Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Клабел 0,25г/5мл пор д/приг сусп Нобел АФФ

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Суспензия
Белсенді зат:
Кларитромицин
Фармакологиялық топ:
Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар.
Элемент коды::
4870004334908
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

КЛАБЕЛ суспензия препараты осы антибиотикке сезімтал микроорганизмдер туғызған жеңіл немесе орташа айқын жұқпалы ауруларды емдеу үшін көрсетілімді:

- жоғарғы тыныс жолдарының аурулары(фарингит, тонзиллит, синусит)

- төменгі тыныс жолдарының аурулары (бронхит, пневмония)

- жедел ортаңғы отит

- терінің және жұмсақ тіндердің аурулары (импетиго, фолликулит, абсцестер)

- АИВ жұқпасы бар емделушілерде диссеминацияланған микобактериялық аурулар (Mycobacterium Avium немесе Mycobacterium Intracellulare) және олардың алдын алу.

 

 

- макролидтер тобының антибиотиктеріне және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- цизаприд, пимозид, астемизол, терфенадин, эрготамин немесе дигидроэрготамин, ловастатин немесе симвастатинмен бір мезгілде қолдану

- бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде колхицинмен және Р-гликопротеиндермен неме-се CYP3A4 күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолдану

- бүйрек, бауыр жеткіліксіздігі (соның ішінде холестаздық сарғаю, сыртартқыдағы кларитромицин пайда-ланумен байланысты бауыр дисфункциясы)

- сыртартқыда QT аралығының ұзаруы немесе пируэтті қарыншалық тахикардияны қоса, қарыншалық жү-рек аритмиялары болған емделушілер

- сирек тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы, глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар емделушілер

- 6 айға дейінгі балаларға

- жүктілік және лактация кезеңі

 

 

- дімкәстану, қажу, астения

- қатты қозу, айғайшылдық, үрейлену, күйгелектену, мінез-құлықтың өзгеруі, маниакальді мінез-құ-лық, психоз, құрысулар, сананың шатасуы, өзін-өзі танымау, бағдарсыздық, елестеулер, депрессия, ұйқысыздық, ұйқышылдық, қалыптан тыс түстер көру, түнгі шым-шытырық түстер

- бас ауыру, бас айналу, құлақтың шуылдауы немесе шыңылдауы

- увеит (ең алдымен, бір мезгілде рифабутин қабылдайтын емделушілер, әдетте, қайтымды)

- парестезия

- естудің нашарлауы немесе естімей қалу (әдетте, қайтымды, ең алдымен, егде жастағы әйелдерде пайда болады), иіс сезудің өзгеруі (иіс сезбей қалуды қоса), дәм сезудің нашарлауы немесе дәм сезбей қалу

- анорексия, тәбеттің төмендеуі, ауыздың кеберсуі, кекіру, жүрек айну, диспепсия, гастрит, жедел панкреатит, диарея, іш қату, метеоризм, іштің ауыруы

- тіл түсінің өзгеруі, тістердің түс өзгерісі (тістерді кәсіби тазалаған кезде қайтымды)

- бөртпе, макулопапулезді бөртпе, есекжем, ангионевротикалық ісіну, аса жоғары сезімталдық, анафи-лаксия, Стивенс-Джонсон синдромы, эозинофилиямен және жүйелі көріністермен қатар жүретін дәрілік тері реакциясы, Шенлейн-Генох ауруы және уытты эпидермалық некролиз

- гипергидроз, қышыну, акне

- QT аралығының ұзаруы, пируэтті қарыншалық тахикардия (torsades de pointes) және қарыншалық аритмия (қарынша тахикардиясы мен жыпылықтау-дірілдеуін қоса), жүректің жиі соғуы

- бауыр жеткіліксіздігі, холестаздық сарғаю, гепатоцеллюлярлы сарғаю

- интерстициальді нефрит, бүйрек жеткіліксіздігі

- глоссит, стоматит, кандидоз (соның ішінде, ауыз қуысының), қынаптық жұқпа, жалған жарғақшалы колит, тілме, эритразма

- пирексия (қызба)

- бұлшықеттердің түйілуі, тремор

- миалгия, миопатия, рабдомиолиз (кейбір жағдайларда, кларитромицин статиндер, фибраттар, колхи-цин немесе аллопуринол сияқты, сондай-ақ рабдомиолиз туындататын басқа препараттармен бір мез-гілде енгізілген), артралгия

- қан кету, қан құйылу

- тромбоцитопения, тромбоцитемия, лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, протромбин уақытының ұзаруы

- АЛТ (аланинаминотрансфераза), АСТ (аспартатаминотрансфераза), ГГТ (гамма-глутамилтранспепти-даза), сілтілік фосфатаза, ЛДГ (лактатдегидрогеназа), жалпы билирубин жоғарылауы

- мочевинаның, сарысулық креатининнің көтерілуі

- несептің түс өзгертуі, ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) артуы

- гипогликемия жағдайы (олардың кейбіреулері ішуге арналған гипогликемиялық дәрілер немесе инсу-лин қабылдайтын емделушілерде туындады)

- кларитромицин мен колхицинді бір мезгілде пайдалану кезіндегі колхицин уыттылығы (әсіресе, бүй-рек жеткіліксіздігі бар егде жастағы емделушілерде).

Мұндай емделушілердің кейбірінде өлімді жағдайлар болды

- кеуденің ауыруы, демікпе, өкпе артериясының эмболиясы

 

 

КЛАБЕЛ суспензия препаратын ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Дайындау тәсілі: суспензия әзірлеу үшін суытылған қайнаған суды бөтелкедегі белгіге дейін қосып, оны біртекті суспензия алынғанша жақсылап сілку керек.

Балалар.

Балаларға ұсынылатын әдеттегі тәуліктік дозасы әр 12 сағат сайын қабылдауға бөлінетін 15 мг/кг/тәулік құрайды. Емдеу курсы аурудың ауырлығына және қоздырғышқа қарай 5-10 күнге созылады.

Салмақ(кг)       Доза (әр 12                              Доза әр 12 сағат сайын 7,5 мг/кг есебінен                                     сағат сайын)                                             КЛАБЕЛ 125мг/5мл        КЛАБЕЛ 250мг/5мл

9-16                        62,5мг                                    әр 12 сағат сайын             әр 12 сағат сайын                                                                                                                2,5 мл                               1,25 мл

17-24                       125мг                                әр 12 сағат сайын 5мл         әр 12 сағат сайын 2,5мл

25-32                    187,5мг                                әр 12 сағат сайын 7,5мл       әр 12 сағат сайын 3,75мл

33 және одан көп     250мг                                әр 12 сағат сайын 10мл         әр 12 сағат сайын 5мл

* Салмағы 9 кг-ден аз балаларға препарат күніне екі рет 7.5 мг/кг есебінен тағайындалады. Креатинин клиренсі <30 мл/мин балаларда препарат дозасын 50% азайту керек.

Ересектер.

Дозалау және емдеу ұзақтығына қатысты нақты нұсқауларды дәрігер белгілейді.

Ұсынылатын дозалануы мен емдеу ұзақтығы төменде берілген.

S.pyogenes туғызған ортаңғы құлақтың жедел қабынуы, фарингит, тонзиллит–әр 12 сағат сайын 250мг - 10 күн.

H.Influenzae, M.Catarrhalis, S.pneumoniae туғызған синусит–әр 12 сағат сайын 500мг - 14 күн.

H.influenza туғызған бронхит–әр 12 сағат сайын 500мг, аурудың ауырлығына қарай 7- 14 күннен бас-тап, H.parainfluenzae - әр 12 сағат сайын 500мг - 7 күн, M.catarrhalis және S.pneumoniae - әр 12 сағат сайын 250 мг, аурудың ауырлығына қарай 7-14 күннен бастап.

H.influenza туғызған пневмония – әр 12 сағат сайын 250мг – 7 күн, S.Pneumoniae, C.Pneumoniae, M. pneumoniae туғызған – әр 12 сағат сайын 250 мг, аурудың ауырлығына қарай 7-14 күннен бастап.

Терінің және жұмсақ тіндердің жұқпалы аурулары (импетиго, фолликулит, абсцестер)–әр 12 сағат сайын 250мг, аурудың ауырлығына қарай 7-14 күннен бастап.

Микобактериялық жұқпалар

Алдын алу: Mycobacterium avium туғызған диссеминацияланған ауруды болдырмау үшін препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне екі рет 500 мг құрайды.

Емдеу: КЛАБЕЛ суспензия препараты Mycobacterium avium туғызған диссеминацияланған ауруды емдеу үшін алғашқы дәрі ретінде ұсынылады. КЛАБЕЛ суспензия препаратын Mycobacterium avium қарсы белсенділігін in vitro және клиникалық тәжірибеде көріністеген микобактерияға қарсы басқа да препараттармен біріктіріп пайда-лану қажет. Микобактериялық жұқпаларды емдеу үшін ұсынылатын доза ересектерде тәулігіне екі рет 500 мг құрайды.

 

Әзірге Клабел 0,25г/5мл пор д/приг сусп Нобел АФФ пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады