Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Кеторол Экспресс 10мг №20табл Д-р Реддис Лабораторис Лимитед

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Дисперленетiн таблеткалар
Белсенді зат:
Кеторолак
Фармакологиялық топ:
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар.
Элемент коды::
8901148250987
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
775 ₸
Бонустарды сатып алу: 31.00
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- операциядан кейінгі кезеңде айқындылығы орташа және күшті жедел ауыру синдромын, сондай-ақ қажет болғанда, апиындық анальгетиктермен, қысқа мерзімдік басу үшін

- кеторолакқа немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға жоғары сезімталдық

- бронх демікпесінің, қайталанатын мұрын полипозының және мұрын маңы қуыстарының толық немесе толық емес үйлесуі және ацетилсалицил қышқылының немесе басқа да ҚҚСП жақпаушылығы (соның ішінде анамнезде)

- ҚҚСП қабылдау әсерінен туындаған есекжем, ринит (анамнезде)

- пиразолон қатарындағы дәрілік заттардың жақпаушылығы

- гиповолемия (оның туындау себептеріне тәуелді емес)

- айғақталған гиперкалиемия

- асқазан-ішек жолының өршу фазасындағы эрозивті-ойық жаралы зақымданулар, асқазан-ішек жолынан қан кетулер, соның ішінде анамнезінде

- ішектің қабыну аурулары

- гипокоагуляция (соның ішінде гемофилия)

- қан түзудің бұзылулары

- бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден азырақ)

- бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі немесе бауырдың белсенді ауруы

- қабынуға қарсы стероидты емес басқа дәрілермен бір мезгілде қабылдау

- пробенецидпен бір мезгілде қабылдау

- пентоксифиллинмен бір мезгілде қабылдау

- қан кетудің даму қаупінің жоғарылауы (соның ішінде операциядан кейін)

- күмәнді немесе айғақталған цереброваскулярлық қан кету, геморрагиялық диатез

- фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, лапп-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға

- жүктілік, босанулар және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге (тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ)

- кез келген күрделі операция алдында профилактикалық анальгетик ретінде

- коронарлық тамырларды байланыстыру операциясынан кейінгі ауыруды емдеу үшін

Хирургиялық операция кезінде қан кетудің даму қаупінің жоғары болуына байланысты, Кеторолакты премедикация, демеуші анестезия және ауруды сездірмеу үшін дәрілік зат ретінде қолдану ұсынылмайды.

 

Кеторолак созылмалы ауыруды емдеу үшін қолданылмайды.

Жағымсыз дәрілік реакциялар жиілігі бойынша келесі ұйғарымды пайдаланып ретке келтірілген: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін); сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректермен баға беру мүмкін емес).

Ас қорыту жүйесі тарапынан: 

Жиі:

- гастралгия, диарея;

Жиі емес:

- стоматит, метеоризм, іш қату, құсу, асқазанның толу сезімі

Сирек:

- жүректің айнуы, асқазан-ішек жолының эрозивті-ойық жаралы зақымдануы (соның ішінде шеткері және/немесе қан кетумен — абдоминальді ауыру, спазм немесе эпигастральді аймақтың ашып ауыруы, мелена, кофе тұнбасы типті құсу, жүректің айнуы, қыжыл), холестаздық сарғаю, гепатит, гепатомегалия, жедел панкреатит

Несеп шығару жүйесі тарапынан:

Сирек:

- бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, белдің ауыруы, гематурия, азотемия, гемолиздік-уремиялық синдром (гемолиздік анемия, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, тромбоцитопения, пурпура), несепті жиі шығару, олигурия, полиурия, интерстициальді нефрит, генезі бүйректік ісінулер

Жиілігі белгісіз:

- несеп шығарудың іркілуі

Сезім мүшелері тарапынан:  

Сирек:  

- естудің нашарлауы, құлақтың шуылдауы, көрудің бұзылуы (соның ішінде көрудің жіті болмауы)

Жиілігі белгііз:

- дәмнің бұзылуы

Тыныс алу жүйесі тарапынан: 

Сирек:

- бронхтың түйілуі немесе диспноэ, ринит, көмейдің ісінуі (ентігу, тыныс алудың қиындауы)

Жүйке жүйесі тарапынан:

Жиі:

- бас ауыру, бас айналу, ұйқышылдық

Сирек:

- асептикалық менингит (қызба, бастың қатты ауыруы, құрысулар, мойын және/немесе арқа бұлшықеттерінің сіресуі), аса жоғары белсенділік (көңіл-күйдің өзгеруі, мазасыздық), елестеулер, депрессия, психоз

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан:  

 

Жиі емес: 

- артериялық қысымның жоғарылауы

Сирек:

- өкпенің ісінуі, естен тану жағдайлары

Қан түзу ағзалары тарапынан: 

Сирек:

- анемия, эозинофилия, лейкопения

Гемостаз жүйесі тарапынан: 

Сирек:

- операциядан кейінгі жарадан қан кету, мұрыннан қан кету, тік ішектен қан кету

Тері және теріасты тіндері тарапынан:

Жиі емес:  

- тері бөртпесі (соның ішінде макулопапулезді бөрте), пурпура

Сирек:

- эксфолиативті дерматит (қалтырау орын алатын немесе онсыз қызба, терінің қызаруы, қатаюы немесе қабыршақтануы, таңдай бадамша безінің ауырушаңдығы), есекжем, Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы

Аллергиялық реакциялар: 

Сирек:  

- анафилаксия немесе анафилактоидтық реакциялар (бет терісі түсінің өзгеруі, тері бөртпесі, есекжем, терінің қышуы, тахипноэ немесе диспноэ, қабақтың ісінуі, тілдің ісінуі, периорбитальді ісіну, ентігу, тыныс алудың қиындауы, кеуде қуысында ауырлық, ысылдап дем алу)

Басқалары: 

Жиі:

- ісінулер (беттің, сирақтың, тобықтың, саусақтардың, өкшенің; дене салмағының жоғарылауы)

Жиі емес:

- қатты тершеңдік

Сирек:

- қызба

Жиілігі белгісіз: 

 

- гиперкалиемия, гипонатриемия

Кеторол® Экспресс, ауыз қуысында ұсақталатын таблеткаларды шайнауға немесе сору үшін тілге салуға болады. Препарат сумен немесе сусыз қабылдануы мүмкін (тамақ ішуге байланысты емес).

Емдеудің қысқа курсы тағайындалады және 5 күн ішінде қолданылады, ұзақ емдеу үшін ұсынылмайды.

Ересектер

Әрбір 4 – 6 сағат сайын 10 мг-ден. Тәуліктік доза 40 мг-ден аспауы тиіс.

Кеторолды парентеральді түрде қабылдап жүрген науқастар үшін, ересектер үшін жалпы тәуліктік доза 90 мг және 65 жастан асқан егде жастағы пациенттер, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер және салмағы 50 кг-ден азырақ пациенттер үшін 60 мг-ден аспауы тиіс.

Әзірге Кеторол Экспресс 10мг №20табл Д-р Реддис Лабораторис Лимитед пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
13
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
775 ₸  
4
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
755 ₸  
3
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
775 ₸  
1
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
775 ₸  
1
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
775 ₸  
3
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
775 ₸  
5
Б.Батыра 103 (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
775 ₸  
5
Байзак Батыра 244 (АПТЕКА Элеватор)
+7 775 007-2828
755 ₸  
3
Д.Бедного (АПТЕКА при ГП №6)
+7 (7262) 46-30-32
775 ₸  
3
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
755 ₸  
5
Желтоксан 237 (АПТЕКА)
+7 (7262) 46-00-22
775 ₸  
3
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
775 ₸  
1
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
775 ₸  
5
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
775 ₸  
8
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
755 ₸  
3
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
755 ₸  
5
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
775 ₸  
10
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
775 ₸  
2
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
665 ₸  
2
Сулейманова 29
+7 775 007-2828
775 ₸  
1
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
755 ₸  
3
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
755 ₸  
4
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
755 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады