Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Флуконазол-ТК капс. 150мг №1 Фарм Актобе

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Капсулы
Белсенді зат:
Флуконазол
Фармакологиялық топ:
Зеңге қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар
Элемент коды::
4870003660169
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
270 ₸
Бонустарды сатып алу: 13.50
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

– криптококкозда (өкпе, тері, криптококтық менингитте және криптококкоздың басқа түрлерінде)

– кандидоз және басқа да микоздар пайда болатын адамның иммунитет тапшылығы вирусынан туын-даған ауруында (АИВ)

– кандидозда (кандидоздық стоматит, өкпе кандидозы, тері мен тырнақ кандидозы, вульва мен қынап кандидозы, урогенитальді орналасқан басқа кандидоздар, кандидоздық менингит, кандидоздық эндо-кардит, кандидоздық септицемия және басқа жергілікті кандидоздарды қосқанда)

– тырнақ, саусақ, табан, кеуде микозы, шап эпидермофитиясы және басқа дермофитияда, түрлі-түсті теміреткі және анықталған және анықталмаған беткейлік микоздар, соның ішінде, кокцидиоидомикоз, гистоплазмоз, паракокцидиоидомикоз, споротрихозда

– ісікке қарсы препараттарды қабылдап жүрген, радиологиялық емшаралар және сәулемен емдеуден өтіп жүрген қатерлі жаңа түзілімдері бар науқастарда, сондай-ақ, трансплантацияланған ағзалары мен тіндері бар науқастардағы зеңдік жұқпалардың алдын алу үшін.

 

 

- флуконазолға, препараттың басқа компоненттеріне немесе құрылымы жағынан флуконазолға ұқсас азолдық заттарға жоғары сезімталдық

- Флуконазолды тәулігіне 400 мг немесе одан көп дозада көп рет қолдану кезінде терфенадинді бір мез-гілде қабылдау

- QT аралығын ұзартатын және CYP3A4 ферменті арқылы метаболизденетін цизаприд, астемизол, эритро-мицин, пимозид және хинидин сияқты дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау

- флуконазол капсулаларының құрамында лактоза болғандықтан, галактозаны көтере алмаушылықтың сирек тұқым қуалайтын қиындықтары, лактоза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар науқастарда

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балаларға

 

 

Жиі (≥1/100-тен <1/10 дейін)

- бас ауыруы

- жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея

- сілтілік фосфатаза деңгейінің, аминотрансферазалардың (АЛТ және ACT) сарысулық деңгейінің жоғарылауы

- бөртпе

Жиі емес (≥1/1,000-тен ≤1/100 дейін)

- ұйқысыздық, ұйқышылдық

- құрысулар, бас айналуы, парестезия, дәм сезудің өзгеруі

- вертиго

- диспепсия, метеоризм, ауыздың құрғауы

- холестаз, сарғаю, билирубин деңгейінің жоғарылауы

- қышыну, есекжем, қатты терлеу

- миалгия

- шаршау, дімкәстану, әлсіздік, қызба

Сирек (≥1/10,000-тен ≤1/1,000 дейін)

- агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения

- анафилаксия, ангионевротикалық ісіну

- гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, гипокалиемия

- тремор

- тахикардия, қарыншалардың жыпылықтауы/жыбырлауы, QT аралығының ұзаруы

- диспепсия, метеоризм, ауыздың құрғауы

- гепатуыттылық, өліммен аяқталатын сирек жағдайларды қоса, бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллю-лярлық некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлық зақымданулар

- уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел жайылған экзантематоздық пус-тулез, эксфолиативтік дерматит, беттің ісінуі, алопеция ЖИТС немес обыры бар науқастарда, Флукона-золмен және ұқсас препараттармен емдеу кезінде қан көрсеткіштерінің, бүйрек және бауыр функция-ларының өзгерістері байқалған, алайда бұл өзгерістердің клиникалық маңызы мен олардың емдеумен байланыстылығы анықталмаған

 

 

Ішке қабылдауға.

Криптококты менингитте және орналасуы басқа криптококты жұқпаларда әдетте, алғашқы күні 400 мг, содан кейін тәулігіне 1 рет 200-400 мг (50мг-ден 4-8 капсула) дозада емдеуді жалғастырады. Криптококты жұқпаларда емдеу курсының ұзақтығы жүргізілген емнің микологиялық зерттеулермен расталған клиникалық тиімділігіне байланысты; криптококтық менингитте емдеу курсы - кем дегенде 6-8 апта болуы керек.

Микоздар байқалған АИВ-мен туындаған ауру кезіндегі криптококты менингиттің қайталануының алдын алу үшін бастапқы емдеудің толық курсы аяқталғаннан кейін, флуконазолды тәулігіне 200 мг дозада ұзақ уақыт бойы тағайындайды.

Кандидоздық септицемияда, диссеминацияланған кандидозда және басқа инвазивті кандидоздық жұқпаларда алғашқы тәуліктердегі дозасы 400 мг-ні құрайды, содан соң –тәулігіне 200 мг-ден. Клиникалық тиімділігі жеткіліксіз болса, препараттың дозасы тәулігіне 400 мг-ге дейін (50 мг-ден 8 капсула) арттырылуы мүмкін. Емдеу ұзақтығы клиникалық тиімділігіне байланысты болады.

Ауыз қуысының кандидозында препаратты әдетте тәулігіне 1 рет 150 мг-ден тағайындайды; емделу ұзақтығы – 7-14 күн. Айқын иммунитет төмендеуі бар науқастарда қажет болса, емдеу ұзағырақ болуы мүмкін. Микоздар байқалған АИВ-мен туындаған ауру кезіндегі ауыз қуысының кандидозының қайта-лануының алдын алу үшін, бастапқы емдеудің толық курсы аяқталғаннан кейін–аптасына 1 рет 150 мг-ден.

Тіс протездерін киюге байланысты болған ауыз қуысы кандидозында – 14 күн бойы тәулігіне 1 рет 50 мг-ден протезді өңдеуге арналған жергілікті антисептикалық дәрілермен біріктіріліп тағайындалады.

Тері кандидоздарында ұсынылатын дозасы аптасына 1 рет 150 мг-ні немесе тәулігіне 1 рет 50 мг-ні құрайды, дозалау тәртібі клиникалық және микологиялық тиімділігіне байланысты болады.

Орналасуы басқа кандидоздарда (генитальды кандидозды қоспағанда), мысалы, эзофагитте, инвазивті емес бронхөкпе зақымдалуларында, кандидурияда, тері және шырышты қабықтардың кандидозында т.с.с. тиімді дозасы әдетте – емдеу ұзақтығы 14- 30 күн болғанда – тәулігіне 150мг-ні құрайды.

Қынаптық кандидозда флуконазолды ішке 150 мг дозада бір рет қабылдайды.

Қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін төмендету үшін 4-12 ай бойына, айына бір рет 150мг дозада қолданылуы мүмкін. Кейбір науқастарға жиірек қолдану қажет болуы мүмкін. Кандидоздық баланитте - флуконазолды тәулігіне бір рет 150 мг дозада тағайындайды. Кандидоздың алдын алу үшін ұсыныла-тын доза – зең жұқпасының даму қаупінің дәрежесіне байланысты тәулігіне 1 рет 50-400 мг.

Қатерлі жаңа түзілімдері бар науқастардағы кандидоздың алдын алу үшін флуконазолдың ұсынылатын дозасы зең жұқпасының даму қаупінің дәрежесіне байланысты тәулігіне 1 рет 150-400 мг-ні құрайды. Жайылған жұқпа қаупі жоғары болғанда, мысалы күтілетін айқын немесе ұзақ уақыт сақталатын нейт-ропенияға шалдыққан науқастарға ұсынылатын доза – тәулігіне 400 мг. Флуконазолды күтілген нейт-ропения пайда болудан бірнеше күн бұрын тағайындайды; нейтрофилдер саны 1мың/мкл-ден асқаннан кейін, емдеуді тағы 7 тәулік бойы жалғастырады.

Табан микозы және шап аймағы терісінің микоздарын қосқандағы тері микоздарында ұсынылатын доза-сы аптасына 1 рет 150 мг немесе тәулігіне 1 рет 50 мг, дозалау тәртібі клиникалық және микологиялық тиімділігіне байланысты. Емдеу ұзақтығы әдеттегі жағдайларда 2-4 аптаны құрайды, дегенмен табан микоздарында ұзағырақ емдеу қажет болуы мүмкін (6 аптаға дейін).

Түрлі-түсті (кебек тәрізді) теміреткіде - 2 апта бойы, аптасына 1 рет 300 мг, кейбір науқастарға аптасы-на 300 мг үшінші доза қажет болады, мұндай кезде бірқатар жағдайлардағыдай 300-400 мг дозаны бір рет қабылдау жеткілікті болады; емдеудің баламалы сызбасы болып - 2-4 апта бойы, күніне 1 рет 50 мг-ден қолдану табылады.

Онихомикозда ұсынылатын дозасы аптасына 1 рет 150 мг-ні құрайды. Емдеуді жұқпаланған тырнақ ал-масқанға дейін жалғастырады (жұқпаланбаған тырнақ өскенге дейін). Қол саусақтары мен аяқ башпай-ларында тырнақтың қайталап өсуі үшін қалыпты жағдайда, тиісінше, 3-6ай және 6-12 ай қажет болады.

Терең эндемиялық микоздарда – препаратты 2 жылға дейін, тәулігіне 200-400 мг-ден қолдану қажет болуы мүмкін. Емдеу ұзақтығын әр адамға жекелей белгілейді; ол кокцидиоидомикозда - 11-24 айды; паракокцидиоидомикозда – 2-17 айды; споротрихозда – 1-16 айды; гистоплазмозда – 3-17 айды құрайды.

Егде жастағы науқастарда бүйрек функциясы бұзылмаған кезде препаратты дозалаудың әдеттегі тәрті-бін ұстанған жөн. Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар науқастарға (креатинин клиренсі минутына 50 мл-ден төмен) дозалау тәртібін төменде көрсетілгендей етіп өзгерткен жөн.

Флуконазол негізінен несеппен өзгеріссіз күйде шығарылады. Бүйрек функциясының созылмалы жеткі-ліксіздігі кезінде алдымен 50-400 мг «екпінді» доза енгізіледі. Егер, креатинин клиренсі (КК) минутына 50 мл-ден асса, препараттың әдеттегі дозасы (ұсынылған дозаның 100%-ы) қолданылады. Минутына 11мл-ден 50мл-ге дейінгі КК-де ұсынылған дозаның 50%-ы немесе әдеттегі дозасы 2 күнде бір рет қол-данылады.

Жүйелі түрде диализ жасатып жүрген науқастарға препараттың бір дозасы әрбір гемодиализ сеансынан кейін қолданылады.

 

 

Әзірге Флуконазол-ТК капс. 150мг №1 Фарм Актобе пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
2
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
270 ₸  
1
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
270 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады