Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Докса-Дюра таб 4мг №30 Ауробиндо Фарма Лимитед

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Доксазозин
Фармакологиялық топ:
Простатаның қатерсіз гипертрофиясын емдеуге арналған басқа да препараттар
Элемент коды::
8901175052363
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
6 440 ₸
Бонустарды сатып алу: 64.40
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясында (ҚБҚГ)

Докса-Дюра несеп шығарудың бұзылуларын және қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясымен байланысты клиникалық симптомдарды емдеуге арналған. Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар науқастарда Докса-Дюраны артериялық гипертензия бар кезде де, артериялық қысым деңгейі қалыпты кезде де қолдануға болады. Артериялық гипертензиядан және қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясынан бір мезгілде зардап шегіп жүрген пациенттерде, Докса-Дюра екі ауруға да тиімді әсер береді. Артериялық қысымның қалыпты деңгейіне препараттың ықпалы елеусіз.

- артериялық гипертензияда

Докса-Дюра артериялық гипертензияны емдеуге арналған және сонымен қатар, пациенттердің көпшілігінде препаратты артериялық қысымның деңгейін бақылау үшін монотерапия ретінде пайдалануға болады. Соның ішінде, егер монотерапия құралы ретінде Докса-Дюраны пайдаланып, артериялық қысымның қажетті бақылануына қол жеткізу мүмкін болмаса, препаратты гипертензияға қарсы басқа дәрілермен (тиазидтік диуретиктермен, β-адреноблокаторлармен, кальций өзекшелерінің блокаторларымен, ангиотензинөзгертуші фермент тежегіштерімен) біріктіруге болады.

- доксазозингебасқа хиназолиндерге (празозин, теразозин) немесе препараттың қосымша компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- анамнезінде ортостатикалық гипотензия болған пациенттерде

- қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы және несеп шығару жолдарының үстіңгі бөліктерінде қатарлас іркіліс бар, несеп шығару жолдарының созылмалы инфекциясымен немесе қуығында конкременттер бар пациенттерде

- лактация кезеңі (артериялық гипертензия сияқты көрсетіліміне ғана қатысты)

- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығының спецификалық формасы (Лапп лактазасы тапшылығы) немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы барларға

- гипотензиясы бар пациенттерде (қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы сияқты көрсетіліміне ғана қатысты).

Қуығы толып қалған немесе бүйректің үдемелі жеткіліксіздігімен немесе онсыз жүретін ануриясы бар пациенттерге доксазозинмен монотерапияны қолдануға болмайды.

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Әдетте, Докса-Дюра препаратының жағымдылығы жақсыЖағымсыз реакциялары топтастырылған нормативтік-құқықтық қызметтің медициналық сөздінің (MedDRA) терминдері бойынша және туындау жиіліктеріне қарай топтастырылғанөте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, бірақ <1/10); жиі емес (≥1/1000, бірақ <1/100); сирек (≥1/10000, бірақ < 1/1000); өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректердің негізінде анықтау мүмкін емес).

Жиі (³1/100 – <1/10)

тыныс жолдарының инфекцияларынесеп шығару жолдарының инфекциялары

- бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық

- вертиго

жүрек қағуын сезіну, тахикардия

- гипотензия, постуральді (ортостатикалық) гипотензия

жүрек айнуы

- бронхит, жөтел, ентігу, ринит

іш ауыруы, диспепсия, ауыздың құрғауыжүрек айнуы

- тері қышынуы

- арқаның ауыруы, миалгия

- цистит, несепті ұстай алмау

- астения, кеуде қуысының ауыруы, тұмау тәрізді симптомдар, шеткері ісіну

Жиі емес (³1/1000 – <1/100)

- аллергиялық реакция

- анорексия, подагра, тәбеттің жоғарылауы

үрейлену, депрессия, ұйқысыздықашушаңдықжүйке қозғыштығының жоғарылауы

ми қанайналымының жедел бұзылуы, гипестезия, естен тану, тремор

құлақтағы шуыл

- стенокардия, миокард инфарктісі

мұрыннан қан кету

іш қатуы, метеоризм, құсу, гастроэнтерит, диарея

бауырдың функционалдық сынамаларының нормадан ауытқуы

тері бөртпесі

- артралгия

- дизурия, несеп шығарудың жиілеуі, гематурия

- импотенция

беттің ауыруы, ісінуі

дене салмағының жоғарылауы

Сирек (³1/10000 – <1/1000)

бұлшықет құрысуларыбұлшықет әлсіздігі

- полиурия

қатты қажужалпы дімкәстану

Өте сирек (<1/10000)

- лейкопения, тромбоцитопения

- постуральді бас айналуы, парестезия

анық көрмеу

- брадикардия, жүрек ырғағының бұзылулары

қан тебулер

- бронх түйілуі

- холестаз, гепатит, сарғаю

есекжем, алопеция, пурпура

- диурез жоғарылауы, несеп шығарудың бұзылуы, никтурия

- гинекомастия

- приапизм (жыныс мүшесінің ұзаққа созылған, ауырсынумен жүретін эрекциясы). Шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет.

Жиілігі белгісіз

- интраоперациялық нұрлы қабықтың атониялылығы синдромы

- ретроградтық эякуляция

Күтілген дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігін және осындай хабарламаны нұсқайтын алуан түрлі жолдарын қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясын емдеудегі бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 1 мг (Докса-Дюраның 2 мг дозалы 1/2 таблеткасы) құрайды.

Нақты бір пациенттегі уродинамикасы мен симптоматикасына байланысты, ары қарай дозасын 2 мг (Докса-Дюраның 2 мг дозалы 1 таблеткасы) дейін, ары қарай 4 мг (Докса-Дюраның 4 мг дозалы 1 таблеткасы) дейін және ұсынылатын ең жоғарғы 8 мг дозасына дейін арттыруға болады. Дозасын біртіндеп арттырған кезде ұсынылатын аралығы 1-2 аптаны құрайды. Әдетте ұсынылатын дозасы тәулігіне 2-4 мг (Докса-Дюраның 2 мг 1 таблеткасын немесе Докса-Дюраның 4 мг 1 таблеткасын) құрайды.

Артериялық гипертензия кезінде бастапқы дозасы ортостатикалық гипотензияның және/немесе естен танудың даму қаупін азайту мақсатында бір немесе екі апта бойы тәулігіне 1 мг (Докса-Дюраның 2 мг дозалы таблеткасының жартысықұрайдыҚажет болған жағдайда, 1-2 аптадан соң препараттың дозасын тәулігіне 2 мг (Докса-Дюраның 2 мг дозалы 1 таблеткасыдейін арттыруға боладыТиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда, артериялық қысымның мақсатты деңгейіне жетуіне қарай бағаланатын пациенттің емге реакциясын ескере отырыптәуліктік дозасын біртіндеп арттыруға болады.

Анағұрлым жиі пайдаланылатын дозасы тәулігіне бір рет 2-4 мг құрайды (Докса-Дюраның 2 мг дозалы 1 таблеткасы немесе Докса-Дюраның 4 мг дозалы 1 таблеткасы). Ұсынылатын ең жоғарғы дозасы тәулігіне 16 мг құрайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қолданылуы

Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда доксазозиннің фармакокинетикасы өзгермейді, ал препараттың өзі бүйректің бұрыннан бар дисфункциясын нашарлатпайдысондықтан, ондай науқастарда оны әдеттегі дозаларында қолданады. Доксазозин гемодиализ арқылы шығарылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі кезінде қолданылуы

Бауыр бұзылулары бар пациенттерде және бауырдағы метаболизміне ықпал ететін дәрілік заттардың (мысалы, циметидин) әсері туралы тек шектеулі деректер бар. Доксазозин бауырда метаболизденедісәйкесіншебауыр функциясы бұзылуының белгілері бар пациенттерде препаратты ерекше сақтықпен қолдану керек.

Егде жастағы пациенттерде қолданылуы

Дозасын түзету қажет емес.

Енгізу әдісі және жолы

Доксазозинді ас ішуге байланыссыз, таңертең және кешке қабылдауға болады. Таблеткаларды тәулігіне бір рет, шайнамай, тұтастай жұтып, сумен немесе алкогольсіз сусынмен ішіп қабылдау керек.

Әзірге Докса-Дюра таб 4мг №30 Ауробиндо Фарма Лимитед пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
г. Чу, ул. Конаева 24
6440 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады