Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Нольпаза пор. 40мг №10 Валдефарм

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Ұнтақ
Белсенді зат:
Пантопразол
Фармакологиялық топ:
Ингибиторы протонового насоса.
Элемент коды::
3838989606114
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
18 445 ₸
Бонустарды сатып алу: 184.45
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА)

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы

- Золлингер-Эллисон синдромы және асқазанның патологиялық асқын сөлінісінің басқа да жағдайлары

 

- белсенді затқа, алмастырылған басқа бензимидазолға, қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- атазанавирмен бірге қолдану

- бауыр және бүйрек қызметінің айқын бұзылулары

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

 

 

 Жиі ( 1/00-ден  1/10-ға дейін)

- инъекция салған жердегі тромбофлебит

Жиі емес ( 1/1000-нан  1/100-ге дейін):

- ұйқының бұзылуы

- бас ауыру, бас айналу

- жүрек айну, құсу, іш кебу, ауыздың кеберсуі, ауырулар және жайсыздану, диарея, іш қатулар

- бауыр ферменттері (трансаминаза, гамма-глутамилтрансфераза) белсенділігінің жоғарылауы

- экзантема, бөрту, қышыну

- астения, қажу, дімкәстану

Сирек( 1/10000-нан  1/1000-ға дейін):- аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилактикалық реакциялар мен анафилактикалық шокты қоса), есекжем, ангиневротикалық ісіну - гиперлипидемия, триглицеридтердің, холестериннің көбеюі

- салмақ өзгерісі, дәм сезудің нашарлауы - депрессия - көру бұзылыстары - қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы - артралгия, миалгия

- гинекомастия

- дене температурасының көтерілуі, шеткергі ісіну

- агранулоцитоз

Өте сирек( 1/10000):

- тромбоцитопения, лейкопения, панцитопения

- кеңістікті бағдарлаудың бұзылуы (әрі қатарлас нашарлаулардың бәрі)

Белгісіз:

гипонатриемия, гипомагниемия

- елестеулер, сананың шатасуы (әсіресе, бейім келетін емделушілерде, сондай-ақ бұрыннан бар симптомдардың ауырлауы)

- гепатоцеллюлярлы зақымданулар, сарғаю, гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздік

- Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы, экссудаттық полиморфты эритема, жарыққа сезімталдық

- интерстициальді нефрит

 

 

 Препарат ересектерде дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы тиіс.

Көктамыр ішіне пантопразол енгізу дәрілерді ішу арқылы қабылдаудың тиімділігі болмағанда ғана ұсынылады. Сондықтан, ішу арқылы емдеу мүмкіндігі туындаған бойда, көктамыр ішіне пантопразол қабылдауды тоқтатып, ішу арқылы таблеткалар түрінде 40 мг пантопразол қабылдауды бастау керек.

Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, ГЭРА

Ұсынылатын дозасы – тәулігіне көктамыр ішіне бір ампула Нольпаза® (40 мг), «Ерітінді дайындау тәсілі» бөлімінде көрсетілгендей, сәйкес ерітіндіні (сорғалатып немесе тамшылатып енгізуге арналған) әзірлегеннен кейін

Золлингер-Эллисон синдромы және басқа патологиялық асқын сөлініс жағдайлары

Золлингер-Эллисон синдромы және басқа да патологиялық асқын сөлініс жағдайлары бар емделушілерді ұзақ уақыт емдеуде тәулігіне 80 мг дозада Нольпаза® енгізу ұсынылған. Осыдан кейін, клиникалық көрінісіне қарай, қажетінше, дозаны арттыруға немесе азайтуға болады.

Препарат тәулігіне 80 мг дозаланғанда дозаны тәулігіне 2 енгізуге бөледі.

Егер қышқылдылықты жылдам бақылау талап етілген жағдайда, пантопразолдың көктамырішілік бастапқы 2 х 80 мг (160 мг) дозасы емделушілердің көпшілігінде 1 сағат ішіндегі ауқымда (<10 мЭкв/сағ.) қышқыл сөлінісін азайту үшін жеткілікті.

Бауыр жеткіліксіздігі ауыр емделушілер үшін пантопразолдың күнделікті дозасын 20 мг-ден (40 мг пантопразол ампуласының жартысы) асыруға болмайды.

Егде жастағы емделушілерге және бүйрек қызметі бұзылған емделушілерге дозаны түзету қажет емес.

Препаратты педиатрияда қолдану тәжірибесі шектеулі, сондықтан Нольпаза® 18 жасқа дейінгі балалар мен емделушілерді емдеуге ұсынылмайды.

Ерітінді дайындау тәсілі:

Көктамырішілік инъекцияларға арналған ерітінді дайындау үшін құтыдағы құрғақ затты 10 мл натрий хлоридінің физиологиялық (0.9 %) ерітіндісінде ерітеді. Дайын ерітіндіні көктамыр ішіне сорғалатып немесе 100 мл натрий хлоридінің физиологиялық (0.9 %) ерітіндісімен немесе 5 % глюкоза ерітіндісімен араластырғаннан кейін көктамыр ішіне тамшылатып, әзірлегеннен кейін 2-15 минуттан соң пайдалануға болады.

 

Дайындалған ерітінді әзірленген соң 12 сағат ішінде пайдаланылуы тиіс.

Көктамыр ішіне енгізу 2-15 минут бойы атқарылу керек.

 

Әзірге Нольпаза пор. 40мг №10 Валдефарм пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
18445 ₸  
1
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
18085 ₸  
1
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
18445 ₸  
1
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
18445 ₸  
1
Толе-Би 16 (ФИТО Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
18085 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады