі

- соңғы 6 ай ішінде бастан өткерген инсульт

- 18 жасқа дейінгі балаларға

- лактозаны көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы, глюкозо-галактоза мальабсорбциясы

Сақтықпен:

- жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы (соның ішінде, ангуляция, каверноздық фиброз немесе Пейрони ауруы)

- приапизм дамуына бейім аурулар (орақтәрізді жасушалы анемия (қанның қызыл түйіршіктерінің ано-малиясы), көптүрлі миелома (сүйек кемігінің обыры) немесе лейкемия (қан жасушаларының обыры) си-яқты)

- қанның ұюындағы қиындықтар (гемофилия)

- қан кетумен қатар жүретін аурулар

- асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жара ауруының өршулері

- альфа-адреноблокаторлар тобының препараттарымен бір мезгілде қабылдау

Тіркелген көрсетілімі бойынша препарат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде және әйелдерде қолдануға арналмаған.

 

 

 Силденафилді қолданғанда жиілігінің білінуіне қарай келесідегідей жіктелген жағымсыз әсерлер тіркел-ді: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 -<1/100 дейін) және сирек (≥1/10 000 және <1/1000).

Өте жиі

- бас ауыруы

Жиі

- бас айналуы

- мұрынның бітелуі

- түстерді ажыратудың бұрмалануы (хлоропсия, хроматопсия, цианопсия, эритропсия, ксантопсия), көру бұзылысы, анық көрмеу

- гиперемия, қан тебулер

- диспепсия, жүрек айнуы

Жиі емес

- ринит

- аса жоғары сезімталдық

- ұйқышылдық, гипестезия

- көз жасы ағуымен байланысты бұзылулар (көздің құрғауы, көз жасы безі функциясының бұзылуы, көзден жас ағудың күшеюі), көздің ауыруы, фотофобия, фотопсия, көз қантамырларының гиперемия-сы, көру арқылы қанық қабылдау, конъюнктивит 

- кеңістіктегі бағдарсыздық (вертиго), құлақтағы шуыл

- тахикардия, жүрек соғуын сезіну

- артериялық гипертензия, артериялық гипотензия

- мұрыннан қан кету, мұрынның қосалқы қойнауларының бітелуі

- іштің жоғарғы бөлігінің аукыруы, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, құсу, ауыздың құрғауы

- бөртпе

- миалгия, аяқ-қолдардың ауыруы

- гематурия

- кеуде қуысының ауыруы, қатты қажу, ысыну сезімі

Сирек

- ми қанайналымының жедел бұзылуы, транзиторлық ишемялық шабуыл, құрысу ұстамасы * , құрысу ұстамасының қайталануы * , естен тану

- көру жүйкесінің алдыңғы артерииттік емес ишемиялық нейропатиясы*, торқабық қантамырларының окклюзиясы * , торқабықтың қанталауы, артериосклероздық ретинопатия, торқабық ауруы, глаукома, көру аясының ақауы, диплопия, көру өткірлігінің төмендеуі, миопия, астенопия, шынытәрізді дененің қалқып бұлыңғырлануы, нұрлы қабықтың ауруы, мидриаз, көру аясында нұрлы шеңберлердің болуы, көздің ісінуі, көздің домбығуы, көру бұзылысы, конъюнктива гиперемиясы, көздің тітіркенуі, көздегі әдеттен тыс сезінулер, қабақтардың ісінуі, аққабық түсінің өзгеруі

- кереңдік

- кенеттен жүрек ауруынан болатын өлім*, миокард инфарктісі, қарыншалық аритмия*, жүрекшелердің фибрилляциясы, тұрақсыз стенокардия

- тамақтың қысылу сезімі, мұрынның ісінуі, мұрынның шырышты қабығының құрғауы

- оральді гипестезия

- Стивенс-Джонсон синдромы * , уытты эпидермалық некролиз *

- жыныс мүшесінен қан кету, приапизм * , гематоспермия, эрекцияның күшеюі

- ашушаңдық

* тек тіркеуден кейінгі қадағалау кезінде ғана тіркелген жағымсыз әсерлер.

Болжамды жағымсыз реакциялар туралы мәліметтерді хабарлау 

Дәрілік препаратты тіркеуден кейін анықталған болжамды жағымсыз реакциялар туралы мәліметтерді хабарлаудың маңызы зор. Бұл дәрілік препараттың пайдасы мен қаупінің арақатынасына мониторинг жүргізуді жалғастыруға мүмкіндік береді.

Медицина қызметкерлері мен пациенттерден кез келген жағымсыз реакциялар туралы медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың соңында көрсетілген мекенжайға хабарлап отыру сұралады.

 

 

 Ішу арқылы қолдануға арналған. Таблеткаларды жұтар алдында шайнау керек.

Максигра White препаратын тамақпен бірге және онсыз қабылдауға болады. Дегенмен, тамақпен бірге қабылдаған жағдайда, Максигра White әсер ете бастауы үшін көбірек уақыт қажет болады.

Дозалау режимі

Ересектерде қолданылуы

Максигра White препаратының ұсынылатын дозасы жыныстық актіге дейін шамамен 1 сағат бұрын ішке 50мг құрайды. Тиімділігі мен көтерімділігін ескере отырып, дозасын 100мг дейін арттыруға немесе 25мг дейін азайтуға болады. Ұсынылатын ең жоғарғы дозасы 100мг құрайды.

Таблетканы тұтастай, бір стақан сумен жұту қажет.

Ұсынылатын ең көп қабылдау жиілігі – тәулігіне 1 рет.

Пациенттердің айрықша топтары

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде (≥ 65 жас) дозасын түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бүйрек функцииясы бұзылуының жеңіл және орташа дәрежесі (креатинин клиренсі 30-80мл/мин) ке-зінде дозасын түзету қажет емес. Силденафил клиренсінің төмендеуіне байланысты, бүйрек функция-сының ауыр бұзылуы бар (креатинин клиренсі &lt; 30 мл/мин) пациенттерде Максигра White препара-тын 25 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

Препараттың тиімділігі мен көтерімділігіне қарай, қажет болған жағдайда, оның дозасын 50 мг дейін және 100 мг дейін сатылай арттыруға болады.

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бауыр функциясының бұзылуы бар (мысалы, циррозы бар) пациенттерде силденафилдің клиренсі тө-мендегеніне байланысты, препаратты 25мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Препараттың тиімділігі мен көтерімділігіне қарай, қажет болған жағдайда, оның дозасын 50мг дейін және 100мг дейін сатылай арттыруға болады.

Балалар және жасөспірімдер жасындағы пациенттер

Силденафил балаларда (<18 жас) қолдануға арналмаған.

Басқа дәрілік заттарды қабылдап жүрген пациенттерде қолданылуы Силденафилмен бір мезгілде қа-былдау ұсынылмайтын ритонавирді қоспағанда, CYP3A4 тежегіштерімен сәйкесінше ем қабылдап жүр-ген пациенттерде препаратты бастапқы 25 мг дозасында қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

Альфа-адреноблокаторлармен емделіп жүрген пациенттерде постуральді артериялық гипотензияның даму қаупін төмендету мақсатында, силденафилмен емдеуді бастамас бұрын альфа-адреноблокатор-ларды қабылдап жүрген пациенттердің жағдайын тұрақтандыру керек. Бұдан өзге, силденафилді 25 мг дозасынан бастап қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

 

 

Әзірге Максигра White 25мг №2таб Польфарма АО пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады