Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Парацетамол р-р д/инф 1000мг 100 мл Б.Браун Медикал

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Инфузияға арналған ерітінді
Белсенді зат:
Парацетамол
Фармакологиялық топ:
Анальгетики
Элемент коды::
2000999419140
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Препарат вена ішіне енгізудің аса қажеттілігі клиникалық тұрғыдан расталса, оның ішінде басқа енгізу тәсілдерін қолдану мүмкін болмаған жағдайларда ауыруды және қызбалық синдромды жою үшін қолданылады.

- қарқындылығы орташа ауыру синдромын емдеудің қысқа курсы, әсіресе операциядан кейінгі кезең

- қызбалық синдромды емдеудің қысқа курсы.

- парацетамолға, пропацетамол гидрохлоридіне (парацетамолдың ізашары) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

Парацетамолдың басқа препараттарындағы сияқты осы препаратты қолдану аясында жағымсыз әсерлер, жағымсыз реакциялар сирек (≥ 1/10 000, < 1/1000) немесе өте сирек (< 1/10 000) туындауы мүмкін.

Жағымсыз әсерлер олардың туындау жиілігі тәртібімен тізілген:

Өте жиі (≥ 1/10)

Жиі (≥ 1/100 — < 1/10)

Жиі емес (≥ 1/1000 — < 1/100)

Сирек (≥ 1/10 000 — < 1/1000)

Өте сирек (< 1/10 000)

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

Сирек

  • артериялық гипотония

  • бауыр аминотрансферазалары белсенділігінің жоғарылауы

  • дімкәстік

Өте сирек

  • тромбоцитопения

  • лейкопения

  • нейтропения

  • аса жоғары сезімталдық(1),(3)

  • күрделі тері реакциялары(3)

Белгісіз

  • тахикардия(2)

  • гиперемия(2)

  • қышыну(2)

  • эритема(2)

(1)Қарапайым тері бөртпесінен немесе есекжемнен анафилаксиялық шокқа дейінгі аса жоғары сезімталдық реакцияларының өте сирек жағдайлары белгіленді; мұндай реакциялар емді тоқтатуды талап етеді.

(2)Жекелеген жағдайлар.

(3)Күрделі тері реакцияларының өте сирек жағдайлары белгіленді.

 

Клиникалық зерттеулер барасында енгізу орнындағы жағымсыз реакциялар (ауыру және шымылдату) жиі байқалды.

Қолдану тәсілі

Вена ішіне.

Парацетамол ерітіндісін 15 минут ішінде енгізеді.

Парацетамол Б. Браун тағайындағанда және енгізгенде миллиграммдар (мг) мен миллилитрлерді (мл) шатастыру нәтижесінде дозалаудағы қателікке жол бермеу үшін сақтық таныту қажет, бұл кездейсоқ артық дозалануға және өлімге әкелуі мүмкінТағайындалған және енгізілген дозаның дұрыстығына әрқашан көз жеткізіңіз. Рецепт рәсімдеу кезінде жалпы дозаны мг бойынша да, мл бойынша да көрсетіңізДоза дұрыс өлшеніп, енгізілгеніне көз жеткізіңіз.

Дозалар

Қажетті доза мен қаптаманың жарамды өлшемін пациенттің дене салмағын назарға алып белгілейді. Пациентке енгізілетін препарат көлемі есептелген дозадан асатын парацетамол мөлшерін қамтымауы тиіс. Қажет болса енгізер алдында препаратты инфузияға арналған сай келетін ерітіндімен талап етілген көлемге дейін сұйылтуға немесе шприцтік инфузиялық сорғыны пайдалануға болады.

Парацетамол Б. Браун 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісінде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде немесе бірдің онға (Парацетамол Б. Браун препаратының бір көлемі еріткіштің он көлемінде) арақатынасынан аспайтын көлемдегі екі ерітіндінің біріктірілімінде сұйылтуға болады. Сұйылтылған ерітіндіні инфузия уақытын қоса, дайындалғаннан кейін бір сағат ішінде пайдалану қажет.

Әзірге Парацетамол р-р д/инф 1000мг 100 мл Б.Браун Медикал пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады