Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Бициллин-3 600 тыс.ед №50Синтез

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Белсенді зат:
Бензилпенициллин натрий тұзы
Фармакологиялық топ:
Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар.
Элемент коды::
4602565014148
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
15 360 ₸
Бонустарды сатып алу: 153.60
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

 

- сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялар (ересектерде): шығу тегі анықталмаған бастап-қы, салдарлы мерез.

- боз трепонемалардан туындаған аурулар: фрамбезия, пинта

- стрептококкты инфекциялар (D тобы стрептококктарынан туындаған инфекцияларды қоспағанда): жедел тонзиллит, лакунарлық баспа, катаральді баспа, скарлатина

- ревматизм (профилактикасы)

 

- тілме инфекцияларында, жарақат инфекцияларында

 

 

- пенициллин тобының препараттарына және басқа бета-лактамды антибиотиктерге, новокаинге аса жоғары сезімталдық

- лактация кезеңі

 

- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік кезең

 

 

- тромбоцитопения, лейкопения, лимфоаденопатия, анемия, гемолитикалық анемия

- гипокоагуляция

- көрудің нашарлауы, соқырлық

- жүрек тоқтауы, гипотензия, тахикардия, жүректің қағуы, өкпе гипертензиясы, өкпе эмболиясы, вазо-дилятация

- жүрек айнуы, құсу, нәжісте қан болуы, ішек некрозы, жалған жарғақшалы колит, стоматит, глоссит

- күйгелектік, тремор, бас айналуы, ұйқышылдық, сананың шатасуы, үрей, эйфория; көлденең миелит, құрысулар; кома, сананың шатасуымен жедел қозу, көру және есту арқылы елестеулермен және өлім-нен қорқу (Уанье (Hoigne) синдромы) (пенициллин прокаинын енгізгеннен кейін және сирек, пеницил-лин мен пенициллин прокаины біріктірілімінің инъекциясынан кейін хабарланды; психоз, құрысулар, бас айналуы, құлақтың шулауы, цианоз, жүрек қағуы, тахикардия және/немесе қалыптан тыс дәм сезу сияқты осы синдроммен байланысты басқа симптомдар да туындауы мүмкін), астения, бас ауыруы, нейропатия, вазовагальді реакциялар, ми қан айналымының бұзылуы, естен тану, әлсіздік

- инъекция орнындағы реакциялар: ауыру, қабыну, абсцесс, некроз, ісіну, қан құйылу, целлюлит, аса жоғары сезімталдық, атрофия, экхимоздар және терінің ойықжарасы, жылу сезіну, қантамырлар түйі-луі, бозару, гангрена, қол-аяқтың жансыздануы, қол-аяқтың цианозы, қантамыр-жүйке зақымдануы

- артралгия, артриттің өршуі, сүйек қабының қабынуы, миоглобинурия, рабдомиолиз

- қатты терлеу, эксфолиативті дерматит. Эритема, күлдіреуік дамуы, қызу немесе терінің зақымдануы прокаинге аса жоғары сезімталдықты көрсетеді

- гипоксия, апноэ, ентігу

- нейрогенді қуық, гематурия, протеинурия, бүйрек жеткіліксіздігі, импотенция, приапизм, нефропатия

- эозинофилия, қызба, есекжем, аллергиялық васкулит, ангионевротикалық ісіну, мультиформалық экссудативті эритема, сирек анафилаксиялық шок, қышыну, сарысу құю ауруына ұқсас реакциялар

- зертханалық көрсеткіштердің өзгеруі: қан сарысуындағы мочевина, креатинин деңгейінің ұлғаюы

- өзгелер: ұзақ мерзімді емде - тұрақты микроорганизмдермен және зеңдермен асқын инфекция

Бициллин-3 қолданғанда және оны новокаинде сұйылтқанда новокаинге аллергиялық сынақ жүргізу керек.

 

Аталған жағымсыз реакциялар, сондай-ақ нұсқаулықта жазылған реакциялар пайда болғанда дәрігерге қаралу керек.

 

 

Әдетте Бициллин-3 былайша қолданады: бөксе бұлшықетінің үстіңгі сыртқы квадрантына 300 мың ӘБ дозасында бұлшықет ішіне терең енгізеді. 2 инъекция қажет болған жағдайда, оларды екі бөсеге сала-ды. Келесі инъекцияларды алдыңғы инъекциясынан кейін 4 тәуліктен соң жүргізеді. 600 мың ӘБ доза-сында 6 күнде 1 рет енгізеді.

Бастапқы және салдарлы мерезді емдеуде препараттың бір реттік дозасы 1.8 млн. ӘБ құрайды. Емдеу курсы 7 инъекциядан тұрады. Алғашқы инъекция 300 мың ӘБ дозасында жүргізіледі, екінші инъекци-яны- 1 тәуліктен соң толық дозада, келесі инъекцияларды аптасына 2 рет толық бір реттік дозада жүр-гізеді.

Қайталанған салдарлы және жасырын ерте мерезді емдеуде алғашқы инъекция үшін 300 мың ӘБ, ке-лесі инъекциялар үшін - 1.8 млн. ӘБ дозасы пайдаланылады. Инъекцияларды аптасына 2 рет жүргізеді. Емдеу курсы - 14 инъекция.

Бициллин 3 бүйрек арқылы шығарылады, препаратқа уытты реакциялар қаупі бүйрек функциясы бұ-зылған науқастарда байқалады. Бүйрек жеткіліксіздігінде дозалар КК сәйкес төмендейді: КК 10-нан 50 мл дейін болғанда препараттың тәуліктік дозасының 75%, КК минутына 10 мл кем болғанда 25-50% енгізеді. Препаратты бүйрек жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен тағайындау керек.

Егде жастағы пациентке доза таңдау сақтықпен орындалуы тиіс, әдетте бауыр, бүйрек функциясының немесе жүрек функциясының төмендеуінің, қатарлас аурулардың немесе басқа дәрілік емнің үлкен жиі-лігін ескере отырып ең төменгі тиімді дозадан бастау керек.

Суспензия дайындау

Суспензия дайындау үшін инъекцияға арналған стерильді суды, натрий хлоридінің изотониялық ері-тіндісін немесе 0.25-0.5 % новокаин ерітіндісін (5-6 мл) пайдаланады, ех tеmроге дайындайды.

Еріткішті құтыға баяу, 20-25 секундта 5 мл жылдамдықпен енгізеді.

Қоспасы бар құтыны ұзына бойғы осі бағытында сақтықпен, гомогенді суспензия (немесе жүзінді) түзілгенше сілкиді.

Құты қабырғасында суспензияның бетінде көпіршіктер болуына жол беріледі.

Суспензияны дереу бөксенің жоғарғы сырт жақ квадрантына терең енгізеді. Инъекциядан кейін бөксені ысқылау ұсынылмайды. Сумен немесе жоғарыда аталған ерітінділермен ұзақ уақыт байланыста болған-да, препараттың физикалық және коллоидтық қасиеттері өзгереді, осының нәтижесінде суспензия бір-келкі болмайды және еккіштің инесінен нашар өтеді.

 

Бициллин-3 ересектерде ғана қолданылады (балаларда қолдану тиімділігі және қауіпсіздігі зерттелме-ген).

 

Әзірге Бициллин-3 600 тыс.ед №50Синтез пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
2
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
15360 ₸  
2
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
15360 ₸  
1
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
15360 ₸  
1
Сарымолдаева 18 (АПТЕКА Мерке)
+7 775 007-2828
15360 ₸  
1
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
15360 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады