Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Кедд капс. 300мг №16 Балканфарма-Разград

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Капсулы
Белсенді зат:
Клиндамицин
Фармакологиялық топ:
Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар.
Элемент коды::
33800714211115
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Анаэробтар, стрептококктар, пневмококктар және стафилококктардың сезімтал штаммдары туғызған күрделі ауруларды емдеу.

Анаэробты микроорганизмдер

- Өкпе эмпиемасы, анаэробты пневмонит, өкпе абсцессі сияқты тыныс алу жолдарының күрделі инфекциялары

 

- терінің және жұмсақ тіндердің күрделі инфекциялары

- сепсис, перитонит және құрсақішілік абсцесс сияқты интраабдоминальді инфекциялар (әдетте, асқазан-ішек жолының анаэробты микроорганизмдері туғызған)

- эндометрит, гонококктық емес тубоовариальді абсцесс, жамбас флегмонасы және операциядан кейінгі қынаптық инфекция сияқты кіші жамбас ағзаларының және жыныс жолдарының инфекциялары.

Стрептококктар, стафилококктар

- Тыныс алу жолдарының, терінің және жұмсақ тіндердің күрделі инфекциялары.

Пневмококктар

- Тыныс алу жолдарының күрделі инфекциялары.

- клиндамицинге, линкомицинге немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

- жүктілік және лактация кезеңі

 

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Лапп лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы синдромы

Жағымсыз реакциялар көріністері жиілігінің жіктемесі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша жиілігін анықтауға болмайды)

Жиі (≥ 1/100 және < 1/10):

  • диарея, іштің ауыруы

  • макулопапулезді бөртпе

  • тромбофлебит

  • бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің қалып шегінен ауытқуы.

Жиі емес (≥ 1/1 000 немесе < 1/100)

  • эозинофилия

  • дәм сезудің бұзылуы

  • жүрек-өкпе қызметінің тоқтауы, артериялық гипотензия

  • жүрек айну, құсу, гастрит

  • есекжем

  • ауыру, абсцесс

  • кандидоз, вагинит.

Сирек (≥ 1/10 000 және < 1/1 000)

  • полиморфты эритема, терінің қышынуы.

Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес):

  • агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения

  • анафилактоидты реакциялар, эозинофилиямен және жүйелі көріністермен болатын дәрілік бөртпе

  • эзофагит, өңештің ойық жарасы

  • сарғаю

  • уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, эксфолиативті дерматит, буллезді дерматит, қызылша тәрізді бөртпе, жедел жайылған экзантематозды пустулез

  • жалған жарғақшалы колит.

Ішке қабылдауға арналған.

Капсулаларды толық бір стақан сумен ішу қажет, ас ішу препараттың сіңу дәрежесіне ықпалын тигізбейді.

Ересектер: орташа ауыр инфекция кезінде әр алты сағат сайын 150 - 300 мг, ауыр инфекцияда әр алты сағат сайын 300 - 450 мг қабылдау қажет.

Егде жастағы пациенттер: Кедд препаратын қабылдаудан кейін сіңу дәрежесі, таралу көлемі, жартылай шығарылу кезеңі, шығарылу клиренсі жас ұлғаюымен өзгермейді. Клиникалық зерттеулер деректерінің талдауында жас ерек-шелігімен байланысты уыттылықтың артуы анықталмаған, сондықтан егде жастағы пациенттерде дозалануына қо-йылатын талаптар жасқа ғана байланысты болмауы тиіс.

Бүйрек/бауыр жеткіліксіздігінде дозалануы: Кедд препаратының дозасын өзгерту бүйрек немесе бауыр жеткілік-сіздігі бар пациенттерге міндетті емес.

Бета-гемолиздік стрептококк инфекциялары жағдайында емдеуді ревматизмдік қызбаға немесе гломерулонеф-ритке ұласу ықтималдығын азайту үшін кемінде 10 күн жалғастырған жөн.

Әзірге Кедд капс. 300мг №16 Балканфарма-Разград пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады