Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Азитромед 500мг №3табл Деново

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Белсенді зат:
Азитромицин
Фармакологиялық топ:
Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар.
Элемент коды::
2000999448089
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Азитромицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық ауруларды емдегенде:

-  созылмалы бронхиттің асқынуында

-  ауруханадан тыс пневмонияда (жеңілден орташа ауыр түрге дейін)

-  жедел бактериялық синуситте

-  фарингитте, тонзиллитте

-  бактериялық жедел ортаңғы отитте

-  терінің және жұмсақ тіндердің жеңілден орташа ауыр түрге дейінгі инфекцияларында

 - Chlamydia trachomatis әсерінен туындаған цервицит және асқынбаған уретрит

Бактерияларға қарсы дәрілік препараттарды тиісінше пайдалануға қатысты берілген емдік ұсыныстар қалтқысыз қадағалануы тиіс.  

 

 

-        азитромицинге, эритромицинге, макролидтер тобының басқа да  антибиотиктеріне немесе кетолидтік антибиотиктерге, препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

-         алкалоидтармен (дигидроэрготамин, эрготамин) бірге қабылдау

-        жүктілік

-        лактация кезеңі (емшек емізу)

-        бауыр және бүйрек функцияларының ауыр бұзылулары

-        дене салмағы 45 кг-ден азырақ балаларға 

 

Жағымсыз әсерлері олардың жиілігіне сәйкес берілген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10 000, <1/1000), өте сирек (<1/10 000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша баға беру мүмкін емес).

Өте жиі

-                    диарея, іштің ауыруы, жүректің айнуы, метеоризм, іштің жайсыздануы, сұйық нәжіс 

Жиі 

-                    бас ауыру

-                    құсу, диспепсиялық бұзылыстар    

-                    лейкоциттер санының азаюы, эозинофилдер санының көбеюі, қан бикарбонатының төмендеуі, базофилдер санының көбеюі, моноциттер санының көбеюі, нейтрофилдер санының көбеюі

-                    көрудің бұзылулары

-                    естімей қалу

-                    артралгия

-                    шаршау

Жиі емес

-                    кандидозды стоматит

-                    кандидоз, қынаптық инфекциялар, зеңдік инфекциялар, бактериялық инфекциялар

-                    ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық

-                    күйгелектік, ұйқысыздық,гипестезия

-                    лейкопения, нейтропения, эозинофилия

-                    естудің бұзылуы, құлақтың шуылдауы

-                    жүректің жиі қағуы

-                    гастрит, іш қату

-                    гепатит

-                    бөртпе, қышыну, есекжем, астения, дімкәстік, кеуденің ауыруы, шеткері ісіну

-                    АСТ және АЛТ жоғарылауы, қандағы билирубиннің жоғарылауы, қандағы мочевинаның жоғарылауы, қандағы креатининнің жоғарылауы, қандағы калий деңгейінің жоғарылауы, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, хлорид деңгейінің жоғарылауы, глюкоза деңгейінің жоғарылауы, тромбоциттер деңгейінің жоғарылауы, гематокриттің азаюы, бикарбонаттың жоғарылауы, қандағы натрий деңгейінің жоғарылауы 

-                    анорексия

-                    бас айналу (вертиго)

-                    ұйқышылдық

-                    дисгевзия (дәмнің бұзылуы), парестезия

-                    Стивенс-Джонсон синдромы, фотосезімталдық реакциясы

Сирек

-                    қозу

-                    бас айналу (вертиго)

-                    жайылған жедел экзантематикалық пустулез (AGEP)

-                    DRESS (эозинофилдермен реакция және жүйелік симптомдар)

Белгісіз

-                    жалған жарғақшалы колит

-                    тромбоцитопения, гемолитическая анемия

-                    ауыр анафилаксиялық реакциялар (анафилаксиялық шок)

-                    озбырлық, мазасыздық

-                     психомоторлы қозу, аносмия (иіс сезудің жоғалуы), агевзия (дәмнің жоғалуы), паросмия (иісті сезудің бұзылуы), гравис миастения

-                    қарыншалық тахикардияны қоса, «пируэт» типті қарыншалық аритмия, электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы 

-                    гипотензия

-                    панкреатит, тіл түсінің бұзылуы

-                    бауыр функциясының жеткіліксіздігі (сирек жағдайларда өліммен аяқталатын), фульминантты гепатит, некроздық гепатит

-                    бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит

-                    уытты эпидермальді некроз, мультиформалы эритема

 

 

Азитромицин Сандоз таблеткаларын тамақпен бірге жарты (½) стакан сумен ішіп қабылдайды.   

Егде жастағы адамдарды қоса, дене салмағы 45 кг жоғары балалар мен жасөспірімдер.

Азитромицин Сандоз препаратын 3 күн бойы 500 мг-ден (күніне 1 рет 500 мг үш  күн бойы)  қабылдайды.  

Chlamydia trachomatis әсерінен туындаған асқынбаған уретритте және цервицитте Азитромицин Сандоз препаратын 1000 мг дозада бір рет тағайындайды.

Егде жастағы пациенттерге ересектердегідей  дозаны тағайындайды. Егде жастағы пациенттерде жүрек ырғағының бұзылулары байқалуы мүмкін болғандықтан, жүрек аритмиясының және қарыншалық тахикардияның даму қаупіне байланысты, егде жастағы пациенттерге қолданғанда аса сақтық таныту ұсынылады.

Бүйрек функциясының жеңіл және орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10 - 80 мл/мин), бауыр функциясының жеңіл және орташа ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде азитромициннің дозасын түзету қажет емес.     

 

 

Әзірге Азитромед 500мг №3табл Деново пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады